Меншіктің акционерлік формасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2013 в 20:54, курсовая работа

Описание

Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.

Содержание

Кіріспе 3
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7
1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19
2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22
2.1 Акциялар 22
2.2 Облигациялар 24
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Работа состоит из  1 файл

Менш акцион формасы.docx

— 61.98 Кб (Скачать документ)

Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін қалуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иеленушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре қойған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, акционерлік  қоғамдардың ұйымдастырылуына орай басқа меншік формаларына қарағанда  артықшылықтары көп-ақ болғанымен кемшіліктерден құралақан емес. Оны біз осы жұмыс шеңберінде ашып көрсеттік.  өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі, облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигациядан пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша белгіленген соманы төлеуге міндетті емес. Егер компанияның дивиденд төлеуге ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.

1. Экономикалық реформаның басты мақсатының бірі – нақты анықталған мүлікті жауапкершілігі бар заңды тұлғалар құқығына кәсіпорынды бөліп беру. Акционерлік шарушылық формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары формасында және бағалы қағаздар формасында да қызмет етеді.   

2.  Нарықтық экономикаға өту стратегиясын жариялағаннан бастап ҚР Үкіметі мемлекеттік меншікті түрлендіруді жүргізіп отыр. Меншіктің монополияланған көлемі мен ауқымын, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ҚР Үкіметі ұзақ мерзімге арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру ұлттық бағдарламасын жасады.

3. Нарық, оның қазіргі түсінігінде бір меншік формасына монополияның болуын жоққа шығарып, олардың көп түрлілігін, экономикалық және саяси теңдігінің болуын талап етеді. Оны құру мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.

4. Акционерлік қоғам басқа да меншік формаларымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие. Кәсіпорынды ашық акционерлік қоғамға түрлендіру, оған ірі қаржы ресурстарын тез арада тартуға мүмкіндік береді. Акцияны сатудан түскен түсім эмитент-компанияның шотына түсіп, бизнесті жаңғырту, диверсификациялау және т.б. үшін қызмет етеді.

5. АҚ жарғылық қоры компанияның меншікті қаражаттары арасында ерекше орын алады. Біріншіден, жарғылық қор АҚ-ның жарғысында бекітілген тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті жүргізудегі акционерлік қоғамның құқығын көрсетеді. Екіншіден, ол қоғамның кейінгі қызметіне қуат беретін бастапқы (жаңа акционерлік қоғам ретінде құрылса) капитал шамасы.

6. Акция - АҚ-ның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын, жазбаша куәлік, меншік нысаны, бағалы қағазды білдіреді.

7. Акция бағасы әр түрлі көптеген факторлардың ықпалымен қалыптасады. Бір жағынан, ол ссудалық пайыз шамасына тәуелді, себебі АҚ-ға жұмсалған, яғни акция сатып алуға кеткен ақшалар, несиеге берілетін ақшалармен ұқсас болып келеді. Екінші жағынан дивиденд шамасына АҚ кәсіпкерлік қызметінің нәтижелігі тікелей әсер етеді.

8. Акционерлік қоғам әр түрлі акциялар шығарады және оларды иеленушілеріне қарай артықшылықтар береді. Мәлімдеуші және атаулы акциялар болады. Акциялар жай және артықшылығы бар болып та бөлінеді.

9. Облигацияның экономикалық жаратылысы жағынан үш ерекшелігімен сипатталады: 1) облигация шарушылықты несиелеу үшін пайдаланылатып капиталдарды шоғырландыру құралы; 2) облигация - біршама арзан және оңай сатып алынатын борыштық құрал; 3) облигация - ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.

10. Облигацияны қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларының құқықтарына байланысты жіктейді.

11. Өнеркәсіпті тұрақты табыс әкелетін облигациялардың салыстырмалы тартымдылығы, олардың акцияларға қарағанда номиналдық бағадан төмен сатылатындығында. Сонымен бірге, облигацияның келісім бойынша өтелуі номиналдық емес болса, онда жоғары бағаммен жүзеге асырылады. Мұндағы үстеме баға ажио деп аталады.

12. Бағалы қағаздар нарығын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың салааралық қайта бөлінуін ауыстыруға, нарықтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыруға, бұл нарыққа капиталдың салааралық қайта бөлінуін реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болуға мүмкіндік береді.

13. Бағалы қағаздар нарығының міндеті - бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын баға бойынша ақшалай қаражаттардың инвестициялануын қамтамасыз етеді.

14. Биржа ісіндегі листинг - бұл биржа тізіміне бағалы қағаздар эмитенттерінің бірқатарын енгізу болып табылады. Қор биржасының листингіне ену - бұл эмитент-компанияның тұрақтылығын куәландырады, себебі қор биржасы ондағы айналысқа түсетін тауарлардың сапалылығын растайды.

15. Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін, нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет.

Біз бағалы қағаздар туралы айта келіп сөзімізді қорытындылау барысында Қазақстан Республикасында  тұңғыш рет сонау жекешелендіру  жылдарында халыққа берілген купондардың  қайтарымы болғанын атап өткіміз  келеді.

Сол жылдары құрылған 57 жекешелендіру  қорларының арасынан тек қана жалғыз «Бутя-капитал» қоры ғана халықтың бағалы қағаздарының дивидендін биыл берді. Бұл  да болса бағалы қағаздарға деген  халық сенімін арттыратын қадам  деп ойлаймын. Мүмкін келешекте акционерлік  қоғамдардың акциялары халық  арасында сұранысқа ие болып, олар биржадағы  котировка курстарын жіті бақылайтындар  қатарына кірер деген үміттемін. Әзірге бірақ мұндай жетілген капитализмнің  ауылы әлі де алыста сияқты. «Үмітсіз шайтан» деген...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж 
  2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж
  3. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж.
  4. Журнал «Рынок ценных бумаг» Москва 2000/11
  5. Қаржы-Қаражат Алматы 2001/03
  6. Құнды қағаздар нарығы  Экономика 2000 ж.
  7. Журнал «Финансы и кредит» 2003/2
  8. Журнал «Финансы и кредит» 2002/11
  9. Карагусов Ф. Ценные бумаги и регулирование их обращения в Республике Казахстан. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1995 г.

10. Шалгимбаева Г.Н. Рынок  ценных бумаг: Механизмы государственного  регулирования. Алматы. Қаржы-қаражат. 1997 г.

 

 

 

 


Информация о работе Меншіктің акционерлік формасы