Экономикалық өсу титері, модельдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 08:25, реферат

Описание

Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді.
Экономистердің түсіндіруі бойынша үлкен өлшемді “Экономикалық бәліш пісіру” процесі (яғни ЖІӨ-ді көбейту) экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет.

Содержание

Кіріспе 2
1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны 3
2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері) 5
3. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15

Работа состоит из  1 файл

econ_ref_290.doc

— 104.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы ұлттық өнімнің  ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу  сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады. Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму денгейі болып табылады. Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогресттің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындығы қайшылық жалпы негізгі және күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырды - сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық – оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп тұрады. Олардың тұтыныстарын қанағаттыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді камтамасыз ету қажет. Осыдан байқалатындығы экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізеді. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен  жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады:

- еңбекті сақтандыратын  технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын.                   

Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі  және әрібір адам басына шаққандағы нақты  өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

DҮ=Үt –Yt-1  немесе    Yt =DYt /Yt-1, 

           t- уақыт индексі.

Егер экономикалық өсу  сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.

Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

Экономиканың өсуін  шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.

Экономика өсуінің негізгі  үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер  сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика  үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

Өсу үлгісінің көбі өнімнің  нақты көлемінің көбеюі, негізгі  өндіріс факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі  өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз   экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды  қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

Кейнстік өсу үлгісінің  қарапайым түрі Е. Домар  үлгісі болып  табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.

Инвестицияның өсуі экономикада  ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

DYAD =DI * m=DI(1/1-b) =DI1/s

m-шығын мультипликаторы                                                   

b-тұтынуға шекті бейімділік

s-қор жинағына шекті  бейімділік 

DYA =a* DК-жиынтық ұсынысының өсуі.

a-капиталдың шекті өнімділігі

Капиталдың DК өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі, осыдан DYA=a*І.

Экономиканың өсуінің  тее-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың  теңестірілудің шартында пайда болады.

DI/s=a*І немесе DI/І=a* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.

Тепе-теңдік шарты бойынша  инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, І|=S, ал S=sY; s=const  болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропоционал болады, сонда DY/Ү= DI/І=a* s

Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы  нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының нормаларына тура пропоционал немесе DК/DҮ- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.

Егер үлгіде берілген деңгейде жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық  тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.

Е.Домардың үлгісі өсу  теориясына сай келе алмайды. Бұл  кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып  Р.Ф. Харрод (1939ж) экономикалық өсудің арнайы үлгісін  құрады.

Акселератор принципіне сай, табыстың кез-келген өсуі капитал  салымының өсуіне алып келеді, бұл  өзгеріс табыстың  өзгеруіне пропорцианалды:

It =v(Үt –Yt-1 )

Мұндағы v-акселератор.

Экономикадағы алдыңғы  кезеңде қалыптасқан жағдайларды  ескере отырып, кәсіпкерлер өндіретін  өнім көлемін жоспарлайды.

Егер де алдыңғы кезеңдегі  сұраныс туралы болжамдары ақталып, сүраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.

Ал егерде экономикадағы  сұраныс көлемі ұсыныстан көп  болса, онда олар өндіріс көлемін  кеңейтеді. Егерде керісінше, ұсыныс сұраныстан көп болса онда олар өндіріс көлемін  азайтады.

Осы атылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.

Үt –Yt-1 / Yt-1 =a(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2  

            Егер  a=1 болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1) ұсынысқа тең болады егер а<1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады. Осыдан біздің экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:

Үt –Yt-1 ((а(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2  )+1)

Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және теңдік шарты I=S):

Yt =It/s=v(Yt-Yt-1)/s

Экономиканың өсуі жиынтық  сұраныс пен ұсыныстың теңдігінен шығады:

v(Yt-Yt-1)/s = Yt (а(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2  )+1)

Өрнектеп келесі формуланы  алуға болады:

V/s(Yt-Yt-1/ Yt-1)= а(Үt -1–Yt-2 )/ Yt-2  )+1

Алдыңғы кезеңдегі сұраныс  пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе а=1. Сонда қабылданған шарттарға  сай кәсіпкерлер берілген кезде өндірістің өсу қарқынынан өзгерусіз қалдырады:

Үt –Yt-1 / Yt-1 = Үt -1–Yt-2 /Yt-2 =DYt /Yt-1

Осыдан тепе-теңдік көлемінің өсуі қарқыны келесі болады: 

DYt /Yt-1 =s/v-s

Харрод s/v-s формуласын “кепілдік өсу қарқыны” деп атайды. Оны қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің  шешімдеріне толық қанағаттанады. Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері  растала бастайды. Бұндай экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамассыз етеді, бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.

Кепілдік пен нақты  өсу қарқынының арасындағы сараптама  мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік  береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап  теңдестік жағдайынан алыстайды.

Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод “табиғи” өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғарғы өсу - өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

Американ социологы  әрі экономисі Уолт Ростоу (1916 ж.) «Экономикалық өсу сатылары»  теориясын ұсынды:

I — дәстүрлі қоғам,  мұнда өндірістің дамуы әлсіз  сипатқа ие;

II — қарқынды өрлеу  үшін экономикалық жағдай жасау  стадиясы;

III  — қарқынды ерлеу  кезеңі, мұнда экономикалық прогрестің  күші өседі және қоғамда билік  жүргізе бастайды;

IV — толыққандылыққа карай қозғалу, мұнда жаңа техника кен көлемде таралады;

V — тұтынудың жоғары  жаппай дәуірі.

Осы қысқаша шолу көрсеткендей, қоғамның әртүрлі даму күйі еңбек  құрал-сайманының даму деңгейімен ғана емес, сондай-ақ өндіріс процесіндегі адам қатынастарының сипатымен, яғни өндіріс әдістерімен байланыстырылады.

3. Қазақстан  Республикасындағы тұрақты экономикалық  өсу мәселелері

 

Ұлттық экономика  соңғы жылдары үздіксіз даму үстінде. Өткен жылы ішкі жалпы өнімнің  реформаларға дейінгі деңгейіне  қол жетті. Алайда, біздің экономика бұрынғысынша шикізаттық бағытта қалып отыр. Экспорттың басым бөлігін алғашқы энергоресурстар, кен-металлургиа кешенінің өнімдері, астық және ауыл шаруашылық шикізатының басқа да түрлері құрайды.

Бұл тиімді жол емес. Біздің шикізат басқа елдерде терең өңдеуден өткеннен кейін рынокқа қайта шығарылады, соның ішінде Қазақстанға да қайта оралады. Бірақ бұл жолы  біз оны әлемдік  рыноктардың аса жоғары бағасымен сатып аламыз. Ол бағалар тұтынушылардың ақшалай табыстарының қазіргіден әлдеқайда жоғары деңгейіне бағдарланған.

  Міне, сондықтан да Президенттің жолдауында экономиканы шикізаттық бағдарынан өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялық жолдарын іздестіру басым міндеттердің бірі ретінде қойылған.

Индустриядан кейінгі  елдердің қалыптасу тәжірбиесінен көп нәрсе үйренуге болады. Алайда, біздің реформалардың ресми және штаттағы идеологтары азиялық “экономикалық ғажайып” деп аталатын осы бірегей тәжірбиені асқан кереғарлықпен ескермей келеді, бұған таңданудан басқа амал жоқ.

Мемлекет басшысы жаңа стратегиялық бағыттарды айқындап берді. Олардың өрлеу деңгейі өте жоғары және елбасының түбірлі экономикалық өзгерістер енгізуге деген, ұлттық экономиканы дамытудың сапалық жаңа көрсеткіштеріне жету деген саяси күш-жігерін айқын көрсетеді. Қазіргі экономиканы пәрменді де тиімді дамытудың, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауға ресурстардың барлық түрлерін ұмтылдырудың уақыты жетті деп ойлаймын.

Біріншіден, экономиканы  ырықтандырудың жоғары ережесі мемлекеттік  реттеудің пәрменді әдістерімен, сан түрлі экономикалық құралдармен сүйемелденуі керек. Елімізде қызмет атқарып жатқан коммерциялық банктер өздерінің прузенциялық нормативтер тізіміне аграрлық секторды ұзақ мерзімді “жұмсақ” кредитпен қаржыландыруды енгізу керек.

Екіншіден, елімізде әлдеқашан толыққанда қорлар рыногын құратын уақыт жетті. Қазіргі айналымда квази оперативтік және мемлекеттік құнды қағаздар жүр. Сондықтан да қор рыногын құру Жолдауда атап көрсетілгендей, инвестициялық саясаттың айрықша маңыздылығын танытады.

Қаржылық айналымға жіберілгелі отырған ұлттық бюджеттік инвестициялық ресурстардың көлемі - 7 млрд. тенге, оны қалай есептесек те салықтандырылған ақшалай қаржының жетімсіздігін корсетеді. Мұндай жағдайда ұлттық экономиканы капиталдандыру деңгейін арттыру бірден-бір дұрыс жол болып табылады. Ал бұл көрсеткіш бойынша біздің экономиканың ең соңында келеді.

Информация о работе Экономикалық өсу титері, модельдері