Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:34, курсовая работа
Бизнес - жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол кәсіпорынның болашақтағы жемicтepi. Бизнес - жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері таңданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Әсіресе бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардан пайдаланып бизнес-жоспар жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Яғни, әрбір экономист мамандығын меңгерген маман MS Excel мүмкіндіктерін пайдалана білуі керек.
КІРІСПЕ
1. Бизнес – жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны
1.1 Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты 1.2 Бизнес-жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері
1.3 Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны
2. MS Excel - электронды кестеде экономикалық есептерді шешуде қолданылатын кейбір функциялар
2.1. Амортизация моделі
2.2. Қаржылық жағдайын талдау және баға беру
2.3. Залалcыздық нүктесін анықтау
3. "ЖАЛЫН" компьютерлік клубының бизнес-жоспарын талдау
3.1. Ұйымдастырушылық жоспар
3.2. Қаржылық жоспар
3.3. Тәуекелдікті талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Маркетинг стратегиясы. Оның мақсаты - болжамды бизнестің тауардың өнімділігін қамтамасыз ету үшін нарыққа қалай ықпал ететінін түсіндіру. Сәйкес таңдап алынған нарықтың мүмкіндіктерін анықтағаннан соң, қалай қызмет ететініне тоқтау керек.
Маркетингтік стратегияны сипаттаудан алдын, кәсіпорынның қызмет етуінің негізгі бағдарламасын (мақсатқа жету стратегиясы) анықтау қажет. Өнім мен нарық - стратегияны анықтаудың маңызды факторлары. Кәсіпорынның мақсаты мен қызметін сипаттайтын төрт түрлі стратегия болуы мүмкін.
1. Нарыққа ену (нарық өрлеуі). Бұл стратегияның негізгі принципі - ескі нарық - ескірген тауар. Белгілі бір нарықта әрекет ететін кәсіпорын өзінің нарықтық жағдайының активтелуіне ұмтылады. Белгілі нарықтағы бар тауарларды маркетингтік шараларын ұлғайту мақсаты
- нарық үлесін көбейту немесе нарық көлемінің ұлғаюы. Жетістіктің мүмкін жолдары: тұтынудың ұлғаюы (бағаның төмендетілуі және т.б.), бәсекелесетін тауарларға тұтынушыларды тарту (жарнама, бағаның төмендетілуі).
4. Әндірістік жоспар.
Мұнда кәсіпкер белгіленген мерзімде қажетті сападағы тауарларды өндіруі мүмкіншілігі бар екендігін көрсетуі қажетті. Бұл бөлімде келесі сұрақтарға жауап береді:
Өндірістік жоспарда өнімнің немесе қызметтің сапалы және тиімді өндірісі үшін қажет қызметкерлер саны көрсетіледі. Олардың қызметтеріне сипаттама жасалады. Егерде квалификациясын жоғарылату қажет болса, онда персоналды оқыту программалары мең оған жұмсалатын шығын сомасы көрсетіледі.
5. Ұйымдастырушылық жоспар.
Бұл бөлімде келесі жағдайлар қарастырылады: басқарушы мен қызметкерлер сипаттамасы; ұйымдастыру құрылымы; кадр саясаты және стратегиясы. Қызметкерлер тізімі қарастырылады және әрқайсысының біліктілігі, тәжірибесі, міндеттері қарастырылады. Кәсіпорын құрылымы арқылы басқарушы және қызметкерлер міндеттері бөлінеді. Және еңбекті ынталандыру, жалақы көлемі, жеңілдіктер түрі және пайдаға қатысу туралы ақпараттар беріледі.
Бұл бөлімде ұйымдастыру - өндірістік құрылымға және өндірістік технологиялық сызбасына негіздеме беріледі.
6. Қаржылық жоспар.
Қаржылық жоспардың мақсаты - компания қызметінен күтілетін қаржылық нәтижелерді көрсететін сенімді жобалау жүйесін жасау және ұсыну. Қаржылық жоспар ең негізгі сұрақтарға жауап береді: инвестор қандай пайда көретінін, ал кредитор-потенциалды қарыз алушының қарыз қайтару мүмкіндігі туралы біле алады.
Қаржылық жоспар бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
I. Базалық болжамдар.
1.1. Өндірістік бағдарлама
1.2. Тұрақты және өзгермелі шығындар
1.3. Өзіндік құн калькуляциясы
II. Классикалық қаржылық формалар
2.1. Пайда меп шығындар есебі
2.2. Болжамды баланс
2.3. Ақша қаражатының қозғалу ағымы
III. Жоба тиімділігінің көрсеткіштері
IV. Залалсыздықты және сезімталдылықты талдау.
І.Базалық болжамдар.
Базалық болжамда есеп өнім бірлігіне немесе берілгендерге байланысты белгілі бір мерзімге жүргізіледі.
Базалық болжам негізіне қаржылық есептеулер мен талдауды жүргізу үшін барлық бастапқы мәліметтер енгізу қажет:
1.1. Өндірістік бағдарлама
1.2. Тұрақты және өзгермелі шығындар
1.3. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
1.1. Өндірістік бағдарламада жоспарлы өнім келемі (жоба бойынша) қарастырылады, сондай-ақ өндірістік бағдарлама құрылымында міндетті түрде толық қуаттылықта өндірістің жоспарын көрсету қажет.
1.2. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеу әдістерін қарастырар алдын тұрақты және өзгермелі шығындар анықтамасын берген жөн:
Өзгермелі шығындарға көлемі өнім өндірісінің ұлғаюына немесе кемеюіне байланысты өзгеретін шығындарды жатқызамыз. Оларға шикізат, материалдарға, отын, энергияға, транспорттық қызметке кеткен шығындарды жатқызамыз.
Тұрақты шығындар өнім көлеміне байланысты өзгермейтін шығындар. Олар пайда болу орнына байланысты еептелінеді. Шығындарды статья бойынша келесідей топтап көрсетуге болады:
А) Материалдық шығындар - негізгі және көмекші материалдар шығындары, сондай-ақ сатып алынған жартылай фабрикаттар мен қосалқы бұйымдар.
Б) Персонал шығындары негізгі, қосымша және басқалар болып ажыратылады.
В) Калькуляциялық шығындар келесілерден тұрады:
- амортизациялық аударымдар;
- калькуляциялық пайыздар;
- калькуляциялық тәуекелділік;
Амортизация бұл -өзінің құнын дайын өнім құнына бірте - бірте тозу барысында қызмет ету мерзіміне пропорционалды түрде ауыстыратын негізгі өндірістік қордың бір бөлігін айтады.
Амортизация нормасын есептеудің сызықтық әдісі кең қолданылады.
Оны төмендегі формуламен анықтаймыз:
Бастапқы құны-Қалдық кұны
Амортизация =
Қолдану мерзімі
Калькуляциялық пайыз - кәсіпорын пайданы есептеуде шығындар құрамында қарыз бен несие пайыздарын төлеу шығындары есептеледі.
Калькуляциялық тәуекел - сақтандыру компанияларының шарттары бойынша төлемдер.
1.4. Өзіндік құн калькуляциясы.
Бұл есеп өнімнің немесе
• шығындарды толық қарастыратын өзіндік құн калькуляциясы;
• өзгермелі шығындар бойынша калькуляциялау.
Өнімнің әр бірлігінің есебі өнім өндірісінде қолданылатын қосалқы бөлшектердің көлемі мен материалдардың құнын табу арқылы жүргізіледі.
Өнімнің өзіндік құны = әр шикізатқа кеткен шығындар сомасына (шикізат бірлігінің бағасы шығыстар нормасының көбейтіндісіне).
Шығындардың жалпы сомасын анықтағанда өнім өндірісінің көлеміне байланысты және оған әсер ететін тағы да басқа шығындардың құнын есептеу қажет. Оларға: электр энергиясы, кеден бажы, жөндеу шығындары, еңбек ақы, әлеуметтік шығындар, су төлемдері, амортизациялық аударымдар, жылдық төлем, салықтар, пайдаға салынатын салық, сақтандыру, жарнама, өзге де шығындар жатады.
Калькуляциялық статьялар басқа кесте мәліметтері және қосымша есептеулер негізінде толтырылады.
ІІ. Классикалық қаржылық формалар.
Қаржылық бөлімнің құрылымды бөлімі болып қаржалық есеп берудің 3 классикалық формасы табылады:
2.1. Пайда мен шығындар есебі;
1.2. Болжамды баланс;
1.3. Ақша каражаттарының ағымы.
2.1. Пайда мен шығындар есебінің формасын құрудың мақсаты кәсіпорынның пайдалылығы мен шығындалу дәрежесін кәсіпорынның операциялық және өндірістік қызметін жалпы формада көрсету.
Есеп беруді құру кезінде кредиторлар мен венчурлық капитал ұстаушылардың қызығушылықтар спецификасын ескеру қажет. Формадағы болжамдардың негізгісі өткізу көлемінің болжамы. Сонымен қатар өндіріс шығындарын жабатын қаржылық бөлінулерді қарастыру қажет.
Материалдық, еңбектік, өндірістік қажеттіліктер анықталып, құндық формаға айналдыру керек. Пайда мен шығындар есебінің формасында қолданылатын ақпараттар шынайы болу керек. Пайда мен шығындар есебінің формасында қолданылатын ақпаратттар шынайы болу керек.
2.2.Баланстық есеп беру фирманың белгілі бір уакытқа анықталған қаржылық жағдайын және өзінің міндеттемелерін орындай алу мүмкіндіктерін көрсетеді.
Баланс 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады. Инвесторлар жоспарланған бухгалтерлік баланстарды қарап шығып, фирманың қарыз көлемі, жұмыс капиталы, ағымдық шығьшдары, тауар айналымы және т.б. қандай көлемде екендігін анықтап, осының негізінде болашақ қаржылық жобалауды анықтайды. Бухгалтерлік баланс жоба басында немесе жыл аяғында жасалуы мүмкін.
2.3. Ақша қаражаттарының қозғалу ағымы. Бұның мәні қолдағы бар ақша ағымы туралы есеп беру. Бұл есеп беру айқындалған уақытта жүргізілетін операциялар процессінде ақша қаражаттарының жетіспеуін немесе артықшылықтарын көрсетеді.
Ақша ағымының болжамы өте қарапайым. Ол период бойынша қолдағы қаражаттардың келіп түскені мен шығып жатқанын атап көрсетеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорынның үш негізгі қызметінің байланысын көрсетеді:
Ақша қаражаттарының қозғалысы ағымын екі әдіспен есептеуге болады:
- тікелей
- жанама
Тікелей әдістің мәні - ақша ағымын сату көлемінен бастап тізбектеп көрсетуде. Ал жанама әдістің мәні - айналым капиталының көлеміне сәйкес алынатын пайданың корректировкасында.
Инвестор қанағат болуы үшін бизнес қажетті қаржылық төзімділік қоры болуы қажет. Бұл өз уақытында қарызды өтеу мен міндеттемелерді жабуды білдіреді.
ІІІ. Жоба тиімділігінің көрсеткіштері.
Есептеулер нәтижесінің негізінде негізгі интегралды көрсеткіштер болып келесілер табылады:
3.1. Жобаның өтелу мерзімі (РВР)
3.1. Жобаның өтелу мерзімі РВР - бұл кәсіпорындардың өндірістік қызметінен келетін түсімдердің инвестициялық шығындарды жабу уақыты.
Өтелу мерзімі РВР теңдіктің орындалуы кезінде ғана айлар бойынша есептеледі:
Дисконтталған түсімдердің сомасы - Дисконтталған төлемдердің сомасы = 0
Түсімдер сомасына келесілер кіреді: |
Төлемдер сомасына кіреді: |
-өнімді өткізуден болатын түсімдер; |
-тура өндірістік шығындар; |
-өзге де қызметтерден түсетін |
-кесімді еңбек ақы төлемдері бойынша |
түсімдер; |
шығындар; |
-активтерді таратудан түсетін |
-өзге де қызмет көрсетулер үшін |
түсімдер; |
төлемдер; |
-банктік салымдардан келетін |
-жалпы шығындар; |
түсімдер; |
-салықтар; |
-активтерді алуға кететін шығындар; | |
-дайындық кезендерінің шығындары; | |
-қарыздық пайыздар төлемі; | |
-банктік салымдар; |
3.2. Пайдалылық индексі РІ тиімді жобалар үшін бірден төмен болмау керек.
Түсімдердің дисконтталған сомасы
PI =
Төлемдердің дисконтталған сомасы
3.3.Таза келтірнді табыс NPV - алдағы пайда немесе ақша ағымының келтірінді сомасы. Ол тең дисконтталған түсімдердің сомасы - дисконтталған төлемдердің сомасына.
3.4. Ішкі рентабальділік
нормасы (ішкі табыстылық
Ішкі рентабельділік нормасы көлемінің нақты есебін тек компьютер арқылы немесе IRR есептік фуикциясы орнатылған калькулятор арқылы ғана жүргізуге болады. Барлық компьютерлік бағдарларламалар Ехсеl, Lotus-1-2-3, Project Expert IRR есебін нақты жүргізеді.
IV. Заласыздықты және сезімталдылықты талдау,
Заласыздықты талдау сату деңгейін көрсетеді, ол өндірістік шығындарды жабу үшін қажет. Жоба спецификасына байланысты қаржылық талдау ай, квартал, жылға дайындалады. Егер қарыз алынатындай жағдай болса, онда қаржылық есеп компанияда ақша қаражаттарының ағымы өзіндік болғаннан кейін есептеледі.
Заласыздықты талдау сатудан түскен қаражаттары компанияның қаржылық мідеттемелерін орындауға жететін нүктені анықтайды.
6. Теуекелдікке баға беру
Бизнес - жоспарды жүзеге
асыру барысында материалдық (қосымша
алдын -ала қарастырылмаған шығындар)
- мүмкін болатын тәуекелдіктердің жалпы бағамы;
- тәуекелділік түрлерінің талдауы, пайда болу көздері мен уақыты;
- зақымдауды минимизациялау шараларын жасау;
Бұдан басқа инвестициялық тәуекелділіктер қарастырылады.
2 MS Ехсеl - электронды кестеде экономикалық есептерді шешуде қолданылатын кейбір функциялар.
Экономикалық өзгерістер процесі бүкіл басқару қызметін реформалаудан басталады. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде бәсекелік басымдыққа қол жеткізу үшін ақпараттық технологияларды, соның ішінде компьютерлік ақпараттық методологиялар мен құралдарды қолдана отырып, ақпараттарды ұйымдастыру және оларды тиімді басқару жөнінде негізгі түсініктерді қарастыру міндетін атқаратын акпаратгық менеджментті айналып өтуге болмайды.