Инвестор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:39, курсовая работа

Описание

Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады. Алайда инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы...........................................5
Инвестицияның қызметі мен операциялары және прициптері.....................8

II Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты........................................................21
2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..............................................22

III Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлар және инвестициялық ұйымдар
3.1 Талдау 2000-2012.............................................................................................26
3.2 Инвестицияны тартудағы Қазақстанға тиімділігі .......................................34
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................39

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 245.00 Кб (Скачать документ)

Инвестициялық хал-ахуалды  нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау таластарды шешулін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.

Одан басқа Қазақстан  Республикада "Жер койнауы мен  оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң  жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер   арасында   табиғи   ресурстарды   тиімді және кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.

Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

Қазақстан Республикасының  Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты  салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер  мен преференциялар беру жағдайына:

1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты  секторларына қатысты болуы;

2) инвестициялық жобаны  жүзеге асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.

Инвестщиялық жобаның  тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін  келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

- натуралды мемлекеттік гранттар;

- келісім-шарт жасасудан  5 жыл мерзімге жер мен мүлік  салығынан босату;

- салық алына бастайтын  табыс алу кезінен 5 жылға табыс  салығынан босату;

- инвестициялық жобаны  жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты  кезііще кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір бөлігінен босату.

Салықтық жеңілдіктер  беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.

Мемлекеттік натуралды  гранттарға:

1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс  құрал-жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника және басқалары.

2) бейматериалды активтер-ғимаратты,  жермен пайдалану құқығы мен  басқадай құқықтар.

3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.

Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.

Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында  интеграция процестері мен әлемдік  нарыққа шығумен байланысты шараларды  жүзеге асыруын талап етелі. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.

Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген экономикалық агенттердің әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып табылады.

Осыған байланысты отаңдық  қор нарығын дамытудың басты  бағыттарына ішкі инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін  ұлғайту болып табылады.

Зейнет ақы жүйесін  реформалау негізінде зейнетақы  қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде олардың активтері 530 млн. АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.

Корпоративті бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра алады. Бүгінде шетел банктерінде

ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы қажет.

2000 жылы сақтадыру  компаниялары тарапынан экономикалық  нақты секторымен бағалы қағаздарға , инвестиция көлемі 300 млн. АҚШ  доллар құрады.

Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін  ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік барын мәлімдеді.

Қазіргі кезде Қазақстаңда  шикізат секторының басым болуына  қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату тенденциясы үстем болуы тиіс.

Реформалар жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан  Республикасына инвестицияларды тарту  мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.

Жыл сайын тартылатын тікелей шетел инвестициялар  көлемі бойынша Қазақстан ТМД  елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.

АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың  ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары  капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.

Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол жеткізілді, бірақ осы  инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ  долларын құрады.

1994 жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық іс-әрекетті реттейтіи заң негіздері қалыптастырылып, инвестициялық механизмдер үйлестірілді. "Шетел инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға шетел капитталының келуіне жағдай жасады.

Қазіргі Казақстан экономикасы  дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге  келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу  деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық  саясатта өзгерістерді тудырды.

Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі

жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады.[16]

Жаңа жағдай заң негіздерін жетілдіру етеді. "Инвестициялар  туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен  қатар "Қазақстан Республикасының  заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы  мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

Жаңа инвестициялық  саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы  институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін жоғарлату маңызды орын алуда.

Қазақстан Республикасының  инвестициялық іс-әрекетті реттеудің  тиімділігін жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі. Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен жаңарту мақсатында негізгі қорға инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген сомаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.

2. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ МЕН ЕСЕБІ

 

2.1 Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты

 

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Инвестициялық саясатты әзірлеу барысында мақсатқа сай, келесі белгілерді сақтау керек.

      1. Жоғары экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету.
      2. Салынған капиталдан кәсіпорын қолайлы табыс табуы керек.
      3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану
      4. Инвестициялар тиімділігін жоғарылату үшін мемлекет араласуын қолдау
      5. Шетел инвесторларынан несие жеңілдіктерін алу
      6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту

Коммерциялық тәуекелдіктің  әсер етуі (құрылыстық, өндірістік және көліктік) т.б жобалау табысының  өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдіктер тапсырыс берушілер арқылы азайтылуы мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуын, коммерциялық емес тәуекелдіктерден қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметімен қадағаланады.

Мемлекеттік капиталдық салымдарды қаржыландырудағы шығындар қарастырылады. Мемлекеттік бюджетте-егер де олар сәйкес федералдық мақсатты бағдарламаға кеткен шығыстардың бөлігі болса.

Қазақстан Республикасының  субъектілер бюджетінде егерде сәйкес аймақтық мақсатты бағдарламаға кеткен шығындар болса.

Мемлекеттік бюджет шоттарынан қаржыланатын инвестициялық жобаларды  әзірлеу,  қарастыру және бекіту сияқты федералдық мақсатты, бағдарлама мемлекеттік бюджеттің орындалу есебін көһрсету барысында, бюджеттік  несиелердің өтелу есептері де көрсетіледі.

Бюджетті орындайтын органдар берілген бюджеттен нестелер жөнінде реестр жүргізеді.

Егер капиталдық салымдар кәсіпорындар мен корпорациялардың меншік құралдарының негізінде жүзеге асатын болса, құрылыс жөніндегі  серіктестер қаржылық салымдардың қаржыландыру шартын және тәртібін анықтайды.

Қазіргі кезде құрылыс  салушы кәсіпорындар өз бетінше инвестициялық  бағдарламаларды жасайды және өткізу үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды үлестіреді. Кәсіпорынның инвестициялық бюджеті директивті құжат болып табылмайды, керісінше капиталдық салымдарды қаржыландыру көздерінің стратегиясын белгілейді.

  • Менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұйымдық жоспары
  • Өнім және менеджментті қоса отырып, жобаны өткізудің ұжымдық жоспары
  • өнім және маркетинг жоспары
  • жобаны өткізудің қаржылық жоспары
  • капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігін бағалау

Жобаны өткізудің қаржылық жоспары бизнес-жоспардың  басты  бөлігі болып табылады. Ақша ағымдары ағымдағы инвестициялық және қаржылық қызметтер арқылы анықталады. Қызметтердің әрбір түрі бойынша есептер кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының жыныстануы мен сальдо түсімінің белгіленуімен анықталады.

Кәсіпорынның инвестициялық  қызметін әзірлеу барысында жобаларды  өткізумен байланысты мүмкін болатын тәуекелділіктерді мақсатты бағалау керек.

2.2 Инвестицияның  түрлері мен есептеу әдістері

 

Инвестициялар бірнеше  түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [5]

Венчурлық капитал - бұл  тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен  жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен  салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс  алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің  басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға  өзінің салымын салу.

Информация о работе Инвестор