Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:34, лекция

Описание

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық түсініктердің негіздері .
Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа состоит из  1 файл

лекциялы-+кешен (5).doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)
  • туғандардың санын өлгендердің санына теңестіріліп қарастырылады, сондай-ақ, өнеркәсіптік капиталға инвестиция да оның өтеліміне теңестіріліп қарастырылады;
  • техникалық үдерістің стратегиясының жиынтығы ресурстарды екінші рет қайта өңдеуді, қоршаған ортаның жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін құралды пайдаланады, негізгі капиталдың барлық түрінің қызмет мерзімін ұзартуды, сондай-ақ, эрозия болып, құнарсызданған жерлерді қайта қалпын келтірі әдістерін пайдалануды өзіне қосады;
  • материалдық өндірістік игіліктерді шығаруды көбейтуден, оған қарама-қарсы қызметтер мен тамақ өнімдерін өндіруге басымдық беруді күшейту.

«Экономикалық дамудың  тұрақтылығы» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро). Тұрақты даму идеясы алғашқы рет 1987 жылы қоршаған орта және оны дамыту бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «Біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде қорытындылаған. Келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын, бүгінгі күнннің талаптарына жауап беретін даму, тұрақты даму ретінде анықталған. Рио-де-Жанейродағы 1992 жылы өткен Жер планетасының проблемалары жөніндегі жоғары деңгейдегі конференция бұл тұжырымдаманы нақты мазмұнмен толықтырды: іс-әрекеттің басым бағыттары жасалған, «ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі» атын иеленген, тұрақты дамуға жетудің іс-әрекет жоспары мен қажетті бағыт белгіленген.

Тұрақты даму келесі критерийлерге  негізделуі тиісті:

  • экономика саласында – үздіксіз сандық өсу емес, экономикалық жүйенің тұрақты жетістігі, ұзақ мерзімді қоғамның тапсырмасына сәйкес келуі, сандық өсуден дамуға көшу. Әлеуетті мүмкіндікті кеңейту немесе өткізу дамуды білдіреді, яғни, өз жағдайыңды жақсарту сапалық жағынан да жақсы болып табылады;
  • адамдар өмірінің сапасын көтеру саласында – белгілі бір деңгейге дейін өсетін, содан кейін, адамның тұрақты игі жағдай, сапалы білім алу мүмкіндігі, жайлы қоршаған орта, қоршаған ортадағы антропогендік салмақтың төмендеуі.

ҚР экономикалық өсуінің  жағдайы мен факторы.

1999 жылдан бастап, Қазақстанда экономикалық өсудің тұрақты қарқыны байқалады. Экономикалық өсудің орта жылдық қарқыны соңғы  бес жылдың ішінде ресми деректер бойынша 10,3 пайыз болған. 2004 жылы ЖІӨ-нің өсуі 9,4 пайыз, өнеркәсіптік өнім – 10,1 пайыз, ТМД елдерімен сыртқы сауда – 57,1 пайыз болған. Негізгі капиталға инвестиция 10,6 пайызға өскен. 2000 жылғы деңгейімен салыстырғанда ЖІӨ-нің жиынтықты өсуі 2004 жылдың қорытындысы бойынша 49 пайызды құрады.

ҚР-ның экономикалық өсу  жағдайы мыналар болыа табылады:

  1. экономикалық кеңістіктің көлемі. ҚР елдің аумағы бойынша әлемде 9-орын алады;
  2. пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір) темір және марганец рудалары, мыс рудалары, уран және т.б.;
  3. мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;
  4. маманданған жұмыс күшінің болуы.

ҚР-ның экономикалық өсу  факторы болып табылатындар:

  1. әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың түсті және қара металдың халықаралық рыногындағы қолайлы жағдаят;
  2. тұрғындар мен кәсіпорындардың төлем төлеу қабілетінің өсуі;
  3. импорт орнын толтыру және адал емес бәсекелестіктерден отандық өндірушілерді қорғау саясатын жүргізу;
  4. қолайлы инвестициялық климат құру жолымен, тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.

 

 

Өз-өзін бақылау  сұрақтары:

 

  1. Экономикалық өсу неден көрінеді?
  2. Экономикалық өсудің қарқыны қандай көрсеткіштердің көмегімен сипатталады?
  3. Экономикалық өсу қандай жағдайда пайда болады?
  4. Өндірістік мүмкіндіктердің графигіндегі экономикалық өсудің нұсқасын көрсетііңдер.
  5. Экономикалық өсу қандай түрлерге бөлінеді?
  6. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі дегеніміз не?
  7. Экономикалық өсудің қарқынды түрі немен байланысты?
  8. Экономикалық өсудің факторын атаңыз.
  9. Экономикалық өсудің факторларын қандай көрсеткіштер сипаттайды?
  10. Экономикалық өсудің факторларының сандық көрсеткіштерін анықтаңыз.
  11. Экономикалық өсудің факторларын қандай топтарға бөлуге болады?
  12. Экономикалық өсудің кейнсиандық моделі қандай санатқа негізделеді?
  13. Экономикалық өсуді неоклассиктер қандай қызметпен байланыстырады?
  14. В. Леонтьевтің макроэкономикалық моделінің ерекшеліктері неде?
  15. «Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы немен байланысты?

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау