Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары
1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау
1.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1.“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ның ұйымдастырушылық – экономикалық жағдайы
2.2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау
3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

курсовой инновация.docx

— 109.78 Кб (Скачать документ)

      Инновациялық  өнім үш жыл бойы түрлі дәрежеде  технологиялық өзгерістерге ұшыраған  өнімді көрсетеді. Бақылауда жаңа  өнім жаңалығының бірнеше деңгейін  бағалау келтірілген: өнім, әлемге  қатысы  бойынша жаңа, елге қатысы  бойынша  жаңа, өңірге қатысы  бойынша  жаңа; жаңғыртылған. Бұл  қатарда бірінші үш деңгей  маңызды болып табылады, яғни  жаңадан енгізілген немесе соңғы  үш жылда айтарлықтай технологиялық  өзгерістерге ұшыраған және соңғы  үш жылдың ішінде жетілдіруге  тартылған өнімдерге жататын,  қағидатты жаңа өнім.  Өнім  тек қана кәсіпорын үшін ғана  емес сонымен қатар нарық үшін  де жаңа бола алады, оған  қоса кәсіпорын үшін жаңа өнім  нарық үшін де жаңа өнім  болу міндетті емес.  Бұл көрсеткіштер  - басқа елдер қатары және  Еуропалық  Одақ елдерінің инновациялық  қызметтерін салыстырмалы бағалау  мақсатында Еуростатпен қолданылған  маңызды сиппатамалары. Инновациялық  өнiмнiң жаңалығының қаралатын  деңгейлерiнен ең төмені жүзеге  асатын процесстік инновацияның  нәтижелері болып табылатын,   жаңғыртылған өнімге жатады. Бұл  параметрлері айтарлықтай дәрежеде  жақсартылған немесе түрленген  кәсіпорында шығарылып қойылған  өнім болып табылады.

      Еліміздің  шаруашылықты жүргізу субъектісінің инновациялық қызметі үшін қажет қаржы қаражатын анықтау үшін бақылауда инновациялық технологияларды пайдалануда  шығындар жіктелімі қарастырылған. Инновациялық үдерістер шығындары (ағымдағы, күрделі) шығындар түрлерi бойынша, сонымен бiрге қаржыландырудың көздерi бойынша бөлінеді.

      Өнімнің өзіндік құны (жұмыстар, қызмет көрсетулер) есебінде басты сипатта жүзеге асатын ағымдағы шығындар технологиялық инновацияны енгізіп және әзірлеумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге  жұмсалатын шығындарды, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлуге, сонымен қатар бір жыл ішінде ұйыммен жасалған инновациялық қызметті қамтамсыз ету үшін қажет жабдықтарды, материалдарды, шикізаттарды алуға жұмсалған шығындар сияқты, күрделі шығындарға жатпайтын басқа шығындар.              Күрделі қаржы жұмсалымы өзімен құруға жұмсалған жыл сайынғы шығындарды, көлемінің ұлғаюын, сонымен қатар  технологиялық инновацияларды әзірлеу және енгізуге байланысты жүзеге асырылатын, сатуға арналмаған, ұзақ пайдаланатын айналымнан тыс активтерге ие болуды көрсетеді. Олар инновациялық қызметті пайдалану үшін қажетті машиналарды, жабдықты, өзге де негізгі құралдарды сатып алуға, инновациялық қызметті жүргізу үшін ғимараттар, жер учаскелерін және табиғатты пайдалану объектілерін сатып алуға жұмсалған шығындардан тұрады.

       Ағымдағы және күрделі қаржы шығындарына технологиялық инновацияларды (зерттеулер мен әзірлемелер, өнертабыстарды патенттеу, өзге де патент-лицензия беру қызметтері, қызметкерлерді дайындау, тәжірибе жүзінде оқыту, конструкторлық жұмыстар, маркетингтік зерттеулер және т.б.) әзірлеу және енгізуге байланысты бөгде ұйымдардың осы ұйым үшін орындаған арнайы жұмыстарына, қызмет көрсетулеріне ақы төлеуге жұмсалған шығындары есептеледі.

       Технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар туралы деректер есепті жылы ескеріледі. Онымен қоса  инновациялық процестің қай сатыда тұрғандығы маңызды емес.

    Технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы шығындар инновациялық қызмет түрлері бойынша бөлінеді.

         Зерттеулер  мен әзірлемерлерге жұмсалған  шығындар құрамына қосылады:

  • өндірістік көрсеткіштер үшін сыйақыларды, ынталандырушы және өтемдік төлемдерді ескере отырып ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаушы құрам қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығындар, белігіленген жасқа дейін бала күту демалысында болатын әйелдерге өтемақы, сондай-ақ негізгі қызметпен айналысатын тізімдік құрамға кірмейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.
  • нақты тақырыпты жобалауды, тасымалдауды және орнатуды қоса оны орындау үшін қажетті арнайы аспаптарды, құралдарды, саймандарды, аппараттарды, механизмдерді, құрылғыларды және басқа арнайы жабдықты сатып алуға және дайындауға жұмсалған шығындар. Мұндай шығындар шарт бойынша орындалатын жұмыстардың өзіндік құны есебінен жүзеге асырылады, ал олар аяқталғаннан соң немесе тоқтатылғаннан соң қалған арнайы жабдық, сондай-ақ тақырып бойынша жұмыс істеу процесі кезінде сатып алынған немесе дайындалған үлгілер, макеттер және басқа бұйымдар тапсырыс берушіге табыс етілуі керек. Егер аталған жабдық және бұйым тапсырыс берушіге қайтарылмаса, онда тақырып аяқталғаннан соң олар түгенделеді және құнына қарай жарғылық қордан негізгі немесе айналым қаражаттары құрамына тегін түскендер ретінде енгізіледі.
  • шеттен сатып алынатын шикізат пен материалдардың, жинақтаушы бұйымдардың, жартылай дайын өнімдердің, отынның, табиғи шикізаттың барлық түрлері энергиясының, көлденең кәсіпорындар орындайтын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтердің, келіп түскен материалдық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты табиғи кему нормалары шегіндегі ысыраптардың құны; өнімді (жұмысты, қызметті) өндіруге жұмсалған материалдық шығындар есепте үстеме бағаны (үстеме ақыны), жабдықтаушы, сыртқы экономикалық ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақыларды, тауарлық биржалар көрсететін қызметтер құнын, кедендік баждарды, көлденең ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты шығыстарды қоса оларды сатып алу құны бойынша (қосымша құн салығын ескере отырып) көрсетіледі;
  • зерттеулер мен әзірлемелерге, соның ішініде жер учаскелерін сатып алуға, үйлер құрылысына немесе сатып алуға, негізгі қорлар құрамына кіретін жабдықты сатып алуға жұмсалған күрделі шығындар, зерттеулермен және әзірлемелермен байланысты өзге де күрделі шығындар. Ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен байланысты емес, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің құрылысына  және т.с.с. байланысты есеп беруші кәсіпорын жүзеге асыратын күрделі қаржы жұмсалымы ескерілмейді;
  • зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуымен байланысты және шығындардың жоғарыда аталған түрлерінің біреуінде де ескерілмеген өзге де шығындар.

         Машиналар  мен құрал-жабдықтарды сатып алудың  басқа жағдайлары технологиялық  инновациялар сияқты, мысалы белгілі  модельдің қосымша станоктары  есебінен өндірістік күшті кеңейту  немесе станоктарды ескі модификацияның  сол моделіне ауыстыру технологиялық  инновация болып табылмайды.

Өндірістік жобалауға, өндірісті  жаңа өнімдерді шығаруға, оларды өндірудің  жаңа қызметі мен тәсілдерін енгізуге даярлаумен байланысты басқа жұмыс  түрлеріне жұмсалған шығындарға технологиялық жабдықтаумен, өндірісті  ұйымдастыру және жаңа өнімді шығарудың  бастапқы кезеңімен байланысты өндірістік жобалық-конструкторлық жұмыстар жатады. Өнеркәсіпте олардың мазмұны  жаңа өнім өндіруге дайындықпен байланысты өнеркәсіптік объектіні (үлгіні) жобалау, белгілі бір өндірістік үдерістер  мен әдістерге бағытталған басқа  да жобалық-конструкторлық жұмыстар, технологиялық  жаңа өнімдер мен жаңа үдерістерді  жүзеге асыруға қажетті техникалық спецификациялар, пайдалану ерекшеліктері (белгілер) түрінде болуы мүмкін.    

Инновацияға жұмсалатын шығындар қаржыландыру көзіне байланысты бөлінеді:   

1. Кәсіпорындардың меншік қаражаттары;

2.Республикалық бюджет  қаражаттары;

3. Жергіліктің бюджеттің  қаражаттары;

4. Даму институттарының  қаражаттары;

5. Инновациялық гранттардың  қаражаттары;

6. ТМД елдерінің қаражаттары;

7. Венчурлық қорлар қаражаты;

8. Кредиттер мен қарыздардан  қаражат;

9. Жеңілдік шартымен кредиттер  мен қарыздардан қаражат. 

         Инновациялық жобаларды инвестициялаудың  негізгі үлесі кәсіпорынның жеке  қаражатына тиесілі екені тәжірибелерден  белгілі.           Бақылаулар қорытындысы бойынша кәсіпорынның инновациялық қызметі жағдайы, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жаңа өнім түрлерін (тауар, қызмет) игеру әрі жаңа технологияларды құру және пайдалану туралы мәліметтер және т.б. қалыптасатын болады. 

 

1.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің  ұйымдастыру ерекшеліктері

 

          Кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа өнім мен технологиялар өндірісін ұлғайтуға, отандық тауарлардың өтім көлемінің ұлғаюына бағытталуы керек, бұл инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын талап етеді.

     Инновацияға байланысты кәсіпкерлік  екі үлгіге бөлінеді: дәстүрлі, инновациялық.

     Дәстүрлі үлгі ─ дәстүрлі, өсімпаздық, ескішілдік кәсіпкерлік. Осы үлгі  шеңберінде кәсіпкер пайданы  көбейту мақсатында кәсіпорынның  ішкі резервтерін қозғалысқа  әкеледі және рентабельділікті  көтереді. Осы үлгі бойынша кәсіпкерліктің  табыстылығы көп жағдайда федералдық  үкімет және аймақтық билік  органдарының жағынан субсидиялау,  протекционизммен ілеседі.

     Екінші үлгі инновациялық (өнімді  немесе жемісті) кәсіпкерлікпен  қарастырылады. Сонымен қатар,  кәсіпорынның даму жолдарын іздестіруді  қарастырылады, оның негізіне  соңғы қолдану кезеңіне жеткізілген  инновациялар немесе жаңалықтар  жатқызылады.

     Кәсіпорындағы инновацияның дамуына  түрткі болатын себеп кәсіпкерлік  қызметтің шығындарын төмендету  ынтасы және нарықтық бәсекенің  қатты жағдайында пайданың көлемін  ұлғайту болып табылады. Ескірген  технология мен техниканы қолдану  үдерісінде шығындар орташадан  жоғары деңгейде қалыптасады  және кәсіпкерлік шығынды болуы  мүмкін, егер бәсекелестер өндіріс  шығындарын төмендету және ұсынылатын  өнім мен қызметтердің төмен  бағасының негізінде нарықтағы  өтімділік табысына жету жолдарын  тапқан болса.

     Осыдан әр бір кәсіпорында  бәсекелік басымдылықты жасау  қажеттігі пайда болады, бұны  жүзеге асыру үшін инновацияларды  қолдану керек. Сонымен бірге,  неғұрлым инновациялық процесс  тез жүрсе, соғұрлым табысты  қызметтің болуы ықтимал. Өнімді  жаңарту және оны дер кезінде  нарыққа шығару қосымша пайда  алу ықтималдығын жоғарлатады,  бұл ғылыми-техникалық рента деп  аталады.

     Осылайша кәсіпорын инновацияны  қолдану арқылы шығындарды төмендетеді,  өндіріс көлемін өсіреді, нарықтың  өтімділік табысына жетеді, пайда  көлемін көбейтеді, кәсіпкерліктің  тиімділігін көтеруге және ұлттық  экономиканың дамуына ықпал жасайды.  Идеяның пайда болуынан бастап  жаңалықты практикалық түрде   енгізуге дейінгі  уақыт периоды  инновацияның өмірлік цикл деп  аталады. Өмірлік цикл 4 этаптан  тұрады.Ол 8 – суретте көрсетілген.

 

 


 

 

 

8 – сурет  Инновациялық үдерістің функционалды реттілігі

 

     Бірінші кезеңде ілгері зерттеулер ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады, соның нәтижесінде жаңа ғылыми танымдар қалыптасады.

     Екінші кезең тәжірибелік бағыты бар қолданбалы және эксперименттік зерттеулермен сипатталады. Бұл кезеңде теріс нәтижелер алу ықтималдығы жоғары, сондықтан жаңалықты өңдеу жиі тәуекелділік сипатта болады.

       Үшінші кезеңде конструкторлы-технологиялық құжаттамалар дайындалады, ал инновацияның аралық нәтижелері жаңа өнімдердің тәжірибелі үлгілерін және жаңа технологиялардың тәжірибелі қолдануын көрсетеді.

       Төртінші кезеңде – жаңалықты коммерциализациялау – оны  өндіріске жіберу уақытынан нарықта тауар ретінде пайда болғанға дейін жалғасады. Тауардың өмірлік циклы осы тауардың нарық өтімінен жоғалып кетуімен аяқталады.

      Кәсіпорынның қызметі табысты болу үшін бизнес-жоспарды өңдеген кезде, өндірілетін өнімнің өмірлік циклдың қандай кезеңінде болуын ескеру керек, бәсекелестердің әрекетін  қадағалап,   инновацияларды жүзеге асыру және жаңа өнімдердің жетілген модельдерінің сату көлемін келешекте ұлғайта беруді қамтамасыз ету. Инновациялық үдерістің дамуына әр түрлі факторлар тобы әсер етеді: экономикалық, технологиялық, саясаттық, құқықтық, ұйымдық-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық, мәдениеттік. Кейбір факторлар инновациялық қызметке оң әсер етді, ал басқалары кедергі жасайды.  Мысалы, экономикалық және технологиялық факторлар тобы кәсіпорынның инновациялық қызметіне оң әсер етеді, яғни қажетті қаржы ресурстарын, материалды-техникалық құралдар, жаңашыл технологиялар, шаруашылық және ғылыми-техникалық ішкі құрылымның болуын көрсетеді. Осы факторлар тобы инвестиция үшін құралдардың жетіспеушілігі немесе жоқтығы, материалдық, ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі және т.б. инновациялық қызметке кедергі келтіреді.

       Кәсіпорын-инноватор инновациялық жобаны өзінің құрылымдық бөлімшелерінде дайындайды немесе инновациялық кәсіпкерлікке маманданған ұйымды келісім шарт негізінде қатыстырады. Кәсіпорын-инноватор инновациялық кәсіпкермен инновациялық өңдеулерді жүзеге асыру бойынша келісім шартқа отырады. Келісім шарт тапсырыстың белгілі төлемі аванс түрінде қарастырылуы мүмкін.

      Инновацияларды қаржыландыру  кез келген инвестицияларды қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады, яғни өзіндік қаржыландыру, несиелік құралдар, басқа аралас немесе дәстүрлі емес көздер, бюджеттен тыс қорлар, әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.

      Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.

      Инновацияның өмірлік кезеңі  өзара байланысты процестің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келгеннен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

      Қазіргі кезде əлемнің көптеген елдерінде мемлекет инновациялық қызметке құқықтық, ұйымдастырушылық жəне қаржылық жағынан көмек көрсетуде. Бұл елдердің ішінде Қазақстан да бар. Мемлекеттік инновациялық саясатты Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлейді жəне жүзеге асырады. Қазақстандағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары бар:

Информация о работе Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі