Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:28, курсовая работа

Описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің қалыптасу концепциясын қарастыру және оны пайдалануда туындайтын проблемаларды анықтау.

Содержание

Тарау 1 Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері
1.1. Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2. Бюджеттің атқаратын қызметі және оның құрылымы
1.3. Бюджет процесі
Тарау 2 Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының ерекшеліктері
2.1. Бюджеттік құрылымның қалыптасу сипаты
2.2. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау
2.3. Бюджет балансы мен бюджет тапшылығы
Тарау 3 Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.
3.1. Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.
3.2. ҚР дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері.
3.3. Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ 1 КУРС ЭКОНОМ ТЕОРИЯ.doc

— 229.00 Кб (Скачать документ)

фискалдық саясаттың  мақсаты деп есептеледі. Алайда бюджеттің  мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың  тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджеттің теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдырауы болып табылады.

2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде  мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге  қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы бұл тұжырымдамаларының әлсіз буыны болып табылады.

3. Қаржының  функциялық тұжырымдамасының мақсаты -  макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфлициялық емес толық қамтылуды қамтамсыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұқсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады.

Тарау 3 Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.

3.1 Мемлекеттік органдардың  қызметін стратегиялық жоспарлау

Қазіргі кезде  Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік  құрылымдардың жеке меншік компаниялар  өздерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді. Осы парадигманың шеңберінде мемлекеттік ұйымдар тұтынушыларға қызметтер көрсететін құрылымдар ретінде қарастырылады. Демек, олардың жұмысының тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру, олардың спектрін кеңейту және онымен байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.

Аз шығындармен  көбірек сапалы қызметтер көрсету  қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын бағалауға нарықтық тәсілдің негізінде жатады.

Бұл ретте  бақылау жүйесі қателік жібергендерді  жазалауға емес, ең алдымен проблемаларды  шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады. Жаңа мемлекеттік басқару мемлекеттік  саясаттың мақсаттарына қол жеткізу  үшін орталықсыздандыруды, сондай-ақ мемлекеттік емес институттардың әлеуетін кеңінен пайдалануды алдын ала болжайды.

Шығындарды  азайту және шығыстарға бақылау жасау  мақсатында корпоративтік басқаруда  өзінің тиімділігін дәлелдеген мынадай  әдістер мен құралдар қолданылады: стратегиялық жоспарлау, басым міндеттерді шешуге қолданылатын бағдарламалық тәсіл, қаржыны басқару мен деректерді электрондық өңдеу.

Жаңа мемлекеттік  басқару тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген бюджеттік  реформалардың негізгі элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды.

Бұл модельдің  шеңберінде бюджет мемлекеттік саясаттың  мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері негізге алына отырып қалыптастырылады. Бюджеттік шығындардың функциялар мен мемлекеттік қызметтерге нақты байланысы болады, оларды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі түпкі нәтижелерді негіздеуге негізгі назар аударылады.

Бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді: жекелеген функциялар мен бағдарламаларды орындауға арналған ұзақ мерзімді ауыспалы қаржыландыру  лимиттері белгіленеді, ал осы шығыстарды пайдаланудың бағыттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жүзеге асырады. Бұдан басқа, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға арналған ынталандырулар құрылады. Шешімдер қабылдау жауапкершілігі төменгі деңгейлерге беріледі. Қаржының және қызмет нәтижелерінің мониторингі мен кейінгі сыртқы аудиті жүргізіледі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүргізіледі.

Бюджет шығыстары  нәтижелілігінің мониторингі жүйесін  құрудан басқа, бұл модель үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшуді болжайды. Мұндай тәсілдің шеңберінде әрбір бюджеттік цикл алдыңғы бюджеттік циклда бұрын мақұлданған тиісті жылға арналған орта мерзімді қаржылық жоспардың негізгі параметрлерін қараудан, сыртқы факторлар мен жағдайлардың өзгерістерін талдаудан, жоспарланатын жылдың негізгі бюджеттік көрсеткіштеріне енгізілетін өзгерістерді негіздеуден, сондай-ақ кейінгі жылдарға арналған бюджеттік жобаларды түзетуден немесе әзірлеуден басталады.

Бұл ретте  бюджеттің түпкі нәтижелерге  бағдарлануы тұрғысынан алғанда, жыл  сайын бір жылға алға жылжытылатын орта мерзімді қаржылық құжатқа бағдарламалар әкімшілерінің арасындағы үш жылдық кезеңге арналған ассигнованияларды бөлуді енгізудің негіз қалаушы мәні бар. Бұл бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңін ұзартады, бюджет шығыстарын оңтайландыру үшін ынталандыру жасайды, бюджет шығыстары нәтижелілігінің индикаторлары жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, ведомстволар қызметін бағалаудың объективтілігін арттырады, бюджет жобасын дайындауды жеделдетеді және оның сапасын арттырады.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

1-сурет. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі – бюджетті жоспарлау негіз

 

3.2 Қазақстан  Республикасын дамытудың стратегиялық  мақсаттары мен міндеттері

1997 жылы Қазақстанда  «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді  даму стратегиясы қабылданды. Ол  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мынадай жеті негізгі басымдықтарды қамтиды: ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылымды, әсіресе көлік және байланысты дамыту; кәсіби үкімет.

Нақ осы «Қазақстан-2030»  стратегиясы Мемлекет басшысының 1997 жылы халыққа арнап сөз сөйлеген бірінші жолдауы болды. 11 жыл өткеннен кейін экономикалық реформаларды мақсатты жүргізудің, қолайлы инвестициялық  ахуал қалыптастырудың, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етудің арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналғанды деп тұжырым жасауға болады.

Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті түрде  жүргізуде. Экспорттың ілгерілей өсуі оң сауда теңгерімі мен ел резервтерінің сенімді өсуін келіседі. Республиканың 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы (80,5 млрд АҚШ доллары) 1997 жылмен салыстырғанда (10,8 млрд) 7,4 есе ұлғайды.

Елде қолайлы  инвестициялық ахуал қалыптасты. 1993 жылдан бастап 2007 жыл аралығында Қазақстан 100-ден астам елден 69 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартты, оның ішінде 2007 жылы ғана – 17,5 млрд АҚШ доллары.

Бұл ретте өңдеуші  өнеркәсіпке тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты ұлғаю үрдісі байқалады. Мәселен, олардың жалпы сомасы 1993 жылғы 44,7 млн АҚШ долларынан 2007 жылы 893,5 млн АҚШ долларына дейін – 20 есе ұлғайды.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге елдің  басты құжаты - «Қазақстан-2030» даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген салалық және аумақтық стратегияларды (индустриалдық-инновациялық даму, көлік, ақпараттық және т.б.) іске асыру ықпал етті. Даму стратегиясының жеті ұзақ мерзімді басымдықтары елдің ұдайы өсуі үшін әзірленді және қазіргі кезде табысты іске асырылуда. «Қазақстан-2030» даму стратегиясындағы бірінші басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету белгіленді. Ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау кез келген мемлекеттің ұдайы және тұрақты түрде өсуінің қажетті шарты болып табылады. Осы басымдықты іске асыру үшін Стратегияда елдің мемлекеттік шекараларын ресімдеуге, Қарулы Күштерді реформалауға және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға, құқық қорғау органдарының жүйесіндегі өзекті проблемаларды шешуге, атап айтқанда, қылмысқа қарсы күрес пен құқық тәртібін нығайтуға бағытталған тұтас бірқатар іс-шараларды жүргізу көзделеді. Стратегияға енгізілген шараларды практикалық іске асыру ұйымдасқан қылмыс, діни экстремизм мен терроризм, нашақорлық пен есірткі бизнесі, адамдар саудасы және заңсыз көші-қон сияқты қазіргі заманның шақырулары мен қауіптеріне жауап беруге мүмкіндік береді. Даму стратегиясы қабылданған сәттен бастап ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде аз нәрсе істелген жоқ.

3.3 Салық-бюджет  саясатының негізгі бағыттары

Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда,  салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.

Салықтар – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін  заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді. Салықтар – мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.

Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады. Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.

Экономиканың  циклдық өзгерістерінің жігін жатқызуға, яғни қысқа мерзімді кезеңде экономиканы  тұрақтандыруға бағытталған кез келген тұрақтандыру саясаты сияқты фискальдық саясаттың мақсаттары:

- тұрақты  экономикалық өсуді;

- ресурстардың  толық бос болмауын;

- бағаның  тұрақты деңгейін ұстау болып  табылады.

Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуының басым  міндеттерін шешу мақсатындағы салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру мәселелері ел Үкіметінің көптеген нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған:

1. Салық-бюджет  жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискальдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

2. Экономикаға  салық жүктемесін оңтайландыруға, салық рәсімдерін оңайлату мен  олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың іскерлік белсенділігін өсіруді ынталандыру.

3. Бюджет қаражатын  мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық  саясаттың негізгі міндеттерін  шешуге жұмсауды қамтамасыз ету.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы  ақпандағы Жолдауында жаңа Салық кодексі «салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек» деп атап көрсетті. Жаңа Салық кодексін қабылдаудан болатын басты тиімділік – бұл бизнестің іскерлік бастамашылығын арттыру, салықтық әкімшілдендіруді жақсарту, фискальдық тәртіпті арттыру.

Жаңа Салық  кодексі салықтар мен алымдардың ставкаларын азайтуды көздейді. Корпоративтік табыс салығының (КТС) ставкасы үш жылдың ішінде 2011 жылдан бастап қазіргі деңгейден 2 есе 30%-дан 15%-ға дейін; қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) – 2009 жылдан бастап 12%-ға дейін азайтылатын болады. ҚҚС-тың өз ставкасының төмендетілуінен басқа, ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару жүйесі енгізіледі, бұл алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес келеді. Алғашқы кезеңдерде мұндай қайтару ірі салық төлеушілерге қатысты болады. Негізінен бұлар шикізаттық компаниялар. Әлеуметтік салықтың регрессивтік шкаласынан 11% ставкасымен жазық шкалаға көшу жүзеге асырылатын болады.

Бюджеттік-салықтық реттеу жөніндегі шаралар жүйесін  әзірлеу мәселелері іс жүзінде  кез  келген ел үшін өткір пікірталастардың дәстүрлі нысанасы болып табылады. Салық салудың жалпы деңгейін төмендету мен салық базасын кеңейтуді ынталандыру барынша тиімді және перспективалық шара деп саналады. Алайда халық арасында танымал  осы шара үкімет тарапынан әрқашан түсіністік пен қолдау таба бермейді. Оны қабылдау, әдетте, мемлекеттік шығыстарды кейбір қысқартуларды білдіреді, оны қазіргі жағдайларда жүзеге асыру қиын, өйткені үкіметтерде әлеуметтік міндеттемелер жүгі жатады.

 

4-сурет.  Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мұнайға қатысты емес  тапшылықтың серпіні

 

Ал Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорының  қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік  қарыз алу саясаты Ұлттық қор  активтерінің нарықтық құнына кепілдендірілген борышты ескере отырып, үкіметтік борышты 50-70-пайыздық қатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.

 

5-сурет. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын үкіметтік қарыздардың есебінен қаржыландыру, млрд теңге

Бюджет кодексіне  сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, сондай-ақ облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен  реттеледі.

Информация о работе Бюджет және бюджеттің теориялық негіздері