Мата өндірісін KZ Textille АҚ компаниясы. Бизнес жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 18:53, отчет по практике

Описание

Менің бизнес жоспарым елімізде текстиль фабрикасын ашуға арналады. Біздің еліміз мата өнімдерін шетелдерден әкеледі және жол шығындары мен кеден шараларының шығындары өзіндік құнға қосылып, соңғы тұтынушыға жоғары бағада жетеді. Қазақстан Республикасында текстиль өндірісін дамыту үшін қажетті барлық алғышарттар бар. Тек тиімді менеджмент және заманауи технология жеткіліксіз. Технология және техникаға арнайы қаражат көлемі бөлінсе, бұл мәселе оңай шешіледі.

Содержание

Резюме............................................................................................................3

Жоба авторы мен жоба сипаттамасы..........................................................5
Кәсіпорын сипаттамасы..........................................................................5
Жобаның сипаттамасы............................................................................5
Әріптестер сипаттамасы.........................................................................6

Маркетингтік зерттеу жоспары...................................................................7
Нарық сипаттамасы.................................................................................7
Тұтынушылар сипаттамасы....................................................................7
Бәсекелестерге талдау.............................................................................8
Жарнама және PR....................................................................................8
Сұраныс және ұсыныс динамикасы.......................................................9

Тәуекелді бағалау және қауіпсіздендіру бөлімі.......................................10

Өндірістік жоспар.......................................................................................11

Қаржылық жоспар.......................................................................................13

Жобаның құқықтық жоспары....................................................................18

SWOT анализ ..............................................................................................19

SLEPT анализ...............................................................................................20

Қосымша материалдар...............................................................................21

Ақталу мерзімі 3 жыл
Нарықтың құны 1,5 млрд.АҚШ доллары

Работа состоит из  1 файл

Мата өндірісін «KZ Textile» АҚ компаниясы. БИЗНЕС ЖОСПАР.doc

— 541.00 Кб (Скачать документ)
 

Келесі  кестеде салықтарды төлеу шығындары  көрсетілген: 

Салықтар Көлемі, теңге
жеке  табыс салығы 7 138 188
мүлік салығы 54 866
көлік салығы 133 665
әлеуметтік  салық 10 216 800
корпорациялық табыс салығы 174 532 921
Барлығы 192 076 440
 

Жалақыдан төленетін жеке табыс табыс салығы 

2 250 000 – (7*13470) – 10% = 1 930 710*10% = 193 071

6 350 000 – (126*13470) – 10% = 4 017 780*10% = 401 778

1 айда  төленетін жеке табыс салығы  193 071 + 401 778 = 594 849 теңгені құрайды.

Демек жылына 594 849*12 = 7 138 188 тенге жеке табыс салығы төленеді. 
 
 

Көлік салығы: 

Жеңіл автокөлік 2006 жылғы, двигателінің көлемі 3000 см3. 8*1 273 = 10 184, яғни әр автокөлікке жылына 10 184 теңге салық төленеді. Компанияда қызметтік 5 жеңіл автокөлік бар, демек 10 184*5 = 50 920 теңге.

Жүк көтергіш автокөліктердің тоннажы 1,5 тонна. Әр автокөлік үшін 5*1273 = 6 365 теңге салық төленеді. Барлығы 6 365*13 = 82 745 теңге.

Жылына  төленетін көлік салығы 133 665 теңгені құрайды. 

Әлеуметтік  салық: 

Компанияда  жалпы саны 132 жұмыс орны қарастырылған. 1 айда төленуі тиіс жалақы қоры 8 600 000 теңгені құрайды. Жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті төлемдер әлеуметтік салық объектісіне жатпайтындықтан, 8 600 000 – 10% = 7 740 000. 7 740 000*11% = 851 400 теңге әлеуметтік салық төленеді. Жылына төленетін әлеуметтік салық 10 216 800 теңгені құрайды. 

Заңды тұлғалардың мүлік салығы: 

Машиналар мен құралдардың баланстық құны 5 800 000 теңге. Амортизацияның шекті нормасы 25%. 1 айдағы амортизацияның шекті нормасы 2,1%. Мүлік салығы 47 266 теңге.

Компьютердің  құны 1 000 000 теңге. Амортизацияның шекті нормасы 40%. 1 айдағы амортизацияның шекті нормасы 3,3%. Компьютерлер бойынша мүлік салығы 7 600 теңгені құрайды.

Жылына  төленетін мүлік салығы 54 866 теңге. 

Корпорациялық табыс салығы: 

Салық ставкасы 20%. Жылдық жиынтық табыс 1 038 100 000 теңге. Шегерімдер (шикізат, жалақы, амортизациялық шегерімдер, жөндеуге кеткен шығындар, төленген салықтар) 165 435 394 теңге. 1 038 100 000 - 165 435 394 = 872 664 606*20% = 174 532 921. Корпорациялық табыс салығы 174 532 921 теңгені құрайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Күтілетін қаржылық нәтижелер: 

Өнім  түрлері Жылына жоспарлы өндіріс, м. не шт. Тауардың 1 данасына шығындар Тауардың 1 данасының  сатылу бағасы Сатудан түскен табыс, тенге Пайда, тенге
таза  мақта маталары 800 000 300 т 400 т 320 000 000 80 000 000
Сатин 300 000 450 т 550 т 165 000 000 30 000 000
сатин-атлас 600 000 500 т 600 т 360 000 000 60 000 000
Мед. Бинт 300 000 5 т 7 т 2 100 000 600 000
төсек жабдықтары 20 000 2500 т 2800 т 56 000 000 6 000 000
Балалар киімдері 30 000 800 т 1000 т 30 000 000 6 000 000
Үй  костюмдері 10 000 1100 т 1500 т 15 000 000 4 000 000
Пижамалар 20 000 900 т 1300 т 26 000 000 8 000 000
Халаттар 20 000 800 т 1200 т 24 000 000 8 000 000
бет және ванна орамалдары 50 000 550 т 800 т 40 000 000 12 500 000
Барлығы       1 038 100 000 215 100 000
 
 

     Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы 65 000 000 теңге, материалдық активтерден тұратын өзіндік капитал құны 81 200 000 теңге.

Келіссөздер жүргізу үшін 250 000 теңге қаражат бөлініп, жауапкершілік компанияның менеджерлеріне жүктеледі. Құжаттарды рәсімдеу шығындары 100 000 теңге көлемінде болады. Аренданың жалпы құны: 1 500 000 теңге. Жылына 18 000 000 теңге. Соның ішінде әкімшілік бас ғимарат – 450 000 теңге; қойма – 300 000 теңге; цех – 750 000 теңге.

     Жобаны  жүзеге асыру үшін қажетті инвестициялық  қажеттілік 491 306 440 теңгені құрайды.  

Жобаның табысы (A) 1 038 100 000
Инвестициялық шығындар (B) 491 306 440
Жобаның пайдасы (C=(A-B)) 546 793 560
Табыс салығы (D) 174 532 921
Жобаның таза пайдасы (E=(C-D)) 372 260 639
Жобаның рентабельділігі (F=(E/B)*100) 75%
 
 
 
 
 
 
  1. Жобаның құқықтық жоспары
 

     «KZ Textile» акционерлік қоғамының қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі, соның ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, ҚР «инвестициялар туралы» Заңы. Сонымен қатар жобаның қызметі «KZ Textile» акционерлік қоғамының жарғысы және директорлар кеңесінің шешімдерінің негізінде жүзеге асатын болады. Даулы жағдайлар туған жағдайда компанияның мүддесін сот алдында қорғайтын юрист жұмыс істейтін болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. SWOT анализ
 

Компанияның күшті жақтары:

  1. қоғам үшін қажетті
  2. жаңа жұмыс орны
  3. отандық бренд
  4. экспортқа бағытталуы
  5. импортқа тәуелділікті азайтады
  6. жоғары сапалы дайын өнім
  7. бәсекелестердің кем болуы
 

Компанияның әлсіз жақтары:

  1. көп қаражат қажет етеді
  2. құрал-жабдықтар шетелден әкелінеді және олардың бағасының жоғары болуы
  3. білімді кадрлардың жетіспеуі және оларды қайта даярлау
  4. уақытты талап етеді
  5. жарнаманың қымбат болуы
  6. инвестицияның ақталу мерзімінің ұзақтығы
 

Компанияның мүмкіндіктері:

  1. көршілес елдер нарығына шығу
  2. отандық танымал брендке айналу
  3. тұтынушылар сенімінен шығу
  4. сапа менеджментін қалыптастыру
 

Компанияның қауіптері:

  1. бәсекелестер санының артып кетуі
  2. бәсекелестер бағасының төмен болуы
  3. инфляция
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

9. SLEPT анализ 

     Әлеуметтік  аспект – текстиль өндірісінде адам еңбегі, соның ішінде әйелдер еңбегі көп қолданылады. Осыдан бұл саланың  әлеуметтік маңыздылығы шығады: әйелдер  арасындағы жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Жобада жоспарланып отырған жұмыс орны саны 132. Бірақ бұл нақты шешім емес, жобаның жүзеге асып, өндірістің кеңеюімен жаңа жұмыс орындары ашылып, персонал жинақталатын болады.

      Құқықтық  аспект – жоба Қазақстан Республикасының  заңдарына қайшы келмейді, жұмысшылардың еңбек уақыты, жалақысы, демалыс уақыты және еңбек жағдайы Қазақстан заңдарына сәйкес келеді.

      Экономикалық  аспект – текстиль саласы Қазақстан  Республикасы Үкіметі анықтаған  приоритетті жеті кластер қатарына кіреді және экономикалық эффект пен өсу потенциалы өте жоғары.

      Саяси аспект – текстиль саласын дамытудың стратегиялық маңызы зор. Қандай мемлекет болмасын экономикалық және саяси тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық уақытта бұл салаға қолдау көрсетеді.

      Технологиялық аспект – текстиль саласының дамуы жаңа технологияларды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының, шикізаттық базаның, мата өндірісі мен киім өндірісінің дамуына себепші болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша материалдар 

Компанияда  жұмыс жасайтын қызметкерлер саны: 

Директор  1
Менеджер 6
Юрист 2
HR 4
PM 5
Қаржы бөлімі 7
Маркетинг 2
IT 3
Дизайнер 5
Қойма бастығы 1
Тасушы (грузщик) 15
Мастер 10
Тігінші 20
Ораушы (упаковщик) 15
Сатушы 5
Тех. Персонал 10
Жүргізуші 18
Офис менеджер 2
Медициналық қызметкер 1
Жалпы 132
 
 
 
 
 

 
 

«KZ Textile» компаниясы 

Информация о работе Мата өндірісін KZ Textille АҚ компаниясы. Бизнес жоспар