Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 20:25, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы «Капитал және пайыз теориялары ». Ол 3 бөлім бойынша қарстырылған. Бірінші бөлімде капитал және инвестицияға түсініктемені қарастырдым. Капитал дегеніміз – тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал – жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар. Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым.
Кіріспе...........................................................................................3
1-тарау. Капитал теориясы және капитал мен
инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы.......5
1.2. Инвестицияның экономикадағы мәні..................................................7
1.3 .Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы....................................13
2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1 Пайыз беретін капитал..........................................................................19
2.2 Несие және жалған капитал теориялары.............................................21
2.3 Ақша капиталы......................................................................................24
3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1 Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері.......................27
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты...............................................28
Қорытынды.................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................33
Мазмұны
Кіріспе..................
1-тарау.
Капитал теориясы және
капитал мен
инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы.......5
1.2. Инвестицияның
экономикадағы мәні..........................
1.3
.Капитал теориясына К.
2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1
Пайыз беретін капитал.........
2.2
Несие және жалған капитал
теориялары....................
2.3
Ақша капиталы.................
3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1
Инвестицияның экономикадағы
3.2
Қазақстанның инвестициялық саясаты.......................
Қорытынды................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы «Капитал және пайыз теориялары ». Ол 3 бөлім бойынша қарстырылған. Бірінші бөлімде капитал және инвестицияға түсініктемені қарастырдым. Капитал дегеніміз – тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал – жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар. Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым. Енді инвестицияға тоқталайық, инвестиция – бұл күрделі қаржының алуан түрлері. Инвестицияның экономикадағы мәні ерекше болып келеді. Инвестицияның негізгі бағыттары мыналар: құрылыс салуға, жаңа техника және технология сатып алуға, шикізат пен материалдарды қосымша алуға және т.б.
Капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтарымен ақшалай жинақтары.Капитал сөзі латынның «caputa», яғни бас сөзінен шыққан кейінен «капитал» сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда болды: біріншісі - «бас, басты», екіншісі - «байлық».
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар.
Капитал жинақталған мүлікте және байлықта емес. Ол үнемі қозғалыста болатын құн, осының нәтижесінде қосымша құн әкелетін құн. Капитал әрдайым үздіксіз айналымда болатын құн. Осыларды тұжырымдай келіп К.Маркс: «Капитал дегеніміз қозғалыс, әр түрлі сатылардан өтетін ауыспалы айналым процесінің үш түрлі формасын қамтитын процесс. Сондықтан капиталды тыныштықта тұратын зат деп түсінбей, қозғалыс деп түсінуге болады», - деп атап көрсетті.
Капитал ауыспалы айналымының салаларынан өткенде әр түрлі қызмет атқарады. Оны капиталдың функциялық формасы деп те атаймыз.Олар: ақша, өндіргіш және тауар формасындағы капиталдар.
Капиталдың ауыспалы айналымы дегеніміз – қозғалыс процесінде біртіндеп бір формадан екінші формаға айналып, әртүрлі қызмет атқарып, әдепкі формасына молайған көлемде қайта оралған капитал.
Ал екінші бөлімде пайыз және кәсіпкерлік табысты қарастырдым. Бұл бөлімде пайыз беретін капиталды, несие және жалған капиталды, ақша капиталы туралы тақырыпшаларға түсініктеме бердім. Жалпы алғанда ақшаның капиталға айналуы, несиенің кең және тар мағынасының қолданылуы және пайыз келтіретін капитал – қызмет атқаратын капиталға қарама-қарсы меншіктегі капитал екені айтылған.
Үшінші
бөлімде Қазақстан Республикасындағы
экономикада шетелдік инвестициялардың
рөлін қарастырдым. Шетелдік инвестициялардың
экономикадағы рөлі мен орны бойынша тура
инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей
түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын
қалыптастырады, басқару мен маркетингтің
жаңа формаларының жедел түрде енуін және
т.б., сонымен бірге ұлттық экономиканың
құрлымын өзгертеді. Қорыта келгенде еліміздегі
шетелдік инвестициялардың рөлі экономикадағы
алатын орны ерекше деуге болады.
1-тарау.
Капитал теориясы және
капитал мен инвестицияға
түсініктеме
Капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтарымен ақшалай жинақтары.Капитал сөзі латынның «caputa», яғни бас сөзінен шыққан кейінен «капитал» сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда болды: біріншісі - «бас, басты», екіншісі - «байлық».
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А.Смит (1723-1790жж) пен Д.Рикардо (1772- 1825) және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самуэльсон, У.Нордхауздың ойынша, капитал - бұл өндіріс құрал -жабдығы, Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж) және ағылшын экономисі Джон Робинсон (1903-1983жж) т.б. , капиталды - бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқада көзқарастар бар: капитал - бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал - бұл уақыт.
Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әр түрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс - құрал жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады.
Капитал қосымша құн өндіру сипатына қарай екі түрге бөлінеді: тұрақты және өзгермелі капитал.
Тұрақты капитал дегеніміз - өндіріс құрал – жабдықтарына сіңген және еңбек процесінде өз құнының көлемін бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі.
Өзгермелі капитал – жұмыс күшіне сіңген және өндіріс процесінде өз құнын дереу бірден өзгеретін капиталдың бөлігі.
Тұрақты капитал – С, өзгермелі капиталға - таңбасымен белгіленеді. Бұлар осы ұғымды беретін грек сөздерінің бас әріптері.
Тұрақты капиталға (С) жататындар: үйдің, құрылыстардың, ғимараттардың, машиналардың, құрал –саймандары, шикізаттардың, отынның, қосалқы материалдардың және т.б. құндары.
Өзгермелі капиталға жұмысшы күшінің құны жатады.
Тұрақты және өзгермелі капитал әр кезде байланыста, өзара қатынаста болады. Бұл қатынастың үш түрін ажырата білу қажет.Олар капиталдың техникалық, құндай және органикалық құрылымы.
Капиталдың органикалық құрылымы дегеніміз - өндіріс техникасындағы өзгерістерді белгілейтін тұрақты және өзгермелі капиталдардың арасындағы қатынастар [1].
Осылардың арасындағы зат формасындағы қатынасты капиталдың техникалық құрылымы, ал құн формасындағы қатынасты капиталдың құндық құрылымы деп атаймыз.
Капитал жинақталған мүлікте және байлықта емес. Ол үнемі қозғалыста болатын құн, осының нәтижесінде қосымша құн әкелетін құн. Капитал әрдайым үздіксіз айналымда болатын құн. Осыларды тұжырымдай келіп К.Маркс: «Капитал дегеніміз қозғалыс, әр түрлі сатылардан өтетін ауыспалы айналым процесінің үш түрлі формасын қамтитын процесс. Сондықтан капиталды тыныштықта тұратын зат деп түсінбей, қозғалыс деп түсінуге болады», - деп атап көрсетті.
Капитал ауыспалы айналымының салаларынан өткенде әр түрлі қызмет атқарады. Оны капиталдың функциялық формасы деп те атаймыз.Олар: ақша, өндіргіш және тауар формасындағы капиталдар.
Капиталдың ауыспалы айналымы дегеніміз – қозғалыс процесінде біртіндеп бір формадан екінші формаға айналып, әртүрлі қызмет атқарып, әдепкі формасына молайған көлемде қайта оралған капитал.
Сонымен
қатар К.Маркс капиталданған
Негізгі капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Құнның өндірген өнімге тозөу дәрежесіне сай біртіндеп сіңіреді. Оның құны иесіне бірден және толығынан қайтпайды. Керісінше тозу дәрежесіне сәйкес, ақша формасында, біртіндеп қайтады[2].
Өндіргіш капиталының келесі бөлігі – айналмалы капитал. Құны өндірілетін өнімге бірден, түгелімен сіңеді. Иесіне капиталдың әрбір ауыспалы айналымынан кейін, ақша формасында, түгелдей қайтып келеді.
Капиталдың негізгі және айналмалы капитал болып бөлінуі олардың өндіріс процесінде атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты.
Негізгі
және айналмалы, сондай-ақ тұрақты және
өзгермелі капиталдар арасында қатынастар
бар. Ол осы капиталдар неден тұратындығын
көрсетеді.Схема түрінде
Негізгі капитал табиғи және моральді түрде тозады.
Еңбек құралдары пайдалану кезінде тұтыну құнын біртіндеп шығарылған өнімге сіңіру арқылы жоғалтып отыру процесін негізгі капиталдың табиғи тозуы деп аталады.
Негізгі капиталдың моральдық тозуы, табиғи тозу дәрежесіне байланыссыз тиімсіз болып қалуы.
Капиталдың
барлық авансыланған құн өндіріс
және айналыс свалаларынан өтетін мерзімді
капиталдың айналым уақыты деп аталады.
1.2 Инвестицияның экономикадағы
мәні
Инвестицияның экономикадағы мәні ерекше зор, сондай-ақ қызметтері ерекше бағаланады.
Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды.Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі – жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субьектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады.Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді.Инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауылшарушылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда "жинақшы" мен инвестор сәйкес . Инвестиция мынадай факторларға тәуелді: біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді.Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.Екіншіден, инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады [4].
Сонымен, инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ – табыстың қызметі. Демек, қазіргі кейнсиандық концепцияның мәні мынада болады: инвестиция мен жинақ қозғалысы, әр түрлі факторлар мен анықталады. Ал қазір инвестициялық процеске ықпал ететін жайларды анықтауды жалғастырамыз.