Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 20:47, реферат
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдістің салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді
Жоспар
Бағалы қаздар туралы түсінік және түрлері
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Әлемде
каржы нарығында өзін-өзі
• Халықаралық ұйымдар мысалы, халықаралық қор биржаларының ұйымы).
• Ұлттық ұйымдар. Әдетте әрбір мемлекетте қаржы нарығының кәсіби мамандарының мүддесін қорғайтын өзін-өзі реттеуші ұйымдар қалыптасады. (Мысалы, Ресейде 2000 жылы пайда болған осындай екі ұйым бар: Қор нарығына қатысушылардың Ұлттық ассоциациясы және Трансферагенттер мен депозитарийлерді кәсіби тіркеуші Ассоциация).
• Аймақтық ұйымдар. Олар аймақтық тұйықталған нарық болғанда ғана ұйымдасуы мүмкін.
Сондай-ақ өзін-өзі реттеуші үйымдар өздерінің мүддесін қорғау мақсатында өз эмитенттерінің, институционалдық және жеке инвесторлардың ұйымдарын құрады. Бұндай ұйымдар бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету үшін өзінің ережелері мен стандарттарын дайындайды.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде өзін-өзі реттеуші ұйымдардың қызметін кадағалаумен және олардың құрылуын бақылаумен Қаржы нарығы мен қаржылык ұйымдарды реттеу жэне кадағалау Агенттігі шұғылданады.
Қазақстанда ен алғашқы заңжүзінде қүрылған өзін-өзі реттеуші ұйым — Қазақстан қор биржасы. Ол бағалы кағаздар нарығын бақылаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалайды. Келесі өзін-өзі реттеуші ұйым — 1999 жылы 13 қарашада Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссияның директорлар кеңесінің қаулысымен құрылған — Актштерді басқарушылар Ассоциациясы. Оның атқаратын міндеттері:
• зейнетақы активтерін басқару компаниясының тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау;
• жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету нарығында еркін бэсекелестікті дамыту;
• кәсіпкерлік әдептілікті сақтау және қызмет көрсету стандарттарын дайындау;
• ассоциация мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау іс-шараларын қамтамасыз ету.
Ассоциацияның ұйымдық-басқару құрылымы мыналар:
• мүшелерінің жылдық жиналысы;
• директорлар кеңесі;
• басқарма;
• тексеру комиссиясы;
• тұрақты қызмет көрсететін (заңнамалар бойынша, қызмет істеушілер бойынша, есептеу және есеп беру бойынша) комитеттер.
Ассоциация өз мүшелерінің тізімін жүргізеді. Тізімде әрбір ассоциация мүшесінің фирмалық атауы жөнінде ақпарат және мекен-жайы, оның ассоциациядағы өкілі туралы және қызмет істеушілердің мамандығы туралы мағлұматтар, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың лицензиясының мэліметтері көрсетіледі.
Ассоциация мүшелері әрбір тоқсан сайын атқарған қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, содан соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзін-өзі реттеуші ұйымға мына мәліметтерді беруі тиіс:
•
өз активтері мен зейнетақы
• таза зейнетақы активтері мен ондағы өзгерістер туралы;
• бухгалтерлік баланс және қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп.
Ассоциация мүшелері қаржылық жыл өткен соң өзін-өзі реттеуші ұйымға жылдық қаржылық есеппен қоса, өткен жылдық қаржылық есепті тексергені туралы аудиторлық қорытындыны беруі тиіс.
Өзін-өзі реттеуші ұйым ретінде 1998 жылдың екінші тоқсанында тіркеушілер Қазақстан реестрұстаушыларының Ассоциациясын құрды.
Бұл ассоциацияның міндеттері:
• реестрұстаушылардың мүддесін білдіру және қызметін біріктіру;
• ассоциация мүшелерінің жалпы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету;
• Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытуда мемлекеттік органдарға көмектесу;
•
реестрұстаушылар қызметінің стандарттарын
дайындау. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде
Қазақстан бағалы қағаздар нарығын бақылаумен
және реттеумен шұғылданатын өзін-өзі
реттеуші ұйым түрінде құрылған — Қазақстан
қор биржасы, Активтерді басқарушылар
Ассоциациясы және Қазақстан реестрұстаушыларының
Ассоциациясы нарыққа катысушыларға қызмет
көрсетуде. Алайда, олардың заңнамалық
негізі толық қарастырылғанымен, отандық
нарықтың тарихи қалыптасқан дәстүрі
жоқ жағдайында және бағалы қағаздар нарығының
алғашқы пайда болу және қалыптасу кезінде
нарықтық инфрақұрылым жан-жақты.кең ауқымды
жұмыс атқаруда деуге ертерек.
3.Бағалы
қағаздар нарығының
даму болашағы
Қазіргі
кезде Республикада бағалы кағаздар
нарығы қалыптасу шағында. Оның даму
жолында алғашқы іс-шаралар
Экономикалық мәселелерге:
• нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
• нарықты дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
•
заңдардың мүлтіксіз
• салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
• бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;
• нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұхсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал мүшелері жэне хатшысы болып бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.
Әлемдік нарык тарихында бағалы қағаздар нарыгының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:
I. Банктік үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (ол Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.
II. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, ¥лыбританияда, Малайзияда, Пэкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол - банктен алған ақшаға қарағанда - «арзан» ақша.
III. Аралас үлгі - онда бағалы қағаздар нарығының механизмі аркылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүлікті кішіжәне жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген багалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.
Бағалы
қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің
банктік үлгіден айырмашылықтар
1. Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі;
2.
Үлестік бағалы қағаздардың
3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
4.
Нарықтағы банк емес
Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:
1.
Өндірісті өркендету үшін
2.
Әлі көп уақытқа дейін
3. Саясат факторы – дүние жүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі - халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру ( халықтың социалистік менталитетін есептегенде) - бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай элі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.
Қазақстан өз қаржы жүйесін дамытпай, экономиканың нақты секторында табыска жетуі мүмкін емес. Бұл ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі « Қаржы нарыгы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу жэне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына сәйкес кұрылған Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.
Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі қайта қаралды.
Қазақстанда
ұжымдық инвестициялау
Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялар көзі ретінде зейнетақы активтерін тиімді басқаруды жетілдіру мақсатында Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Несие нарығын дамыту және займшылардың шарт тәртібін жоғарылатуға елеулі әсері бар 2004 жылғы 6 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» қабылданған заңды іске асыру займшылардың барынша айқындығына, олардың несиелік қабілеттілігі мониторингін жетілдіруге мүмкіндік жасай отырып, банктердің тәуекелін азайтуға және тәуекелді басқарудың сапасын жақсартуға ықпал етеді. Кредиттік бюроның тиімділігі және оның нарыққа ықпалы бірсыпыра уақыттан кейін сезіле бастайды.