Экономикалық өсу титері, модельдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 08:25, реферат

Описание

Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді.
Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық бәліш пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет.

Содержание

Кіріспе 2
1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны 3
2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері) 5
3. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15

Работа состоит из  1 файл

econ_ref_290.doc

— 104.00 Кб (Скачать документ)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық даму дегеніміз  не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді.

Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық  бәліш пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет.

1. Экономикалық  өсу: мәні, мазмұны

 

Экономикалық өсу –  адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық өсу” термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Дүниежүзілік банктің  ресми анықтамасына сәйкес Жалпы  Ішкі Өнім (ЖІӨ) – нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды.

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен  қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан  экономикалық теория “экономикалық  өсу” категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық өсу деп  нені түсінуге болады? Экономикалық өсу  ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық  артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге  болады.

Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.  Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде  орындалуы мүмкін.

  • Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
  • Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
  • Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
  • Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
  • Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмсауын өсіру. Кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қолдану қажет.

Соңғы жүзжылдықта дүние  жүзінің көп мемлекеттерінде  адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын  құлдырауды ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:

  1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
  2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
  • Неокейнстік
  • Ноеклассикалық
  • Тарихи-әлеуметтік

Неге экономикалық өсу  қажетті экономикалық мақсат ретінде  қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.

 

2.  Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)

 

Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:

  1. Ұсыныс
  2. Сұраныс
  3. Бөлу

Ұсыныс факторлары болып  табылатындар:

  • Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
  • Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
  • Негізгі капиталдың көлемі
  • Технология

Нақ осы факторлар  өндірістің өсуін нақты түрде  мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек  немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің  іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан  әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Экономиканың нақты  өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін  анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:

  • өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар бойынша нақты бөлу;
  • шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.

Экономикалық өсуге  екі жол арқылы жетуге болады:

- экономикалық қызметке  жаңа жұмыс күшін тарту және  экономикалық белсенді халықтың  бұрынғы сондай санын анағұрлым  тиімді пайдаланудың есебінен, яғни  экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған ұдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша  белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.

Сонымен, экономикалық өсу  қарқынды және экстенсивті сипат  алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің  экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын  пайдалану тиімділігін ұдайы  өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі.

Экономиклық өсуді сипаттайтын  индикатор болып табылатындар: ЖІӨ  нақты өсу, халық табыстарының нақты  өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас  бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы), экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып  табылады, осы мақсатқа ол күрделі  қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің сұранымы мен  ұсынымы жағдайында мұның өзі  жеткіліксіз. 

Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің  экстенсивті түрін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. 

Бұл жағдайда туындаған  кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды  қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының  бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік  экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы  мөлшерде өлшенеді.

Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық  сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу  жылдық өсу қарқынымен анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау  үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.

Информация о работе Экономикалық өсу титері, модельдері