Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 20:47, реферат
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдістің салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді
Жоспар
Бағалы қаздар туралы түсінік және түрлері
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Бағалы қағаздар нарығы
Жоспар
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
тізімі
Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қолданыла бастады. Бағалы қағаздар шығара отырып олардан шығатын ақшаларды пайдалануға болады. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады. Бағалы қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады. Барлық рыноктар сияқты бағалы қағаздар сұраныс пен ұсынысқа таңдау бағасына тәуелді, яғни бағалы қағаздар рыногы сату, сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды.
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдістің салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді. Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады. Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады. Нарықтың мақсаты – капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістік емес салаларға ақша-қаражаттарды бөлу. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі – бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және халықтың, компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады.
Бағалы қағаздар нарығында негізгі қоғамға қажетті 2 міндеттер шешіледі:
Қазіргі техника мен телекоммуникациялардың дамуы капиталдың бір ұлттық нарықтан екінші нарыққа жедел түрде аударуға мүмкіндік туды. Алайда, бұл тек артықшылық ретінде ғана емес, сондай-ақ кемшілік ретінде қарастырылады. Себебі, ұлттық экономиканың басқа экономикадан тәуелділігі жоғарлайды, нәтижесінде ұлттық бағалы қағаздар нарығы тұрақсыз жағдайға әкелуі мүмкін.
Екінші жағынан, жаһанданудың салдарынан жеке ұлттық нарықтардың өзара бәсекелесі артады. Батыс экономистердің пікірінше, соңғы он жылдықтарда дамушы мемлекеттерде инвестициялық ресурстарға деген қажеттілік жоғарлайды. Бірақ, инвестицияланатын капитал көлемі әлемдік экономиканың қажеттілігінен төмен сипат алады1.
Қазақстан Республикасының негізгі сұрағы ретінде ұзақ мерзімге экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканың нақты секторларына ауқымды инвестициялық ресурстарды тарту және оларды тиімді пайдалану механизмін ұйымдастыру арқылы бұл мақсатқа жетуге болады.
Осыдан, Қазақстан экономикасында бағалы қағаздар нарығының рөлі артады. Бағалы қағаздар нарығы республиканың экономикасына шағын инвесторлардың қаражаттарын тарту керек. Бағалы қағаздар арқылы қаражаттарды тарту инфляциялық емес әдіс болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының қалыптасу кезеңінен өтті. Кейбір элементтер бойынша даму серпіні де байқалады. Мысалға, пайлық инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорлардың қызметтерін жатқызуға болады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының негізгі бағыты жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмайды. Бағалы қағаздар арқылы шоғырланған қаражат өндіріс аясына жеткізілмейді. Оған келесідей бірқатар себептер бар:
Аталған себептерге байланысты, өндірістік салаларға бағалы қағаз арқылы қаражат жұмсау мәселесі туындайды. Зейнетақы қорлары және банктердің бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарына қаржы бөлу бірнеше сатылардан тұрады. Ал, бұл қаржы ресурстардың қымбаттылығына әкеледі. Сондықтан да, корпоративтік эмитенттер бағалы қағаздарды шығаруға қызығушылық танытпайды.
Ішкі
инвестициялық ресурстарды
Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.
Алғашқыда, реттеу қызметін ҚР Қаржы министрлігі атқарған. Кейіннен, Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына қызметті аударған болатын. Бірақ, Үкіметтің қаулысымен, 2001 – 2004 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі бағалы қағаздар нарығын реттеу органы ретінде өз жұмысын атқарған болатын. Тек, 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қаржылық қадағалау мен реттеу Агенттігі бағалы қағаздар нарығының жаңадан құрылған реттеуші орган ретінде бекітілді.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу әр түрлі мағынада қарастырылады.
Тар мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.
Кең
мағынада, бағалы қағадар нарығын
мемлекеттік реттеу – бұл нарықтың
ары қарай дамуына, экономикаға
инвестицияларды тартуды
Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты ретінде бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады.
Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу – көп деңгейлі үрдіс. Ол анықталған мемлекеттік мақсат пен қағидаларға сәйкес, құқықтық, әкімшілдік, экономикалық, техникалық және басқа да әдістер жиынтығы арқылы нарықтың барлық субъектілерінің қызметіне әсер ететін механизм. Реттеу жүйесі осы аядағы мемлекеттік саясаттың маңызды құралына жатқызылады.
Мемлекеттік реттеу бағалы қағаздар нарығында келесідей жіктелімнен тұрады:
Бағалы қағаз түріне байланысты мемлекеттік реттеудің әр түрлі сегменттерін қамтиды. Олар – корпоративтік бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Қызмет түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық аядағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Мемлекеттік реттеудің формаларына тікелей және жанама реттеу болып бөлінеді. Тікелей немесе әкімшілдік реттеу келесі сұрақтарды қамтиды:
Тікелей реттеумен қатар, жанама әдістерді қолдану өзекті сұрақтың бірі болып табылады. Себебі, әр түрлі санаттар бір-біріне байланысты. Бір санатқа әсер ету, екінші санаттың өзгеру икемділігі байқалады.
Сонымен, жанама реттеу немесе экономикалық реттеу экономикалық жүйедегі тұтқалар арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық тұтқаларға жатқызылады:
Аталған құралдар, тұтқалар арқылы мемлекеттік реттеуді дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіндік береді.
Жіктелім, формаларымен қатар, мемлекеттік реттеудің бағыттары анықталады: рестрикциялық және ынталандырушы бағыттар.
Бағалы
қағаздар нарығын рестрикциялық
мемлекеттік реттеу міндетті ережелер
мен талаптар негізінде, мәмілелерді
тіркеу үрдісін жетілдіруге
Бағалы
қағаздар нарығын ынталандырушы
мемлекеттік реттеу – анықталған,
белгілі бір үрдістерді белсендіруге
бағытталған әдістер
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік органдар тарапынан тиімді реттеу нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау және олардың қоғамдық өндіріс, баға өзгерісі және басқа да факторлардың байланысын анықтау маңызды сұрақтардың бірі. Сондықтан да, бағалы қағаздар нарығының интегралды көрсеткіштерін, конъюнктураны бағалау, несие нарығымен, бюджет жағдайы және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштермен өзара байланысында бағалы қағаз нарығының даму болжамы жүйелі түрде жариялауы қажет.
Бағалы қағаз нарығының жағдайын және оның даму қарқынын келесі көрсеткіштер тобы анықтайды:
Сонымен, өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу жүйелерінің болуы нарықтың тиімді дамуына әсер етуші күш ретінде танылады. Өзін-өзі реттеу жүйесі Қазақстанда онша дамымаған. Іс-әрекет ететін өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде Қазақстан қор биржасын жатқызуға болады. Алайда, қор биржаның бағыты негізінен ұйымдастырушылық сипат алады. Қазақстанда 2 өзін-өзі реттеу ұйымы бар деп жарияланады. Оларға, Қазақстандық тізім ұстаушылар ассоциациясы және активті басқарушылар ассоциациясын жатқызады. Бірақ, нарыққа әсер ету жағынан қарастырсақ, олар негізінен ақпараттық-кеңес берушілік органдар ретінде қызмет атқарады. Сондықтан да, Қазақстанда өзін-өзі реттеу жүйесі дамымаған деп тұжырымдауға болады4.