Инвестицияның мәні және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:22, реферат

Описание

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Работа состоит из  1 файл

Инвестиция.doc

— 215.50 Кб (Скачать документ)

      Облигациялардың иесі шаруашылық  субьектісінің кредиторы болып  табылады. Бұл оның, яғни облигацияны  ұстаушының шаруашылық субьектісін  қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса, шаруашылық субъектісі иесінің бірі болып табылады.

      Облигациялардың иесі бұл құнды  қағаз бойынша белгілі бір  уақыт аралығында пайыз түрінде  табыс алып отырады. Бұл пайыздық  мөлшері белгіленіп, яғни мөлшерленіп  қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса, есепті жылдың соңында ғана, яғни шаруашылық субьектісінің табыс табуына байланысты дивиденд алып отырады.

      Кез келген несие берушілер  сияқты облигация иесінің де шаруашылық субьектісінде ешқандай дауыстық құқығы жоқ. Олар акционерлер қатыса алмайды және шаруашылық субьектісін басқаруға да ешқандай қатысы жоқ болып табылады. Ал акционерлерге болса бұл шаруашылық субьектісінде өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие болып табылады.

      Облигация ұстаушысына өз құнынан  пайыз түрінде тұрақты табыс  беретін бағалы қағаздардың бір  түрі. Облигациясы барлар эмитенттің  облигицияны шығарушының кредиторы  болып табылады. Облигация –жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.

      Облигация белгіленгент нақты  (номиналдық) құны бойынша егесіне  пайыз төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған пайыздық және пайыздық емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.

      Облигациялардың төмендегідей реквизиттері  болуы керек:аты, фирмалық атауы  және эмитенттің тұрған жері; фирмалық атауы немесе сатып  алушының аты немесе облигацияның  талап етушіге жазылғаны туралы  жазба;номиналдық құны қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериасы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.

      Облигацияға салынған қаражат  инвестициясы олардың номиналдық  құнының деңгейіне байланысты  тұрақты пайыз түрінде алуды  көздейді.

      Облигацияны алудың екі нұсқасы  бар: номиналдық құнынан үлкен  бағасы бойынша (сыйлығымен) және  номиналдық құнынан төмен бағасы  бойынша (жеңілдіктерімен). Демек,  облигация номиналдық құны бойынша  немесе облигация сыйлығымен (сыйақысымен)  немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.

      Жалпы алғанда қазыналық вексельдер  банктер үшін қысқа мерзімге  капитал салу нысаны болып  табылады. Олар банк арқылы пайдаланылады.

      Қорытынды

      Инвестиция – экономикалық дамудың  жоғары және тұрақты қарқынын  қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді. Табысқа: проценттер, роялти, дивиденттер, қысқа және ұзақ мерзімде инвестициялар бойынша жалдық төлемдер; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың шығуының қаржылық нәтижелерін; ағымдағы құнымен есептелген, қысқа мерзімді инвестициялар бойынша жүзеге асырылмаған табыстар мен зияндар; қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнының ең төмендегі бағасы бойынша көрсету қажеттілігін жүзеге асыратын ағымдағы құнға дейін төмендеуі және құнының керісінше өзгеруі; мерзімді қаржылық инвестициялар құнының төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құнының сөзсіз төмендеуінен түсетін табыстар түріндегі инвестициялардан түсетін түсімдер кіреді.

      Инвестицияны дамытуда ерекше  рөлді кәсіпорындарды қаржыландыруға  және ұзақ мерзімге несие беруге  мамандырылған инвестициялық банктер  мен акционерлік қоғамдарды құру  барысында шығарылған акциялардың  мемлекеттік пакеттерімен айналысатын,  кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп, қорлар капиталдың экономикасында неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

      Сонымен қатар инвестиция экономикалық  өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың маңызды факторы болып саналады.

      Нарықтың шешуші бір сипаты  – қор рыногы. Нарықтық экономика  дамыған елдерде кәсіпорындар  өзіне инвестицияға керекті қаржыны  қор рыногына акция шығарып,  оны сатып табады. Өз кезегінде  осы акцияны әртүрлі қаржы  қорлары (мысалы, зейнетақы , қауіпсіздендіру  қорлары) және жеке адамдар сатып алады.

      Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың  ағымдағы құнының өзгеруінен  алынған табыс немесе залал  олардың сол өздерінің пайда  болған кезінде танылады. Есеп  саясатында әрбір субъект қолда  бар қысқа мерзімді қаржылық  инвестициялар құнының өзгерісінің кезеңділігін көрсетуді белгілейді және ол биржада: не баға нарығында (рыногында) бағасы белгіленген (котируемый) құны бойынша, не бағалы қағаздардың табыстылыққа байланысты келісуші жақтардың белгілеген бағасы бойынша, яғни әділ есеп айырысудың нарықтық құны бойынша есептелінеді. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік байланыста: ағымдағы құнымен; сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелсе, баланстық құны жиынтық көрсеткіш негізінде не инвестиция түрлері бойынша, не бөлек инвестиция негізінде анықталады. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынған пайда немесе шығын, олар пайда болған кезеңдегісімен көрсетіледі.

      Сонымен, курстық жұмысты аяқтай  келе, ұсынысым: экономиканы инвестициялауда  банктердің инвестициялық қызметі  өте маңызды. Қазақстанда банктер  тарапынан экономикаға қаражаттарды  бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің қаржылық инвестицияларға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн. 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы   Алматы, 1995ж.

    2. Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі  (Жалпы бөлім). Алматы, 1995ж.

    3. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан  - 2030”; 1-3 тараулар. Алматы,1997ж.

    4. Президенттің Қазақстан халқына  жолдауы “2004 жылғы ішкі және  сыртқы саясаттың негізгі бағыттары” 2003ж. 4-сәуір.

    5.Қазақстан  Республикасында кәсіпкерліктің  дамуы мен қолдау туралы мемлкеттің 1996-1998 жылғы Бағдарламасы, 10-шілде 1996ж. №1727.

    6. “Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен  қорғау” туралы Қазақстан Республикасының  Заңы. № 3 Х11, 4-шілде 1996ж.

    7. Әубәкіров Я.. ҚаидиевА., Досқалиева  В. және т.б, - Экономика. Оқулық, Алматы: Экономика, 1997ж.

    8. Әубәкіров Я., Ескалиев К. Экономикалық  теория негіздері. Алматы: Экономика,1996ж.

    9. Әубәкіров Я., Нәрібаев К. Ескалиев  К.т.б. Экономикалық теория негіздері.  Алматы: Экономика, 1998ж.

    10.  Дорнбуш Р.. Фишер Р.С. “Макроэкономика”. Алматы, КазМБА және білім баспасы, 1997ж.

    11.  Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика  негіздері. Алматы, 1997ж.

    12.  Жүнісов Б., т.б. Нарықтық экономика  негіздері. Алматы. 1996ж.

    13.  Қожамкулов Т. Саяси экономия  негіздері, Алматы,1996ж.

    14. Нүрпейсов Ж.К. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы, Ақмола, 1996ж.

    15. Мадешев Б. Нарықтық экономика  теориясына кіріспе. Алматы. Экономика  1995ж.

Информация о работе Инвестицияның мәні және оның түрлері