Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:23, курсовая работа

Описание

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай дамушы елдердің экономикасының ерекшелігі – ол ірі және шағын кәсіпорындардың қатар қызмет етуі. Шағын және орта кәсіпорындардың барлық өндірістік қажеттіліктері – ақпараттық, материалды-техникалық, ғылыми жобалы конструкторлық және басқа да нарық қажеттілігін қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың стратегиялық факторлары..........4
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі............................................................................................................4
1.2 Шағын бизнес кәсіпорындарының ұйымдық формалары және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі..................................................................................7
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқарудың қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері.......................................13
II Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару........................20
2.1 Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері.....................20
2.2 Шағын бизнестің ұйымдық құқықтық базасы..............................................23
III Басқару бойынша шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің функциялары..........................................................................................................26
3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және жіктелуі...........................26
3.2 Өндіріс және оның функцияларына сипаттама............................................29
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................35

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

Аймақтық орталықтар сонымен қатар, кәсіпкерлік кадрларын даярлау орталығы бола алады. Мұндай орталықтардың құрылуына ҚР экономика министрлігі мен АҚШ-ның Әлем корпусы арасындағы келісім шарт бойынша американдық мамандар көмек көрсетуде.

1993 ж. 10 наурызында ҚР МК “Жастар кәсіпкерлігінің республикалық қоры туралы” №207-ші қаулысы қабылданды. 1993 жылдың 15-ші қыркүйегінде ҚР МК “Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы” №884 қаулысы қабылданды.

Өткен жылдарда экономикада және заңда да бірқатар өзгерістер болды. Бүгінгі таңда жүздеген мың болып саналатын шағын және орта бизнес кәсіпкерлері пайда болып, аяқтарынан нық тұруда. Мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту және қорғауды бірнеше жылға күшейту бағыты ҚР АК 10-шы бабында айқын көрсетілген. 1995 ж. 30-шы тамызында қабылданған ҚР Конституциясының 4 тарау 25 бабында әр азаматтың кәсіпкерлік қызметпен ерікті түрде айналысуына құқығын жария еткен нық тұғыр пайда болды.

Осы белсенді заңды шығармашылық үдеріс 1997 ж. 19 маусымдағы “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңымен ҚР Президентінің 1997 ж. 7-ші шілдедегі “ҚР шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолданудың басым бағыты және аймақтық бағдарлама туралы” Жарлығымен аяқталды.

Кәсіпкерлік тобының құрылуы нарықтық экономикаға бағдарланған, кез келген қоғамның тұрақтылығы үшін қажет. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуынсыз қоғамдағы әлеуметтік шиеленістерді жоюға, экономикадағы құлдыраудан өрлеуге жылжуға ешқандай үміт артпай-ақ қоюымызға болады.

Жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылай келе, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті белсендендіру шартын қысқаша баяндауға болады. Олар:

1.          Кәсіпорын қызметіне мемлекеттің араласуы.

2.          Мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсету.

3.          Шаруашылық субьектілерге, олардың меншіктерінің сақталуына кепілдіктер беру.

4.          Нарықтық қатынастар қатысушыларының барлығы үшін бірдей құқық қамтамасыз ету және экономикалық бостандық беру.

5.          Нарық инфрақұрылымын қалыптастыру.

6.          Шаруашылықтың нарықты-бәсекелі режимі, мемлекеттің монополияға қарсы іс-әрекеті.

7.          Ресурстарға, несие және ақпараттарға ерікті түрде қол жеткізу.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге келесілер маңызды:

1.          Айқын жоспар.

2.          Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу мүмкіншілігін танытатын ұйымдастыру және қол жеткізген нәтижелерді белгілі бір қағидалар қолдану жолымен бекіту.

3.          Мақсаттарға қол жеткізуде және сол нәтижелердің орнығуына көмек ететін, қағидаларды кәсіпорындарға қолдануға мүмкіншілік беретін адамдардың, материалдардың, машиналардың, ақшалай қаражаттар мен әдістердің болуы. Атқарушылық тәртіп.

4.          Ұйым және құрал-жабдықтарды мақсаттарға жетуге тиісті етіп мәжбүрлей алатындай құзіретті және білімді менеджерлер.

5.          Диспетчерлеу, нормалау, сызбалар, стандарттау.

Нарық экономикасының постулаттарының бірі – мемлекеттің жеке сектормен әріптестігі. Жеке меншік пен кәсіпкерлік экономиканы дамытады, мемлекеттік қазынаны қалыптастырады. Жеке сектордың мүдделері мемлекеттің мүдделерімен ұштасуы керек. Сондықтан отандық шағын және орта кәсіпкелікті басқаруға жүйелік көзқарас қалыптастырып, Қазақстан нарығы субъектілерінің осы категориясын мемлекеттік қолдауда көрсететін бірқатар қайшылықтардың бетін алу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ШАҒЫН БИЗНЕС КӘСІПОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ТІРКЕУДІ                  БАСҚАРУ

2.1 Шағын бизнес тиімділігін бағалау критерийлері

Кәсіпкерлік қызметте жаңа фирма ұйымдастыру анағұрлым жауапты және еңбекті көп қажет ететін кезең. Өз кәсіпорынын құруға шешім жасаған кәсіпкердің алдында тұрған мәселелердің толық емес тізімі мыналар – қызметтің дұрыс бағытын таңдау, тиісті команда жинақтау, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін анықтау, фирманың маркетингтік мүмкіндіктерін талдау және кәсіпорынды тіркеу.

Сондықтан шетелде бизнесті бастау алдында дайындық кезеңіне көп көңіл аударылуы кездейсоқ емес, кәсіпорынның келешекте сәтті жұмыс істеуі осыған тәуелді. Кейбір авторлар дайындық кезеңіне 1 жылға дейін уақыт бөледі.

Кез келген жаңа кәсіпорын идея туындату процесінен басталады. Жақсы бір идея кәсіпкердің қолындағы жай құралдан гөрі артығырақ мәнге ие. Бизнес ұйымдастыру үшін қажетті идеяларды іздеп табу – бұл кәсіпкерлік қызметке алғашқы қадам. Егер шешім қабылдаудың жаңашыл әдістері пайдаланылса, идеяны туындау процесінің тиімділігі айтарлықтай көбеюі мүмкін. Өзін жақсы танытқан идеяны туындату әдістерінің бірі бұл “ми шабуылы әдісі”, ол мынаған негізделген, адамдар проблемаларды бірге талқылаған кезде көбірек идея туындайды.

Күнделікті туындайтын идеялар санының көптігі әлі олардың барлығының міндетті түрде қолайлы іске асу мүмкіндіктерге ие екендігін білдірмейді. Шетел әдебиеттерінде идеяны  іске асыру мүмкіндіктері туралы түсінік кең таралған. Егер кәсіпкер сатып алушылардың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім немесе қазіргілерін толығырақ қанағаттандыратын өнім немесе қызмет көрсету түрлеріне тоқталса, бизнес – идея іске асқан болады. Тек осы жағдайда ғана кәсіпкер өзінің бәсекелестеріне қарағанда көбірек артықшылыққа ие болады және нарықтағы өз тауашасын табады.

Бизнесті бастау үшін міндетті түрде айтарлықтай қаржы құралдары қажет деген пікірлер айтылуда. Шындығына келгенде, кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде бизнестің шектеулі қаржы құралдармен басталып, ірі кәсіпорындар қатарына дейін өскен мысалдары аз емес. АҚШ-та 1977 жылы қайта құрылған 110 кәсіпорынның 77 %-ның бастама капиталдары 50 000 доллар және одан да төмен болады, соның ішінде кәсіпорындардың 47 %-ның бастама капиталы 10 000 доллар болған. Анағұрлым жаңашыл технологияларды меңгеру  мен (“Know-How”) анағұрлым үнемді материал және құрылғыштар пайдаланудың арқасында бәсекелестіктен құтылып кететін кәсіпорындар саны айтарлықтай көп.

Кез келген кәсіпорынның жұмыс істеуі нақты уақыт тәртібінде жүзеге асуда, сондықтан уақыт факторы жиі-жиі сындарлы мәнге ие. Кәсіпорынның тиімді және өрнекті түрде жұмыс істейтін уақыт аралығы шетелдік тәжірибеде “мүмкіндіктер терезесі” деп аталады.  Мүмкіндіктердің анықталуы кәсіпкелік процесінің басқа қозғаушы күштерімен үйлесімді болуы қажет, олар; жоғары тиімді менеджерлер командасының болуы және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету. Тиімді кәсіпорындардың негізгі критерийлерімен сәйкестігі жағынан болашақ кәсіпорынға баға беру үшін саланың жағдайы мен нарық тауашысы, экономикалық көрсеткіштер, бәсекеге қабілеттік деңгейі, басқарушы команданың сипаттамасы, қызметтік критерийлер және стратегиялық сипаттамалар сияқты факторлар таңдалады.

Кез келген кәсіпкер осындай талдау жүргізуі қажет, себебі бұл кәсіпорынға келешекте тиімділігі жағынан баға беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның әлеуетінің жоғарлығы оң табысқа жетуге мүмкіндік береді, ал кәсіпорынның әлеуетінің төмен болуы қандай да бір бизнес-идеядан алдын ала бас тарту арқылы фатальды сәтсіздікке ұшыраудан құтылуға мүмкіндік береді. Кейде кәсіпорындар кейбір критерийлер бойынша тиімділігі жоғары кәсіпорындарға сай келмесе де, бірақ сындарлы факторларды жақсы жағынан қарай өзгерту мақсатында оларға аса көп көңіл аудару шартымен құрылуы мүмкін. Қазіргі заман кәсіпорындарының анағұрлым жоғары тиімділікке қол жеткізулері үшін қандай критерийлерге жауап берулері қажет екендігін толығырақ қарастырайық. Мұндай талдау жасаудың негізі ретінде Джефри Тимсонның “Жаңа кәсіпорын құру” атты кітабында ұсынылған тәсілді алайық.

 

Бағалау критерийлері

Тиімді кәсіпорын

Тиімсіз кәсіпорын

1

2

3

4

1.

Нарық саласы мен тауашысы

 

 

1.1

Нарық сипаттамасы

Нарық өсіп отырады, анықталған және тұрақты табыс түседі

Нарық айқын анықталмаған және бірақ рет табыс алуға болады

1.2

Тұтынушылар (тапсырыс берушілер)

 

 

 

Төлем қабілеттілігі жоғары, төлемді және алдын ала төлемді алдын ала жасайды.

Төлем қабілеттілігі төмен, төлемдерге кешіктірулер болуы мүмкін.

1.3

Инвестициялардың өтелу мерзімі

1 жылдан аз

3 жыл және одан да көп

1.4

Өнімнің өмірлік циклі

Жалғасушы

Ұзақ мерзімді емес

1.5

Нарық құрылымы

Нарық жеткілікті дәрежеде тауарлар мен қызметтермен молықтырылмаған

Өсу қарқыны төмен не болмаса өндіріс жоғары дәрежеде шоғырланған, нарық тауар және қызметтермен молықтырылған, асыра өндіріс бар

1.6

Нарық мөлшері

50 млн. тг. 100 млн. тг. дейін

10 млн. тг. аз

 

2-кесте. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері

 

2.2 Шағын бизнестің ұйымдық-құқықтық базасы

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі және нарықтық реформа жолына енді түскен біздің республикамыздағы шағын кәсіпкерліктің ұйымдық нысандарының дамуын таңдай отырып, біздегі бизнестің ұйымдық нысандарының шетелдерге жақындау тенденциясын байқауға болады. Сонымен бірге айтарлықтай айырмашылықтар бар, бұл заңды түрде біздің экономикамыздың дамуындағы өтпелі кезеңмен түсіндіріледі. Бұл бөлімде шетелдік тәжірибенің жақсысын пайдалану мүмкіндігін анықтап, оны Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдану мақсатында АҚШ пен Қазақстандағы бизнес дамуының ұйымдық нысандарының салыстырмалы талдауын жүргізуге әрекет жасалды. Шетелдік тәжірибеде, атап айтқанда АҚШ-та бизнестің келесі негізгі 4 нысанын айырады: жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпарация және S – корпарация.

Жеке кәсіпкерлік  -  тіркеу және негізін қалау көзқарасы бойынша шағын бизнесті ұйымдастырудың ең оңай формасы болып табылады. Себебі, тіркеу процедурасы сертификатты кәсіпкердің атына толтыру мен тіркеу номерін алудан тұрады, бұл талаптар орындалғаннан кейін бизнес өзінің заңды түрдегі жұмыс істеу құқығын алады. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір артықшылығы бизнесті толығымен бақылау мүмкіндігі. Мұндай кәсіпорынды кез келген уақытта бөліктеп, сондай-ақ бүтіндей сауға болады. Сонымен бірге фирманың бағаланған құнына негізгі активтерден басқа фирманың имиджі, комерциялық құпия обьектілері және тұтынушылармен тапсырыс берушілердің (инвесторлардың) қалаулары сияқты сезілмейтін активтер де қосылады.

Кәсіпкердің өз қызметінің нәтижесіне деген шексіз жауапкершілігінің болуы жеке кәсіпкерлікте ең маңызды шарт болып табылады. Бұл тек кәсіпорынның тікелей қаржылық нәтижелеріне ғана емес, сондай-ақ өндірілетін өнім сапасына деген жауапкершілікті білдіреді. Жеке кәсіпкер кәсіпорынның берешектері үшін жеке активтерін қоса өзінің барлық мүлігімен жауап береді. Бұл фактордың қаншалықты сынды болуы бизнестің түріне және несие беруші тарапынан жасалған қарсылықтардан өз меншігін қорғау мақсатындағы бизнесті тиімді сақтандыра алу мүмкіндігіне тәуелді. Егер кәсіпкер әлдеқашан фирмаға айтарлықтай қаржы салып қойған болса және өз меншігін несие берушілердің қарсылықтарынан қорғау жолын таба алса, онда ол кәсіпкерліктің осы түрін пайдалана алады. Бизнесті ұйымдастырудың бұл түрінің екінші кемшілігі жеке кәсіпкердің кәсіпорынның жұмыс істеуі мен өсуі үшін қажетті ресурстарының шектеулі болуы, себебі олардың тек өз қайнар көздеріне заемдарға сенім артуларына тура келеді. Жеке кәсіпорынға салық салынған кезде кәсіпкерлердің барлық кірісі, соның ішінде жеке кірістері салынатын салық сомасының құрамына кіреді. Кейде бизнестен түскен кірістер мен басқа көздерден түскен пайдаларды қосқан кезде кәсіпкер бизнестің басқа түрлеріне қарағанда салықты айтарлықтай көп мөлшерде төлеуі мүмкін. Көбінесе бұл кәсіпкерді өсу үстемдігі салық көлемін төлеу үшін өзінің жеке кірістерін пайдалануға не бизнестен айтарлықтай соманы шегеріп тастауға мәжбүр етеді. Екінші жағынан, егер алғашқы жылдары зиянға ұшырайды деп күтілсе, онда кәсіпкер бизнестің бұл түрін пайдалануда артықшылықтарға ие болуы мүмкін, себебі шығындар салық салынатын кірістің көлемін азайтады. Қазақстанда кәсіпкерліктің құқықтық түрлер іпроблемасы С.И. Климкиннің толығырақ талдап қорытылған. Заңды тұлға ретінде құрылмай-ақ жеке кәсіпкерлік немесе азаматтардың кәсіпкерлік қызметтері шағын кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлерінің бірі болып табылады. Мұндай түрдегі кәсіпкерліктің ерекшелігі азаматтардың бастамалық қызметтерінің олардың жеке меншіктеріне негізделуіне және өз мағынасы бойынша коммерциялық болып табылады. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау көрсету туралы» 1992 ж. 4 шілдедегі Заңы, жеке кәсіпкерлікті реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады.

Бүгінде жеке кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың ең көп тараған түрі болды. Бұл қызмет әсіресе заңды тұлға ретінде құрылмай-ақ, сатып алынған патент негізінде жұмыс істеу мүмкіндігінің арқасында жандана түсті. Мұндай патент бір мезгілде алу туралы куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия болып табылады. Шет елдегідей біздің жеке кәсіпкеріміз де өз кәсіпорынының қызметі үшін жауапкершілігі шексіз болып отырады. Заңды түрде бұл жеке кәсіпкердің тіркеуге алыну кезінде заңды тұлға ретінде салынуынан көрініс табады, яғни жеке меншік бизнеске тартылған меншіктен заңды түрде бөлектендірілмейді. Бұл өз кезінде несие талаптары ұсынылған кезде кәсіпкердің барлық дүние-мүлкі, мүмкін болатын шығындардың астында қалатындығын білдіреді. Сондықтан кәсіпкерліктің мұндай түрі тек тәуекел деңгейі өте төмен болатын салаларда ғана ұсынылуы мүмкін.

Бизнесті ұйымдастыру түрлерінің щеңбері айтарлықтай кең. Шағын бизнес әдетте жеке кәсіпкерліктен не болмаса серіктестіктен басталады. Бұл бизнестің мұндай түрлерінің мейлінше оңай және қол жетерлік болуымен түсіндіріледі. Ұсыныс ретінде біздің республикамыздың АҚШ-тағыдай S-корпарацияларды негіздеуді ұсынуға болады. Американдық кәсіпкерлер арасында сұрастыру жүргізген кезде  олардың көбісінің бизнесті ұйымдастырудың осы түрін көбірек қалаулы деп есептейтіндігі анықталды, себебі бұл жерде компанияның қызметіне деген шектеулі жауапкершілік сақталады. Жауапкершіліктің шектеулі болуы бизнесті ұйымдастырудың бұл түрін мейлінше ұғымды етеді. S-Корпарациясының шағын орта кәсіпорындарының құрылуын ынталандыру мақсатында енгізілгендігі кездейсоқ емес.

 

 

ІІІ ТАРАУ БАСҚАРУ БОЙЫНША ШАҒЫН БИЗНЕС                                         КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және жіктелуі

Барлық деңгейдегі басқару қызметінің негізі мен мазмұны басқару функциялары арқылы ашылады. Функция – латын тілінен аударғанда «қызметті» білдіреді. Басқару функциясының пайда болуы осы аядағы еңбек бөлінісі мен мамандануынан, ортақ мақсатқа бағытталған іс-әрекеттердің саралануының нәтижесінен пайда болады. Функция жүйесінің пайда болуы өндірістің әртүрлілігі мен күрделілігінен және оны басқарудан туындаған қажетті үдеріс.

Басқару функциялары басқару жүйесінде  кім және не істеу керек екендігін анықтауға көмектеседі. Басқару функциялары басқару ғылымының негізгі категорияларының ішінде маңызды орынға ие. Бұл құрылымды әзірлеуді, басқару құралдарын және әдістерін қолдануды, кадрларды орналастыруды, дайындауды, таңдауды басқару функцияларының мазмұнын, құрамын және оны жүзеге асырудың тиімділігін ескере отырып жүргізу жөн деп айтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар басқарудың барлық категорияларын қолдану оның басқару функцияларымен байланыстыруды анықтайды.

Информация о работе Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі