Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 21:09, курсовая работа
Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен, компаниялардың икемділігі, экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу қабілеттілігін көрсетеді. Қазақстанда тұрақтылықтың негізгі нақты шамалардың бірі болып әлемдік ғылым мен техника – жетістіктеріне қол жеткізу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәжірибесін үйрету қойылған.
Кіріспе
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі
2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау
3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Салыстырмалы шығындар теориясымен белгілі бір тауарды өндіруде маманданудың бір елдің екінші бір ел алдында тек қана абсолютті артықшылық шарттарында ғана емес, бұл шарттар болмаған жағдайда да пайдалы екендігі дәлелденеді.
Егер де халықаралық деңгейден төмен шығындармен бір де бір тауар өндіріле алмайтын болса, онда тауарларды өндіру кезінде біреуінің осы орта деңгейден асуы ең аз болады. Дәл осы тауарды өндіру шығындарын басқа тауарларды өндіру шығындарымен салыстыра отырып, мамандану керек. Осы жағдайдың өзінде де мамандану экономикалық әсер бере алады. Басқа да жағдай ескеріледі: оған жоғарғы артықшылық әкелетін тауарларды шығаруға мамандану керек.
Еркін бәсекенің капитализмі үшін салыстырмалы артықшылық теориясының мәнді, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы бар. Мемлекеттерге басқа бұйымдарға қарағанда ұлттық өндіріс шығындары салыстырмалы төмен тауарларды сату, ал өз бетімен, бірақ басқа елдерге қарағанда жоғарғы шығындармен өндірілетін тауарларды сатып алу пайдалы болды.
Сонымен бірге салыстырмалы артықшылықтар теориясы өзінің тууы кезінде шектеулі сипатта болды: оның принциптері тек қана тәуелсіз мемлекеттермен жүзеге асырыла алатын болды. Колониялы және тәуелді мемлекеттер экономикалық қысымға ұшырады, сондықтан олар үшін салыстырмалы артықшылықтар принципі негізінен тиімсіз болды. Өзінің кейінгі зерттеулерінде салыстырмалы артықшылықтар теориясы халықаралық еңбек бөлінісінің нақты процестерінің алаңдатылған едәуір абстрактылы модель түрінде көрінеді.
Осы модельдің жетілмеуі мынадан тұрады:
Бұдан басқа халықаралық экономикалық қатынастардың мәнді белгілеріне көңіл бөлінбейді: еңбек және капиталдың трансшекаралық ауысуы, өндірістің мамандануына мемлекеттің және халықаралық корпорациялардың араласуы және басқа да факторлар.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар. Бұл факторларға:
Нарығы дамыған ірі
елдерде қажетті өндіріс
Елдің экономикалық потенциалы неғұрлым төмен болса, соғұрлым елдің халықарлық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі жоғары болады.
Елдің моноресурстармен (мысалы, мұнаймен) жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілуі елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысуына қажеттілік тудырады.
Негізгі салалардың үлес
салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
елдің халықаралық еңбек
Осы аталған факторлар өзінің көрінуінде абсолютті емес екенін ескеру керек. Олардың әсері мынадай жағдайда төмендеуі мүмкін, мысалы, жергілікті өнімнің халықаралық бәсекелестік қабілеттілігінің өзгеруімен, экспорттық шектелуімен.
Халықаралық еңбек бөлінісінің даму процесінде бастығы – бұл әрбір қатысушының өзінің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуынан экономикалық қызығушылық пен пайда іздеуі және табуы.
Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарына экспортталатын тауарлардың халықаралық және ішкі бағалары айырмашылығынан және тиімді импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.
Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысу барлық мемлекеттер үшін пайдалы. Себебі, олар өндіріс құнының ұлттық және интерұлттық айырмашылықтарынан табысты болады. Сонымен, құн заңы дүниежүзілік еңбек бөлінісінің қозғаушы күші.
Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне қатысу адамзаттың бүкіл әлемдік проблемалары - қоршаған ортаны қорғау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ғарышты, мұхиттарды игеру т.с.с. жобаларды шешуге көмектеседі.
Мамандардың болжауы бойынша болашақта өнеркәсібі дамыған елдердің өндірісі сыртқы тұтынушыға қарай бейімделеді де ішкі сұраныс импорт арқылы қанағаттандырылатын болады.
Үстіміздегі ғасырдың соңғы онжылдығы дүние жүзіне орасан зор саяси экономикалық, әлеуметтік өзгерістер әкелді. Олар халықаралық еңбек бөлінісіне елеулі әсер етті. Бұл әсерлер халықаралық еңбек бөлінісінің интеграциялық қуатын бұрынғыдан да арттырып отыр.
Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының көрсеткіштері. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму процесі оның өзгеруінің қажеттілік мәселелерін алға қояды.
Халықаралық еңбек бөлінісін өлшеу үшін экономистер бірқатар коэффициенттерді ұсынады. Олардың ішінде:
Аймақтық деңгейде халықаралық еңбек бөлінісінің даму көрсеткіштері мыналар:
Кейбір экономистердің
ойынша халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі көрсеткіштерін мыналар
деп санайды: экспорттық, импорттық,
және осыған сәйкес сыртқы сауда квоталары,
әр тауар бойынша елдің
Халықаралық мамандану және өндірісті кооперациялау. Халықаралық еңбек бөлінісінің ішкі құрылымы және оған сәйкес даму бағыттары бар. Өндірістің халықаралық мамандануы және халықаралық кооперациялануы халықаралық еңбек бөлінісінің ажыратылмайтын белгілері болып табылады.
Өндірістің халықаралық мамандануы екі бағытта, өндірістік және территориялық болып өрбиді. Өз кезегінде өндірістік бағыт:
Өндірістік территориялық мамандануына:
Өндірістің халықаралық
мамандануы түрлеріне заттық (дайын
өнім өндіру), бөлшектік (өнімнің бір
бөлігін жасау), технологиялық, яғни
технологиялық тізбектің жекеле
Дүниежүзілік шаруашылық
байланыста заттық мамандану түрлері
ішінен ең кең тарағаны – дайын
өнім өндіруге мамандану. Дайын өнім
өндіру бойынша халықаралық мамандану
– халықаралық еңбек
Соңғы жылдары жекелеген өнімдерді өндіру бойынша мамандану дамуда. Кәсіпорындардың жекелеген өнімдерді өндіруге мамандануы қазіргі ғылыми-техникалық прогреске тікелей байланысты. Өндірістің технологиялық құрылымының күрделенуі өнім өндіру үшін пайдаланатын бөлшектер мен тетіктердің сандық мөлшерін көбейтіп жібереді. Мысалы: жеңіл автомобиль шығаруға қажет бөлшектер мен тетіктердің саны 20 мыңға, прокат станында – 100 мыңға, электровозда – 250 мыңға жуықтады. “Вольво” шведтік автомобилін шығаруға мамандану осыған мысал бола алады. Ресей тұтынушысы осы автомобильді ала отырып, шын мәнінде шведтік таза өнімнің 1/3-н ғана иемдене алады. Өнімнің 60% -ы Швециямен импортталған.
Технологиялық мамандану елдердің дайын өнімді бөлек операциялар орындау арқылы шығаруы (яғни жеке технологиялық процестерде жүзеге асыру, мысалы, құрастыру, пісіру, сырлау, бояу, құйма өндіру және т.с.с.), мысалы, шетелден глинозем (топырақта болатын алюминий тотығы) және оның қорытпасын жеткізу.
Өндірістің халықаралық мамандануы қоғамдық байланыстарды есепке ала отырып даму керек. Бірақ та өндіріс тиімділігін жоғарылату және өндірістің халықаралық мамандануының экономикалық пайдалылығын жүзеге асыру үшін, экономикалық мақсаттардың жүзеге асырылуына жету үшін, оны өндірістің халықаралық кооперациялануымен толықтыру керек. Оның объективті негізіне өндіргіш күштердің қарқынды дамуы арқылы мүмкін болатын ел ішіндегі, немесе халықаралық деңгейдегі дербес кәсіпорындардың өзара тұрақты өндірістік байланыстары жатады. Өндірістің халықаралық кооперациялануы фирмаларға, өндіріске және айналымға кететін шығындарды азайтуға көмектеседі, яғни өнімнің бәсекелестік қабілеттігінің жоғарлауы.
Өндірістің халықаралық кооперациялануы, өзінің жетілген формаларында кооперациялаудың әртүрлі сфераларын қамтиды:
1. Халықаралық өндірістік-технологиялық кооперациялау.
Бұл сфераның құрамына:
Кооперант-елдер бірлескен бағдарламаларын жүзеге асырудың ұйымдастырушы формасы қымбат және күрделі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлайтын халықаралық консорциумдар болып табылады. Бірақ-та бұл жоспарларды бір елдің компаниялары үкіметтің қолдауымен де жүзеге асыруға шамалары келмейді. Халықаралық консорциумдар авиациялық, ғарыштық өнеркәсіпте, энергетикада, халықаралық еркін экономикалық аймақтар құруда және кейбір басқа да қызмет сферасы мен салаларында құрылады.
2. Кооперацияланған өнімді
өткізумен байланысты сауда-
3. Техниканы сатудан
кейінгі қызмет көрсету.
Кооперациялық байланыстарды қалыптастыру барысында негізінен үш түрлі әдіс қолданылады, олар:
Бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру өз кезегінде өндірісті кооперациялардың мердігерлік нысаны мен бірлескен кәсіпорын құру нысанынан тұрады.
Өндірісті кооперациялаудың мердігерлік нысаны бойынша жұмыс атқарушы тапсырыс берушінің талабын орындайды. Мердігерлік келісім талаптарды жұмыстың аяқталу мерзімі, көлемі, сапасы, т.т. туралы мәмілеге келтіреді.
Бірлескен өндірістік кәсіпорын құрудағы басты мәселелерге фирманың мүдделеріне сай әріптестерді таңдау, олармен бірлескен кәсіпорын туралы келісім-шарт жасау және кәсіпорын-корпорацияның ұйымдық нысаны жөніндегі шешімдер қабылдау жатады. ТМД елдерінде бірлескен кәсіпорындардың акционерлік қоғам, толық жауапкершілікті қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік сияқты түрлері кеңінен тараған.
Сонымен, бірлескен кәсіпорын деп қатысушылардың жинақталған капиталдарын пайдалану арқылы, өзара келісілген мақсаттарды жүзеге асыруды айтамыз.
Халықаралық өндіріс. ХІХғ. Соңында өндірістің және капиталдың интернационализациялануы, дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың ғаламдануы процестерінің барысында халықаралық өндірістің үдемелі дамуы байқалады. ХХІғ. Басынан халықаралық өндіріс қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың маңызды, ерекше белгісі болды. Халықаралық өндіріс ондық және жүз мыңдық жұмысшыларды қамтитын, бірқатар ел мен аймақтарда жүзеге асырылатын бір орталықтан кооперациялық өндірістік процесті ұйымдастырушы болып табылады.
Халықаралық өнімнің жоғарғы дәрежелі стандартизация, унификация, сапалы және бәсекеге қабілетті болуы, бұл процестің нәтижесі болып табылады.
Информация о работе Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі