Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:34, лекция

Описание

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық түсініктердің негіздері .
Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа состоит из  1 файл

лекциялы-+кешен (5).doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

  Табиғи өндірістің  ерекшеліктері:

-  жинақы жұмыс күшінің  жоқтығы;

- жергілікті бірлік  шегіндегі экономикалық үдерістердің  тығырыққа тірелуі;

- өндірістің шектелген  мақсаты - жеке тұтынушылықты  қанағаттандыру;

  Тарихта шаруашылықтың  натуралды нысанының көптүрлілігі  белгілі: алғашқы қауымдық қоғам,  азиялық қауымдастық, германдық  қауымдастық (марка), славяндық отбасылық  қауымдастық және т.б.

  Тауарлық өндіріс  - бұл рынокта сату - сатып алу  әр түрлі қоғамдық тұтынушылықты  қанағаттандыруға мүмкіндік бергендегі, белгілі бір өнім түріне лайықтанған  арнайы ерекшеленген жеке өндірушімен  өндірілетін өнім өндіретін шаруашылық  жүйесі.

  Жоспарлық өндіріс үшін сол сияқты тауарлық - ақшалық қатынастар тән. Бірақ бұл қатынастар өзгерісті сипатта болады, өйткені, өндіріс пен тауарларды өткізу, қоғамдық шаруашылықты ұйымдастыру қатаң директивтік жоспарлау негізінде өтеді.

4.2.       ТАУАР ӨНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

              МЕН ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Тауарлық қатынастардың  пайда болуындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар;

1. Еңбекті қоғамдық  бөлу мен тауар өндірушілердің  мамандануы.

2.  Бір бірінен экономикалық  ерекшеленуі.

3. Өнімді өндірушілер  мен тұтынушылардың рынок арқылы байланысы.

4. Тауарларды сату және сатып алу.

  Тауарлық өндіріс  алғашқы қауымдастық құрылыстың  құлауы жағдайында пайда болды,  сөйтіп, алғашқы еңбекті қоғамдыққа  бөлу кезінде, жеке меншіктің  тууына әкелді. Әуелі әр түрлі  қауымдастықтар содан кейін, қауымдастықтың бөлек мүшелері сол уақыттағы елеулі еңбек өнімділігінің өсуіне әкелген, түрлі өндірістік қызмет түрлерімен айналыса бастады, яғни айырбастың дамуына келтірген өндірушілерде артық өнімдердің пайда болуына себеп болды. Өндіріс құралдарын жетілдіру жеке меншіктің пайда болуына әкеліп жеке шаруашылыққа көшуге мүмкіндік берді. Жеке өндірушілермен өндірілген еңбек өнімдері тауарға айналып, өз араларында айырбасқа жүреді және еңбек қоғамдық сипат алады. Тауар - бұл сатып алу сату жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі болып табылады.

  Тауар өндірісін  жай және капиталистік деп  бөлу қалыптасқан. Олардың арасында  ұқсастық пен айырмашылықтар  бар. 

  Ұқсастыққа мыналар  жатады.

1) еңбекті қоғамдық  бөлу;

2) өндіріс құралдарына  жеке меншік;

3) рынокты өткізу үшін  арнаулы өнім жасау.

  Жай және капиталистік  тауар өндірісінің айырмашылықтары:

1) жай тауар өндірісі  тауар өндірушінің жеке еңбегіне  негізделеді. Ал, капиталистік жалдамалы  еңбекті пайдалануды болжайды;

2) жай тауар өндірісінде еңбек өнімі шығару кезеңінен бастап рынокта өткізілуге дейін тауар өндірушіге тиісті. Капиталистік тауар өндірісінде шығарылған еңбек өнімі тікелей тауар өндірушіден жұмысшылардан иесіздендіріледі және ол капиталиске тиесілі. Капиталистік тауар өндірісі XVII - XIX                  ғасырларда еркін бәсекелестік жағдайы болған және ХХ ғасырда ұйымдастырылған рынок жағдайы болды. Осыны төменде келтірілген 4.1 – кесте бейнелейді

               4.1. Капиталистік тауарлық өндірістің ерекшеліктері

XVIII – XIX ғғ. капитализ

XXғ. Екінші жартысындағы капитализм

Фабрика шеңберіндегі

өндірістің  қоғамдастарылуы

Ұлттық және көп ұлттық көлемде шаруашы-

лықтардың елеулі бөлігінің қоғамдастырылуы және мемлекеттендірілуі

Жеке тұлғалы  кәсіпкер

капиталистердің

экономикалық қызметі

Жеке, кооперативтік, акционерлік және мемлекеттік кәсіпорындардан  алынған 

«аралас экономика»

Мемлекет араласпайтын,

еркін рынок  негізінде жеке

капиталдардың өзін өзі реттеуі 

Жұмыссыздық пен  дағдарыстардың алдын алу үшін тұтынушының  сұранысы мен ұсыныстарын ынталандыру үшін ұлттық экономиканы мемлекеттің белсенді реттеуі

Жұмыссыздық, ауырып қалу және кәрілік жағдайында еңбекшілердің  толық әлеуметтік қорғалмауы

Әлеуметтік  қамсыздандыру мен әлуметтік  сақтандырудың мемлекеттік және басқада қорларын құру

 

 

 

 


 

4.3.         ТАУАРЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САНАТТАРЫН

               ЗЕРТТЕУДІҢ МАРКСИСТІК ЖӘНЕ

               МАРЖИНАЛДЫҚ ӘДІСТЕРІ

  К. Маркстің еңбек  құны теоиясына сәйкес, тауардың  екі қасиеті бар: тұтынушылық  және құндық құны.

  Адамдардың осындай және басқадай қажеттілігін қанағаттандыратын заттардың ерекшелігі, заттардың тұтыну құнын жасайды. Тауардың құны оны өндіруге кеткен, қоғамдық қажетті еңбектің санымен анықталады. Еңбек құны теориясына сәйкес, тауардың қоғамдық құны оны өндіруге қоғамдық қажеттілік пен еңбектің санымен анықталады, жұмыс уақытымен өлшенеді.

  Қоғамдық қажетті  жұмыс уақыты еңбектің қарымдылығы  мен жасай білудің ораша деңгейімен  анықталатын, өндірудің қоғамдық  қалыпты жағдайында жасалатын  қандай да бір тауарды дайындауға кеткен уақыт болып табылады.

  Заң бойынша өндірістің  құны мен тауар айырбасы құндық  мөлшері бойынша, қоғамдық қажетті  еңбек шығыны негізінде жүзеге  асады. Құн заңы мынадай қызметтерді  атқарады:

1) есеп және қоғамдық  еңбекті реттеу;

2) уақытты үнемдеуді ынталандыру;

3) тауар өндірушілерді  саралау;

  Шектеулі пайдалылық  теориясының атасы неміс экономисі  Госсен болып саналады. Бірақ  ол Aвстрия мектептері өкілдерінің  еңбектерінде кеңінен дамыды.

  Заттардың пайдалылығы  түсінігі бойынша ол әр тұтынушымен  бекітілетін шектеулі, яғни, қорда бар осы аталы заттың соңғы біреуінің аз пайдалылығы. Тауар неғұрлым көп болса, сонша оның тұтытушыны толық қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да, олардың соншалықты нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен болады. Керісінше, тауар неғұрлым аз болса, оның пайдалылығы мен құндылығы жоғары болады. Бұл Госсен заңы деп аталады.

  Кез келген экономикалық  игіліктің шектеулі пайдалы көлемі  ресурстардың аздығымен анықталады. Маржиналдық теориясы бойынша  өндіріс саласындағы айырбастаудағы, яғни, рыноктағы жалпы адам және шаруашылық жүргізуші субъекті игіліктің шектеулі пайдалылығынан жұмыс істейді бұл тұтынуды қанағаттандырудың ең аз интенсивтілігіне арналған, сол бірліктің пайдалылығы.

  Өндіру игілігінің  құны өндіру сипаттамасына ие  және жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін пайдаланатын соңғы өнімнің шектеулі пайдалылығымен реттеледі.

4.4. АҚШАНЫҢ  МӘНІ МЕН ПАЙДА БОЛУЫ

  Ақша жалпы баламалы  рөлі ойнауы мүмкін, тауарлардың  барлық тобының ішінен, қандай  да бір тауарды бөліп алудың  объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болады. Ақша жалпы баламаның аяқталған нысанын көрсетеді.

  Ақшаның алғашқы  рөлін екі металл атқарады: алтын  мен күміс. Бұл биметаллизм  дәуірі болатын. Монометализм  кезінде ақша материалы ретінде тек алтын пайдаланылады. 1923 – 1933  жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс монометализм дәуіріне тұсау салды. Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру белгілері:

1) кредиттік ақшаның  үстем болуы;

2) алтынды монетаризациялаудан алу, яғни, оның айналымынан шығуы;

3) банкноттарды алтынға  айырбастаудан бас тарту және  олардың құрамында алтынның болуын  алып тастау;

4) жеке кәсіпкерлік  пен мемлекетті кредиттеу мақсатында  ақшаның эмиссиясын күшейту.

  Ақшаның қызметі:

- құн шарасы. Ақша арқылы барлық тауарлар өзінің құнын шығарады. Тауар құнының ақшалай көрсетілімі тауардың бағасы болып саналады;

- айналым құралы. Мұнда  ақша тауарларды тікелей сатып  алуға қызмет етеді;

- төлем құралы. Ақша  мерзімі ұзартылып та төленеді;

- жинақтау құралы. Ақша айналымынан түседі және орнығады;

- әлемдік ақша. Ақша  әлемдік тауар айналымына қызмет  етеді.

  Айналым және төлем  құралы ретінде ақша қызметінен  мынадай қорытынды шығады: ақша  өзі үшін емес, тауарларды айырбастауды  және адамдар арасындағы қызметті қамтамасыз ету үшін керек. Яғни, бұл, экономикада тауар мен қаржы көлемі арасындағы теңдікті сақтау қажет еткенін көрсетеді. Ақша айналымының мәні осыменен қорытындыланады. Сонымен бірге әрбір ақша бірлігі осы аталған уақыт ішінде, бірқатар тауар мәмілелеріне қызмет ете отырып, қолдан қолға бірнеше рет көшуі мүмкін. Ақша неғұрлым тез айналған сайын, соғұрлым, айналымға ол аз талап етіледі. Осыдан ақша айналымы заңы айқын көрінеді: бір атаулы ақша бірлігінің жылдам айналымына бөлінген, тұрақты айналымға қажетті ақша көлемі, барлық тауарлардың бағасының құнына теңеледі.

  Ақшаның негізгі  нысанына тиындар, қағаз ақшалар  мен кредиттік ақшалар болып  табылады. Тиын бұл ерекше нысандағы,  металл құймасы, салмағы, белгісі  бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы ақшалар. Қағаз және кредиттік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп те атайды. Оларға сондай ақ, күміс және мыс ақшаны да қосады. Кредиттік ақшалар бұлар вексель, банкнот және чектер. Вексель бұл оның иесіне (вексель ұстаушы) мерзімі өткеннен кейін, қарыз адамнан көрсетілген ақшалай соманы талассыз талап етуге құқық беретін, қатаң белгіленген нысандағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Банкнот бұл ұсынушы барлық уақытта ақша ала алатын және банкир жеке вексельді ауыстыратын, банкирдің вексельі. Чек банк шотынан бір адамға немесе ұсынушыға ондағы көрсетілген соманы төлеу туралы иесінің сөзсіз бұйрығы көрсетілген.

  ХХ ғасырдың екінші  жартысынан бастап, төлемдік есеп  беру және кредиттік тетіктерді  біріктіретін, кредит карточкасын  қолдану кеңінен тарады. Кредиттік карточка өзіндік ерекшелігі бар, атаулы чекті айырбастаушы және төлем құралы ретінде ақшаның қызметін орындайды.

  Қазіргі уақытта  электрондық ақша деп аталатын  кеңінен қолданылады. Электрондық  ақша жүйесі бірнеше элементтерді  өзіне қосады: автоматтандырылған есеп беру палатасы, автоматтандырылған кассир жүйесін және тауар сатып алу мен қызмет көрсету пунктерінде орнатылған, терминал жүйесін.

Өз-өзін бақылау  сұрақтары:

1. «Қоғамдық шаруашылықтың  нысаны» дегеніміз не?

2. Қазіргі экономикалық  теория қоғамдық шаруашылықтың қандай нысандарына бөлінеді?

3. Табиғи шаруашылық  немен айрықшаланады?

4. Натуралды шаруашылықтың  ерекшеліктері қандай ?

5. Натуралды шаруашылық  нысанының моделін атаңыздар?

6. Тауарлық өндіріс  дегеніміз не?

7. Жоспарлы өндіріс  дегеніміз не ?

8. Тауарлық өндірістің  пайда болындағы әлеуметтік экономикалық  жағдай қандай?

9.  Тауар дегеніміз  не және ол еңбек өнімінен  немен ерекшеленеді?

10. Жай және капиталистік  тауар өндірісінің арасындағы  ортақ нәрсе не?

11. Жай және капиталистік тауар өндірісі немен ерекшеленеді?

12. Еркін бәсекелестіктегі тауар өндірісімен ұйымдастырылған рынок немен айрықшаланады?

 

5- ТАҚЫРЫП.           СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ  НЕГІЗГІ  ТЕОРИЯЛАРЫ.

 

Лекция мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс теорияларының мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

1.  СҰРАНЫС.  СҰРАНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.  СҰРАНЫС ЗАҢЫ.

2. ҰСЫНЫСТАР.  ҰСЫНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.  ҰСЫНЫС ЗАҢЫ.

3.  СҰРАНЫС  ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ІС- ҚИМЫЛЫ.  РЫНОКТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК.

4. Икемділік   түсінігі.   Сұраныс пен   Ұсыныстың  икемділігі.                               5. Тұтынушы мінез-құлқының   негізгі теориялары.

 

5.1.            СҰРАНЫС. СҰРАНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН  ФАКТОРЛАР.

СҰРАНЫС ЗАҢЫ.

Сұраныс белгілі бір  жерде, белгілі бір уақытта сатып  алушлар сатып алу мүмкіндігі болатын және сатып алғысы келетін тауарлар мен қызметтің  санын байқатады. Сұраныс заңында айтылады: сұранысқа ықпал ететін, барлық басқа факторлардың тұрақты болған кезінде, сатып алушылар сатып ала алатын және сатып алғысы келетін  тауардың құны төмен болған сайын, сонша оның  саны көп болады.

Сұранысқа ықпал ететін факторлар:

  • Тауар мен қызметтің бағасы
  • Сатып алушылар ұнату қаблеті
  • Тұтынушылардың табысы
  • Үй шаруашылықтары арасында табысты бөлу
  • Айырбас – тауардың бағасы
  • Осы тауар мен қызметті сатып алалтындардың жалпы саны
  • Күтілетін инфляция.

Сұраныс заңы кестеде сұраныс қисығы ретінде көрсетіледі.


 

Р


Q

 

 

 

 

5.1 – сурет . Сұраныс  қисығы

Мұнда сұраныс көрсетілетін – Р – тауар бағасы , Д сұраныс  қисығы , О – тауар саны.

Сұраныс қисығы бойынша  қозғалыс тауардың бағасының өзгерістеріне  жауап ретінде, сатып алынатын тауарлардың  санындағы өзгерістерді көрсетеді. Кез- келген бағалы емес факторлар  сұраныс сипаттамаларының  өзгерістеріне әкеледі. Мұндай жағдайда , сұраныстың қандай да бір бағалы емес факторының  өзгерістері есебінен,  әрбір мүмкін болған бағада сатып алушылар тауарды көп немесе аз сатып алады. Сұраныстың жоғарылаған сәтінде сұраныстың ауытқымасының оңға қарай және сұраныстың төмендеген сәтінде солға қарай ілгерілеуі болады.

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау