Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:36, курсовая работа
Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы деңгейі – банктер болып табылады. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқада несие институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде шешілу мақсаты - ол білімділікте және де шетелдік банктермен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны.
Мазмұны
Кіріспе
1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқару
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының
мәні......................................................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы...................................11
2 Коммерциялық банктердің операцияларының түрлері және
олардың ерекшеліктері
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының түрлері...................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ..............19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау................................................................22
3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары ............................31
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................37
Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100%-ға дейін құрылады.
Провизиялар – активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.
Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар – бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар.
Арнайы провизиялар – бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау
Коммерциялық банк балансының құрылымын зерттеуді – қаражат көзін сипаттайтын пассивтен бастаған жөн, себебі нақ осы пассивті операциялар үлкен деңгейде банк ресурстарын пайдаланудың формалары, бағыттары мен шарттарын, яғни активтер құрамы мен құрылымын анықтайды. Айта кететін бір жайт, активті операцияларға қатысты пассивті операциялар тарихи алғашқы және айқындаушы рөл атқарған, себебі активті операциялар жүзеге асырылуы үшін пассивте көрсетілген банк қаражаттары жеткілікті болуы қажет.
Нарықтық экономика моделіне көшу, банк ісіне мемлекеттің монополиясының жойылуы екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастыру банк ресурстарының мәнін түбегейлі өзгертті. «Банктік ресурстар» мәні «несиелендіру ресурсы» (2.10. бөлімін қараңыз) түсінігінен әлдеқайда кең, себебі алғашқысы несиелендіру мақсаттары үшін ғана емес банктің басқа да активті операцияларын орындау мен қаржыландыру үшін қолданылады.
КБ балансы пассивінің негізгі баптары: капитал, резервтер, шығындар мен кірістер шотының сальдосы мен ағымды, депощзиттік, жинақтау мен басқа шоттарға тартылған клиенттер мен банк – корреспонденттердің қаражаттары. Осылайша, банк балансы пассивінде банк ресурстарының барлық қалыптасу көздері бейнеленеді. Банк пассивтерін екі топқа жіктеуге болады:
- меншікті капитал, КБ бағалы қағаздарын алғашқы эмиссиялау мен қорларды ұлғайту немесе қалыптастыруға жұмсалатын пайдадан аударымдар есебінен алынады.
- Тартылған немесе заемдық қаражаттары, банктің депозиттік операцияларымен басқа да заңды тұлғаларға несиелер есебінен қалыптасады.
Пассивті операциялар банкке айналымда жүрген ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті несие операцияларының нәтижесінде қалыптасады.
Пассив құрылымын талдауды банк меншікті қаражатының мөлшері мен баланстың жалпы соммасын қалыптастырудағы үлесін анықтаудан бастаған жөн.
КБ меншікті капиталы банктің қаржылық ресурстарының қайнар көзін білдіреді. Меншікті капитал мен банктер ресурсқа деген жалпы мұқтаждықтың 12 - 20%-ға жуық бөлігін жабады. Оның құрылтайшылардың бастапқа шығыстар жасауға тиіс банк қызметінің бастапқы қадамдарда маңызы өте зор, себебі банк белгілі бір шығын жасамай, өз қызметін бастай алмайды. Келесі банктік операцияларды жүргізуге банк шығындарын қаржыландыру көзі ретінде де меншікті капиталдың рөлі зор. Олар банктің қаржылық жағдайын бағалауда да маңызды рөл атқарады. Бос резервтер көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бұл банк тұрақты, бірақ соғұрлым ол аз пайда табады.
80 жылдардың өзінде әлемдік банктердің қаржылық база сенімділігін қадағалау органдарының алдында банк капиталы базасын есептеу әдістемесін анықтау тапсырмасы тұрды. 1988 жылы әлемнің жетекші капиталистік елдері банк капиталдарын өлшеу әдістемесін прификациялау туралы келісімге қол қойды, онда жеке элементтері банктің міндеттемелерін жабуға қатысу дәрежесіне қарай банк капиталының негізгі қағидалары анықталған. Банк капиталының негізгі элементтері – төленген акционерлік капитал мен жарияланған резервтер болуы мүмкін.(сурет1)
Сурет 1- Банк акционерлік капиталының құрамы
Банктің базистік капиталын оның есеп беруінен айқын көруге болады. Ол банктік операцияларының пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне маңызды әскр ертеді. Банк капиталының осы бөлігі капитал жеткіліктілігі коэффициентін есептеуге арналған.
Банктің меншікті акционерлік капиталы ол шығарған акциялардың номиналды құнына тең (төленген акционерлік капитал). Бөлінбеген пайда банктің шығысынан кірісі асқанын сипаттайтын баланс бабы болып табылады. Резервтік капитал акционерлік капитал эмиссиясына (яғни шығарылған акциялардың номиналды құны мен оны сатудан түскен нақты түсім арасындағы айырма) алынған жарғылық пайда және ағымды пайданың жылдық аударымдар есебінен қалыптасады.
Базистік капиталдан басқа банктік капиталдың жалпы құрылымында қосымша элементтр де болуы қажет. Бұл элементтердің жиынтығы қосымша капитал атауына ие.
Капиталдың жалпы құрылымы келесідей:
1.Базистік капитал (І деңгейлі капитал)
- төленген акционерлік капитал;
- жарияланған ашық резервтері (бұл акционерлік пайда, есепті жаңа құрылған жалпы және ресми резервтерден құрылатын және ұлғайтылатын резервтер).
2.Қосымша капитал:
- жасырын (басылымға шықпайтын) резервтер;
-активтерді қайта бағалаудан пайда болатын резервтер.
- күмәнды қарыздарға жалпы резервтер;
- жасырын кіріс;
- бағалы қағаздар мен белгіленбеген мерзімге субордиленген займдар.
Банк капиталы сенімділігін арттыру мақсатында жоғарыда аталған кірісі мен оның құрылымына төмендегі талаптар қойылады.
1.Базистік капитал мөлшері банктің жалпы капитал көлемінің 50%-дан төмен болмауы керек.
2.Көмекші міндеттемелер сомасы базистік капиталдың жалпы сапасынан 50%-дан аспауы керек.
3.Егер несие шығыстары жағдайында жалпы резервтер қоры төмен бағалы активтер құраса, оның көлемі 1,25% пунктен аспауы қажет немесе жеке жағдайларда тәуекелге ұшыраған активтер мөлшерінің 2% пунктен аспауы қажет.
4.Егер активтерді ревальвациялаудан резервтер сатылмаған бағалы қағаздардан жасырын түсім формасын иеленсе, онда олар 25% шегерілуі тиіс.
Елімізде болып жатқан өзгерістерді еске ала отырып, бұл талаптарды банк қызметінің реттеу жөніндегі нормативтік актілерді әзірлеу процесінде ұстану қажет. Сонымен қатар, біздегі банктік жүйені әлемдікке біріктіру (интеграциялау) тенденциясы да болуы мүмкін. Оған жоғарыда аталған қағидалар тікедей қатысты.
Аталғандардан басқа банк қызметін реттеу үшін шығысты өтей алу дәрежесіне қарай капиталдың маңызды элементтерін анықтап алу қажет. Осы тұрғыдан қарау әртүрлі банк мекемелерінің капитал жеткіліктік есептеуде бірыңғайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
КБ меншікті қаражаттары банктің өзіне тиеселі қаражаттар. Меншіктік қаражаттар құрылымы келесідей сипатталады:
1.Банктің капиталы мен қорлары:
жарғылық капитал(102,103 шот);
акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар (104 шот);
қосымша капитал (106шот);
банк қорлары (107 шот);
ссудалары бойынша мүмкін шығындарға резервтер тәуекелділігінің І тобы бойынша (8968код).
2.Болашақ кезең кірістері
Меншіктік қаражаттарды шетел валютасымен қайта бағалау (61306шот);
Қаражаттарды шетел валютасымен қайта бағалау (61306 шот);
Бағалы қағаздарды қайта бағалау (701+703шот).
Меншікті қаражаттардың негізгі баптары – төленген капитал мен резервтер. Негізгі бап болып артық капитал саналады. Кейбір жағдайларда, оның қайнар көзі болып банктің номиналынан асатын бағамен сатқан акциясы, яғни нақтылы пайдасы болуы мүмкін. Бұл бапқа сонымен қатар, банк балансында есептелген кейбір басқа активтерді (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар) қайта бағалау нәтижелері де есептелуі де мүмкін. Бұл жағдайда оның көлемі қызмет нәтижесі емес, тек жеке мамандандырылған банктердің конъюктурасының жағдайын ғана бейнелейді.
Банктің меншікті қаражаттары ұзақ мерзімді активтерге (жер, ғимарат, құрал-жабдықтар) салынуы мүмкін және банк капиталдарына аударымдар есебінен әртүрлі резервтер құрылады.
Банк меншікті қаражаттарын талдаудың негізгі тапсырмалары келесілерімен жүргізіледі:
- банктің меншікті қаражаттарының жағдайына баға беру;
- меншікті қаражаттар құрылымының өзгерісін бағалау;
- банктің меншікті қаражаттарының ажыратылу себептерін айқындау.
- Банк қаражаттарын рационалды қолдану арқылы баланс өнімділігі мен кірістер өсімінің резервтерін анықтау. КБ меншіктік қаражаттарының негізгі бөліктерін қарастырайық.
Банк қорлары. Қорларды қолдану мен тәртібі туралы ереже банк Кеңесімен бекітіледі. Банктің негізгі элементі болып жарғылық қор табылады. Ол банктің міндеттемелерінің негізгі қамтамасыз етілу қызметін атқаратын капиталдың ұйымдық-құқықтық формасы. Егер банк акционерлік қоғам ретінде құрылса, онда оның ЖҚ банк акцияларын өткізуден түскен акционерлердің қаражаттары есебінен құрылады. Жауакершілігі шектеулі қоғам болып табылатын банк ЖҚ-жы қатысушылардың пайлары (жарна) есебінен құрылады. 1995 жылы КБ жалпы санынан 63% пайлық негізде құралса, 37% акционерлік негізде құрылған.
ЖҚ мөлшері, оның қалыптастыру және өзгертілу тәртібі банк жарғысымен анықталады. ЖҚ-ды ұлғайту жаңа акционерлерді (пайгерлерді) тарту есебінен мүмкін болады. Олар үшін алғашқы жарнаның ең төменгі сомасы бекітіледі. Жарғылық капитал материалды активтер, ақшалай салымдамен қалыптасады. ҰБ-ң 21.02.94ж. №47-94 жеделхатына сәйкес ЖҚ жалпы соммасы ішіндегі материалды активтер үлесі қызмететкен кезеңнің алғашқы екі жылында 21% аспауы қажет. Одан әрі материалдық активтердің үлесі 10% аспауы қажет (ғимараттардың құнынсыз). ҰБ-тің 1995 жылғы 17 ақпанындағы хаты ЖҚ-да бағалы қағаздар мен материалдық емес активтермен қалыптастыру тиым салған.
Жарғылық қор құрылтайшылардың қосымша жаңа акция сатып алу, мүліктерінің құнын қайта бағалау, дивиленттерді қайта инвестициялау көмегімен ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық қордың көлемінің өзгертілуі (ұлғайтылуы немесе төмендетілуі) банктің жалпы жиналысы шешімімен жүзеге асырылып, ҚР ҰБ-мен тіркеледі. Банктер ЖҚ-ды ұлғайтуға мыналарды бағыттауы мүмкін:
- резервтік қор қаржыларын, егер оның көлемі ЖҚ-дың төленген сомасынан 10% асса;
- арнайы қорлардан (негізгі қорларды қайта бағалау, жарғылық пайда);
- жыл қорытындысы бойынша экономикалыө ынталандыру қорының пайдаланылмаған бөлігі;
- есепті жыл соңында 50% несие қалдығы мөлшерінде меншікті қаражаттарын валюталық бөлігін қайта бағалау қаражаттары;
- өткне жылдың қорытындысы бойынша бөлінбеген пайда.
ЖҚ азайту акционерлердің жалпы жиналысы шешімімен акцияларды сатып алп, заң қарастырған іс-әрекеттерді орындаған соң оларды жарамсыз деп тану арқылы жүргізіледі.
Банк Жарғысында резервтік қордың құрылу тәртібі мен мөлшері көрсетіледі. Бұл қор арнайы резервтер құрылмайтын банк операциялары бойынша жалпы тәуекелдерді жабу мен міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін құрылады. ҚР-дағы барлық коммерциялық банктер акционерлер жиналысы бекітетін нормативтер бойынша аударымдарды жүзеге асырады. Аударымдардың қайнар көзі болып салық салуға дейінгі банк пайдасы болып табылады. РҚ жыл сайын, мысалы, банктің таза пайдасының 5% төмен емес мөлшерде ЖҚ 25% құрағанша аудару жолымен құрылады. Содан кейін аударымдар тоқтатылады да, банктің резервтік қорының мөлшері ЖҚ-дың 25% мөлшерінен азайған жағдайда қайта қайталанады. Резервтік қор несиелік тәуекел көзі болып табылады. РҚ-дың қолданылуы банк басқармасының шешімімен жүргізіледі.
Алғашында екі қордың жарғылық және резервтік – қаражаттары мемлекеттік бюджет есебінен құрылатын. Олардың мөлшері банктік операциялардың мөлшеріне де, мемлекеттік банктердің шаруашылық есеп мүдделеріне де ешқандай ықпалы болмаған еді. Мемлекеттік банктер арқылы өтетін ақша айналымды бұл қорлардың мөлшері мардымсыз болды. Бүгін де банктің негізгі қорларның рөлі мен мпғынасын қайта бағалау өте қиын.
Сақтандыру және басқа да арнайы қорлар міндетті түрде құрылып, несиенің қайтарылмай қалу жағдайында қолдану үшін пайдадан қалыптасады. Банктің сақтандыру резервтері көп болған сайын, оның сенімділік дәрежесі де көтеріледі. Арнайы қрорлар үш түрден тұрады: банктің қосымша меншікті қаражаттары (жарғылық пайда); негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде алынған қаражаттар
Аталған қорларды пайдалану акционерлердің жалпы жиналысы шешіміне сәйкес және «Кірістерді қалыптастыру мен пайдалану туралы ереже » сәйкес жүзеге асырылады.
Банктің экономикалық ынталандыру қорлары салық салудан кейінгі пайдадан құралады. Олар директорлар кеңесі мен банк кеңесінің шешімі бойынша матери алдың марапаттау, банк ісін дамыту, өндірістік және әлеуметтік даму және т.б үшін құралады.
Айта кету керек, қарастырылған қорлар банктің несиелік ресурстары болып табылады және банктің капитал құрылымына кіреді.
КБ-тер жеке опепациялар бойынша тәуелділіктерді түмендету үшін тиісті резервтік қорларды (несиелік тәуелділіктерді табу үшін) құруға құқығы бар. Бұл резервтер банктің меншікті қаражаттарын ұлғайтуда, оның сенімділігіне жағдай жасайды, бірақ банктің меншікті капитал құрамына кірмейді.
Информация о работе Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері