Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары
1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау
1.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1.“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ның ұйымдастырушылық – экономикалық жағдайы
2.2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау
3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары
Қорытынды
Міне осындай шараларды орындау арқылы біз кәсіпорындағы иновациялық басқаруды біршама жақсарта алар едік.
«ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның иновациялық қызметін талдай келе келесідей ұсыныстар ұсынуға болады:
- жоғары оқу орындарының
- технологиялық бизнес-
- білікті мамандарды даярлағаны
үшін инновациялық
- инновациялық инфрақұрылым
элементтерінде жұмыс істеп
Осындай
негізгі мәселелерді шешетін
болсақ Қазақстанда инновация
қарқынды дамитындығына сөз
Қорытынды
Бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.
Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.
Жалпы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациясын басқаруды дамыту үшін елдегі инновациялық жағдайды жақсартуымыз қажет. Бұл үшін елімізде инновациялық инфрақұрылымды дамытуымыз маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымын дамытумен байланысты келесідей қорытынды жасауға болады:
1. Бәсекеге қабілетті
экономиканы қалыптастыруға
2. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық инфрақұрылымын инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерімен қатар (технологиялық парк, технологиялық бизнес-инкубатор және инновациялық қор), бұл құрылымға белгілі бір деңгейде (тікелей немесе жанама) қатысы бар элементтердің де құрайтыны анықталды (олар: жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақпараттық-талдау орталықтары, консалтигтік фирмалар; ҚР ұлттық холдингтік компаниялары және олардың құрамындағы ұлттық компаниялар мен даму институттары; ҚР басым бағыттары бойынша құрылған кластерлер, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, корпоративтік көшбасшы компаниялар, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар).
Жалпы кәсіпорындағы инновациялық контролллингті дамытуды қолға алу керек. Кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйені жетілдірудің экономикалық тетіктері ретінде келесілерді қарастыруға болады: экономикалық базаны қамтамасыз ету, қаржылық-несиелік және инвестициялық қамтамасыз етуді жетілдіру, яғни жеңілдікпен салық салу және несие беру, субсидиялар бөлу; тәуекелдерді сақтандыру, шығындарды төмендету, кәсіпорындағы бюджет құру және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, кәсіпорындағы персоналдарды ынталандыру.
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру барысында индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі мәнге ие болуы қажет:
- ғылыми-технологиялық әлеуетті
жоғары ғылыми-технологиялық
- экономиканың стратегиялық
маңызы бар алдыңғы қатарлы
салаларын дамытуда өзімізде
бар ғылыми-техникалық
- бүгінгі таңда Қазақстанда
бірқатар бағыттар бойынша
- отандық тауар өндірушілерге
жағдай жасау мақсатында
Сонымен
қорытындылай келе, статистикалық
мәліметтер көрсеткендей, елдегі
жалпы инновациялық
Пайдаланылған әдебиеттер:
http://audit.kz/uploads/MSA_
Информация о работе Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі