Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2013 в 20:54, курсовая работа
Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Кіріспе 3
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7
1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19
2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22
2.1 Акциялар 22
2.2 Облигациялар 24
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Ал акция - үлесті немесе
меншікті куәландыратын бағалы қағаз,
яғни акция қоғам шығаратын және
олардың түрлері мен
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға хақылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Егер акционерлердің ешқайсысы
аталған мерзімде осы құқықты
пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және
онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам
сатылатын акцияларды сатып алудың
артықшылықты құқығын акционерлердің
жалпы жиналысының тиісті шешімін
қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның
жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды
артықшылықпен сатып алу
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және онын қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған акциялардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта "ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы" заңында "бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі - халықтық қоғам) болып табылады" [53;І7] делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
ААҚ төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс. Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам, жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.
Қоғамды құру туралы шешім
қабылдаған жеке және заңды тұлғалар
қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі.
Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы
жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның
құрылтайшылары оны құруға байланысты
ол мемлекеттік тіркеуден өткенге
дейін туындаған мәселелер
Қоғамды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде табыcты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы деген қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал (бағалы қағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі - капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай жиналысында
құрылтайшылар қоғамды құру туралы
шешім қабылдайды, оның жарғысын бекітеді,
қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды
мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға
қол қоюға және ұсынуға, заңдарда
белгіленген тәртіппен мүлікті,
оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге
құрылтайшылар енгізетін
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін - айлық есепті көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін - 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.
Осымен қатар жарғыда
қоғам акционерлерінің
АҚ - заңды тұлға. Оның органдары:
• акционерлердің жалпы жиналысы;
• директорлар кеңесі;
• алқалы орган немесе басқарма;
• тексеру комиссиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші).
Қоғамның жоғары басқару органы - акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда, қоғамды басқару міндеті акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айтсақ, олар:
• қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
• қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату;
• қоғамның басқару органдарын сайлау;
• қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
• оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;
• қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа мәселелер.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп процентін иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға хақылы болып саналады.
Акционерлердің саны жүзден
асатын қоғамда, оның жалпы жиналысында
құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс
есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы
жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста
дауыс беру тәртібін түсіндіреді
және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын
шығарады. Акционердің жеке өзі немесе
өкілі арқылы жалпы жиналысқа
қатысуға және дауыс беруге міндетті.
Акционердің өзі жиналысқа
Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.
Қоғамның келесі басқару органы - директорлар кеңесі. Оның міндетіне:
• қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау;
• акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау;
• олардың күн тәртібін бекіту;
• қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау;
• таза табысты, резервтік капитал мен қоғамның өзге қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады. Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, яғни акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін қоғамның атқарушы органы жүзеге асырады. Ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Атқарушы орган қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, қызметкерлер штатын шығарып және қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.
Қоғамның атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган - тексеру комиссиясы. Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 процентінен астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.
Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді. Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қорытындысы бойынша жариялайды. Қорыта айтқанда, ашық және халықтық АҚ жыл сайын баспасөз басылымында қоғамның жылдық балансын және кірістері мен шығындары туралы есебін жариялауға міндетті. Халықтық қоғам тоқсан аяқталғаннан кейін жиырма күн ішінде балансы және табысы мен зияны туралы есептерді баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге тиіс. Қоғам облигациялар шығарған және орналастырған жағдайда да баспасөз басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.
АҚ-дардың көптеген құрылу жолдары
бар. Олар жұмыс істеп тұрған заңды
тұлғаны АҚ түрінде қайта құру,
олардың бірнешеуін біріктіру, қосу,
бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды
ұйымдастырудың осы айтылған жолдары
ҚР-ның Азаматтық кодексіне