Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 23:37, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың міндеті – бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы компаниясының негізгі мәселелерді негізге ала отырып компания үшін дұрыс және тиімді стратегия құру, инвестициялық тарту көздерін қалыптастыру, оның орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып табылады. Курстық жұмыстың құрылымы, яғни кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиетер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде, Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері. Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясын қалыптастыру ерекшеліктері және ондағы кездесетін негізгі мәселелер.
КІРІСПЕ 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ 4
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны 4
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері 9
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР 14
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық стратегиясындағы кездесетін мәселелер 14
2.2 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың инвестициялық стратегиясының қалыптасу ерекшеліктері 18
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
3.Егер жоба халықаралық
нарыққа бағытталған болса,
4.Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?
5.Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
1.жоба мақсаттарының
көзқарастарына неғұрлым сәйкес
келетін технологияларды
2.жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
3.жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.
Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1.Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
2.Инвестициялық жобаны
дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның
қаржылық жағдайына талдау
3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі.Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:
Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең
алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер,
сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады. Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:
Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.
Жоба – бұл белгілі-бір
бастапқы мәліметтері бар және
нәтиженің болуын талап ететін
және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді.
Жобалардың келесідей түрлері болады:
тұрғын үй немесе құрылър !оаъдкуісін
салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру,
ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын,
кәсәпорынды қайта құру, жаңа техника
және технологиялар жасау, кинифильмдер
шығару, аймақты дамыту және т.б.
Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы «жобаның өмір сүру циклі» болып табылады. «Өмір сүру циклі» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз. Жалпы алғанда, жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:
Әр кезең шеңберінде көптеген сатыларды көрсетуге болады. Бірақ кезеңдердің нақты сатыларға бөлінуі мүмкін емес. Біріншіден, инвестициялық жоба жүзеге асырып жатқан әр елдің экономикасының өзіне тән ерекшеліктері болады. Екіншіден, инвестициялық жобаға қатысушылардың шеңбері кең (демеушілер, жобалық компаниялар, мердігерлер, қарыз берушілер және инвесторлар, т.б.) және әрбір қатысушының жобалық циклға деген көзқарасы әр түрлі болады. Мысалы, инвестициялау алдындағы кезең мынандай сатылардан тұрады:
Инвестициялау кезеңі 3 сатыдан тұрады:
Ал, ең соңғы инвестициялық объектілерді пайдалануға беру кезеңін
қысқаша түрде былай сатылауға болады:
Әрбір кезеңнің сатыланып бөлінуінен-ақ әр кезеңде жүргізілетін іс-әрекеттер рет-ретімен жүзеге асырылатыны көрініп тұр.Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының жүргізілмеуі инвестициялық жобаны дайындау мен жүргізу процесін бұзады.
Несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклға қатынасы әр түрлі:
1.Жобалқы цикл қарыз алушы үшін едәуір ұзақ уақыт шеңберінде іске асады, яғни, ол жоба идеясының пайда болуынан бастап, оның аяқталуына дейінгі мерзімді қамтыса, ал несие беруші үшін жобалық цикл қарыз алушыдан өтініш келіп түскен уақыттан бастап, қарыз алушының несие және несиелік шарт бойынша барлық міндеттемелерін өтеген уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды, яғни, банк үшін жобалық цикл мерзімі қысқалау.
2.Қарыз алушы мен несие беруші жобалық циклдың жекелеген сатылары шеңберінде өздеріне маңызды түрлі кезеңдерді белгілейді. Жобаның мейлінше үйлесімді іске асуы несие беруші мен қарыз алушының жобалық циклдағы бір-бірінің кезеңдерін толық білуіне байланысты. Банкке қарыз алушының жобалық циклін толық білу мынандай мәліметтер алу үшін қажет:
Айта кететін жайт, жобалық циклдың үш сатыға бөлінуі барлық жобаларға тән. Кейбір банктерде бұдан басқа да қосымша сатылар
болуы мүмкін. Мысалы, ХҚДБ мамандарының сараптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобаның тез іске асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады. Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең шығындарын былайша топтауға болады:
Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға байланысты жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, жұмыссыздықты жою үшін пайда болған ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі болғандықтан, оның ең ұтымды нұсқасын таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде жобаларды таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға, логикалық сызбаларды таңдау, т.б. факторларды есепке алу арқылы жүргізілуі керек.
Ол үшін алдын-ала мынандай мәсәлелер талданады: