Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:34, курсовая работа
Бизнес - жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол кәсіпорынның болашақтағы жемicтepi. Бизнес - жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері таңданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Әсіресе бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардан пайдаланып бизнес-жоспар жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Яғни, әрбір экономист мамандығын меңгерген маман MS Excel мүмкіндіктерін пайдалана білуі керек.
КІРІСПЕ
1. Бизнес – жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны
1.1 Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты 1.2 Бизнес-жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері
1.3 Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны
2. MS Excel - электронды кестеде экономикалық есептерді шешуде қолданылатын кейбір функциялар
2.1. Амортизация моделі
2.2. Қаржылық жағдайын талдау және баға беру
2.3. Залалcыздық нүктесін анықтау
3. "ЖАЛЫН" компьютерлік клубының бизнес-жоспарын талдау
3.1. Ұйымдастырушылық жоспар
3.2. Қаржылық жоспар
3.3. Тәуекелдікті талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Бизнес – жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны
1.1 Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты 1.2 Бизнес-жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері
1.3 Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны
2. MS Excel - электронды кестеде экономикалық есептерді шешуде қолданылатын кейбір функциялар
2.1. Амортизация моделі
2.2. Қаржылық жағдайын талдау және баға беру
2.3. Залалcыздық нүктесін анықтау
3. "ЖАЛЫН" компьютерлік клубының бизнес-жоспарын талдау
3.1. Ұйымдастырушылық жоспар
3.2. Қаржылық жоспар
3.3. Тәуекелдікті талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық дамудың экономикалық моделінің — экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын жене орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар болуында. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділік ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезінде экономикалық, дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың манызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылады.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субьектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан атаулар мен ұжымдар да дүниеге кeлдi. Ауылдық елді мекендерде кооперативтер, шаруашылық cepiктестері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты - шағын, орта және ipi бизнест: дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезінде оң нәтижесін беруде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік - экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің ipгeciн нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Кәсіпкерліктің жұмысының жемісті болуы оның басшылырында, басқару стратегиясында және бизнес - жоспардың дұрыс құрылуында.
Бизнес - жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол кәсіпорынның болашақтағы жемicтepi. Бизнес - жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері таңданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Әсіресе бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардан пайдаланып бизнес-жоспар жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Яғни, әрбір экономист мамандығын меңгерген маман MS Excel мүмкіндіктерін пайдалана білуі керек.
1. Бизнес – жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны
1.1. Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты
Нарықтың экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сферасында қолданылатын негізгі жұмыс құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың қызмет процесін сипаттайды, кәсіпкердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын анықтап, оларға жетудің тактикасы мен стратегиясын көрсетеді. Жақсы әзірленген бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта жаңа позицияларды басуға, инвестициялық және несиелік ресурстарды алуға, өзіндік дамудың перспективалы жоспарын құруға, жаңа тауарлар мен қызмет өндірісінің және оларды тартудың рационалды әдicтepiн тандау концепцияларын құруға көмектеседі.
Бизнес-жоспар фирмаішілік өзгерістерге немесе нарықтағы өзгерістерге байланысты жаңаланып отырады, оған өзгерістер енгізілді. Бизнес-жоспарды әpбіp фирма көлемінде байланыссыз құрады. Кіші фирмалар бизнес-жоспарды әзірлеуге консалтинг ұйымдардың мамандарын шақыра алады.
Бизнес-жоспар төмендегілерге cүйенеді:
- белгілі бip тауар (қызмет) өндірісінің нақты жобасына-бұйымның жаңа типінің құрылуы немесе жаңа қызметтердің көрсетілуі;
- өндірістік шаруашылық және коммерциялық қызметтердің жан -жақты талдауына, оның мақсаты әлсіз және күшті жақтарын көрсету, басқа ұқсас фирмалардан өзгешеліктері мен спецификаларын көрсету болып табылады;
- нақты қаржылық, техника-экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдердің зерттелуі, ол экономикада нақты мақсаттардың жүзеге асырылуы үшін қолданылады.
Бизнес-жоспардың атқаратын қызметтері ішкі және сыртқы болып бөлінеді:
Ішкі қызметтеріне келесілер жатады:
- фирманың даму стратегиясын құру:
- жаңа өнім немесе қызмет көрсету үшін жоба жасау және оны жүзеге асыру;
- фирманың ғылыми - теникалық, өндірістік және коммерциялық потенциалына баға беру және резервті анықтау;
- жаңа технологияларды ендіру және құралдарды сатып-алу шараларын әзірлеу және орындау;
- жаңа жұмысшылар мен мамандарды таңждау және бұрынғы жұмысшыларды қайта оқыту;
- фирма қызметінің қаржылық нәтижелерін бақылау;
- фирма қызметіндегі тәуекелділік деңгейін төмендету шараларын жасау;
- фирма имиджінің жақсартылуы;
- фирманың дағдарыс жағдайларынан шығу жғне банкроттықтың алдын-алу шараларының жоспарын жасау;
Сыртқы қызметтерне келесілер жатады:
- жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестицияны тарту;
- банктік несие алу;
- фирма акцияларының қаржы нарығындағы өтімділігін қамтамасыз ету;
- шетел капиталын қолдана отырып, бірлескен кәсіпорындар құру үшін ұйымдастыру - қаржылық негіздемесін жасау;
Бизнес- жоспарды әзірлеудің мақсаты келесілер:
1. кәсіпорынның өміршеңдік деңгейін және болашақтағы тұрақтылырын анықтау, кәсіпкерлік қызмиетінің тәуекелділігін төмендету;
2. фирманың қаржылық қызметі бойынша нәтижесін есептеу (өнімді сату көлемі, пайда мөлшері);
3. инвестиция тарту және инвесторлар жағынан қолдауды қамтамасыз ету;
4. жасалған жоспарды жүзеге асыруға қабілетті жұмысшылар командасын іріктеп алу;
Бизнес - жоспар потенциалды инвесторлар оны тез тусіну үшін жақсы әзірленуі қажет және нақты баяндалуы қажет. Ол түсінікті жазылған негізгі даулы сурақтардың сипаттамасынан тұру керек. Жоспар бөлімінің көлемі мен деңгейінің нақтылануы фирма ерекшеліктері мен қызмет ету сферасы байланысты. Бизнес - жоспар көлемі 50 беттен аспауы жөн.
1.3.Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің
мазмұны
Бизнес-жоспар құрылымы мен мазмұны қатал түрде рекламенттелмеген. Бизнес-жоспар жасауда кеңінен қолданылатын әртүрлі бөлімдер сызбасын
келтірейік:
Резюме |
1 бөлім. Жалпы деректер мен талаптар |
2 бөлім. Тауарлар мен қызметтер сипаттамасы |
3 бөлім. Нарықты талдау. Маркетинг стратегиясы |
4 бөлім. Өндірістік жоспар |
5 бөлім. Ұймдастырушылық жоспар |
6 бөлім. Қаржыны жоспар |
7 бөлім. Тәуекелдікке баға беру |
8 бөлім. Қорытынды |
Қосымша миен құжаттамалар |
Сызба 2. Бизнес-жоспар құрылымы
Резюме.
Резюме бизнес-жоспардың барлық бөлімдері құрылғаннан соң жазылады. Бұл бөлім бизнес-жоспарда ұсынылып жатқан қысқа және нақты мәтіндердің жиынтық баяндамасы. Ол бизнестің мақсаттары мен стратегиясын мазмұндайды, өнімнің немесе қызмет түрінің бірегейлілігін көpceтеді және кредиторлар мен инвесторларды ұсынылып отырған бизнес-жоспардағы барлық мәтіндерді оқып шығуңа сендіреді.
Резюме бизнес-жоспардың шешуші позицияларын, қаржылық қажеттіліктерін, нарық потенциалын және келтірілген барлық жағдайлар негіздемесін қысыңқы және сенімді формада көpceтyi қажет.
1. Жалпы деректер мен талаптар.
Кәсіпорынның орналасқан жері, қызмет түpi жене сипаттамасы, сату орындары көрсетеді. Сондай-ақ кәсіпорынның қашан құрылғаны немесе кеңейтілген туралы мәліметтер беріледі. Ұйымдастыру - құқықтық формасының қай түрi тән; фирма салымдарының құрылымы; негізгі шот ашылған банк реквезиттері; фирма басшылығы туралы мәліметтер де қарастырылады.
2. Тауарлар мен қызметтер сипаттамасы.
Бұл бөлімде кәсіпкер жоспарлап отырған тауар немесе қызмет түрін толық суреттеп бepyi қажет. Кәсіпкердің идеясы қаншалықты дұрыс екендігі осы бөлімде анықталады. Тауардың жақсы қасиеттерін атап көрсетіп, оны тасымалдау және өткізу ic-шараларына анықтама береді және тауардың авторлық құқыққа ие екендігін дәлеледейді. Сонымен қатар бәсекелетік артықшылыққа ие екендігін көрсетуі қажет.
3. Өткізу нарығын талдау. Маркетинг стратегиясы
Бұл бөлімның мақсаты - инвесторге жеткілікті фактілерді ұсыну. Жоспардың бұл бөлімі қиын және маңыздысы болып табылады. Ceбeбi қалған бизнес-жоспар бөлімдері нарық бағасына байланысты құрылады. Маркетингтік зертеулер мен талдауларға негізделген жобаның нарықтық бағалануы өндіріс көлемне, маркетингтік жоспарға тікелей әсер етеді және қажет инвестиция мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Өткізу және нарық механизмі талдауының маңыздылығына байланысты бұл бизнес-жоспардың бөлімін басқа бөлiмдepдeн алдын дайындалғаны жөн.
Мұнда өткізу көлемі және нарық курсының ecyi сияқты жалпы көрсеткіштерді анықтайтын әртүрлі ақпарат көздерін анықтау қажет.
Маркетингтік зертеулерді әpбip фирма оның көлеміне байланыссыз жүргізу керек. Kіші фирмалар әдетте мұндай талдауды жүргізуге шеттен
мамандарды шақырады. Осы нәтижелерге сүйене мұндай фирмалар өздері қажет маркетинг позицияларын (стратегияны) таңдайды.
Нарықты талдау үшін немесе маркетингтік стратегия үшін келесі түсініктер қажет:
Маркетинг:
- нарықты құру процесі, өзіндік өнімге (қызметке) деген тұтынушыларды тарту мен ұстап тұру процесі;
- клиенттердің қажеттіліктерін анықтау мен өз қызметше сәйкес пайданы қамтамасыз ету жағдайында оларды қанағаттандыру.
Нарықты талдау мен маркетингтік стратегия бөлімі келесі негізгі бөлімдерге негізделеді:
1. Сатып-алушылар сипаттамасы;
2. Бесекелестер және өткізу көлемі;
3. Сату мен тарату сфералары;
4. Маркетинг стратегиясы.
Бәсекелестік. Бәсекелесетік тауар немесе қызметтің күшті және әлсіз жақтарына реалды баға беріп, оларды шығаратын фирмаларды атап, бәсекелесетің тауар немесе қызметтерді базистік бағасы бойынша, мінездемелері, гарантиялық міндеттер және басқа көрсеткіштері бойынша салыстыру қажет. Бұл ақпаратты кесте түрінде ұсыну қажет. Бәсекелесетің әpбіp тауарлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қысқаша мазмұндап, олар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау себептерін көрсету қажет. Мүмкіндігінше фирмаға жаңа және жақсартылған тауарларды құруға бәсекелестердің қызметтері туралы қандай ақпараттар есер ете алатынын көрсету. Бәсеке талдауы келесі сұрақтарға жауап бере алады:
- ұқсас өнімдерді ұсынатын фирмалар саны көп пе, немесе бәсекелес қатысушылар саны шектеулі ме (бұл бәсеке күресін жургізу формасын анықтайды);
- нарықтың қай бөлігін жетекші бәсеке фирмалармен
бақыланады;
- фирманың қызмет ету ортасының ауысу жиілігі, бәсекелестердің тұрақтылығы;
- бәсеке негізі не болып табылады.
Әрбір нарық үшін нысаналы түрде фирма мен бәсекелестердің көлік шығындарын, өнім сапасы мен оралымын салыстырып, баганың төмендеу мүмкіншілігін қарастырып, сондай-ақ жарнама компаниялары мен фирма имиджі туралы түсінік болуы керек.
Сату мен тарату сфералары. Мұнда қысқаша қазіргі жағдайда және келешекте бәсекелесе алатын өнім (қызмет) игіліктері баяндалады, негізгі форма клиенттері анықталады. Өндірілетін өнім (қызмет) игіліктерінің бағасын, тұрамыс көлемі мен динамикасын және олардың соңғы жылдағы нарық тенденцияларын негізге ала отырып, фирманың өткізу сферасы және келесі үш жылдағы сату көлемі (натуралды құны) анықталады. Өткізу есімі мен фирма қызметінің бағалануы саладағы орнының өзгеруіне және бәсекенің күшеюіне немесе әлсіреуіне негізделуі мүмкін.
Өткізу мен сату көлемін бағалаудағы болжамдар мұқият тексерілген болу керек. Егер өнімді шығару үстінде болса, өнім көлемін, өткізу сферасын және соңғы екі жылдағы сату көлемін көрсету қажет. Болжамды сату көлемін бағалау кезінде негізінен олар қалай қамтамасыз етілетінін көрсетеді: