Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 09:44, курсовая работа

Описание

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................... 3-4

I.
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы
ретінде................................................................................................


5

1.1
Экономикалық өсудiң эволюциясы....................................................
5-7
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары.................................... 7-13
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс...... 14-16

II.
Дамушы елдердегі экономикалық өсу және Қазақстан
экономикасы.....................................................................................


17

2.1
Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен
мәселелерi ( Оңтүстік Корея мысалында )...........................................

21-24
2.2 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу…………………….. 24-25
Қорытынды................................................................................................ 25-26
Қолданылған әдебиеттер....................

Работа состоит из  1 файл

экономикалык теориядан курсавой.doc

— 201.50 Кб (Скачать документ)

     Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті  факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

     Экономиканың  өсуін шектеп тұрған себептер ретінде  мыналарды айтуға болады: экологиялық  және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі  және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.

     Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің  нақты түрі график немесе теңдік түрінде  көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында  пайдалынылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

     Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты  көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс  факторларының өсу ықпалымен  яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

     Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің  көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал  ықпалына, еңбек факторы сырттың  ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал  көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз   экономиканың өсуінің  өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

     Кейнстік  өсу үлгісі негізінде логикалық  құрал қолданылады, бізге белгілісі  кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

     Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс  пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын  анықтауға болады.

     Кейнстік  өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домор  үлгісі болып  табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домор үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.

     Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс  өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

                             DYAD =DI * m=DI(1/1-b) =DI1/s

     Мұндағы:  m-шығын мультипликаторы                                                   

     b-тұтынуға  шекті бейімділік

     s-қор  жинағына шекті бейімділік 

     DYA =a* DК-жиынтық ұсынысының өсуі.

     a-капиталдың шекті өнімділігі

     Капиталдың DК өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі, осыдан DYA=a*І.

     Экономиканың  өсуінің тее-теңдігі сұраныс пен  ұсыныстың теңестірілудің шартында пайда болады.

     DI/s=a*І немесе DI/І=a* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.

     Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор  жинағына тең болғандықтан, І|=S, ал S=sY; s=const  болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне  пропоционал болады, сонда DY/Ү= DI/І=a* s

     Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы  нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны  және қолда бар өндірістік қуаттың  барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының  нормаларына тура пропоционал немесе DК/DҮ- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.

     Егер  үлгіде берілген деңгейде жеке сектордың  жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны  ауытқыса, мұндай динамикалық  тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.

     Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

     Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып  Р.Ф. Харрод (1939ж) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.

     Акселератор принципіне сай, табыстың кез-келген өсуі капитал салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың  өзгеруіне  пропорцианалды:

                       It =v(Үt –Yt-1)

     Мұндағы: v-акселератор.

     Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды. 
 

1.3 Экономикалық өсудiң  түрлерi және ғылыми-техникалық  прогресс

     Экономикалық  өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты  интенсивтi және экстенсивтi  түрлерi болады.

     Экстенцивтi түрiне:

     - Технологияда инвестицияның артуы;

     - Бос уақыты жоқ қызметкерлер  санының артуы;

     - Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң,  материалдардың, сыртқы капиталдардың  өсу қарқыны;

     Интенцивтi факторларға:

     - Ғылыми техникалық прогрест дамыту;

     - Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы;

     - Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды  жақсарту;

     Экономикалық  өсудiң екi түрiнiң жiктелуiн келесi суреттен көрсек.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-сурет.  Экономикалық өсудiң екi түрi және оның жiктелуi

      

     Экономикалық өсудi өлшеу әдетте келесi көрсеткiштерден тұрады:

     - ЖIӨ-нiң өсуi немесе ұлттық табыстың  өсуi;

     - ЖIӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының  жан басына шаққандағы мөлшерi;

     - Өндiрiстiк саладағы жан басына  шаққандағы өсу қарқыны.

     Экономикалық  өсудiң тиiмдi жақтарымен қатар егер ол дұрыс iске аспаса адамзат баласына зиянды жақтары да бар. Оған мысал ретiнде экологиялық проблемаларды алуға болады.

     Нақты өмiрде экономикалық өсудiң экстенсивтiк  немесе интенсивтiк типтерi таза түрде  болмайды. Ғылыми техникалық жетiстiктердi (ҒТП) енгiзунегiзiнде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетiлдiру, қашан болмасын өндiрiс құрал-жабдықтарын және жұмысшы күшiне инвестициялар салымын жасауды талап етедi. Жұмысшы күшi мен құрал-жабдықтардың өсуi, олардың сапалық сипаттамаларына өзгерiс енгiзедi. Сондықтан нақты экономикалық өсудi талдағанда, оның теориялық үлгiсiн емес, өсу типтерiн басымырақ экстенсивтiк және басымырақ интенсивтi деп бөледi.

     Өндiрiсте  қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестiгiн белгiлейтiн макроэкономикалық  көрсеткiштердiң өзгерiстерiне әсер етуiне байланысты ҒТП бiрнеше түрге  бөлiнедi.

     Егер  ҒТП дамуында еңбектiң капиталмен жабдықталуының әрбiр белгiленген шамасына өндiрiс факторларының шектi өнiмдiлiгiнiң ылғи бiр ғана көрсеткiшi сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады.

     Егер  еңбектiң капиталмен жабдықталуы  белгiленген жағдайда шектi еңбек өнiмдiлiгi капиталдың шектi өнiмдiлiгiнен тез  өсiп отырса, экономикаға еңбектi үнемдейтiн техникалық прогресс тән болады. Керiсiнше жағдайда – шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны мен шектi капитал өнiмдiлiгiнiң арақтынасы керiсiнше болғанда ҒТП капитал үнемдейтiн типi пайда болады.

     Егер  ҒТП дамуында белгiленген еңбек өнiмдiлiгiнiң орта дәрежесiне еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң бiрдей шамасы сәйкес келсе, онда осындай түрi Солоу бойынша бейтарап деп аталады.

     Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге  болады:

     - инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;

     - инновация – бәсекелестiк күш,  яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;

     - жаңа өнiм және жаңа процесс  қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;

     - инновация – экономикалық өсу  факторы ретiнде. 

     Осындағы  төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн  маңызды болып табылады.

     XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы  Роберт Солоу экономикалық өсудiң  басты факторы ҒТП екендiгiн  айтқан. Мұны Саймон Кузнецта  қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық  өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

     Экономикалық  эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс  туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн  ұсынды:

     - экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;

     - экономикалық дамуда бiлiм мен  интелект басты рольде болуы  керек;

     - интелектуалдық қызметтi институционализациялау  оның құрылымы мен негiзi болып  табылады.

     Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :

     - елде экономикалық ресурстардың  өсуi;

     - өндiрiстiң жаңа технологиялар  арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын  қысқартып және жылдық сол  өнiмдi шығару;

     - шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;

     - адамдардың денсаулығының, өмiр  сүру деңгейiнiң өсуi.

     Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге  жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады.  

     Экономикалық  өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты  интенсивтi және экстенсивтi  түрлерi болады.

     Экстенцивтi түрiне:

     - Технологияда инвестицияның артуы;

     - Бос уақыты жоқ қызметкерлер  санының артуы;

     - Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

     Интенцивтi факторларға:

     - Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге  асуы; 

     - Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң  жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;

     - Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;

     - Қызметкерлердiң бос уақытының  өсуi.

     Көрiп  отырғандай елiмiз дамыған елдер  қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенцивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы  саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.  
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Экономикалық өсу