Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 09:44, курсовая работа

Описание

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................... 3-4

I.
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы
ретінде................................................................................................


5

1.1
Экономикалық өсудiң эволюциясы....................................................
5-7
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары.................................... 7-13
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс...... 14-16

II.
Дамушы елдердегі экономикалық өсу және Қазақстан
экономикасы.....................................................................................


17

2.1
Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен
мәселелерi ( Оңтүстік Корея мысалында )...........................................

21-24
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу…………………….. 24-25
Қорытынды................................................................................................ 25-26
Қолданылған әдебиеттер....................

Работа состоит из  1 файл

экономикалык теориядан курсавой.doc

— 201.50 Кб (Скачать документ)
 

 

МАЗМҰНЫ: 
 

  Кіріспе....................................................................................................... 3-4
 
I.
 
Экономикалық  өсу экономиканың басты категориясы

  ретінде................................................................................................

 
 
5
 
1.1
 
Экономикалық  өсудiң эволюциясы....................................................
 
5-7
1.2 Экономикалық  өсудiң үлгілері мен  факторлары.................................... 7-13
1.3 Экономикалық  өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс......   14-16
 
II.
 
Дамушы  елдердегі экономикалық өсу және Қазақстан

экономикасы.....................................................................................

 
 
17
 
2.1
 
Дамушы  елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен

мәселелерi ( Оңтүстік Корея мысалында )...........................................

 
21-24
2.2 Қазақстан Республикасындағы  экономикалық өсу…………………….. 24-25
  Қорытынды................................................................................................ 25-26
  Қолданылған әдебиеттер................................................................... 27
 
 
 

                            

               
 
 
 
 
 

 

Кіріспе

         Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

      Экономикалық  өсу – адамзат қоғамының үдемелі  дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің  бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

     Экономикалық  өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде  қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде  өндiрiс факторлары тұрақты болып  келедi.

Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық  жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны  болып табылады.

      Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен  аяқ басты. Міне осы он тоғыз  жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.

      Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”.

      Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың  тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет. 

     Экономикалық  өсу дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық бәліш түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол бәліштен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді. Алайда,  бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ болатыны тағы да даусыз. 

      Экономикалық  өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен  бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада  құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.

      Экономикалық  өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс  орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.

      Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң  жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы  көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш.  Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.

      Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық өсу: үлгілері мен факторлары” деп алдым.

      Бұл тақырыпты алудағы мақсатым жұмыс  барысында жалпы экономикалық өсу, оның үлгілері мен факторлары туралы мәліметтерді қарастыру және сол деректерді қолдана отырып экономикалық өсудің Қазақстандағы ерекшелiгiн қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi жақтарын көрсету.  Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ, курстық жұмыстың тақырыбына сай  экономикалық өсудің үлгілері мен факторларын талдау, Қазақстанның жалпы экономикалық өсуін сандық көрсеткіштер арқылы  көрсету, елдiң тұрақты экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзiп отырған мәселелердi анықтау және оның шешу жолдарын табу.   
 
 
 
 
 
 
 

 

      I. Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде

     1.1 Экономикалық өсудiң  эволюциясы 

       Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды  әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:

     - Неокейнстiк;

     - Неоклассикалық;

     - Тарихи-әлеуметтiк. 

     - Кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық  тұрақтылық теориясы.   

     - Классикалық (неоклассикалық) теориялар,  өзiнiң теориялық бастауын сонау  Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б.  Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен  аяқталды.

     Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң  тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және   XX ғ. басында экономикалық өсуде басты орында болды. 

     Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус  және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк  соғыстан кейiн Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық  (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); .

     Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк  экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс  қатынастары бұзылуы нәтижесiнде  классикалық теорияның экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi.  Осы дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.

     Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.  

     Кейнстiк  өсу үлгiсi негiзiнде логикалық  құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады. 

     Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың  артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы ( K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал.

     Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi.

     Неоклассикалық  модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:

     - Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз  еңбек және капитал комбинациясы  санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк беретiн.

     - Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың  тұрақты экзогендi өсу қарқыны,  ал адам-сағаттап  тұрақты өседi;

     - Жинақ функциясы;

     - Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi, яғни неоклассикалық модельде  басты орында өндiрiстiк функция тұрады.

     Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ. Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк, қаржы кеңiстiгi экономиканы  мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды.

     Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру  жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн арттырып, Жапониядағы  экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды. Жапонияның экономикада  көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-н, ал қалған жылдары 90% iн қамтыды.

     АҚШ-тың  экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң көзiн құрту немесе әлемдегi лидерлiк позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты алмастыруға байланысты.

     Жапондық  моделден өзгешелiгi Американдық экономикалық модель статистикалық көрсеткiштерге бағындырылады. АҚШ-та мемлекеттiк реттеу негiзiнен сырқты саясатта жүргiзiледi.

     Экономикалық  даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін.

     − Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.

     − Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.

Информация о работе Экономикалық өсу