Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
1.1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары
1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау
1.3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері
ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау
2.1.“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ның ұйымдастырушылық – экономикалық жағдайы
2.2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау
ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру
3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау
3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

курсовой инновация.docx

— 109.78 Кб (Скачать документ)

 «Достық станциясын дамыту, Ақтоғай-Достық участкісін күшейту»  жобасы жөнелту қабілетінің 2005 ж іс жүзіндегі 6,8 млн тонна көрсеткіштерімен салыстырғанда жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту үшін Ақтоғай-Достық участкісінің 253 км реконструкциялауды және Достық станциясының қайта өңдеуші қабілетін күшейтуді қарастырады. Ақтоғай-Достық халықаралық көлік магистраліның бас участкісін күшейту және сенімді өткізу қабілетін қамтамасыз ету Достық станциясының шекаралық өткелінің жүк-жолаушы айналымын, қайта өңдеуші қабілетін ұлғайтуға, эксплуатациялық шығындарды азайтуға, сол арқылы теміржол көлігінің тиімділігі мен сенімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кірістер жүк тасымалының схемасына сәйкес және Достық станциясының шекарадан өту операцияларын (қайта тиеу, арбаларды ауыстыру т.б.) импорттық бағыттағы жүктер үшін (Қытайдан келетін), экспорттық бағыттағы тасылатын мұнай мен кен тиелген вагондарды қайта қою бойынша 100% көлемде орындағаны үшін қосымша жиымдар есебінен есептеледі (5 кесте).

 

Кесте 5 – «Достық станциясын дамыту, Ақтоғай-Достық участкісін күшейту» инно-вациялық жобасының тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшемі

Келтірілген таза кіріс NPV, млн. Теңге

6 107,1

Рентабельдіктің ішкі нормасы IRR,%

31,5

Өтелу мерзімі, жыл

6

Ескерту - есептеулер мәліметтері.


2007-2011 жж жобаны қаржыландыру 5 782,3 млн. теңге құрады, олар теміржол инфрақұрылымын кеңейту мен реконструкциялауға, жаңа техникалық құралдар алуға, технологиялық үдерістерді жетілдіруге, сорттау қуатын, жүк қорасын, құрамдарды кедендік қарап шығуға арналған парктерді дамытуға, вагондарды қайта қоюдың жұмыс істеп тұрған бекеттерін реконструкциялауға, шаруашылық-ауызсу субергішін, тазартқыш жайларды салуға, А және Д парктерін жарықтандыруға пайдаланылды. Жүргізілген есептер бойынша жобаның пайдалылығының ішкі нормасы 31,5% құрайды, таза келтірілген құны – 6 107,1 млн. теңге. Бастапқы шығындардың өтелу кезеңі, дисконттауды ескере отырып, 6 жыл (дисконт мөлшерлемесі 9%). Есептеулер нәтижелері инновациялық жобаның тиімділігін көрсетеді. 2011ж. қаражаттарды игеру  353,8 млн. теңге құрады. Достық станциясы мен Ақтоғай-Достық теміржол участкісін дамытудың 2011-2013 жж. арналған іс-шаралар жоспары жасалды.

     Сонымен көріп отырғанымыздай инновацияны дамыту арқылы кәсіпорынның жағдайын жақсартуға болады. Бұдан қорытынды Қазақстанда кәсіпорындарда инновацияны басқаруды дұрыс ұйымдастыру керек. «ҰК «ҚТЖ» АҚ басшылығы өнім сапасын арттыруға өндіріске жаңа технологияларды енгізумен тікелей байланысты екендігін нақты дәлелдеген.

 

 

ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық  белсенділігін арттыру

3.1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау

      

       Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты  жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей технологиялық  деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.

Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің  қазіргі жағдайы абсолютті  сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы  тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге  байланысты.

Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге  бағытталған электронды, биоинженерлік  және басқа да ғылым дәрежелерін  пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру  үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының бүгінгі жағдайына  жүргізілген сараптаулар нәтижелері жыл өткен сайын Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің дағдарыс әсерінен төмендегенін, тек соңғы 2-3 жылда қайтадан ұлғайып келе жатқанын көрсетуде 

Кесте 3- Қазақстандағы ғылыми-техникалық әлеует деңгейі .

 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге

11643,5

14579,8

21 527,40

24 799,90

26 835,50

34 761,6

38 988,7

33 466,8

Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны

273

295

390

437

438

421

414

424

Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам

16578

16715

18 912

19 563

17 774

 

 

16304

15793

17021

   соның ішінде:

               

   Зерттеушілер

9899

10382

11 910

12 404

11 524

10 780

10 095

10 870

      одан:

               

      ғылым докторлары

979

1013

1 106

1 157

1 166

1 191

   1340

1341

      ғылым кандидаттары

2782

2740

3 018

3 147

3 058

2 861

   2756

3012

Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі  қаражаттары, млн. теңге

9037,3

12396,6

14 584,20

19 247,70

18 782

19 176,7

22 003,3

22 810,9

   Зерттеулер мен әзірлемелер

29348

34946

41 512

 

51 400

 

64 108

81810

90325

 

   Жоғары білім

21525

25534

30 312

 

36 007

 

45 557

 

50877

60720

 

 Ескерту – статистикалық мәліметтер негізінде жасаслған    


      Инновациялық инфрақұрылым қызметінің тиімділігі елдегі ғылыми ортаның нақты жағдайымен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, оған арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді (3-кесте). Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар көлемі  соңғы бір жыл көлемінде төмендеп отыр. Ол ЖІӨ қарқынды жоғарылауымен емес, ғылымға жұмсалатын шығындардың баяу өсуімен байланысты. Ал зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны соңғы жылдары алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеген. Сонымен қатар зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны және зерттеушілер саны дағдарыс басталған жылдардан кейін төмендей бастаған.

 

4 кесте - Инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі, %

 

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Инновациялық өнімдерінің  ЖІӨ-дегі үлесі, %

1,27

1,58

1,53

1,19

0,69

0,51

0,66

Ескерту – статистикалық мәліметтер негізінде жасалған


Қазақстандағы инновациялық өнімдерінің ЖІӨ-дегі үлесіне жүргізілген талдау елдің инновация саласындағы өнімдердің ЖІӨ–дегі үлесі біршама кемігенін көрсетті (4-кесте). Яғни кәсіпорындардың инновациялық өнім өндіруі қазіргі кезде өте төмен деңгейде екенін дәлелдейді.

 

5 кесте – Отандық кәсіпорындардың  инновациялық қызметтерінің негізгі  көрсеткіштері

 

 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Респонденттер саны, барлығы

7212

8022

10392

10591

10889

11172

10096

10937

   одан:

               

   инновациясы бар

 

148

 

184

352

505

526

447

399

467

   инновация саласындағы    белсенділік деңгейі, %

2,1

2,3

3,4

4,8

4,8

4,0

4,0

4,3

   инновациясы жоқ

 

7064

 

7838

10040

10086

10363

10725

9697

10470

   инновация саласындағы   енжарлық деңгейі, %

97,9

97,7

96,6

95,2

95.2

96,0

96,0

95,7

Ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық бөлімшелердің саны

363

463

677

724

763

745

688

723

   ондағы:

               

   қызметкерлердің  тізімдік  саны, адам

6721

6332

9542

11472

9375

10781

10631

11191

Ескерту – статистикалық  мәліметтер негізінде жасалған


       Бұл  кесте бойынша жалпы респонденттер  санының 2008 жылдан кейін кемігенін,  инновация саласындағы    белсенділік  деңгейінің осы жылдан кейінгі  көрсеткіштері біршама төмендегенін  көрсетеді. Инновация саласындағы  қызметкерлердің саны тек көзге  көрінбейтін мөлшерде көбейгенімен, инновациялық белсенділік деңгейінің  өсуі байқалмайды. Қорытындысында кадрлар құрамының біліктілік сапасының көңілге қонымсыз екенін көрсетеді.

Қазақстан өңірлерінің инновациялық белсенділігі де әр алуан болып отыр, өйткені ол қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек ресурстарға және оларды пайдалау мүмкіндіктеріне байланысты. Сондықтан, өңірлердің инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне  байланысты қалыптасуда және де әртүрлі  деңгейді көрсетіп отыр.

Төмендегі 3-суреттің мәліметтеріне  сүйене отырып, еліміздегі өңірлерді  инновациялық белсенділіктері бойынша  үш топқа бөліп қарауға болады:

- төменгі деңгей, бұл топқа  Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан  облыстары және Астана қаласы  жатады;

- орта деңгей, бұл топқа  Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе  және Шығыс Қазақстан облыстары  кіреді;

- жоғары деңгей, бұл топқа  Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан  облыстары мен Алматы қаласы  енеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет – Қазақстан Республикасының  облыстары бойынша кәсіпорындардың  инновациялық белсенділік деңгейі, %

Ескертпе – ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде дайындалған.

Қазақстанның жаһандық инновациялық-технологиялық  саладағы бүгінгі деңгейін сипаттайтын  көрсеткіштер еліміздің әлемдік  деңгейден көп төмен екенімізді көрсетіп отыр (6-кесте).

 

6-кесте - Қазақстанның  және әлем елдерінің инновациялық-технологиялық  саладағы салыстырмалы деңгейі, 2010 жыл

Көрсеткіштер

Қазақстан

Әлем елдері

ЖІӨ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар, %

0,35

Швеция – 3,86; АҚШ –  2,67; Жапония – 3,2; Германия – 2,51; Ресей – 1,3

Кәсіпорындардың инновация  саласындағы белсенділік деңгейі, %

6,0

Германия – 82,5; Швеция – 75,3; Австралия – 60,8; Ресей – 10,0

Өнеркәсіптік өнім көлеміндегі  инновациялық өнімнің үлес салмағы, %

1,9

Германия – 29; Австралия  – 31; Ресей – 3,7

Ел экспортындағы жоғары технологиялық өнімнің үлес салмағы, %

2,5

Жапония – 54; АҚШ – 32; Ресей  – 9

1 тұрғынға келетін ҒЗТКЖ  шығындары, АҚШ долл.

17

АҚШ – 892; Швеция – 875; Германия – 580; Норвегия – 479; Ресей – 420

ҒЗТКЖ-мен қамтылған халық  саны, 1 млн. Адамға

721

Жапония – 5287; АҚШ – 4484; Германия – 3261; Ресей – 3319

1 млн. халыққа тіркелген  патенттер саны

201

Жапония – 2875; АҚШ – 701; Германия – 586; Ресей – 165

ҒЗТКЖ-ға жұмсалған қаражаттардағы шетелдік инвестициялардың үлесі

2,6

АҚШ – 18; Ұлыбритания – 14


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары

 

Қазақстандағы инновациялық үдерістер күрделі экономикалық құбылыстар мен трансформациялық өзгерістер жүйесінде өтеді. Бірақ оларға сыртқы және ішкі факторлар ықпал етеді, жұмыс істеу тиімділігі мен бағыттылығы соларға тәуелді болады.

Осыдан  келіп, инновацияны енгізу мен пайдалану  үдерісін басқарудың, сондай-ақ инновациялық қызметті инвестициялаудың іс-қимылды  стартегиясын жасаудың өткір қажеттігі  туындады. Инновацияны дамыту арқылы біз  дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға бір табан жақындай түсеміз. Бірақ Қазақстанды әлде де инновация қарқынды дамымай тұр.

      Стратегиялық тұрғыдан инновациялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инновациялық жағдай қалыптасты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 29.01.2010 ж. «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізетіні баса айтылған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

  • Кәсіпорындарында инновациялық беленділіктің төмендігі;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

Өкінішке орай, жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инновациялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 0,66%. Еліміздегі инновациялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

  • білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;
  • инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.
  • кәсіпорындағы инновациялық контролллингті дамытуды қолға алу
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға қаржыны көптеп бөлу
  • кәсіпорындарың ұйымдық құрылымын өзгерту, яғни жеке басқару қызметін немесе бөлімін енгізу;
  • кәсіпорын мамандарын оқыту және кәсіби қайта даярлау;
  • инновациялық қызметтегі басқару жүйесіне қатысты нормативті-құқықтық базаны енгізу; реттеу құжаттарын әзірлеу;
  • кәсіпорындардың инновациялық қызметіндегі басқаруды кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету
  • басқарушылық жүйеде ақпараттық технологияларды енгізу.

Информация о работе Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі