Инвестор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2012 в 17:39, курсовая работа

Описание

Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады. Алайда инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты олардың таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы...........................................5
Инвестицияның қызметі мен операциялары және прициптері.....................8

II Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі
2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты........................................................21
2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері..............................................22

III Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлар және инвестициялық ұйымдар
3.1 Талдау 2000-2012.............................................................................................26
3.2 Инвестицияны тартудағы Қазақстанға тиімділігі .......................................34
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................39

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 245.00 Кб (Скачать документ)

 

капиталға жұмсалған. Қаржы  емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2 % қүрады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемі  2003 жылғымен салыстырғанда   10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % ,  2006 жылы 33,0%) өсті.

2003 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың  онында және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардын өңірлік құрылымындағы  көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым.[16]

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.

Негізгі капиталға жұмсалған  басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктін жекеше нысанындағы  кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 %) (2004жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2004 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.

 

Кең өндіру өнеркәсібінде  негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге  келеді (93,8 %).

Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын  мүлік операцияларымен, жалға берумен  және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен  іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).

Білім беру мен денсаулық  сақтаудағы инвестициялық белсенділік  денгейі әлі төмен қалпында. Бұл  салалардың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың көлемі де табиғат  қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар - 47,7% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан  тартылған қаражаттың ара салмағы  сақталады. Басым қаржылаңдыратын  көз ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2 % (2004 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа түсті металл кеңдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 %  өскені байқалды.[2]

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған  қаражаттың жалпы  көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.

2004 - 2005 жылдары негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялар  көп жағынан шетелдік қаржыландыру  көздерін тарту есебінен қаржыландырылып  келсе (тиісінше 65 және 59%), енді 2006 жылдан бастап инвестициялық мақсаттарға жұмсалған ішкі ресурстар шетелдік салымдардан басым түскенін айта кеткен жөн. Сонымен, 2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған ішкі инвестициялардың үлесі тиісінше 55 және 56 % құрады.

Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялар құрылымындағы өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар  маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.[18]

 

 

 

 

3.2 ИНВЕСТИЦИЯНЫ  ТАРТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНҒА     ТИІМДІЛІГІ 

 

Инвестициялар тарту  ұлттық экономиканың экономикалық өсімі  мен оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын анықтайтын, сондай-ақ оның әлемдік өндірістік үдерістермен ықпалдасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қабылдаушы елдің экономикасына шетелдік инвестициялар ағыны кәсіпорындардың дамуын, адами капитал сапасын жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды жеделдетіп, озық технологияларды тарта және олардың жанама салаларға таралуын ынталандыра алады. Сондықтан соңғы екі он жылдықта жаһандық инвестициялар үшін бәсекенің күшеюі байқалады, бұл өз кезегінде мемлекеттің алдына елдің инвестициялар үшін тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған экономикалық саясаттың кешенді шараларын әзірлеу мен жүргізу міндетін қояды.

Мемлекет 2008 - 2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарысты еңсеру жағдайында өзінің инвестициялық саясатын әлемдегі тұрақты және табысты нарықтарды қажет ететін тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың әлемдегі бар мүмкіндіктерді пайдаланатындай етіп түзетуі қажет. Бұдан басқа елдің индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестицияларды тарту саясатының негізгі міндеті оларды өндіруші сектордан қайта өңдеу секторына қайта бөлу болуы тиіс.

Жаһандық нарықтарға ықпалдасумен қатар, экономиканың экспортқа  бағдарланған өңдеуші секторларын  дамыту міндеттерін шешу үшін экономикалық мүдделерді жылжытудың тиімді жүйесін  қалыптастыру мен сыртқы нарықтардағы сауда және саудалық емес кедергілерді жедел жою, сондай-ақ өңделген экспортты жылжыту институттарын одан әрі дамыту қажет болады.

2007 жылғы 6 қазандағы  шартқа сәйкес Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және  Ресей Федерациясы кеден одағын  құрғаны белгілі.

Кеден одағын қалыптастыру бірыңғай кеден одағын құруды көздейді, оның шегінде арнайы қорғау, демпингке  қарсы және өтем шараларын қоспағанда, кеден баждары мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберінде бірыңғай кедендік тариф үшінші елдермен тауар саудасын реттеудің басқа да бірыңғай шаралары қолданылады.

Кеден одағын құру тұрғысынан Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мәселесі инвестициялар үшін бәсекелестікте алдыңғы жоспарға шығады. Қазақстанның инвестициялық ахуалы кемінде Кеден одағына басқа да қатысушы елдердің тартымдылығынан кем болмауы тиіс.

Кеден одағы шеңберінде Қазақстан үшін Қазақстан Республикасының 

 

аумағында инвестициялық  жобаларды іске асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен жинақтаушыларға  кеден төлемін төлеуден босатуға инвестициялық преференциялар сақталады.

Осылайша, Қазақстанда  қазірдің өзінде ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге, бірінші кезекте  кеден одағы елдеріне бағдарланған өндірістерді құру үшін жағдайлар жасалған және оларды одан әрі жақсарту бойынша айтарлықтай байсалды жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру  жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама мемлекет жүргізіп отырған экономиканы әртараптандыру саясатының қисынды жалғасы болып  табылады және Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі әдістерін өзіне біріктіріп отыр. Бағдарлама қосылған құны жоғары отандық өндіріске тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандырудың кешенді жүйесін, сондай-ақ қосылған құны жоғары отандық өндірістің мемлекеттік ынталандыру жүйесін құруға және экспорттық бағдарды қолдауға бағытталған.

Инвестициялар ағынын, АЭА  және экспорттың дамуын ынталандыратын және жағдай туғызатын жүйені құру макродеңгейдегі экономикалық саясаттың  жүйелі шараларын, сондай-ақ жеке әдістемені іске асыру негізінде сұрыптық шараларды, экономиканың нақты секторларын, кәсіпорындар мен жобалар тобын сервистік қолдау шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелік шаралары тартымды инвестициялық макроахуалды және заңнамалық базаны қалыптастыруға, экономиканың шикізаттық емес секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың бәсекелік жағдайларын қамтамасыз ету шараларына, сондай-ақ ұлттық өндірушілердің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру шараларына шоғырланады. Сұрыптау шаралары шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуде дара (атаулы) әдістің, экспортқа бағдарланған секторларды, кәсіпорындар мен жобаларды қаржылай және сервистік қолдау шараларының аралас пакетінің негізінде жүзеге                                                      

асырылатын болады, сондай-ақ елдің халықаралық капитал нарықтарындағы оң инвестициялық беделін қалыптастыруға бағытталатын болады. Елдің экономикасына  инвестициялар тарту бағдарламасының  шеңберінде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша арнайы шаралар қабылданатын болады.

Мемлекет өзінің бизнеспен  өзара іс-қимылын республикалық  деңгейде де өңірлік деңгейлерде  де тиімді ынтымақтастық институттарын  қалыптастыру негізінде жүйелеп, жолға  қоятын болады. Ынтымақтастықты құру барлық мүдделі тараптардың белсенді және орнықты бастама қағидаттарына, тұрақты жұмыс істейтін конструктивті диалог пен ұлттық және салалық мүдделердің теңгерімін сақтауға сүйенетін болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Шетелдік тікелей инвестицияның  өсу себептері және күтілетін  үрдістері түралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.

Информация о работе Инвестор