Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 20:25, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы «Капитал және пайыз теориялары ». Ол 3 бөлім бойынша қарстырылған. Бірінші бөлімде капитал және инвестицияға түсініктемені қарастырдым. Капитал дегеніміз – тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал – жабдықтары мен ақшалай жинақтары . Осы бөлімде капиталдың айналымын және түрлеріне тоқталдым. Капиталдың тұрақты және өзгермелі түрлері бар. Сонымен қатар тұрақты және өзгермелі капиталдардың негізгі және айналмалы капиталдардың қатынастары мен байланыстарын қарастырдым.
Кіріспе...........................................................................................3
1-тарау. Капитал теориясы және капитал мен
инвестицияға түсініктеме
1.1. Капиталдың экономикалық мәні, маңызы, түрлері, айналымы.......5
1.2. Инвестицияның экономикадағы мәні..................................................7
1.3 .Капитал теориясына К.Маркстың көзқарасы....................................13
2-тарау. Пайыз және кәсіпкерлік табыс
2.1 Пайыз беретін капитал..........................................................................19
2.2 Несие және жалған капитал теориялары.............................................21
2.3 Ақша капиталы......................................................................................24
3-тарау. ҚР инвестицияның дамуы
3.1 Инвестицияның экономикадағы орны, оның түрлері.......................27
3.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты...............................................28
Қорытынды.................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................33
Несие тар мағынада - ссудалық капиталдың қозғалысы, бұл қозғалыс жеделдіктің, қайтарылымдылықтың және төлемдіктің бастауында жүзеге асады. Несиенің тар мағынасы тек ақша қарыздарын ұйғарады. Несие үшін төлем оның бағасы болып табылады және өсім-процент түрінде болады. Айналым процесінде босатылған фирманың ішкі құралдары несиенің қайнар көздері болып табылады[5].
Оларды қарастырамыз.
1.
Негізгі капитал айналымға
2.
Жаңа шикізатты сатып алу және
дайын өнімді сату уақытының
сәйкес келмеуімен байланысты, айналым
капиталының бір бөлігі
3. Төлем уақыты келмегенше, еңбек ақы төлеуге арналған ақшалар, уақытша бос ақша капиталы бола алады.
4. Өндірісті кеңейту үшін, яғни табысты капитализациялау үшін, оны қажетті мөлшерде жинау керек, ал оған дейін оны несиеге беруге болады.
Несие негізгі екі функцияны атқарады:
1.
Несие көмегімен фирма, аудан
және сала арасында ақша
2.
Несие айналымдағы нақты
Несие беру тәсілі бойынша несие натуралды және ақшалай деп ажыратылады.
Натуралды несие беруде несие нысандары болып инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары табылады.
Ақшалай несиенің нысандары: ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акциялар, вексельдер, облигациялар және басқа да міндетті қағаздар.
Несие беру мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді несие, мұнда бір жылға дейін беріледі;
- орта мерзімді несие, 2жылдан 5жылға дейін;
- ұзақ мерзімді несие, 6 жылдан 10 жылға дейін;
- арнайы ұзақ мерзімді несие, 20 жылдан 40 жылға дейін.
Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.
Халықаралық
несие - бұл ссуалдық капиталдың
халықаралық экономикалоық
Мемлекеттік несие - мемлекет несиені халыққа және жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік заем облигациялары болып табылады.
Банктік несие - несие-қаржылық мекемелер (банк, қорлар және т.б.) кез келген шаруашылық субьектілеріне (фирмаға жеке кәсіпкерлерге т.б.) ақша ссудасы түрінде береді.Бұл – ссудалық капиталдың несиесі, оның обьектісі – ақша.
Коммерциялық несие – бұл несиені шаруашылық тұлғалары басқаларына төлемнің мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату түрінде беріледі. Бұл – тауар несиесі. Оның обьектісі – тауарлы капитал. Ол тауар айналымын тездетіп, айналымға керек түрде ақша массасын қысқартады.
Тұтынушылық несие – жоғары процентке (30% ) көбіне анықталған мерзімге ( 1жылдан 3жылға дейін ) жеке тұлғаға беріледі.Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы немесе банктік ссуда беру түрінде беріледі.
Ипотекалық – кепілдік несие – несие кепілдеме түрінде беріледі,яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қоғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып (оған жер, құрылыс, ғимарат жатады.) беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады.
Несиелік қатынастың тұлғалары: мемлекет, кәсіпорындар, үй шаруашылығы, банктер, сақтандыру компаниялары, әр түрлі қорлар, шіркеу және т.б. Олардың арасында несиелік қатынас қалыптасады.
Несиелік жүйе – валюта - қаржылық мекемелердің кешені, бұл кешен айналымдағы бір ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді.
Жалған (алдамшы) капитал – құнды қағаздар: акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа түрлерде көрінетін капитал. Оның пайда болуы қызмет атқаратын (яғни өндірістік) капиталмен тікелей байланысты. Мұндай қағаздардың шығуымен капитал бөлінеді. Бір жағынан, өндірістік капитал түрінде нақты капитал, екінші жағынан, оның құнды қағаздардағы көрінісі өмір сүреді[1].
Шын капитал өндіріске жұмсалып, осы салада қызмет атқарады.Ал бағалы қағаздар капиатлдың қағаз түріндегі дубликаты, көшірмесі. Жалған капиталдың пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметтердің ұлғайып, күрделенуі нәтижесінде, көп көлемде несие ресурстарын қолдану қажеттілігімен байланысты. Сөйтіп жалған капитал тарихы қарыз капиталы негізінде дамиды, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу дегеніміз ақша капиталының бір бөлігінен қарызға берумен бірдей. Ал қарыздың өзі несиелік құжат түрін қабылдамайды, тек ол арқылы тұрақты түрде табыс келтіру құқына ие болады. Табыс қарызға берген капитал үшін процент немесе дивиденд түрінде түседі. Осындай операциялар нәтижесінде пайда болған қағаз (меншікті аты) оның иесіне қарызға берілген капиталдың меншікті құқын сақтап, оны процент пен дивиденд есебінен көбейту мүмкіндігін береді. Пайда болған алдамшы капитал өз алдына өмір сүре бастайды. Ол мынадан көрінеді: оның құны (қағаздардың жиынтық курстық бағасы) тек қағпздың құндылығын білдіретін өндірістік капитал қызметінің әсерімен өзгеріп ғана қоймай, сонымен қатар ( кейде айтарлықтай дәрежеде) басқа факторлардың,айталық саяси жағдайлармен байланысы да өзгереді.
Жалған капиталдың құны істегі капиталдың мөлшеріне қарай да ауытқуы мүмкін: оның бірнеше есе көтеріліп, тіпті азайып, қысқаруы мүмкін. Өндірістік капиталға бағынышты емес бағалы қағаздардың өмірі рынокта өз бетінше айналуынан да көрінеді. Теориялық тұрғыдан, біріншіден, қарыз беру актысының нәтижесінде меншіктегі капиталдан қызмет капиталы бөлінеді және екіншіден, жоғары дәрежеде өтімділігі бар қағаз ақша капиталы қолма-қол қаржыға айналу қабілеті бар ақшаға айналады.
Алдамшы, жалған капиталдың
Жалған капиталдың мөлшері =Бағалы қағаздар/орт. %-тік ставкасы×100%
Жалған
капиталдың атқаратын негізгі қызметі
сатушылардың ақша қаржыларын өндірісті
ұйымдастыру мен ұлғайтуға жұмсау. Тағы
бір қызметі ақпараттық хабарламалар
тарату. Бағалы қағаздар рыногындағы жағдай
инвесторларға елдегі экономикалық коньюнктура
туралы ақпарат беріп, капиталын қайда
жұмсауға болатындығына бағыт – бағдар
сілтейді.
2.3
Ақша капиталы
Капитализмнің пайда болып және дамуы үшін негізгі алғы шарттардың бірі – жоғары дәрежеде дамыған тауар-ақша қатынастары. Экономикалық байланыстар ақша көмегімен іске асады.Тарихи тұрғыдан алып қарағанда капитал ақша формасында дүниеге келді. Ақша капиталдан ертерек пайда болды. Мысалы, ақша тауар айналысына қатысады. Мұнда тек айналыс құралы ретінде пайдаланылады, ешқандай пайда әкелмейді. Капитализмге дейін капиталдың бірнеше түрі болды. Олар тек айналыс процесінде әрекет етіп өз иелеріне пайда әкелді.
Капитализде жағдай мүлде өзгереді.Пайда табудың жолы – жалдамалы еңбекті аяусыз қанау, қосымша құн өндіру, ақшаны капиталға айналдыру.
Айналмалы капиталдың негізгі капиталға айналуы елдің ақша капиталын қалайша кемітеді, - бұл мүлде түсініксіз нәрсе; өйткені, мысалы, сол кезде көбіне - көп капитал жұмсалған темір жолдар құрылысын жүргізетін кезде өткел – көпірлер салуға немесе рельстер әзірлеуге керекті материал ретінде алтын да, қағаз ақша да пайдаланылған емес, ал темір жол акцияларына деген ақша, сол акцияларды сатып алу кезінде депозитке салынғандықтан , банкке солай салынған барлық басқа ақшалар сияқты қызмет атқарады.
Ақшаның өндіргіш капиталға айналуына қарағанда ақшаның қарыз ақша капиталына айналуы әлдеқайда оңай.Біз мұнда екі нәрсені ажырата білуіміз керек:
-ақшаның қарыз капиталына жай айналуы;
-капиталдың немесе табыстың қарыз капиталына айналатын ақшаға айналуы;
Қарыз капиталының жинақталуы, шамадан тыс молаюы оның өзі өндіргіш қорлануға қаншалықты қарама-қарсы қатынаста болуына қарай өндіргіш қорланумен тек соншалықты байланыста болғанда ғана мүмкін екені белгілі.Мұның өзі өнеркәсіп циклының екі фазасында, атап айтқанда, біріншіден, өнеркәсіп капиталы өзінің екі формасында - өндіргіш және тауар капиталы формасында қысқаратын кезде, демек дағдарыстан кейінгі циклдың бас кезінде болады;және, екіншіден, оңалу басталған, бірақ коммерциялық кредит әлі банк кредитін аз қолданатын кезде болады.Бірінші жағдайда бұрын өндіріс пен ссуда қолданылған ақша капиталы басы бос қарыз капиталы ретінде бой көрсетеді; екінші жағдайда өсе түскен мөлшерде, бірақ өте-мөте төмен процент нарқымен қолдану табатын капитал ретінде бой көрсетеді[1].
Ақша капиталының қорлануы алтынның әдеттегіден тыс келуі арқасында пайда болуы мүмкін. Қарызға ақша беретін капиталистердің бәрінде де қорлану тікелей ақша формасында болатыны түсінікті, ал өнеркәсіп капиталының шын қорлануын алсақ, бұл әдетте өндіргіш капиталдың өз элементтерінің артуы жолымен жүзеге асады.
Капиталға айналатын ақша аумағы жаппай ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып тадбылады, бірақ қарыз ақша капиталы ретінде өз алдына алып қаралса ол өндіргіш капиталдың аумағы емес. Табысты бейнелейтін тұтынуға дәнекер ғана болып қызмет ететін ақша ылғи біраз уақытқа қарыз ақша капиталына айналып отырады. Бұл ақша жалақыны бейнелейтіндіктен, ол сонымен қатар өзгермелі капиталдың ақшалай формасы болып табылады; ал енді ақша тұтыну заттарын өндірушілердің тұрақты капиталының орнын толтыратын болса, онда ол тұрақты капиталдың уақытша орнына жүретін ақшалай формасы болып табылады және осы орны толтыруға тиісті тұрақты капиталдың элементтерін зат күйінде сатып алуға қызмет етеді. Ақшаның аумағы ұдайы өндіріс процесінің кеңеюімен бірге арта тұрса да, ло ана формасында да, мына формасында да өздігінен алғанда қолануды көрсетпейді.Алайда уақытша ол қарызға берілетін ақшаның, яғни ақша капиталының міндетін атқарады. Демек, бұл жағынан ақша капиталының қорлануы әрқашан капиталдың қорлануын шындықта болатынынан неғұлым артық көрсетуге тиіс, өйткені жеке тұтынудың ұлғаюы ақшаның көмегімен жүзеге асырылуы арқасында ақша капиталының қорлануы болып көрінеді, шын қорлануға, капиталдың жұмсалуына жаңа салалар ашатын ақшаға ақша формасын береді.
Сөйтіп қарыз ақша капиталының қорлануы ішінара мына фактіні ғана көрсетеді: өнеркәсіп капиталы өзінің ауыспалы айналымы процесінде айналатын ақша біткеннің бәрі ұдайы өндіріс агенттері авансылайтын ақша формасына емес, агенттер қарыз алатын ақша формасына көшеді; сонымен, ұдайы өндіріс процесінде авнсыланған ақша заем ақшамын авнсылау болып шығады.
Қарыз капиталының қорлануы дегеніміз тегі қарызға арналған ақша ретінде ақша жиналып қалуы болады.Ақшаның капиталға шын айналуынан бұл процестің үлкен айырмасы бар; бұл өзі ақшаның тек капиталға айналуына болатындай формада қорлануы. Бірақ бұл қорлану, жоғарыда көрсетілгендей,шын қолранудан зор айырмасы бар жағдайда көрсетуі мүмкін. Шын қорлану үнемі ұлғайып отырса, ақша капиталының бұл ұлғаюы ішінара оның нәтижесі бодуы ықтимал, ішіара онымен қосарлана жүретін, бірақ онан мүлде өзгеше жағдайлардың нәтижесі, ақырында, ішінара тіпті шын қорланудың тоқтау нәтижесі болуы мүмкін.
Бір ақшаның өзі қарыз капиталы ретінде қаншалықты жиі кездесуі, түгелінен мынаған байланысты:
- Олардың сату немесе төлем
процесінде тауар құнын