Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:23, курсовая работа

Описание

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай дамушы елдердің экономикасының ерекшелігі – ол ірі және шағын кәсіпорындардың қатар қызмет етуі. Шағын және орта кәсіпорындардың барлық өндірістік қажеттіліктері – ақпараттық, материалды-техникалық, ғылыми жобалы конструкторлық және басқа да нарық қажеттілігін қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Шағын бизнес - нарықтық реформалардың стратегиялық факторлары..........4
1.1 Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі............................................................................................................4
1.2 Шағын бизнес кәсіпорындарының ұйымдық формалары және олардың құқықтық қамтамасыз етілуі..................................................................................7
1.3 Әлемде және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті басқарудың қазіргі жағдайы мен даму ерекшеліктері.......................................13
II Шағын бизнес кәсіпорындарын құру және тіркеуді басқару........................20
2.1 Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері.....................20
2.2 Шағын бизнестің ұйымдық құқықтық базасы..............................................23
III Басқару бойынша шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің функциялары..........................................................................................................26
3.1 Өндірісті басқару функциясының түсінігі және жіктелуі...........................26
3.2 Өндіріс және оның функцияларына сипаттама............................................29
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................35

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 185.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен, өндірісті басқару функциясы - өндіріс үдерісінде адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ортақ бағытта немесе ортақ мақсатта әсер ету стадиясын айқындайтын қызметтің ерекше түрі. Басқару функциясының жүйесі – басқару обьектісіне басқару субьектісі мақсатты түрде әсер еткенде жүзеге асатын, уақыт және кеңістік бойынша өзара байланысты қызметтер түрінің кешені.

Фирманың атқаратын қызметіне, роліне және нарықтық экономика шарттарына байланысты, оның негізгі қызметтерін анықтауға болады: коммерциялық, техникалық, қаржылық, әкімшілік. Әртүрлі әдебиеттер мен практикада басқару функцияның жіктелуіне жан-жақты көзқарастар, тәсілдемелер келтірілген.

Ең тарағаны, функцияны айқындау бойынша жіктелудің үш белгісі бойынша көрсету:

1.          стадиялар басқару үдерісінің кезеңдері;

2.          қызмет ету аясы;

3.          басқару обьектісінің түрі.

Басқару кезеңдері бойынша ерекшеленетін функцияларды жалпы, ал қызмет ету түрі бойынша нақты деп атауға болады.

Басқару функцияларын алғашқы зерттеушісі болған франсуз инженері А.Файоль басқару функцияларының алты түрін немесе кәсіпорында жүзеге асатын операциялардың бірқатар сериясын атап көрсеткен:

1.          техникалық (өндіріс);

2.          коммерциялық (сатып алу және сату);

3.          есеп жүргізу;

4.          қаржылық (қаржыландыру);

5.          қауіпсіздікті қамтамасыз ету (материалды игіліктердің, қызметкерлердің сақталуы);

6.          әкімшілік.

А.Файоль жалпы функцияға жататын әкімшілікке: алдын-ала көре білуді, ұйымдастыруды, өкімшілікті, келісімділікті және бақылауды жатқызғанмен, одан әрі жалпы функцияның құрамы мен атаулары талай өзгеріске ұшырады.

Қазіргі кезде жалпы функциялардың құрамына:

1.          болжау және жоспарлау;

2.          жұмысты ұйымдастыру;

3.          үйлестіру және реттеу;

4.          жандандыру және ынталандыру;

5.          бақылау;

6.          есеп жүргізу және талдау кіреді.

Барлық атап өткен функциялар бір-бірімен байланысты жұмыс істейді. Осы функциялардың бәріне тән, ортақ белгі бұл, олардың өндіріс үдерісінде мақсатты түрде адамдар тобына әсер ету. Мысалы, жоспарлауда басты кезең мақсаттар мен міндеттерді анықтау. Бұдан басқа, жоспар – алға қойған мақсатқа жету құралдарын, басқару органының құрылымын, мақсаттардың өзара үйлесуін, орындаушылардың арасындағы байланыстарды, өткен уақытқа қарағанда жетістіктер тиімдірек және пайдалы болуын ескеру керек. Ол үшін жоспарда жетілген техника мен технологияны қолдану, еңбек өнімділігін жоғарлатудың материалды және моральды ынталары, жоспарды уақытында және оның дұрыс орындалуын қадағалау, жоспардағы нормативтердің кемшіліктерін анықтап, жою қажет.

Жоғарыда атап өткендей, менеджемент теориясында өндірісті басқарудың жалпы функцияларымен қатар, қызмет ету аясына байланысты нақты функциялар бар. Оған келесі функциялар жатады: индикативті жоспарлау; жұмысты ұйымдастыруды стандарттау; есеп жүргізу және есеп беру; экономикалық талдау; өндірістің техникалық даярлығын басқару; өндірісті ұйымдастыру; техникалық үдерісті басқару; маркетингтік қызмет; техқабылдау және сынау; кадрлармен жұмыс; қаржылық қызметті басқару және ұйымдастыру.

Нақты функциялар өз ретінде жекелеген белгілер бойынша айрықшалануы мүмкін. Шешімдерді дайындау және қабылдауға байланысты келесі функциялар бөлініп көрсетіледі: ақпаратты дайындау, өңдеу және жіберу, техникалық, экономикалық ұйымдастыру және әлеуметтік шешімдерді дайындау.

Функциялар басқару үдерісін және мазмұнын сипаттайтын күрделілігі, қайталануы, істелетін жұмыстың дербестігі сияқты бірнеше өзіндік ерекшеліктері бойынша жіктеледі.

Үшінші жіктеу белгісі – функциялар өндіріс деңгейіне (участок, цех, кәсіпорын) және өндіріс үдерістерінің элементтері (еңбек, құрал-жабдық, еңбектің өнімдері) бойынша бөлінетін басқару объектісінің түрі. Өндіріс деңгейі бойынша функциялар: үдерістің түрі (негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші), өндіріс көлемі, тұрпаты, мамандану түрі (пәндік, бөлшектік, технологиялық), өндіріс үдерісінің фазасы (дайындау,  өңдеу,  жинау) болып жіктеледі.

 

3.2 Өндіріс және оның функцияларының сипаттамасы

Кез келген кәсіпорын өзінің басқару құрылымына соңғы өнімді өндіру бойынша белгілі бір функцияны атқаратын бірқатар қызметтерді енгізеді. Қызметтер саны кәсіпорын көлеміне және өндіретін тауар санына,  ассортименттің тереңдігі мен кеңдігіне,  экономика саласының ерекшелігіне,  технологиялық қамтамасыз етілуіне,  өндіріс түріне,  бәсекеқабілеттігіне және шаруашылық байланыстары мен деңгейіне байланысты.

Өндірілетін бұйымдар номенклатурасы тұрақты және өзгермелі болуы мүмкін. Тұрақты номенклатура кезінде бұйымдарды дайындау және өткізу үздіксіз және белгілі бір уақыт шегіне қайталанатын мерзімді болуы мүмкін.

Өзгермелі номенклатура кезінде бұйымдарды дайындау белгісіз бір уақыт аралығында қайталанып отырады.

Мамандану деңгейіне,  өндірілетін бұйымдар көлеміне және тұрақты номенклатураға байланысты барлық жұмыс орындары келесі топтарға бөлінеді:

1.          Үздіксіз қайталанатын бір операцияны орындауға маманданған жалпы өндірістің еңбек орындары.

2.          Белгілі бір уақыт аралығы сайын қайталанатын әртүрлі операцияларды орындауға маманданған сериялы өндірістің еңбек орны.

3.          Белгісіз уақыт аралығы сайын қайталанатын немесе мүлдем қайталанбайтын әртүрлі операцияларды орындауға бағытталған жеке дара өндірістің еңбек орны.

Өндіріс тұрпаты жұмыс орындарының басым тобымен орындалады.

Өндірістің жалпы тұрпаты – тар маманданған еңбек орындарында бұйымның шектелген номенклатурасын дайындаумен сипатталады.

Сериялы тұрпат – кең маманданған жұмыс орындарында белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын бұйымның шектелген номенклатурасын дайындаумен ерекшеленеді. Өндірістің сериялы тұрпаты: ірі,  орта,  кіші сериялы болып жұмыс орнының басым тобына байланысты бөлінеді.

Жеке дара өндіріс тұрпаты – маманданбаған жұмыс орындарында белгісіз уақыт аралығында қайталанатын немесе мүлдем қайталанбайтын кең номенклатуралы бұйымды жеке дара түрде өндіру.

Операциялардың,  бөлшектердің қозғалысы: уақыт бойынша үздіксіз және бөлшектенген кеңістікте – тікелей және жанама бола алады.

Жұмыс орындары бойынша өнімдер қозғалысы жоғарғы дәрежеде үздіксіздікпен,  дәлдікпен сипатталса,  ол тасқынды деп аталады.

Өндірістің сериялы және жалпы тұрпаттары мамандану деңгейі жоғары болғанда,  біртектілікті кең көлемде енгізгенде, техникалық өзгерісті сәйкестендіргенде стандартты нормаландырылған және сәйкес бөлшектер мен жинақ бірліктерді даярлауда кездеседі.

Өндіріс тұрпаты оны ұйымдастырудың басқару және экономикалық көрсеткіштердің ерекшеліктеріне шешуші әсер ете алады. Еңбектің техникалық қарулануы және өндіріс көлемінің өсуіне байланысты,  жеке – дара өндірістей сериялы және жалпы өндіріске өткенде тірі еңбек  үлесі азаяды да,  құрал-жабдықтар ұстауға  және пайдалануға байланысты шығындар артады. Бұл тауардың өзіндік құнының төмендеуіне және оның құрылымының өзгерісіне әкеледі. Шағын және орта фирмалардың ұйымдық құрылымы 2-сызбада көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сызба. Шағын және орта кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы

   Бұл құрылымға тән сипаттар:

1.   Ұйымдық құрылым маркетинг пен қаржымен, өнімді өткізумен айналысатын жеке бөлімдері бар фирманың құрамындағы қызмет ететін бірліктер негізінде пайда болады. Бөлімдердің саны мен тұрпаты кәсіпорын айналысатын шаруашылық іс-әрекетіне байланысты сипатталады. Бұл оған еңбек бөлінісінің мамандануының ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

2.   Президент жауапкершілікке ие және қызметтің барлық аспектілерін басқарады. Бөлімдер алған барлық ақпарат президентке жіберіледі, ол оны шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдағанда қолданады.

3.   Бөлімдерді орта буын менеджерлері басқарып, президентке есеп береді. Орта буынның күнделікті қызметте шешім қабылдау құқығы жоқ өз алдына жеке қызмет атқаруға шек қойылған. Бөлімдердің менеджерлері президент тапсырған бұйрықтарды орындап, оның нәтижелері турасында ақпарат беріп отыруы қажет.

Егер де 20 және одан жоғары адам саны жұмыс істейтін фирманы қарастырсақ, онда бас дирекцияға касса, бухгалтерия, құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша қызметтер бағына отырып, тек қана жалпылай сипаттағы шешімдер қабылданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Шағын бизнес нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын негіз болып саналады. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік жүйе жалпы алғанда экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыстың лайықты деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түседі.

Шағын бизнес секторы өзінің маңыздылығы жөнінен нарықтық экономиканың бір типіне жатады және бүгінгі заманның инфрақұрылымның негізін құрайды. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік нарықтың өзгергіш ахуалына тез бейімделеді. Ол экономиканың қайта құрылу қарқынын жеделдетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге септік етеді.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жүргізілетін тиімді басқару осы саланың жоғарғы қарқынды дамуына жағымды әсер береді. Өз кезегінде өркендеп жатқан шағын бизнес, жалпы ел экономикасының дамуында негізгі тірек болады.

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы үшін кәсіпорындардың шаруашылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Бұдан шаруашылық нысандары қызметінің тиімділігін өсіруге әрекеттесетін, түрлі өзгермелі жағдайларда тұрақтылық пен қаржылық дербестікті сақтауға көмектесетін басқару сфераларына қызығушылық туындайды. Сондықтан тиімді басқару шешімдерін өңдеу және жүзеге асыру нәтижесінде жағымды сапа мен болжамды қасиеттерге жетуге бағытталған қызмет басымды болып табылатыны сөзсіз.

Бүгінгі таңда, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің бастан кешіп отырған қиыншылықтарына қарамастан, ол экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғары емес, небары пайыздың бөлшегі ғана. Дегенмен, өсім бар. Қазірдің өзінде, шағын және орта бизнес Қазақстанның бүгінігі экономикасында лайықты орынды иемденуде.

Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: несие алу мүмкіндігінің шектеулілігі; шағын бизнесті қолдау және қорғау жөніндегі заңдық базаның жетілмеуі; шағын бизнесті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі және несие пайызының жоғары болуы; несие беру құжаттарының тым күрделілігі; білікті кадрлардың жетіспеушілігі; мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан тексерушіліктің жиілілігі.

Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаның жүзеге асуы келесі міндеттерді шешуі тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып, дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын бизнесті қолдау аясындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру; сақтандыру жүйесін ұйымдастыру...

Жоғарыда айтылған іс-шаралардың барлығы шағын кәсіпорындардың дамып, жетілуіне мемлекеттің ықпал етуін сипаттайды. Бірақта, бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету ондағы басқару механизмдерін жетілдіру қажеттілігі туындап отырғандығы айқындалуда. Шағын бизнес шаруашылық субъектілерінің басшыларына, менеджерлеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаушылық пен демеушілікті өз кәсіпорындары деңгейінде тиімді, ұтымды түрде қолданып, негізігі мақсаттарына жетудегі алға қарай жылдам қадам жасағандары жөн. Шағын бизнес менеджерлеріне қойылатын талаптар келесідей сипатта болу керек: басқарушы – менеджерлердің жоғарғы білімді маман болуы; менеджерлердің өз кәсіпорындарында басқару механизмдері мен тәсілдерінің оңтайлысын қолдана білу; басқарудың, жоспарлаудың икемді түрін қолдана білу; негізгі мақсатқа жетуде іс-шараларды тиімді ұйымдастыра білу қабілеттілігі және т.б.

Информация о работе Шағын бизнес кәсіпорындарының нарықтық экономикадағы мәні мен ролі