Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 09:44, курсовая работа
Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Кіріспе....................................................................................................... 3-4
I.
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы
ретінде................................................................................................
5
1.1
Экономикалық өсудiң эволюциясы....................................................
5-7
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары.................................... 7-13
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс...... 14-16
II.
Дамушы елдердегі экономикалық өсу және Қазақстан
экономикасы.....................................................................................
17
2.1
Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен
мәселелерi ( Оңтүстік Корея мысалында )...........................................
21-24
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу…………………….. 24-25
Қорытынды................................................................................................ 25-26
Қолданылған әдебиеттер....................
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу
Елбасы
Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан
халқына Жолдауында «Біздің ұлттық
экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне
оны әлемдік экономикаға
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт.
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті.
Бүгінде
Қазақстан дүние жүзінде
Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі қазіргі заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек.
Қазақстанның өзара қатынастардың жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады.
Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.
Өз
өнеркәсібінің көтеріліп
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз.
1999-2004
Қазақстанның ішкі ұлттық
Адам басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.
Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың адам басына шаққан мөлшері жөнінен біз көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз. Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан артық. Яғни біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі де осыған сәйкес төмен.
Қорытынды
Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi.
Осы
уақытқа дейiн жүргiзiлiп
Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi.
Елiмiздiң экономикалық даму барысында бүгiнде көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:
-
демографиямыздың әлсiздiгi
- бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
-
кәсiпорындардың жалпы
- өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;
- ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;
-
халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де
кеңестiк ойлаудың сарқыны
-
ел территориясында глобалды
және өңiрлiк экологиялық
-
елiмiзде туристiк индустрияны
дамытудың қолайлы жақтары
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.
Қорыта
келгенде, елiмiзде жүргiзiлген экономикалық
шаралар өз өнiмiн берiп, экономикалық
өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың
кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу
үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап,
экономикасы дамыған мемлекеттердің жоспарлары
бойынша үлгі алып, 50 елдің қатарына қосылуға
қол ұшын беріп, ұлттық экономикаға тиiмдi
жағын таңдап алу және соған жету үшiн
бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық
Қазақстан Республикасының алдындағы
мiндетi десек артық болмас.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Н.А. Назарбаев. “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.
2. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
3. Экономическая теория. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
4. Шумпетер Й. Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.
5. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.
6. Соколова М.С. Управление наукой и техникой в Республике Корея Инновации № 9-10, 2002 г.
7. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.