Багалы кагаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 20:47, реферат

Описание

Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдістің салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді

Содержание

Жоспар
Бағалы қаздар туралы түсінік және түрлері
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Бағалы қаздар 2.doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

      Қазақстандық  бағалы қағаз нарығының дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтауда, экономиканың даму болашағының мақсаттары мен қағидаларын, сондай-ақ экономикалық-әлеуметтік факторларды ескеру міндетті. Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу белсенді сипатта болуы шарт. Сонымен қатар, реттеу экономикалық субъектілердің қызметтеріне жағымды жағдайларды құруға, нақты экономикаға инвестицияларды тартуға бағытталуы керек.

      Бағалы  қағаздар нарығын дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау кезінде негізгі  шарт – бұл қандай нарыққа жетуіміз керек деген сауалға жауап  іздеу. Себебі, әр түрлі елдерде бағалы қағаз нарығының сипаты да әр түрлі. Бір елде, негізінен мемлекеттік бағалы қағаз орын алып, мемлекеттің рөлін артуға бағытталады. Әлде, нарықта корпоративтік бағалы қағаздар аса ауқымды орын алуы мүмкін. Әр мемлекеттің өз сипатына қарай, бағалы қағаз нарығы да бір-бірінен ажыратылады.

      Қазіргі қазақстандық тәжірибеде, бағалы қағаз  нарығы бағалы қағаздарды сату мен  сатып алу орын ретінде түсінеді. Сондықтан да, тиімді бағалы қағаз  нарығын құруда бағалы қағаздардың  максималды өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шарт. Бағалы қағаздардың максималды өтімділігі ретінде сандық көрсеткіштер арқылы анықталады, яғни нарықтың айналымы, спред өлшемі, саудаға түскен бағалы қағаздардың саны, мәміле жасау жылдамдығы, инвесторлар саны және т.б. көрсеткіштер. Бірақ, бұл бағыт бағалы қағаз нарығының дұрыс құрылған механизм кезінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Әр түрлі себептерге байланысты, Қазақстан осы бағытқа әлі жетпеген.

      Қазақстан жағдайында, бағалы қағаз нарығы дамуының стратегиялық мақсаты ретінде –  қазақстандық экономикаға капиталды тарту мен қайта бөлу арқылы, ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады. Тактикалық шаралар негізінде, интраверттік нарықтан, яғни өз шеңберінде даму, экстраверттік нарыққа, яғни экономиканың нақты сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн. Мұнда, бір жағынан, нарық инвесторларға максималды түрде ашық болу, екінші жағынан, эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.

      Жеке  ішкі инвесторлардың мүдделерін қорғау  мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі болуы керек. Олардың қызығушылықтарына сай, нарықтық механизм құрылуы жөн. Отандық бағалы қағаз нарығына әр түрлі факторлардың әсері салдарынан, мемлекет пен жеке инвесторлардың мүдделерін қорғайтын,  инвестициялық сипаттағы стратегияны жасау қиындығын туғызады.

      Экономикалық  тұрғыдан алған, мемлекеттің бағалы қағаздар нарығындағы қызығушылықтар, ең алдымен, осы нарықтың тұрақтылығын және инвестициялық бағыттылығын қамтамасыз етумен байланысты, яғни жинақ және инвестиция ағындары арасында тепе-теңдікті ұстауға бағытталған жөн5.

      Алайда, отандық экономикада нарықтық өзгерістер аяқталмағандықтан, мемлекет бағалы қағаздар нарығында қосымша міндеттерді  шешуі қажет. Олар: мемлекет иелігіндегі корпоративтік меншікті тиімді басқаруын қамтамасыз ету; болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын экономиканың секторларды ынталандыра отырып, өндірістік саясатты жүзеге асыру.

      Қарастырылған сұрақтарды шешіп қана қоймай, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде, елдің бағалы қағаздар нарығының нақты дамуына әкеледі. Ал, бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, алдағы ұзақ, орта мерзімге бекіткен  стратегиялық мақсатқа жетуге көмектесуге мүмкіндік береді.  

      Қазақстан Республикасында  іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады. 

Эмитенттің  кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді: 

–        мемлекеттік;

–        муниципалды;

–        корпоративтік.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік  сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

–        Ұлттық жинақ облигациялары;

–       Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық  міндеттеме (МЕККАМ)

  •       Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

   Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни емханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.

   Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.

    Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады: 

а) ақшалай  бағалы қағаздар;

б) капиталды  бағалы қағаздар. 

   Ақшалай бағалы қағаздар –  ақшаны қарызға алғандығын білдіреді.  Бағалы қағаздардың бұл түріне  вексельдерді, депозиттік және жинақ  сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

   Капиталды бағалы қағаздар –  кәсіпорындар мен ұйымдардың  қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.

Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді: 

·        қарыздық бағалы қағаздар;

·        инвестициялық бағалы қағаздар.

   Қарыздық бағалы қағаздар –  бағалы қағаздың бұл түрі бойынша  эмитент көрсетілген уақыт барысында  белгіленген пайыз көлемінде  (процентімен) тиісті қарыздарын  өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық  бағалы қағаздарға облигацияның  барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

   Инвестициялық бағалы қағаздар  – бағалы қағаздың бұл түрі  иемденуші активтің бір бөлігін  иемденуге құқық береді. Бағалы  қағаздардың  бұл түріне акцияны  жатқызуға болады.

Бағалы  қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді: 

·        қорлы бағалы қағаздар;

·        саудалық бағалы қазаздар. 

   Қорлы бағалы қағаздар – мұндай  бағалы қағаздар қор биржаларында  айналысқан түсіеді және көп  мөлшерде эммиссияланады. Бағалы  қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

   Саудалық бағалы қазаздар –  бағалы қағаздың бұл түрі белгілі  бір коммерциялық бағытпен сауда  операциялары кезінде есеп айырысуға  арналған.

   Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне  байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді: 

·        нарықтық бағалы қағаздар;

·        нарықтық емес бағалы қағаздар. 

   Нарықтық бағалы қағаздар –  мұндай бағалы қағаздар айналыста  еркін сатылып немесе сатып  отырылды.

   Нарықтық емес бағалы қағаздар  – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.

   Атқаратын қызметіне және рөліне  байланысты бағалы қағаздар мынадай  үш топқа бөлінеді: 

·        негізгі (акция, облигация);

·        көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;

·        туынды (варранттар, опциондар,  фьючерстер, бондар тағы да басқалар) 

   Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін  қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым  мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

·        жәй акциялар;

·        артықшылығы бар акциялар.  

   Жәй акцялар - акционерлік қоғамды  басқаруға құқық береді. Бір жәй  акция ұйымның акционерлер жиналысында  осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді  шешу барысында бір дауысқа  ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.

     Артықшылығы бар акциялар –  басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.

   Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

    Қаржылық салымдардың түрлері:

    Қаржылык салымдар - бұл кәсіпорынның  бағалы қағаздарды сатып алу,  еншілес және басқа кәсіпорындарға  қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.

    Есепте каржылық салымдар қысқа  мерзімді және ұзақ мерзімді  бо-лып бөлінеді:

1. Бір  жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.

2. Бір  жылдан артық мерзімге табыстар  алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәспорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.

   Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.

   Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына  оның иесіне қаржы салғандығын  куәландырады және оған дивиденд  түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.

   Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.

   Облигациялар да олардың иесіне  қаржы салғандығын куәландырады, бірақ оған белгілеп қойылған  сыйақы алуға құқық береді. Егер  кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйакыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.

Информация о работе Багалы кагаздар