Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:50, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - Мемлекеттік бюджеттің негізгі атқаратын қызметтерін ашып, Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа сүйене отырып келесі төмендегі мәселелерді қарастырамыз:
Мемлекеттік бюджеттің мәні және бюджет жүйесі;
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару;
Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастыру үрдісін жетілдіру;
Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру;
Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің тиімділігін арттыру.
КІРІСПЕ .................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКА КАТЕГОРИЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АЛАТЫН РӨЛІ.
1.1 Мемлекеттік бюджеттің мәні және жалпы сипаттамасы.............................5
1.2. Мемлекеттік бюджет жүйесі..........................................................................8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқару..............................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы бюджетті қалыптастыру үрдісі.................25
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және
оны бағалауды жетілдіру...............................................................................35
3.2 Қазақстан Республикасындағы бюджет үрдісінің
тиімділігін арттыру.........................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................48
ҚОСЫМШАЛАР............................................
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Қаржы
министрлігінің орталық аппараттарында
белгілі міндеттер мен
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:
Департаменттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылық органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:
Бюджет саласында қаржылық менеджменттің немесе қаржыны басқарудың тиімді жүйесін жасау қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Экономиканың мемлекеттік секторын әрдайымғы реформалауға және оңтайлы етуге қарамастан, бюджетті секвестрлеу, салықтық және бюджеттік заңнаманы өзгерту, бюджеттің шығысты және кірісті бөліктеріндегі жүйелік диспропорцияларды жою әзірге болмай тұр. Үкімет және биліктің жергілікті органдары қаржылық резервтерді тапжылмай іздеумен айналысуда, бірақ бұл жүйесіз ұмтылыстар қалыптасқан қиын жағдайды жақсартуға жағдай жасамайды.
Қазақстан Республикасындағы бюджетті құру тәжірибесі кемшіліктерге ие:
Қазіргі кезде аталған мәселелерді шешу бюджетті орталықсыздандырумен байланысты деген пікірлер қалыптасқан. Бюджеттік түсімдерді қысқарту жағдайында шығыстарды сақтау немесе ұлғайтуды талап ететін топтар жағынан саяси қысымдар, Үкіметті мемлекеттік бюджеттің баптарының бөлігін биліктің жергілікті органдарына аударуына мәжбүрлейді. Осының нәтижесінде қазір жергілікті бюджеттерден жергілікті ғана емес, жалпы ұлттық маңызға (соның ішінде әлеуметтік қамтамасыз етуге, қорғанысқа, қоғамдық тәртіпті күзетуге кететін шығыстар) ие мемлекеттік шығыстардың біраз және ұлғая беретін үлесі қаржыландырылады. Мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру нәтижесінде әлеуметтік кажеттіліктерге және инфрақұрылымға кететін шығыстар да жергілікті бюджеттерге жүктелген. Сол уақытта жергілікті бюджеттердің жеке кірістері өсіп кеткен шығыстарға әлдеқайда дәл келмейді. Оған қоса, көптеген себептерге байланысты жергілікті салықтардың үлесі әрдайым төмендеуде. Жергілікті органдарға шығыстардың біраз бөлігін аудара отырып, Үкімет олар өздерінің шығыстарын өздері дербес қысқартуға мәжбүр болады деген оймен, олардың кірістерінің сәйкесінше ұлғаюын қамтамасыз етпеді. Бұл шын мәнінде жергілікті бюджеттерді шектейді, осының нәтижесінде шығындардың көптеген баптары бойынша қарыз жинақталады. Жалақы бойынша қарыздарды жабу үшін жергілікті органдар бюджеттік ссудалар және коммерциялық несиелер алуға мәжбүр болады. Бюджеттің тапшылығынан, олар өздерінің қарыздары бойынша есептесе алмайды. Қарыздар тоқтамастан өседі, ал бюджеттік алымдардың қалыптасқан жүйесі оларды жабуға кедергі жасайды. Үкіметпен жергілікті салықтар базасын төмендетуге және алынып бітпеген кірістерді қайта қалпына келтіру бойынша шаралар қолданбауға алып келетін шешімдер қабылданады. Осындай тәжірибе экономиканың тұрақсыздануына және бюджет құрылымында айқындылықтың бұзылуына алып келуі мүмкін. Нәтижесінде салықтық өкілеттіктердің орталықсыздандырылуымен еріп жүрмейтін, шығыстардың орталықсыздандырылуы аймақтардың одан да үлкен теңсіздігіне алып келеді.
Әрине, бюджеттердің парасатты орталықсыздандырылуы пайдалы болып табылады. Ол жергілікті органдардың, халыққа ұсынылатын мемлекетпен кепілдендірілген қызметтердің сапасы және мөлшері үшін жауапкершілігін жоғарылатады. Бірақ жауапкершіліктің жоғарылауы сәйкесінше өкілеттіктердің және бастысы, оларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаражаттардың болуын ұйғарады. Дегенмен, бұл компоненттер әзірге теңдестірілмеген. Сондықтан қазіргі уақытта жарияланған бюджеттік орталықсыздандырылу принципі нақты мазмұнмен толтырылуы қажет. Бюджеттің шығыстары мен кірістерін бөлуді мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлері арасында функцияларды айқын бөлу негізінде жүргізу қажет. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттік қызметтер жергілікті жерде және орталықта қосарланады. Мысалы, өртті қадағалау қызметі орталықта да, жергілікті жерде де іске асырылады – бұл жүйені қаржыландыру республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттен де жүзеге асырылады. Сол сияқты ветеринарлық қызметтер, тәртіп сақтауды қадағалау қызметтері және т. б. жүйелерін қаржыландыру бөлігінде де жағдай осындай болып тұр. Әдістемелік жағынан биліктің орталық органдарына таза мемлекеттік қызметтерді қалдырған дұрыс болар еді: әскерді, мемлекеттік қауіпсіздік, әділет комитеттерін және т.б. қаржыландыру, ал жергілікті халықтың мүддесіне қатыстының барлығын биліктің жергілікті органдарына тапсыру. Бюджеттік үрдістің бірлік принципін қамтамасыз етуді әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз етудің нормативтерін орнату және оның орындалуын бақылауды күшейту жолымен іске асыру қажет [22, 58 б].
Биліктің жергілікті органдарының кірістері мен шығыстары арасындағы сәйкессіздік үкіметтік құрылымдардың әр түрлі бөлімдері арасында қаражаттарды қайта бөлуді қажет етеді – биліктің жергілікті органдарымен ұсынылатын, жергілікті бюджеттердің жасырын тапшылығын жабу үшін және коммуналдық қызметтердің минималды деңгейін қамтамасыз ету үшін (теңестіру). Аталған міндетті жүзеге асыру үшін қаржылық жүйенің әрекет ету өнімділігін және оның жұмысының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістемесін жасау қажет.
Кешенді бюджеттік жоспарлау және бағдарламалаудың негізгі әдістемелік алғышарты болып халықты мемлекетпен кепілдендірілген қызметтермен қамтамасыз етудің ғылыми негізделген нормалар жүйесі табылады. Көптеген әлеуметтік нормативтер салалық нормативті құжаттар нормаларында жоспарлы экономика кезеңінде орнатылған болатын. Олар талап етілетін елді мекеннің бір мың тұрғынына есебінде орындардың, кереуеттердің, шаршы метрлердің талап етілетін мөлшері болып табылады. Көптеген әлеуметтік нормалар ескірді және қайта қарастыруды талап етеді. Әлеуметтік нормалар – бұл біз жоспарланған кезеңде қол жеткізгіміз келетін қызмет көрсету деңгейі [23, 88 б].
Әлеуметтік нормалардан басқа, экономикалық нормативтерді – әлеуметтік норматив бірлігіне кететін шығындар нормасы, жасау қажет болып табылады. Мысалы, мектептегі бір орынға мұғалімдерге, қызмет көрсетуші персоналға, жылуға, электр энергиясына, байланысқа, суға деген қажеттілік, сонымен бірге, жаңа оқу орындарын құруға қажетті капиталдық салымдарға деген қажеттілік.
Жоспарлау міндеттеріне байланысты, бюджеттік ресурстарды бюджеттік саланың қалыпты қызмет етуі үшін қажетті ағымдағы шығындарға, әлеуметтік нормативке сәйкес келетін қызмет көрсету деңгейіне қол жеткізу үшін қажет етілетін қаражаттар – капиталдық шығындарға бөлу керек.
Бюджеттік
қаржы бөлудің кемшілігіне
Республикалық деңгейде бағдарламалар арасында ресурстарды бөлу оңтайландырылады және республикалық және жергілікті бюджеттер шығындары арасында қолайлы қарым-қатынас анықталады. Содан кейін сол сияқты облыстар арасында бюджеттік ресурстар бөлінеді [24, 137 б].
Облыстық деңгейде функционалды топтар арасында қаражаттарды бөлудің қолайлы жоспары болады. Содан кейін топтар ішінде бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар арасында қолайлы бөлу анықталады. Әрбір бағдарлама үшін оңтайландыруға байланысты өзінің критерийлері мен шектеулері табылуы қажет.
Қолда
бар компьютерлік техника және қазіргі
заманғы бағдарламалық
Қазақстан экономикасы дағдарыстық жағдайдан шыққандығына байланысты, алдымен бюджеттердің барлық жеке кірістерін барлық функционалдық топтарды толық бюджеттік қамтамасыз етуге біртіндеп қол жеткізу міндеттерін шешуге бағыттау қажет.
Информация о работе Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру