Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты - Мемлекеттік бюджеттің негізгі атқаратын қызметтерін ашып, Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа сүйене отырып келесі төмендегі мәселелерді қарастырамыз:
Мемлекеттік бюджеттің мәні және бюджет жүйесі;
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару;
Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастыру үрдісін жетілдіру;
Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру;
Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКА КАТЕГОРИЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АЛАТЫН РӨЛІ.
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және жалпы сипаттамасы.............................5
1.2. Мемлекеттік бюджет жүйесі..........................................................................8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару..............................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастыру үрдісі.................25
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және
оны бағалауды жетілдіру...............................................................................35
3.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің
тиімділігін арттыру.........................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................48
ҚОСЫМШАЛАР............................................

Работа состоит из  1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ.doc

— 474.50 Кб (Скачать документ)

   Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

   Алдағы  қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен, ал аудандікі (облыстық маңызы бар қаланікі) 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

   Тиісті  қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

   Бюджетке  түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар  кешенін орындау бюджеттің атқарылуы  болып табылады.

   Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

   Бюджет  кодексінде көзделген жағдайларды  қоспағанда, бюджеттің атқарылуы  кассалық негізде жүзеге асырылады.

   Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

   Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ  ЖАҒДАЙЫ.

 

2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару

 

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі №962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

     1) республикалық бюджеттің атқарылуын  және жергілікті бюджеттердің  атқарылуына кассалық қызмет  көрсетуді қамтамасыз ету;

     2) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге де түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;

     3) республикалық және жергілікті  бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік  есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;

     4) өз құзыры шегінде республикалық  және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;

     5) мемлекеттік меншікті басқарудың  тиімділігін арттыру;

     6) мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге  және іске асыруға қатысу;

     7) банкроттық рәсімін жүргізуге  (банктерді және сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер [16, 55].

      Министрлік  заңнамада белгіленген тәртіппен  мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

   − тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;

   − бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;

   − өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;

   − мемлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекеттік меншік саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

   − ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;

   − мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;

   − заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару;

   − өз құзыры шегінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);

   − өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның функциялары;

   − жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық сараптамасы, сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргізу;

   − мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу;

   − жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;

   − республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

   − республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегінде несие беру;

   − Ұлттық қордың қалыптасу және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысы туралы айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет қаржысы бойынша статистикалық есептерді жасау;

   − республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының, үкіметтік қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын бақылау;

   − республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;

   − бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры шегінде аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті органның функцияларын анықтау;

   − Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді ұйымдастыру;

   − мемлекет кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргізу;

      – үкіметтік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарды тартуын  келісу;

    • Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өкілеттіктерге сәйкес келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою, Үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздары бойынша үкіметтік кепілдіктер беру;
    • үкіметтік қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздарының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
    • республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға және өзге де іс-шараларға несие беру;
    • үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдерді бекітуге қажетті құжаттарды дайындауға қатысу;
    • түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру үлесін республикалық бюджетке қайтару туралы ішкі несиелік келісімдердің жобаларын дайындау;
    • уәкілетті банк агенттерімен бірлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндіріп алу жөнінде түпкілікті қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
    • төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылау;
    • мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;
    • Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметтік қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді іріктеу;
    • заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;
    • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
    • өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
    • банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау, сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.
    • Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген [17, 5].

   Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау болып табылады. 2007 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы 5-кестеде көрсетілген. 2007 жылғы жергілікті бюджеттің кірістер сомасы 441 962 043,8 мың теңгені, шығындар сомасы 358 758 920,3 мың теңгені құрады.

 

    1.3.-кесте. 2007 жылғы 1 мамырға арналған

    жергілікті  бюджеттің атқарылуы.

 
Атауы Бюджет түсімдерінің атқарылуы
1. Кірістер 441 962 043,8
Салық түсімдері 205 620 511,2
Салықтан  тыс түсімдер 2 959 878,6
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 30 009 523,6
Трансферттердің түсімдері 203 372 130,4
2. Шығындар 358 758 920,3
3. Операциялық сальдо 83 203 123,5
4. Таза бюджеттік несие беру -332 382,6
Бюджеттік несиелер 41 400,0
Бюджеттік несиелерді өтеу 373 782,6
5. Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо 6 749 384,2
Қаржылық  активтерді сатып алу 7 621 083,1
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер 871 698,9
6. Бюджеттің тапшылығы 76 786 121,9
7. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру -76 786 121,9
Қарыздардың түсімі 5 955 254,0
Қарыздарды  өтеу 2 616 556,6
Бюджет  қаражаттары қалдықтарының қозғалысы -80 124 819,3

Информация о работе Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру