Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:36, курсовая работа

Описание

Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы деңгейі – банктер болып табылады. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқада несие институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде шешілу мақсаты - ол білімділікте және де шетелдік банктермен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны.

Содержание

Мазмұны

Кіріспе
1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқару
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының
мәні......................................................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы...................................11
2 Коммерциялық банктердің операцияларының түрлері және
олардың ерекшеліктері
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының түрлері...................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ..............19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау................................................................22
3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары ............................31
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................37

Работа состоит из  1 файл

Жазира - Курсовой (Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері және операциялары).doc

— 285.50 Кб (Скачать документ)

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

      уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау;

      экономиканы және халықты несиелендіру;

      қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;

      инвестициялық қызметті;

      клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

              Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың  нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

              "Капиталдың жеткіліктігі" термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктігі -бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі папаметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

              Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді.Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.

              Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар.Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалынатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты- бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

              Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

              Банктің меншікті қаражатына жататындар:

      банктің жарғылық капиталы;

      банктің резервтік капиталы;

      қосымша капиталы және пайда есебінен  құрылған басқа қорлары;

      сақтандыру резервтері;

      бөлінбеген пайдасы.

              Банктің жарғылық капиталы- банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын  және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

              Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар-акционерлер қосқан жарналардан құралады.

              Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

      пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

      акционерлік банк;

      шетел капиталының қатысуымен.

              Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.

              Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

              Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады.Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте  пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді.

              Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

              Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резевтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

              Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операцияларды 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарыны деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады. Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.

              Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

              Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

              І топ- депозиттері;

              ІІ топ -депозиттік емес тартылған қаражаттар.

              Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттет банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

              Депозит – бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

              Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

              Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер мен өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды. Депозиттік емес тартылған  ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

2 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларының түрлері және олардың ерекшеліктері

 

2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы салымдарының

түрлері

 

Депозит (салым)  – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында, ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.

Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етуге дейінгі депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдары;

- бағалы қағаздар.

Талап етуге дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма- қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуге дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың және шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

- есеп айырысудағы қаражаттар;

- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

- басқа банктердің коррспенденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі- бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шекутеусіз жүзеге асырады;

- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

- талап етуге дейінгі  депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде  аударымдар жасайды.

Мерзімді салым (депозит) – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.

Салым иесі, келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып – пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:

- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

- шоттағы қаражат баяу айналады;

- тұрақты пайыз төленеді;

- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы денгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;

- ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі керек.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:

-         ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

-         шоттағы қаражаттарды алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

- мерзімді жинақ салымдары;

- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

- ұтыс салымдары;

- ақшалай- заттай ұтыс салымдары;

- мақсаттық және ағымдық салымдар;

- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

- валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақы мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталған сомма белгілі бір күнде төлық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталған және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Салушысына қарай депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып та бөлінеді. Талап бойынша алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады. Бұл депозиттер клиен ашқан әр түрлі шоттарда орналастырылып, қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға алынуы мүмкін.

Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік шоттарда белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, корреспонденттік шоттарда басқа банктермен есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған қаражат сақталады. Салымның бұл түрі негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер өз шоттарындағы қаражатын үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әр уақытта өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша проценттік өсім төлемейді. Салымдарды өзіне тарту үшін бәсекелестік жағдайында коммерциялық банктер клиенттерді тарту және талаппен алынатын салымдарды ұлғайтуды ынталандыру мақсатында шот иелеріне қосымша қызмет көрсетіп, сондай-ақ олардың сапасын арттыруға ұмтылуда. Ағымдағы шот иелері өз қаражатын чек кітапшаларымен немесе несие карточкаларымен алады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері