Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:23, курсовая работа
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай дамушы елдердің экономикасының ерекшелігі – ол ірі және шағын кәсіпорындардың қатар қызмет етуі. Шағын және орта кәсіпорындардың барлық өндірістік қажеттіліктері – ақпараттық, материалды-техникалық, ғылыми жобалы конструкторлық және басқа да нарық қажеттілігін қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың стратегиялық факторлары..........4
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі............................................................................................................4
1.2 Шағын бизнес кәсіпорындарының ұйымдық формалары және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі..................................................................................7
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқарудың қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері.......................................13
II Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару........................20
2.1 Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері.....................20
2.2 Шағын бизнестің ұйымдық құқықтық базасы..............................................23
III Басқару бойынша шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің функциялары..........................................................................................................26
3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және жіктелуі...........................26
3.2 Өндіріс және оның функцияларына сипаттама............................................29
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................35
Халықаралық тәжірибеде аралас серіктестікті командиттік (сенім) серіктестік деп атайды, оның нақты мүшелері – комплементарийлер, ал салым мүшелері – командиттер.
Келесі түрлер: Жауапкершілігі шектелген серіктестіктер немесе акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар бірлестігі - өзара шарт негізінде ерікті болып табылады.Кәсіпорындар бірлестігі – бұл одақтар, ассоциациялар, концерндер, салааралық немесе территориялық бірлестіктер.
Кәсіпорынның келесі формасы – бұрын мемлекеттік болған, еңбек ұжымдарының мүлкін сатып алу немесе жалдау негізінде құрылған, мүлікті сатып алғаннан кейін серіктестік немесе акционерлік қоғам құра алады. Ал жалпы кәсіпкерлік қызметке қатысты қарастырсақ сол саладағы қызметті төмендегідей сипаттай аламыз.
№ | Кәсіпкерлік | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Өндірістік | Коммерциялық | Қаржылық | Кеңестік |
2 | Инновациялық,венчурлық | Саудалық | Банктік | Жалпы басқару |
3 | Ғылыми– техникалық | Саудалы-көтерме сатып алу | Сақтандыру-шылық | Әкімшілік |
4 | Тауарлар өндірісі | Саудалық- делдалдық | Аудиторлық | Қаржылық басқару |
5 | Қызмет көрсету | Тауар биржалары және сауда үйлері | Лизингтік | Кадрларды басқару |
6 | Тұтыну тауарларын өндіру |
| Қор биржалары | Маркетинг |
7 | Тұтыну қызметтерін өндіру |
|
| Ақпараттық |
8 |
|
|
| Маманданды-рылған |
Шағын бизнес қоғамдық қажетті еңбекті ұйымдастырудың жаңа формасы ретінде біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық критерилеріне сай келеді, себебі бұл қызмет ел экономикасына да, жеке әр азамат үшін де пайдалы. Шағын кәсіпорындар қоғамдық өндіріс үдерісіне жаңа құндылықтар жасайтын, ұлттық табыс пен ұлттық байланысты арттыратын, қосымша еңбекті қосады. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының барлық аяларында қызмет ете отырып, экономикалық ұйымдастыру, құқықтық, қаржы, әлеуметтік мәселелерді қамтитындықтан біздің еліміз қазір де, болашақта да бас тарта алмайтын дамудың көзі болып табылады.
Кез келген кәсіпорын ұйымдық-құқықтық формасына, меншіктік формасына, салалық тиістілігіне, шығарылатын өніміне байланыссыз ашық экономикалық жүйе болып табылады және оны сызба түрінде келесідей көрсетуге болады.
Ресурстар-
шығындар 2
1-сызба. Кәсіпорынның нарықтық моделі
1 блок – негізгі міндеті ресурстарды қайта қалыптастыру болып табылатын кәсіпорын;
2 блок – енушіліктегі ресурстар (еңбектік, материалдық, қаржылық);
3 блок – шығу кезіндегі ресурстар, яғни қайта қалыптасқан ресурстар (дайын өнім, өндіріс қалдықтары, пайда, ақшалай қаражаттар);
4 блок - кәсіпорын өзара әрекеттесетін, әлеуметтік орта (мемлекет, муниципалды органдар, заңдылықтар);
5 блок – табиғи орта (табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, ауаны, суды тұтыну);
6 блок – нарықпен өзара байланыс, маркетинг, осы блок ресурстардың енуінде және жоғарлауында да әрекет етеді;
7 блок – енудегі ресурстар мен шығарылудағы ресурстардың қарым-қатынасы кәсіпорын экономикалық жұмысын, экономикасын қалыптастырады.
Дамыған елдердің нарықтық экономика тәжірибесі, шағын бизнестің табысты дамуы үшін, белгілі бір заңдылық ынталандырушы базалық құрылымның қажеттілігін дәлелдейді.
Мысалы, Жапонияда аймақтар экономикасын реттеу үшін 20-дан астам заң қабылданған және мемлекеттің 10 институты аймақтардың дамуы үшін жоспарлар мен бағдарлар жасайды, және олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Заңдардың атаулары көрсеткіш дәлел болып табылады: “Автокөлік жолдарының салынуы бойынша шаралар туралы”, “Тюбу аймағының дамуы туралы” және т.б.
Осы заңдардың негізінде Жапонияда мемлекет аймақтық жобалардың жүзеге асырылуында белсенді қатысады; жалпы капиталдардың 12% дейін салым сала отырып, мемлекет жеке компанияларға жол ашады.
Жеке сектор аймақтың жобалардың жүзеге асырылуына қосыла отырып, өз кезегінде, әртүрлі несие мен қарыздар бойынша мәселелерде Үкіметтің қолдауына сүйене алады.
Бұл бір жағынан – тең құқықты әріптестік, ал екінші жағынан - әлеуметтік мәселелердің шешімі болып табылатын, нарықты мемлекеттік реттеудің механизмі.
Республикада шағын бизнестің қалыптасу мен даму негізін “ 1992 - 1994 ж.ж., 1994-1996ж.ж. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және мемлекеттік қолдау бағдарламалары” қалады. Оның негізгі мақсаты – “жеке кәсіпкерліктің дамыған нарықтық инфрақұрылымына, экономиканың жеке секторының қалыптасуына қажетті жағымды құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдастырылудың жағдайларын құру”.
Кейін, бұрыңғы екі бағдарламаның кемшіліктерін талдаудан, жаңа мақсаттар негізінде, 1997-2000 ж.ж. ҚР шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жаңа бағдарламасы жасалды. Үш деңгейден тұратын осы бағдарламаның негізгі жағдайларын жүзеге асыру мақсатында ҚР Президенті “Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және оның дамуын белсендендіру бойынша шаралар туралы” Жарлығының (6/ІІІ-97ж.) шығарды.
Сонымен қатар, Үкімет “Шағын кәсіпкерліктің даму қорын құру туралы” қаулы қабылдады, кәсіпкерлік қызметке қатысты әртүрлі жағдайлар жасалды және 1997 жылы үш Заң жарық көрді: “Жеке кәсіпкерлік туралы”, “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы”, “ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” (2/VI-97ж.).
Жоғарыда көрсетілген құжаттар бойынша шағын бизнестің дамуына заңдылық негіз бар, бірақ олардың қаншалықты тиімді екені басқа сұрақ?!
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқару мен дамуының ерекшеліктері
Шаруашылық қызметтің шағын формаларының интенсивті дамуы заңды, себебі шағын және орта кәсіпорындар секторы нарықтың қажеттіліктеріне тез икемделе алады және капиталды көп көлемде қажет етпейді. Жаңа жұмыс орындарын құрудан басқа, экономиканың мемлекеттік емес секторы тауарлар мен қызметтердің ассортименті мен көлемі бойынша коньюктураның өзгеруіне тез икемделеді, бәсекелі ортаның құрылуына және экономикадағы монополияның азаюына қолқабыс етеді, яғни қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге себеп болады.
Бірақ бұл секторда жағымды нәтижелерге жету үшін сәйкесінше мемлекет тарапынан қолдау қажет. Мысалы, шағын бизнесті қолдау АҚШ-да 1953 жылдан бастап жүзеге асырылуда, ал 1978 жылдан бастап “Ұлттық тұтынушылар үшін шағын бизнес” бағдарламасы бойынша қолдау жүзеге асырылуда. 80 ж. басында АҚШ сауда министрлігінің қарамағында бірнеше ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыруға көмек көрсету үшін, шағын бизнес басқармасы құрылды. АҚШ-да 1980-1990 жылға дейін 70 мың шағын кәсіпкерлерге басқарма $11 млрд. астам инвестиция мен 180 мыңға кепілдік, $31 млрд. астам сомаға несие берді.
Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар құрылыс, сауда және қызмет көрсету саласының, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының жалпы санының 99% құрайды. Оларда жұмыс күшінің 80,6% қызмет атқаруда; өндірістік өнімнің 55 %; көтерме сауданың - 60%, бөлшек сауданың 80% - сатылады. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау ХХғ. 40 ж. соңында бастау алған “Шағын және орта кәсіпорындар бойынша басқарма” көмегімен жүзеге асырылады.
Басқарманың қызметі шағын бизнесті бақылайтын, 9 аймақтық қызметтермен толықтырылады.
Мемлекеттік салық салу бойынша Жапонияда шағын бизнес мөлшерлемесі 12%, ал жергілікті бойынша - 6%-ға төмендетілген. Шағын кәсіпорындардың резервтік қорларын құруға бағытталған қаражаттар салықтан босатылған, сонымен қатар мақсатты бюджеттік қаржыландыру қолданылады.
Германияда шағын бизнесті қолдау Федералдық деңгейде экономика министрлігімен және жергілікті билік органдарымен жүзеге асырылады. Елде жаңа кәсіпорындар үшін 20 жылға берілетін ұзақ мерзімді жеңілдік беру жүйесі жұмыс істейді. Пайызды төлеудің жеңілдетілген режимі бар: 1) алғашқы екі жылда төленбейді; 2) 3 жыл - 2%; 4 жыл - 3%, 5 жыл - 5%; 3) 6 жылдан бастап несие нарығындағы жалпы мөлшерлеме бойынша салық төленеді.
Инновациялық қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарға маңызды көмекті ғылыми зерттеулер мен технологиялар министрлігі көрсетеді.
Францияда шағын және орта кәсіпорындарға қолдауды өнеркәсіп министрлігі көрсетеді. Осы қолдау шегінде мемлекет салық жеңілдіктерін бере отырып, тікелей бюджеттік көмек көрсетеді (кадрларды дайындауға, экономикалық және ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету).
Италияда шағын кәсіпорындарға, салық жеңілдіктерінен басқа, мақсатты демеу қаржылар мен жеңілдетілген несиелендіру қолданады (жыл сайын 6000 млрд. лир). 1991 ж. бастап “Шағын кәсіпорындардың дамуы және модернизациясы бойынша шаралар туралы” заң шегінде, жыл сайын техникалық модернизацияға, кадрларды дайындауға 1570 млрд. лир бөлінеді.
Осы заңға сәйкес, Италияның алшақ аудандарында орналасқан, шағын кәсіпорындар 10 жыл бойы мемлекеттік және жергілікті табыс салықтарынан босатылады.
Ұлыбританияда сараптық бағалар бойынша, фирмалардың 90% шағын түріне жатады. Оларға жұмыс күшінің 25% және жиынтық өнімнің 20% тиесілі. Жыл сайын 900 дейін жаңа кәсіпорындар құрылып, олардың ¼ бөлігі банкротқа ұшырауда. Сондықтан үкімет тарапынан шағын фирмаларға қарыздардың 70% кепілдік етіледі, жұмыссыздарға қаржылық көмек көрсетіледі. Елде шағын фирмаларының мемлекеттік қызметінің 100 бөлімшесі, сондай-ақ шағын бизнесті қаржыландыратын фирмалар желісі жұмыс істейді.
Барлық дамыған мемлекеттерде шағын бизнесті басқару және қолдауда үлкен жұмыс атқарылуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, экономикасының дамуында шағын және орта бизнес негізгі қозғаушы күш болып табылады деп айта қою қиын. Өз ісін бастаушы кәсіпкер, старттық капиталды иемденбегендіктен несие және қаржылық көмектің, ауыл шаруашылығы жерінен, құрылыс үшін жер телімін алудағы қиыншылықтарының күрделілігіне шағымданды. Ал кейбіреулеріне қызметтік немесе өндірістік ғимараттарды, техника мен құрал-жабдықтарды жалға алу мүмкіншіліктері ауыр тиюде, ал кейбіреуіне шикізат жетіспеуде.
Сонымен қатар, көптеген келеңсіз жағдайлар нарықтық қатынастардың дамымауы салдарынан туындауда. Кәсіпорын үшін жалпы пайдалылықты ойлай отырып, кәсіпкер осы ой-мақсаттың жеткілікті түрде тұрғындар үшін нақты орындылығын үнемі ескере бермейді, материалдық-шикізат ресурстары, білікті кадрлар тұрғысында толық ақпаратты игермеуі мүмкін.
Нәтижесінде ұтылыс жағында мемлекеттің өзі қалуда. Кәсіпкерлік құрылымдардың экономика тұрақтылығында, өндіріс құлдырауының, инфляцияның етек алмауына тигізетін әсері тұрақты болмай отыр. Құрылып, өз істерін бастап жатқан кәсіпорындар өндірістік қызметті айналып өтіп, капитал айналымы жылдамдығын қамтамасыз ететін делдалдық, банктік, қызмет көрсету аясы, сауда-көтерме салаларына ұмтылуда.
Сауда үшін тауар көздері болып импорттық сатып алулар, дамушы елдерге “желқайықты” сапарлар, сонымен қатар тағам өнімдерін енгізе отырып мемлекеттік саудалардан түсетін тауарлар.
Алынған пайда өндірістік инвестицияға қолданбай, қайтадан айналым аясына немесе жылжымайтын дүние мүлік және валютаға сатылуда. Кәсіпкерлердің қызметтері мен табыстарының нақты көлемінің жасырылуы жалпылық сипат алуда.
Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы майдагерлік кедергілер жойылмайынша жоғарыда аталған келеңсіз жағдайлар өз жалғасын таба беруі сөзсіз. Шағын кәсіпорындар ірі индустрия сияқты, олардың өз қызметтерін ғылыми әдістік басқаруда мемлекет алдында жауапкершілігі мен құқығын реттейтін логикалық негізділікке, заң актілерін түзу бойлы жүйесіне бірдей мүдделі. Олардың сенімді одақтасы және кепілі болып мемлекет тұру керек.
Жоғарыда аталған әртүрлі қиыншылықтардың туындауынан республикада кәсіпкерлік құрылымдарға қызмет көрсететін және нарық механизмдерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін бірқатар іс-шаралар қабылданып, обьектілер желісі бой түзеуде. 1992-1994 ж.ж. жасалған кәсіпкерлікті, бәсекелілікті дамыту, тұтынушылар мұдделерін қорғау бойынша бір мақсатты бағытта жұмыс жүргізуді қарастырады.
Дағдарысқа қарсы бағдарламада жарғылық капиталы мемлекеттік ресурстар есебіне, сонымен қатар отандық және шет елдік инвесторлар қаражатынан есебінде қалыптасатын кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелікті дамыту Республикалық қорын құру қолға алынды. Қордан тиімділігі сәйкесінше сараптама арқылы бекітілген, және кепілдік құқығы мен кепілгерлік міндеттемесімен сипатталатын жобаларға ғана несиелер беру мақсатында қаражаттар ұсталынды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлікті қолдау Қорының облыстық бөлімшелері құрылып, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, кеңестік орталықтар Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыстарда құрылып, жаңа бастама алушы кәсіпкерге қызметтің кең көлемін ұсынуда: кәсіпорын бағытын таңдауда, бизнес-жоспар құруда, іскерлік келіссөздерді жүргізу, ғимаратарды жалға алуда қол қабыс ету және т.б.
Информация о работе Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі