Құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:17, реферат

Описание

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар.Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. «Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың ,заңға сүйене отырып әрекет етуі.Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Содержание

Кіріспе
1.Құқықтың түсінігі , сипаты
2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні
3.Құқық салалары:
Конституциялық құқық
әкімшілік құқық
Қаржы құқығы
Еңбек құқығы
Отбасы құқығы
Қылмыстық құқық
Экологиялық құқық
Азаматтық құқық
Азаматтық ісжүргізу құқығы
Халықаралық құқық
4.Қортынды

Работа состоит из  1 файл

kukiktin_tusinigi_jane_sipati.doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

 

1.Құқықтың түсінігі , сипаты

 

2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні

 

3.Құқық салалары:

 

Конституциялық құқық

әкімшілік құқық

Қаржы құқығы

Еңбек құқығы

Отбасы құқығы

Қылмыстық құқық

Экологиялық құқық

Азаматтық құқық

Азаматтық ісжүргізу  құқығы

Халықаралық құқық

 

4.Қортынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

         Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

        «Құқық» терминінің көптеген мәні бар.Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.

Заң ғылымында  «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. «Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың ,заңға сүйене отырып әрекет етуі.Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Субъективтік құқық  –тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық  тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.

Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан , екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады.   Мысалы, әр азаматтың оқып , білім алуға құқы бар.Сол құқықты пайдаланып,азаматоқу орнының ішкі тәртібіне бағынып,оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

    

 

 

      Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтар арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік - аумақтық бөліністер арасында қалыптасады. Заңды тұлға терминімен қатар, жеке тұлға термині қолданылады. Азаматтық кодекстің 12 - бабына сәйкес жеке тұлғаға

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.

        Құқық теориясында жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі болып танылуы үшін онда құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік болуы міндетті.     Құқықтық субъектілік дегеніміз – құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыру мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік азамат туған кезден басталып, қайтыс болғанда тоқтылады.

           Құқық қабілеттіліктің негізгі мазмұнына мыналар жатады: меншік құқығында мүлікті иеленуге, Қазақстан Республикасы аумағында және шекарасынан тыс жерлерде шетел валютасын иеленуге, мүлікті мұраға алуға, мүлікті мұраға қалдыруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республика аумағынан тыс жерге кетуге, заң актілерімен тыйым салынбаған кез – келген қызмет түрімен айналысуға, кез – келген мәмілелер жасауға, интелектуалдық меншік құқығында өнертабыстарға, ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқығы бар.

          Сонымен қатар, материалдық, моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа мүліктік және жеке құқықтарға ие бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Құқықтың түсінігі , сипаты

 

Құқықтың реттеу функциясы  – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап  отыру. Құқықтың қорғау функциясы –  нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.        Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады

Құқықтың түсініктері  бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

 Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың  мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды  реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа  ұшыратпай, экономикалық, саяси,  әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын  дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

 Құқықтың екі түрлі  түсінігі болады: біріншісі –  құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына  сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік  түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

  Құқықтың қорғау  функциясы – нормативтік актілердің  қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын,  әсерін күшейту, жаман қатынастарға  тыйым салу.

 

 

 Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың

жиынтығы. Құқықтық норма  – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

                  Құқықтық нормалардың белгілері:

1.Норма мемлекеттік  органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай  нормалардың қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2.Нормада субьектілердің  құқығы мен міндеттері, орындалу  жолдары толық әрі нақты көрсетіледі.  Егер көрсетілмесе, субьектілер  өз еркімен іс-әрекет етуге,  тек заңға нұсқан келтірмеуі керек.

3.Норма ерікті түрде  орындалмаса, мемлекет орындатуға  мәжбүр етеді.

4.Құқықтық нормалардың  жүзеге асырылуын, орындалуын  мемлекет қамтамасыз етеді.

5.Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде  жұмыс істейді.

 Сонымен, құқықтық  норма – қоғамдағы қатынас  субьектілердің құқықтары мен  міндеттерін реттеп, басқарып отыратын  жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз  етілетін ереже-қағида.

          Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.

 Негізгі заңды нормаларда  элементтердің мазмұны норманың  кіріспесінде немесе бірінші  бабында толық көрсетіледі. Мысалы, ҚР салық кодексінде номалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.

 

 

 

 Тәртіп ережелерінің  нормаларында элементтер нормативтік  кесімдердің баптарында, бөлімдерінде  толық көрсетіледі.

 Құқықтық норманың  элементтері: диспозиция(мінез-құлық ережесі), гипотеза(жорамал), санкция(жаза,шара).

           Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.                  Гипотеза-Құқықтық норманы қолдану,қолданбау ұшін қажеттіөмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.

              Санкция-құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

             Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні.

        Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып,оған мынадай анықтама беруге болады: Құқық бұл-жалпыға бірдей міндетті,мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін,қоғамдық қатынастарды реттейтін , заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма,ережелердің жиынтығы. Құқық бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс.Оның бір бөлігі –табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табаиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады.

        Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.

        Әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық ғылымдарына қолданылады. әлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы құқықыты негізінде үш мағынада қарайды.

       Біріншіден, құқық –бұл міндетті түрде орындалатын әлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгібір қызметті атқаруда

 

 

 

адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еңбек етуге, демалуға рұқсат беруді айтады.

Үшіншіден, құқық куәлік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқықығы, т.б.

         Құқық ғылымының да жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтану бөлімі бөлімі бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекет пен құқықты қондырманың бір түрі ретінде қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен, әсітесе, экономикалық құрылымыммен тығыз байланыстылығын, оған беленді түрде әсер етіп отырыатынын көрсетеді. әлеуметтану ғылымы жеке қоғамдақ және гуманитарлық (оның ішінде құқықтық) ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарда болып, олардағы құбылыстарды, үдерістерді, көкейтесті мәселеллерді, ой-пікірлерді, істің мәні мен мазмұнын әлеуметтану тұрғысынан жан-жақты, терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады.

          Ал, жалпы құқық ғылымы осындай әлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни оның теориялық заңдылықтарын, әдістемелік нұсқау, бағдарламаларын, құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми әлеуметтік әдістерін әр уақытта қажыт етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады.

         Жоғарыда көрсетілгендей,осындай жалпы әлеуметтану мен жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, әсіресе, әлеуметтану құқық ғылымына кең енуіне (кіруіне) байланысты әлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы- құқық әлеуметтануы пайда болды.

           Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекше бір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым әр уақытта әлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс. Осыған орай құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаоатын қызметін (функциясын), оның шығуы мендамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық), ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға,

 

 

 

топтарға, жіктерге, т.б. пайдалылығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларамен, құбылыстармен  байланыстарын, ықпалын зерттейді.

 Құқық әлеуметтануы  әр түрлі қоғамдық қатынатар  жүйесінде,яғни құқық пен құқықтық  сананың әр уақытта таптық  сипатта болатынын, ақыр аяғында  құқықтық экономикалық қатынастармен  шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тәуелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің көмегімен әлеуметтк қорғауды, бақылауды қамтамасыз етуді және қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді.

          Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала, ретінде талданады.

             Ол құқықты, құқықтық сананы және құықтық шығармашылықты қалыптастыру үдерісі ретіндежәне құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады. Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны әлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық – алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық-жарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы.

        «Норма» деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер, шама деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда «ереже» сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады.

             Әлеументтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған және бекітілген әрі адамдардың бір-біріне өзара қатынасының тиісті тәртібі .Бұл тиісті ,міндетті тәртіп қоғам тарапынан жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып ,сақталынып отырады.

          Құқықтық ереже әлеументтік ереженің бір түрі. Құқықтық нормаға әлеументтік норманың барлық белгілері ,қасиеттері кірген.Сондықтан

 

 

құқықтық ереже әлеументтік  ережені қайталап отырады .Бұл екеуінің арақатынасы бүтін мен жартыға  тең  Сонымен ,жоғарыда көрсетілгендей ,құқық ережесі дегеніміз ,мемлекет шығарған және бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдей мінез-құлық тәртібінің ережелер жиынтығы.

          Құқықтық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісімен танымына,мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет. Сондықтан құқықтық ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тәртіп бола отырып, қоғамдағы адамдардан, олардың алуан түрлітаптары мен топтарына, жіктерінен оны бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды,талап етеді. Жалпыға міндетті ережелерге айнала отырып, құқық ережесі әлденеше құбылыс, үдерістермен ықпалдасып, қайталанып отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады. осықайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса, екінші жағынан қайталанатын қатынастар құқық ережелерін жалпыға міндетті ережеге айналдырады.

Информация о работе Құқықтың түсінігі