ҚР инвестицияның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 20:25, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың тақырыбы «Капитал және пайыз теориялары ». Ол 3 бөлім бойынша қарстырылған. Бірінші бөлімде капитал және инвестицияға түсініктемені қарастырдым. Капитал дегеніміз – тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал – жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар. Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................3
1-тарау. Капитал теориясы және капитал мен
инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы.......5
1.2. Инвестицияның экономикадағы мәні..................................................7
1.3 .Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы....................................13
2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1 Пайыз беретін капитал..........................................................................19
2.2 Несие және жалған капитал теориялары.............................................21
2.3 Ақша капиталы......................................................................................24
3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1 Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері.......................27
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты...............................................28
Қорытынды.................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................33

Работа состоит из  1 файл

капитал жане пайыз.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

                        1.3 Капитал теориясына К.Маркстың  көзқарасы 

     «Капитал» - Маркстің 1851 жылдан бастап өмірінің соңына дейін жасаған негізгі еңбегі. 1857-1858 жылдары «Капиталдың» тұңғыш нұсқасы, алғашқы жобасы – «Саяси экономия сыны» қолжазбасы жарық  көрді. Онда алғашқы рет тауар  арқылы жүзеге асқан, еңбектің екі жақтылық сипаты туралы ереже алға жылжытылды, тұрақты және өзгермелі капитал түсінігі, абсолютті және салыстырмалы қосымша құн түсінігі енгізілді, «қосымша құн» және «пайда» категорияларының арқатынасы қарастырылды. 1859 жылы алғашқы рет және жалғыз басылым – «Саяси экономия сыны» жарыққа шықты, осыдан кейін Маркс зерттеушілік қызметпен және үлкен біртұтас туынды «Капиталды» жарыққа шығару жұмыстарымен айналысты.

     Маркстің  «Капиталының» бірінші томы 1867 жылы жарық көрді. Жеті бөлімнен, 25 тараудан тұратын бірінші том – абстрактылық категориялардан бастап және нақты экономика туралы тұтастай түсініктермен аяқталды (3үлгіні қараңыз).

     Қорытындысында  К. Маркс капиталзмнің табиғи түрде  құруы және жұмысшы табының жеңісі туралы идеяға келеді.

     Бірінші томдағы зерттеу пәні қосымша құн өндіру мен капиталды жинақтау процесін құрайды. Талдау, тауарлық өндірістің неғұрлым абстрактылы категориясы – тауар категориясынан басталады. Маркс тауардың ішкі қарама қайшылықтарының дамуын құн формасының дамуы: кездейсоқтықтан толық ақшалай арқылы дамуын қарастырады. «Капиталдың» бірінші томының бірінші тарауында «құн» және «айырбас құны» түсінігінің айырмашылығы айқын түрде ажыратылады [3]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     «Капиталдың»  негізгі идеиялары 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Бұл тауардың арнайы бөлімі тауар фетишизмін сипаттауға арналған. Бірінші томның екінші бөлімінде ақшаның капиталға  айналу процесі қаралады және өзіндік  сипатты тауар «жұмыс күшін» сату, сатып-алумен байланысты капиталдың жалпыға бірдей формуласындағы қарама қайшылық қалай шешілетіні көрсетілген.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Тауар – «жұмыс күшін» көрсету, алғашқы  рет еңбек құн теория тұрғысынан, қосымша құнның өмір сүретінін түсіндіруге  мүмкіндік берді, Маркс капиталистік өндіріс процесінің екі жақтылық сипатын көрсетті, тұрақты және өзгермелі капиталды, қосымша құнның екі формасы – абсолюті және салыстырмалы формаларды, олардың қарапайым кооперация, мануфактура және фабрика жағдайларында дамуының жалғастық кезеңдерін сипаттады.

     «Капиталдың»  бірінші томында құн формасының жұмыс күшінің бағасына айналуы  ретінде қатысатын – кесімді  және мерзімді еңбекақының негізгі  екі формасы зерттеледі. Маркс  капиталистік жинақтау процесі: капитал  құрылымы, жинақтау үлгілері, жинақтау процесінің жұмысшы табының жағдайына тигізетін әсерін талдауға үлкен көңіл бөлді. «Капиталдың» бірінші томы капиталистік жинақтаудың тарихи үрдістерін зерттеумен аяқталады.

     «Капиталдың»  бірінші томы жарияланғаннан соң  Маркс екінші томның қолжазбасымен  жұмыс жасады, алайда өкінішке қарай оның мезгілсіз қазасы, бұл істі аяқтауға мүмкіндік бермеді. Екінші томның материалдарын өңдеуде  оны жарыққа шығаруда  Ф. Энгельс өлшеусіз үлкен жұмыс атқарды.

     «Капиталдың»  екніші томы 1885 жылы жарыққа шықты. Ол алдымен жеке, содан соң қоғамдық капиталға қолданылатын, өндіріс пен айналымның біртұтастығы ретінде ұдайы өндіріс процесін зерттеуге арналған     

     Маркс капиталдың ақшалай, өндірістік және тауарлық үш функционалдық формасының айналымын  талдады. Осы томда негізгі және айналым капиталы, сондай-ақ айналым шығындары категорияларын енгізді. Өндірістік капиталдың екі жақты сипатын қарастыра отырып, Маркс мерзімді экономикалық циклдер ретінде нақты айналымды атап көрсетеді.

     Қоғамдық  капиталдың ұдайы өндірісін зерттей  отырып, осыған орай Ф. Кэненің «Экономикалық кестесіне» («қисық сызықтары») сүйену арқылы, Маркс қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс схемасын құрды. Онда қоғамдық өндірістің екі бөлімі: өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары өндірісі арасындағы айырбастың қалай жүзеге асырылатындығы көрсетілген. 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     «Капиталдың»  үшінші томын баспаға даярлау  Энгельстен, екінші томға қарағанда, әзірлікті әлде қайда көп талап  етті. Қолжазба материалдары қайта  терең өңдеу негізінде бірдей болып шықпады. Кейбір бөлімдері, одан әрі жұмыс істеу үшін ескертпелер түрінде нұсқа ғана болды. Көптеген сұрақтар экономиканың өзгерістерімен байланысты, түзетулер мен нұсқаулар енгізуді талап етті. Сауда капиталы мен несиеге арналған қолжазба бөлімдері маңызды түрде жетілдіруді тіледі. Жекелеген тарауларға Энгельс, капитализмнің даму жаңа сатыдан өткендігін атап отырып, акционерлік компаниялар шеңберінде өндірісті қоғамдастырудың неғұрлым жоғары формаларын атап көрсетті. Төртінші тарауды Энгельс толықтырып өзі жазып шықты, бұл тарау пайда нормасына әсер ететін факторларды талдауға арналған. Энгельстің «Құн заңы мен пайда нормасы» және «Биржа» тақырыптары каитализм экономикасындағы жаңа құбылыстарды сипаттайтын мақалалар. Бұл  «Капиталдың» үшінші томына толықтыру болып саналады. Сөйтіп, Энгельсті «Капиталдың» екінші және, ерекше түрде, үшінші томдардың тең авторы деп айтуға болады.

     «Капиталдың»  үшінші томы 1894 жылы басылып шықты. Онда капиталистік өндіріс, барлық күрделілігімен, оның үстіртін экономикалық формалары мен күнделікті экономикалық өмір қандай болса, сол түрде зерттелді        (6 үлгіні қараңыз).

     Ең  алдымен, мұнда қосымша құнның өндіріс  бағасына айналу процесі көрсетілген. Содан соң сауда және сауда  капиталы, олардың өнеркәсіп капиталымен  байланысы және соларға сәйкес кірістер – сауда пайдасы мен ссудалық пайыз егжей-тегжейлі талданды. Ауыл шаруашылығында және кен өндіруші өнеркәсіптегі ренталық қатынастардың дамуына «Капиталдың» үшінші томында ерекше назар аударылған.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Дифференциалдық және абсолюттік рентаны талдай отырып, Маркс еңбек құны теориясының негізінде (абсолюттік) рентаның  өмір сүруін түсіндірді. Сөйтіп, «Капиталдың» бірінші, екінші және үшінші томдарында неғұрлым қарапайым абстрактылық категориялар мен анықтамалардан нақты экономикалық өмірдегі олардың көрінісі мен өзара байланысын талдауға дейінгі қозғалыс нәтижелерін білдіретін тұтастай теориялық экономикалық жұмыс баяндалды [9].

       «Капиталда» Маркс буржуазиялық  саяси экономияның классикалық  мектебінің бетпе-бет келген қайшылықтарын шешуге және сол арқылы оның шеңберінде басталған зерттеулерді аяқтауына мүмкіндік туды. Экономикалық ілімдер тарихында «Капитал» сан мыңдаған жалдамалы жұмыскерлер табының экономикалық мүдделерін білдіретін тұтас теория ретінде ғана емес, сонымен бірге экономика саласындағы іргелі (фундаменталды) зерттеу үлгісі ретінде айрықша маңызды орын алады [3].

     «Капиталдың»  төртінші томын («Қосымша құн теориясы») Маркс 1863 жылы жазып бітсе де, ол тұңғыш рет К. Каутскийдің көмегімен 1905 жылы неміс тілінде басылып шықты. Кітапта, меркантилистер мен физиократтардың ілімінен бастап қосымша құн жасау мен оның көрінуінің әртүрлі формаларына салыстырмалы түрде реформалық буржуазялық саяси экономия өкілдерінің көзқарастарымен аяқталатын экономикалық теорияның тарихи-сын очерктері берілген. Маркс, классикалық буржуазиялық саяси экономия қалай пайда болды, ол қалай дамыды және оның шыңы –Д. Рикардоның экономикалық теориясына қалай қол жеткізілгенін баяндайды. Содан кейін барып рикардолықтардың қалай ыдырағаны, сондай-ақ буржуазиялық экономиялық теорияның реформалануын көрсетті. Ол экономикалық теория сынымен қатар, негізінен, жалпы өндіріс пен капиталистік өндіріс процесі үшін, капиталистік экономикадағы циклдар, экономикалық дағдарыстар мен олардың мерзімділігінің материалдық негіздері үшін өнімді және өнімсіз еңбек категорияларына қатысты өзіндік ой-пікір, көзқарастарын дамытқан. Бұл көзқарастар үшінші томда кеңінен баяндалған, мұнда Маркстің абсолюттік рента мәселесі көрініс тапты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс 

                                    2.1 Пайыз беретін капитал 

     Пайыз ең әуелі пайданың, яғни қосымша  құнның бөлігі ретінде - қызмет атқаратын  капиталистің, өнеркәсіпшінің немесе сатушының өз капиталы емес, қарызға  алған капиталды қолданатын болғандықтан, сол капиталдың меншікті иесіне, кредиторға төленуге тиісті бөлігі ретінде көрінеді, бұл ең әуелгі көрінісі  және шын мәнінде солай болып қалады.  
Пайыз нарқы нольге неғұрлым жақындаған сайын, яғни, мысалы, 1% - ке дейін төмендеген сайын қарызға алынған  капитал меншікті капиталмен соғұрлым көбірек бірдей жағдайда бола бастайды. Ақша капиталы ақша капиталы ретінде өмір сүруге тиісті болып тұрған кезде ол үнемі қайта - қайта қарызға беруге тиіс, соның өзінде алынып жүрген пайыз бойынша, айтайық 1% бойынша және ылғи сол бір өнеркәсіп және сауда капиталистерінің табына берілуі тиіс. Өнеркәсіп және сауда капиталистері капиталистер есебінде қызмет атқарып тұған кезде қарызға алынған капитал арқылы қызмет атқарушы мен өзінің меншікті капиталымен қызмет атқарушының арасындағы айырмашылық тек  мынау ғана болады: біреуі пайыз төлеуге тиісті де, екіншісі пайыз төлеуге тиісті емес; біреуі барлық пайданы өзінің қалтасына салады, ал екіншісі p - z  - ны пайызды шығарып тастағандағы пайданың қалтасына салады: z нольге неғұрлым жақын келсе, р-z соғұрлым р - ға  жақын келеді, демек, екі капитализм соғұрлым бірдей жағдайда көбірек болады. Біреуі капиталды кері қайырып, тағы қарызға алуға тиіс; ал екіншісі, капиталық қызмет атқаруға тиісті болғандықтан, ал бұлда капиталын өндіріс процесіне үнемі қайта - қайта авнсқа беріп отыруға тиіс және оны осы процестен басқа ешқандай жолмен пайдалана алмайды.Қарызға алынған капиталдың көмегімен жұмыс жүргізетін өндіруші капиталист үшін жалпы екі бөлікке: оның кредиторға төлеуе тиісті болатын пайызға және пайдадағы пайыздан артық қалатын, оның өз үлесін құрайтын бөлігіне бөлінеді. Егер пайданың жалпы нормасы белгілі болса, онда бұл соңғы бөлігі пайыз нарқымен белгіленеді; егер пайыз нарқы белгілі болса, онда бұл бөлігі пайданың жалпы нормасымен белгіленеді. Онан кейін: жалпы пайда, барлық пайда құнының шын мөлшері әрбір нақты жағдайда орта пайдадан қаншама ауытқыса да, оның қызмет атқарушы капиталиске тиісті бөлігі пайызбен белгіленеді, өйткені бұл пайыз пайыздың жалпы нарқымен белгіленеді және ол өндіріс процесі басталмастан бұрын яғни оның нәтижесі, жалпы пайда алмастан бұрын белгілі болатын мөлшер деп саналады[10].

     Пайданың  бір бөлігін капиталдың бір анықтамасында пайыз түрінде енді өзінен - өзі капиталға тиісті болатын жеміс болып табылады; екінші бөлігі капиталдың басқа, қарама - қарсы анықтамасында оның ерекше жемісі болып саналады, сондықтан кәсіпкерлік табыс болып көрінеді; бір бөлігі капиталға меншік иесі болудың ғана жемісі, екінші бөлігі бұл капиталмен жұмыс жүргізудің ғана жемісі, процесс жасайтын капиталдың жемісі, немесе белсенді капиталистің атқаратын қызметтерінің жемісі болып көрінеді.

     Пайыз келтіретін капитал тарихи жағынан  даяр, көне формада орын алып келеді, сондықтан капитал өндірген қосымша құнның даяр формасы ретіндегі пайызда капиталистік өндірістің әдісі болмастан және оған сай капитал мен пайыздар туралы ұғым тумастан әлдеқайда орын алып қалады.

     Пайыз келтіретін капитал жөніндегі сипаттама мында жатыр. Өзінің ақшасының пайыз келтіретін капитал ретінде жұмсағысы келетін ақша иесі әлгі ақшасын үшінші адамға береді, оны айналысқа шығарады, оны капитал ретіндегі, - өзі үшін ғана емес, сонымен қатар басқалар үшінде капитал ретіндегі, - тауар етеді. Капитал ретінде қарызға берілетін тауар, өзінің қаситеіне қарай, негізгі капитал не айнымалы капитал ретінде қарызға беріледі. Ақша қарызға екі формада берілу мүмкін, мысалы, ақша қайтадан өмірлік рента формасында төленетін болған ретте негізгі капитал ретінде беріледі; мұндайда пайызбен бірге бір бөлігі де әр дайым кейін қайтарылуда.

     Пайыз дегеніміз капиатлдың бағасы деу - әуел басынан ақ мүлде иррационалды сөз. Әңгіме пайыз келтіретін капитал  жайында болса, капиталдың авансқа  берілуі оны кредитордың несие алушыға жай беруі сияқты іске асқан капиталдың қайта оралуы несие алушының кредиторға жәй қайырып беруі, капиталды пайызбен қайта төлеуі сияқты. Пайыз келтіретін капитал үшін мүлде сырттай қаралатын бір нәрсе сияқты: кредитроға белгілі бір мерзім үшін белгілі бір пайыз жай ғана төленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.2 Несие және жалған капитал теориялары 

     Несие кең мағынада (лат. creditum - несие, қарыз) - бұл экономикалық серіктестер арасындағы келісімшарт, ссуда нысанындағы, яғни мүлікті немесе ақшаны басқа тұлғаға (жеке тұлға және заңды тұлға) пайыз төлеу және қайтарылудың мерзімін ұзарту шартында беру.

     Несие алғашқы дәуірдегі қауымның ыдырау кезеңінде пайда болды. Бастапқыда, ол натуралды түрде берілетін (дән, мал және т.с.с. ) ал,даму кезеңінде айырбас ақшалай түрде жүрді.

Информация о работе ҚР инвестицияның дамуы