Экономикалық өсу титері, модельдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 08:25, реферат

Описание

Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді.
Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық бәліш пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет.

Содержание

Кіріспе 2
1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны 3
2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері) 5
3. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15

Работа состоит из  1 файл

econ_ref_290.doc

— 104.00 Кб (Скачать документ)

Үшіншіден, озық индустриялық даму мемлекеттік қамқорлықпен сүйемелдену  керек. Әлемдік тәржібиеде мемлекеттік  қолдаудың инфляциялық емес әдістері мәлім. Олардың ішінде салықтық “демалыстар”, салықтан босатылған амортизациялық төлемдердің  нормасын көбейту, заңды және жеке тұлғалар салған инвестициялар мен тура салымдардың табыс салығын реттеу сияқты әдістер де бар.        

Жаңа ұйымдық формалар - технопарктер мен технополистерді пайдалануға ерекше назар аудару керек. Қазақстандық бизнес-элитаның ақыл-ойын “технопарктік безгек” көптен бері қобалжытып жүргені белгілі. Әсіресе, оларды кедендік және салықтық жеңілдіктер қызықтырады, ал оларсыз шетелдік жоғары технологиялы өнімдерді қажет ететін рыноктарға шығу мүкін емес.

Реиндустрияландыру бағдарламаларын  оңтайлы жүзеге асырсақ, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері артады, өлі  капиталды іскерлікпен пайдалансақ, экономикамызды өркендету үшін инвестициялық  ресурстарымызды молынан таратуға қолайлы жағдай туады.

Ең соңында, Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында  мынадай проблемаларға назар  аудару қажет деп санаймын. Өндіріс  тоқтап қалған кәсіпорындарда көп мөлшерде жабдықтар мен толық кешенді технологиялық желілер босап қалды. Мәселен, Германия шығыстағы жерлермен қосылғаннан кейін ГДР-дағы өнеркәсіпті қайта жаңғыртқанда осындай проблемаларға тап болды. Немістер ескірген, бірақ жарамды жабдықтарды, бүтін зауыттарды Африка, Азия мен Оңтүстік Американың дамушы елдеріне өткізудің жолдарын таба білді.

 

Қорытынды

 

Жалпы экономикалық өсу  мәселесіне мен өз ойымды қосар болсам,  менің ойымша, салық жүйесі икемді болуы керек, салық мөлшері экономикалық басымдықтарға байланысты өзгеріп отыру қажет. Экономиканың нақты секторындағы өндірістік капиталдың өсуімен байланысты шығындар көтермеленіп отырғаны жөн.

Елбасы Үкіметке “жекелеген салықтардың пәмін одан әрі кеміту туралы Парламентке ұсыныс енгізуді”  ұсынды және 2004 жылдың қаңтарынан бастап “арнайы салық уәжіптерінің аясын кеңейту мүмкіндігін зерделеуді” тапсырды.

Президенттің “ішкі  және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” туралы Қазақстан  халқына Жолдауында тұжырымдалған  тапсырмаларды орындау үшін шұғыл  да батыл шаралар, түбірлі өзгерістер жасау керек, өндірістің өсу мен инвестицияларды ынталандыруға бағыт ұстау қажет, экономиканы мемлекеттік реттеу институттары жұмыстарының пәрменділігін күрт арттыру керек. Оған барлық мүмкіндік бар. Бұл тұрғыдан Қазақстан үкіметіне, жергілікті атқарушы органдарға үлкен міндет жүктеледі. Атқарушы билік барлық қолда бар ресурстарды жұмылдыру жөнінде ұйымдастырушы, үйлестіруші рөл атқаруы керек. Кәсібиліке мән беріп, іскер топтар мен жұртшылықтың отан сүйгіш өкілдерімен әрдайым пікір алысып отырса, нұр үстіне нұр болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер

 

    1. Шеденов Ө.Қ, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.

“Жалпы экономикалық теория”

 

    1. Мамыров .Н.Қ, Акчура Ф. “Қазақстандағы адам дамуы”

 

    1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанов М.Ә: “Макроэкономика”

 

    1. Ермекова Т.Р. “Қолданбалы экономика”, Алматы 1997

 

    1. “Экономикалық өсу және сапалық көрсеткіштер”, С.Сатыбалдин, “Егемен Қазақстан”, 2003 жыл, 23 сәуір

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Экономикалық өсу титері, модельдері