Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 11:35, курсовая работа
Нарықтық экономиканың сипатты белгілері: экономикалық ортаның динамикалылығы, кәсіпорын саясатын анықтайтын сыртқы факторлардың үздіксіз өзгеруі, өнімге деген бәсекелес бағалардың өзгеруі, валюта курстарының тербелісі, шаруашылық субъектісінің құралдарының инфляциялық құнсыздануы, ұқсас немесе сапасы жоғары болатын өнімді ұсынатын бәсекелестердің пайда болуы. Кәсіпорынның және оның тауар өткізу нарығының үлесінің бәсекелестікке қабілеттілігін қолдау үшін кәсіпорынға үнемі өндірістік қуатын қайта құру, бар материалдық-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қызмет көлемін ұлғайту, қызметтің жаңа түрлерін меңгеру қажет.
Кіріспе
Экономиканың дамуының қажетті шарты – жоғары инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қорлардың сатылатын көлемінің өсуі және оларды материалды өндірістің басым салаларында және әлеуметтік салада тиімді пайдалануының арқасында инвестициялық белсенділікке жетуге болады. Инвестициялар жаңа ғылыми-техникалық негіздегі өндірістік потенциалды қалыптастырады және мемлекеттердің әлемдік нарықтағы бәсекелестік позицияларын алдын ала айқындайды. Сонымен бірге, көптеген елдер үшін, әсіресе экономикалық және әлеуметтік сәтсіздіктен шығуға талпынған мемлекеттер үшін шетел капиталын тура капитал салымдары, портфельді инвестициялар және өзге активтер түрінде тарту маңызды роль атқарады.
Инвестициялар елдің, жеке шаруашылық субъектілердің болашағын тұтастай анықтайды және экономиканың дамуы үшін қозғаушы күш болып табылады. Ал ҚР экономикасына инветицияларды тарту және оларды игеру ел экономикасының өндірістік потенциалының артуына мүмкіндік туғызады.
Кәсіпкерлік, инвестициялық қызмет және экономика жағдайы айтарлықтай дәрежеде мемлекеттік саясатқа тәуелді. Мемлекет өз әрекеттерімен осы процесстерді елеулі түрде тежеп немесе жеделдетіп жіберуі мүмкін.
Инвестициялар бұл ағымдағы табысты (пайда) алу және капиталдың өсуін қамтамасыз ету мақсатымен капиталды ақшалай, материалды немесе материалды емес түрде кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе қаржылық құралдарға салу процессы. Инестициялар кәсіпорынның дамуының стратегиясын жүзеге асыратын басты форма болып табылады.
Нарықтық экономиканың сипатты белгілері: экономикалық ортаның динамикалылығы, кәсіпорын саясатын анықтайтын сыртқы факторлардың үздіксіз өзгеруі, өнімге деген бәсекелес бағалардың өзгеруі, валюта курстарының тербелісі, шаруашылық субъектісінің құралдарының инфляциялық құнсыздануы, ұқсас немесе сапасы жоғары болатын өнімді ұсынатын бәсекелестердің пайда болуы. Кәсіпорынның және оның тауар өткізу нарығының үлесінің бәсекелестікке қабілеттілігін қолдау үшін кәсіпорынға үнемі өндірістік қуатын қайта құру, бар материалдық-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қызмет көлемін ұлғайту, қызметтің жаңа түрлерін меңгеру қажет.
Инвестициялық
қызмет белгілі бір дәрежеде кез
келген кәсіпорынға тән. Инветициялар
түрлерінің көп болуына байланысты
кәсіпорын әрдайым
1 Инвестиция мәні және инвестиициялық қызмет
Ішкі және сыртқы нарықтардағы азаматтар, кәсіпорындар, қаржы институттары, мемлекеттердің арасындағы алуан түрлі және күрделі экономикалық процесстер мен қарым-қатынастар орын алған қазіргі дүние жүзінде капиталды көбейту немесе инвестициялау мақсатымен капиталды тиімді жұмсау(салу) өткір мәселе болып табылады. Инестициялардың экономикалық табиғаты кеңейтілген өндіріс процесінің заңдылықтарымен шектеледі және қосымша қоғамдық өнімнің бөлігін қоғамның өндірістік күшінің жүйесінің барлық элементтерінің саны мен сапасын арттыру үшін қолдануды білдіреді. Инвестициялар көзі жинақтау қоры немесе өндіріс факторларын дамыту мен арттыруға бағытталған ұлттық табыстың сақталатын бөлігі және тозған өндіріс құралдарының амортизациялық отчисление түрінде жаңартылуы үшін пайдаланылатын орнын толтыру қоры болады. Барлық инвестициялық құраушылар осылайша инвестициялық процесстердің тиімділігіне және кеңейтілген өндіріс қарқынына тікелей әсер ететін құралдар(қаражаттар) құрылымын құрайды. Все инвестиционные составляющие формируют таким образом структуру средств, которая непосредственно влияет на эффективность инвестиционных процессов и темпы расширенного воспроизводства.
Инвестициялар – пайда табу мақсатымен шаруашылық қызметке салынатын активтердің (қаражаттардың) барлық түрлері. Экономикалық мазмұны бойынша инвестициялар (капитал салымдары) – негізгі капиталды құру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру және оған байланысты айналым капиталының1 өзгеруіне кеткен шығындар.
Инвестициялар – біздің экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйе шеңберінде бір ғана «ақшалай салымдар» түсінігі қолданылды, оның мәні: негізгі қорлар өндірісіне жұмсалған барлық шығындар, оған негізгі қорлардың орнын толтыруға кеткен шығындар да енеді. Кең мағынада инвестицициялар – пайда табу мақсатымен және (немесе) өзге оң нәтижеге жету үшін жаңа кәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыруға, жылжымайтын мүлікті, акцияларды, облигацияларды және өзге бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға, жіберілген ақша қаражаттары, мемлекеттің мүліктік және интеллектуалды құндылықтар,заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Инвестициялар – бұл капиталды салымдар ұғымынан кең ұғым. Инвестиицялар жалпы немесе тұтас шығындардың тұтынудан кейінгі екінші компоненті болады. Инвестиициялар зауыттардың салынуына, станоктар және жабдықтарға, қорларды өзгертуге кеткен шығындарды білдіреді.
Инвестиицяларды көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады.Жалпы және таза инвестициялар, портфельді, нақты, стратегиялық, тура және жанама инвестиицяларды ажыратады.
Инвестицияларды ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары, паилар, акциялар және басқа бағалы қағаздар; жылжымалы және жылжымайтын мүлік; авторлық құқықпен, тәжірибемен және интеллектуалды құндылықтардың өзге түрлерімен байланысты мүліктік құқықтар; техникалық құжаттама түрінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық және өзге білімдер, өндірістің белгілі бір түрін ұйымдастыруға қажетті, бірақ патенттелмеген дағды және өндірістік тәжірибенің жиынтығы; жерді, суды, табиғи қорларды, тұрғын үйлерді, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану құқығы, басқа да мүліктік құқықтар мен өзге құндылықтар деп бөлуге болады.
Салым
объектілеріне қатысты
Инвестициялық процесске қатысу сипаты бойынша инвестициялар осылай жіктеледі:
- тура инвестиициялар, яғни инвестициялау объектісін таңдауда және қаражаттарды салуда инвестор қатысады. Инвестор инвестиициялық циклдің барлық кезеңдеріне қатыстырылады, оның ішінде инвестициялау алдындағы зерттеулер, инвестициялау объектісін жобалау және салу, сонымен қатар ақырғы өнімді жасап шығару;
- жанама инвестициялар, олар өзінің қарап шешуінше ең тиімді түрде қаражат құралдарын жинайтын және орналастыратын түрлі қаржы делдары (инвестициялық фондтар және компаниялар) арқылы жүзеге асырылады.
Портфельді (қаржылық) инвестициялар – акцияларға, облигацияларға, басқа құнды қағаздарға, басқа кәсіпорындар активтеріне жұмсалған салымдар1.
Нақты инвестициялар – жаңа кәсіпорындарды салуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған салымдар. Осы жағдайда кәсіпорын-инвестор қаржысын сала отырып, өзінің өндіріс капиталын, яғни негізгі қорларды және оларды жұмыс істеуі үшін қажетті айналым қаражаттарын көбейтеді.
Портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда инвестор өзінің қаржы капиталын дивиденттер – құнды қағаздардан алынған табыс алудың арқасында көбейтеді.
Жалпы ішкі инвестициялар ағымдағы жылы өндіріс барысында қолданылған машиналар, жабдықтар және құрылыстарды алмастыруға арналған барлық инвестициялық тауарлардың өндірілуін, сонымен бірге капитал көлеміне қосылған кез келген таза үстемелерді қамтиды. Таза инвестициялар ағымдағы жылы орын алған қосымша инвестициялар болып табылады.
Инвестициялық қызметтің субъектілері:
- мемлекеттік басқару органдары;
- жергілікті басқару органдары;
- қаржы-несие институттары;
- коммерциялық ұйымдар;
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- шетел заңды және жеке тұлғалар.
Инвестицияларды басқару субъектілерін келесі түрде жіктеуге болады:
- жеке меншік иесі;
- мемлекет;
- шетел инвесторлары.
Оларға
инвестициялардың белгілі құқықтық
формалары және қаржыландыру көздері
сәйкес келеді (1-ші кесте)
Кесте
1 – субъектілер, инвестициялардың құқықтық
формалары мен инвестициялар көздері
Инвестициялардың құқықтық формасы | Қаржыландыру көздері | Инвестицияларды басқару субъектісі |
Жеке меншік | Жеке меншік капитал, заемдар (облигациялық заемдарды қоса), сырттан тартылған капитал | Жеке меншік иелері |
Мемлекеттік | Бюджеттік ақша бөлу, ссудалар, мемлекеттік кәсіпорындардың ақша айналымдарындағы қаражаттар | Мемлекет |
Шетел | Бейрезиденттердің қаржылық несие қорлары | Шетел инвесторлары
(шетел инвесторларының |
Дамыған экономикалық нарықта жетекші инвестор жеке меншік секторы болып табылды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік инвестициялардың және аралас меншікке негізделген инвестициялардың едәуір бөлігімен ерекшеленеді.
Жеке меншік инвестициялардың дамуында оларды ынталандырудың қолданыстағы тәртібі маңызды роль атқарады. Тәртіп бойынша мемлекет коммерциялық құрылымдардың қатысуымен дайындалған аса тиімді инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын ішкі жалпы өнімнің (ЖІӨ) 5% көлемінде капитал салымдарын бөлуі қажет. Жобалар конкурстық негізде орналастырылады. Инвестор шетел инвестицияларын қоса, өзіне меншікті және заемдық қаражаттардың 80%-ын салуға міндетті. Инвестордың жеке меншікті капиталы 20%-дан артық тиіс.
ҚР
инвестициялық қызметтің
- қайта құрылатын және жаңартылатын негізгі қорлар;
- құнды қағаздар;
- ғылыми-техникалық өнім;
- мүліктік құқықтар;
- интеллектуалды меншікке құқық.
Инвестициялар объектілері, түрлері және көздері 1-ші суреттегі сұлбада көрсетілген.
Сурет
1 – инвестициялардың объектілері,
түрлері және қаржыландыру көздері
Өндіріс саласына қаражат жұмсау жоғары тәуекелге байланысты банктік капитал, отандық және шетел инвесторлары, тұрғындарды аз қызықтырады. Инвесорлар өзінің қаражаттарын әлдеқайда табысты және сенімді қаржы активтеріне салуды артық көреді.
Табысты инвестициялардың нәтижесі әрі көзі қаражатты жинақтау болып табылады. Жинақтау – кеңейтілген өндірістің мақсаттарына пайдаланылатын қаржы ресурстарын қалыптастыру процессі.
Осы өзара байланыс өндірісті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде іске асырылады. Кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған табыстар капиталдың жинақталуын қамтамасыз ететін қаржы құралдарының мақсатты қорларына жіберіледі. Бұл қорлар ағымдағы қаржыландырудың және жаңа инвестициялардың көзі қызметін атқарады, қайтарым салымдардан асқанда болашақта капиталды жинақтауға алғышарттар жасайды.