Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 18:53, отчет по практике
Менің бизнес жоспарым елімізде текстиль фабрикасын ашуға арналады. Біздің еліміз мата өнімдерін шетелдерден әкеледі және жол шығындары мен кеден шараларының шығындары өзіндік құнға қосылып, соңғы тұтынушыға жоғары бағада жетеді. Қазақстан Республикасында текстиль өндірісін дамыту үшін қажетті барлық алғышарттар бар. Тек тиімді менеджмент және заманауи технология жеткіліксіз. Технология және техникаға арнайы қаражат көлемі бөлінсе, бұл мәселе оңай шешіледі.
Резюме............................................................................................................3
Жоба авторы мен жоба сипаттамасы..........................................................5
Кәсіпорын сипаттамасы..........................................................................5
Жобаның сипаттамасы............................................................................5
Әріптестер сипаттамасы.........................................................................6
Маркетингтік зерттеу жоспары...................................................................7
Нарық сипаттамасы.................................................................................7
Тұтынушылар сипаттамасы....................................................................7
Бәсекелестерге талдау.............................................................................8
Жарнама және PR....................................................................................8
Сұраныс және ұсыныс динамикасы.......................................................9
Тәуекелді бағалау және қауіпсіздендіру бөлімі.......................................10
Өндірістік жоспар.......................................................................................11
Қаржылық жоспар.......................................................................................13
Жобаның құқықтық жоспары....................................................................18
SWOT анализ ..............................................................................................19
SLEPT анализ...............................................................................................20
Қосымша материалдар...............................................................................21
Ақталу мерзімі 3 жыл
Нарықтың құны 1,5 млрд.АҚШ доллары
МАЗМҰНЫ
Орналасуы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
Мақсаты: Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті
Экспортқа бағытталған құрамы 100% мақтадан тұратын
бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім өндіру;
Ішкі нарықты толықтай отандық өніммен қамтамасыз
ету;
Нарыққа келетін импорттық тауарды ығыстыру;
Ұйымдық-құқықтық
формасы: Акционерлік қоғам
Меншік
формасы: жеке
Салалық
ерекшелігі: өндірістік
Өндірістің
әлеует қуаты: ірі
Өндірілетін
өнім: текстиль (тауар)
Басым
өндірістік фактор: капитал ауқымды,
еңбек ауқымды
Таңдауды негіздеу: бәсекелестердің аз болуы, бәсекелестердің
бағасының тым жоғары болуы, елімізде
Ақталу
мерзімі:
3 жыл
Басталуы:
23 наурыз 2009 жыл
Аяқталуы:
22 наурыз 2012 жыл
Ұйымдастырушы:
«KZ Textile» компаниясы
Менің
бизнес жоспарым елімізде текстиль фабрикасын
ашуға арналады. Біздің еліміз мата
өнімдерін шетелдерден әкеледі және
жол шығындары мен кеден шараларының шығындары
өзіндік құнға қосылып, соңғы тұтынушыға
жоғары бағада жетеді. Қазақстан Республикасында
текстиль өндірісін дамыту үшін қажетті
барлық алғышарттар бар. Тек тиімді менеджмент
және заманауи технология жеткіліксіз.
Технология және техникаға арнайы қаражат
көлемі бөлінсе, бұл мәселе оңай шешіледі.
Қазіргі таңда барлық кездесетін тәуекелдерге
бел буа отырып, өз қаражатын осы жобаға
салуға келісетін азаматтар табылып отыр.
Жобаның коммерциялық және әлеуметтік
маңыздылығы инвесторлар арасында үлкен
қызығушылық тудырып, олар компанияның
акцияларын сатып алуға келісті. Акционерлер
арасында келіссөздер жүргізіліп, компанияның
аты “KZ Textile” болып таңдалынды. Жобаның
мақсаты айқындалып, негізгі жоспар жасалынды.
Жобаның жүзеге асуы үшін қажетті ресурстар
анықталып, ресурстарды жеткізуші компаниялармен
келіссөздер жүргізіліп, келісімшарттарға
қол қойылды. Бизнесте біздің әріптестеріміз
болып табылатын компаниялар: «Abdi», «Janome»,
«NIMEX cotton» және «MediaART». Жоба ғимаратын
әзірге жалға алып, болашақта түскен табыстардан
арнайы ғимарат құрылысын салу жоспарлануда.
Компанияның ұйымдық-құқықтық формасы
акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлерден
құралған директорлар кеңесі басқару
шешімдерін шығарып, атқарушы орган –
менеджерлерге норма және нормативтер
жөнінде ақпарат, бас жоспар беріледі.
2.1.
Кәсіпорынның сипаттамасы
Кәсіпорын “KZ Textile” деп аталады.
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы: акционерлік қоғам.
Негізгі акционерлер: 1. Қадірбекова Назерке – 20%;
2. Игілік Дана – 20%;
3. Копбаева Гулдана – 20%;
4. Кульмаханова Рашель – 20%;
5. Райымбекова Асима – 10%;
6. Курманалиев Арман – 10%;
Жобаның орналасқан мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Рысқұлов және Қонаев даңғылының қиылысы.
Байланыс үшін: www.textile.kz
textile@mail.ru
87014134191
2.2.
Жобаның сипаттамасы
Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында мата шығаратын фабрика ашып, жоғары сапалы текстиль өндірісін қалыптастыру. Ұзақ мерзімді жоспар Қазақстанда текстиль кластерін дамытуды қолға алып, әлемдік нарыққа Қазақстандық бренд шығаруға бағытталған.
Кең
байтақ елімізде жеңіл өнеркәсіпті, соның
ішінде тоқыма-мата өндіру үшін қажетті
негізгі шикізат болып табылатын мақта
Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.
Жобаның жүзеге асуына барлық алғышарттар
бар. Егер жоба жүзеге асатын болса, Қазақстанда
киім, 100% таза мақтадан жасалған балалар
киімі мен төсек жабдықтарын тігетін фабрика
ашуға жол ашылады. Негізгі мақсат қымбат
әрі сапасы төмен шетелдік киімнің орнына
отандық жоғары сапалы киім шығару болып
табылады. Осы мақсаттарға жету үшін елімізде
мата шығаратын фабрика ашудың маңыздылығын
айтпасқа болмайды. Сонымен қатар жобаның
әлеуметтік маңыздылығы орасан зор, себебі
қазіргі дағдарыс жағдайында жұмыссыздық
мәселесі оңтайлы шешілетін еді. Әкімшілік
персоналдан басқа жобада 132 жұмыс орны
қарастырылған. Жобаның құрамында 1 әкімшілік
ғимарат, мата өндірісі жүзеге асатын
фабрика және қойма болады.
2.3.
Әріптестер сипаттамасы
ЖШС «NIMEX Корпорациясы» - Орта Азия және Еуропа нарығында өз орнын тапқан Қазақстанның ең ірі компанияларының бірі. Мақта сату саласында оңтайлы саясат жүргізуіне байланысты компанияның шетелдік әріптестері көбеюде. Осы және басқа да факторлар Орта Азия және Қазақстан нарығындағы ең ірі мақта компаниясына айналуына себепші болды.
«NIMEX Корпорациясы» өңдеу және өндіріс жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, өз қызметінің жаңа бағыттарын жүзеге асыруда: соның ішінде холдингтің құрамында транспорттық, ойын-сауық, құрылыс, мұнай секторлары бар.
Компания
өз клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін өз мүмкіндіктері мен қызметінің
бағыттарын әрдайым ұлғайтып отырады.
Дамудың жоғары деңгейі, валюталық түсімдердің
көп көлемі «NIMEX Корпорациясы» компаниясының
15 жылдық жұмысы нәтижесінде Қазақстанның
беделді және бәсекеге қабілетті компанисына
айналып, оның шекарасынан тыс жерлерде
де танымал болуына мүмкіндік берді.
3.
Маркетингтік зерттеу
жоспары
3.1.
Нарық сипаттамасы
Маркетингтік
зерттеу барысында
«KZ Textile» өнімі бүкіл Қазақстан нарығына шығатын болады. Қазіргі таңда текстиль нарығында Иран, Турция, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің маталары сатылуда, Олардың бағасы қымбат, сапасы төмен. Сапасы жоғары Турция мен Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінген маталар орта тап үшін қол жетерлік емес. Соңғы 5 жылда мата өнімдерінің бағасы көптеген себептерге байланысты тұрақсыз болып отыр.
«KZ Textile» өнімі еліміздің нарығында жоғары танымалдылыққа иелену үшін тиімді баға саясатын жүргізіп, жоғары сапамен қамтамасыз етуді негізгі мақсат етіп отыр.
Киім
де тамақ секілді ең маңызды қажеттіліктердің
қатарына жатады. Сондықтан мемлекет
тарапынан да осы секілді маңызды
қажеттіліктерді отандық өнім өндірушілер
өндіргені үлкен қызығушылық
тудырып отыр. Сондықтан біздің жобаны
қолдаушылар да, өнімді тұтынушылар да
табылатынына сенеміз. Сіздердің сенімдеріңіз
біз үшін маңызды.
3.2.
Тұтынушылар сипаттамасы
«KZ Textile» өнімі негізінен орта тапқа арналады. Алайда жоғары сапалы төсек жабдықтары (көрпе, жастық, тысқап) Турция және Қытай елдерінен әкелінген тауарларға қарағанда сапасы жоғары және ерекше ұлттық дизайнда жасалынатын болады. Бәсекеге қабілетті маталар арнайы дүкендерде сатылатын болады. Ең бастысы біздің еліміздің барлық тұтынушылары үшін қол жетімді болады.
Өнімді тұтынушылар көрсеткіші:
Алматы қаласы – 15%,
Астана қаласы – 10%,
Шымкент қаласы – 20%,
ОҚО – 10%,
Алматы облысы – 8%,
БҚО – 8%,
ШҚО – 7%,
Қызылорда облысы – 7%,
Жамбыл облысы – 6%,
СҚО – 5%,
Басқа
облыстар – 4%.
Біз
өз тұтынушыларымызға тұрақты қызмет
көрсетіп, нарықта өз клиенттерімізді
табуға және олармен ұзақ мерзімді жұмыс
жасауды мақсат етіп отырмыз. Компанияны
және брендті танымал ету және халықпен
жұмыс жүргізу үшін маркетинг бөлімінде
«Жарнама және PR» бөлімшесі жұмыс жасайтын
болады. Сонымен қатар осы салада тәжірибесі
мол және білімді мамандар қызметке тартылатын
болады.
«KZ
Textile» өнімі тек қазақстандық нарықта
ғана емес, әлемдік нарыққа шығатын болады.
3.3.
Бәсекелестерге талдау
Қазақстанда
текстиль өндірісіне барлық алғышарттардың
бар болуына қарамастан елімізде текстиль
фабрикалары жоқ. Сондықтан отандық бәсекелестер
жоқ. Біздің негізгі бәсекелестеріміз
Турция және Қытай елдерінен әкелінетін
текстиль болып табылады. Ал Өзбекстан,
Қырғызстан елдерінің текстиль өнімдерінің
сапасы өте нашар. Біріккен Араб Әмірліктерінен
әкелінетін жібек маталар біздің фабриканың
өндірісінде қарастырылмаған, дегенмен
Эмираттық жібектің бағасының жоғары
болуына байланысты сұраныс болмай отыр.
“KZ Textile” өнімі сапасы және бағасы жағынан
Турция маталарына лайықты бәсекелес
бола алады. Еліміздің азаматтары отандық
тауарға қолдау көрсетіп, біздің тұрақты
клиенттеріміз болатынына сенім білдіреміз.
Информация о работе Мата өндірісін KZ Textille АҚ компаниясы. Бизнес жоспар