Құқықтың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:17, реферат

Описание

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар.Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. «Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың ,заңға сүйене отырып әрекет етуі.Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Содержание

Кіріспе
1.Құқықтың түсінігі , сипаты
2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні
3.Құқық салалары:
Конституциялық құқық
әкімшілік құқық
Қаржы құқығы
Еңбек құқығы
Отбасы құқығы
Қылмыстық құқық
Экологиялық құқық
Азаматтық құқық
Азаматтық ісжүргізу құқығы
Халықаралық құқық
4.Қортынды

Работа состоит из  1 файл

kukiktin_tusinigi_jane_sipati.doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

          Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.       Сонымен қатар, бір

 

 

 

тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы  мәселесін де туындатады.     

         Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:

   1қылмыстың бірнеше мәрте  жасалуы; 

   2Қылмыстардың жиынтығы;

    3 қылмыстың қайталануы

 

Экологиялық құқық

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген. Ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. Экологиялық құқық бұл осы кезеңмен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.

        Табиғатты қорғау – қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қошаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Құқықтық экология бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып – экология құқығы болып табылады. Экология құқығы бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қошаған табиғи ортаны тиімді пайдаланумен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Экология құқығы құқық саласы ретінде адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы

 

 

 

үйлесімді байланыстарға  жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық номалардың жүйесін құрайды.

         Экология құқықтың әдістері қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделеді.

Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне  – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады. Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

кешенді;

ресурстық;

әлеуметтік - экологиялық.

Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік  актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне  жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

 

 

 

   Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

 

1) Экология құқықтарының  ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан  Республикасының Конституциясы  жатады. 2) Экология құқықтарының  қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған. 3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.

 Отбасы құқығы

Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы отбасылық құқық деп  аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін  негізгі нормативтік құқықтық акт  Қазакстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

Неке — отбасын  құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан

 

 

 

туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың  бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

 

        Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

Туыстық және туысқандардың  түрлері

Отбасылық құқық тек  шартты түрде ғана отбасылық деп  атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір

 

 

 

негізден немесе ортақ  бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі  тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

       Азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.

Сондай-ақ өсиет бойынша  мұрагерлер де болады.

Туған ағалары мен  қарындастары толык туыс және толык  емес туыс болып бөлінеді. Толық  туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі.

Толык емес туыс аға-қарындастарды  ерлі-зайыптылардың бұрынғы некелерінен  немесе некеден тыс туған туыс аға-қарындастармен шатастыруға

 

 

 

 

болмайды. Олардың ортақ  әкелері де шешелері де жок, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның туыстары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары — екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке-шешесі және өгей ер бала мен кызы да сүйек жақындар деп есептеледі.

       Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толык отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

          Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы.

Екінші түрі — отбасының  құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді  мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы

 

 

 

 

бұзылған баланың ата-анасы  тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.

         Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

         Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

өндірісті басқаруға  жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы  бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

еңбек дауларын қарастыру  бойынша қатынастар;

еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.

          Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

 Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім

 

 

 

мен мөлшерде мемлекеттің  бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекетҚаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақлыау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың максаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.

 Қаржылық бақылаудың  субъектісі болып қаржылық бақылауды  іске асыруға құзіреті бар  арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.

 Мемлекеттік қаржылық  бақылаудың объектісіне осы бақылаудың  шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлелкеттік емес заңды тұлғалар; 4)азаматтар жатады.

 Бюджеттік құқық  негіздері

 Материалды мағынасында  бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет  дегеніміз мемлелкеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

 Бюджет үрдісінде  туындайтын қатынастар бюджеттік  қатынастар деп аталады. Бюджетті  жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады.

 

 

 

 

Бюджеттер және Қазақстан  Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік  үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.

 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2)бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5)жергілікті бюджеттер жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлелкеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі аквтитері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады.

Азаматтық құқық

Құқықта — аталмыш  елдің азаматтығын алған, конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттердін барлық жиынтықына ие адам. Бұл  - өз кадірін сезінетін, саяси және құқықтық мәдениетті меңгерген, «отанының лайықты ұлы» атағына сай және аталмыш мемлекеттің заңдарына бағынатын әнегелі адам. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдары тұлғасында республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардын тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күшкүдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

Информация о работе Құқықтың түсінігі