Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 23:37, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың міндеті – бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы компаниясының негізгі мәселелерді негізге ала отырып компания үшін дұрыс және тиімді стратегия құру, инвестициялық тарту көздерін қалыптастыру, оның орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып табылады. Курстық жұмыстың құрылымы, яғни кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиетер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде, Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері. Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясын қалыптастыру ерекшеліктері және ондағы кездесетін негізгі мәселелер.
КІРІСПЕ 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 4
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны 4
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері 9
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР 14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық стратегиясындағы кездесетін мәселелер 14
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптасу ерекшеліктері 18
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру». Бұл жұмыста негізінен «Компанияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру» негізінде, кәсіпорынның да, потенциялды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттау қажет және қазіргі кездегі инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясын өз шеңберінде қалыптастырады.
Бұл тақырыптың өзектілігі – неғұрлым стратегияның дұрыс жолға қойылуы компания үшін де кәсіпорын үшін де тиімділігін арттырады, өндіріске ықпал жасайды. Сонымен қатар компания бірлігіне, ұйымшылдығына, мәртебесіне әсер етеді.
Инвестициялық стратегияның мақсаты – белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғылырды ауыстыру.
Бұл курстық жұмыстың міндеті – бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы компаниясының негізгі мәселелерді негізге ала отырып компания үшін дұрыс және тиімді стратегия құру, инвестициялық тарту көздерін қалыптастыру, оның орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы, яғни кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиетер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясын қалыптастыру ерекшеліктері және ондағы кездесетін негізгі мәселелер.
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін(арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, Әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі
кезеңдерге ие.
1.Жобаның тұжырымдалуы.Бұл
кезеңде кәсіпорын
2.Жобаны дайындау. Жобаның бизнес - идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
3.Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін
жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4.Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5.Нәтижелерді бағалау. Бұл
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
1.Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
2.Ағымдағы өндірістік шығындарды
азайту мақсатында қондырғыларды
ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты
– жұмыс істеп жатқан
3.Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңеуті. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4.Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңеуту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
5.Экологиялық жүгі бар
6.Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
Саланың пісіп-жетілуін
оны даму жағдайының төрт түрінің
біреуіне жатқызу арқылы талдау
қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген.
Кәсіпорынның пісіп- жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:
1.Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2.Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі- маркетингтің жеткілікті болмауында.
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:
1.Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?
2.Жоба халықаралық
нарық пен ішкі нарық