Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 11:35, курсовая работа
Нарықтық экономиканың сипатты белгілері: экономикалық ортаның динамикалылығы, кәсіпорын саясатын анықтайтын сыртқы факторлардың үздіксіз өзгеруі, өнімге деген бәсекелес бағалардың өзгеруі, валюта курстарының тербелісі, шаруашылық субъектісінің құралдарының инфляциялық құнсыздануы, ұқсас немесе сапасы жоғары болатын өнімді ұсынатын бәсекелестердің пайда болуы. Кәсіпорынның және оның тауар өткізу нарығының үлесінің бәсекелестікке қабілеттілігін қолдау үшін кәсіпорынға үнемі өндірістік қуатын қайта құру, бар материалдық-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қызмет көлемін ұлғайту, қызметтің жаңа түрлерін меңгеру қажет.
Кәсіпорындар үшін пайда, амортизация және инвестициялардың жалпы көлемі соммасы арасындағы тәуелділікті зерттеу маңызды роль атқарады. Бұл қатынас тұрақты үрдіске айналғанда өзі-өзін қаржыландыру деңгейі өседі. Берілген қатынас бірліктен асқанда жинақталған қаражат ішкі инвестициялардан асады. Осы айырма ұзақ мерзімді салымдар үшін қолданылуы мүмкін2.
Инвестициялар кәсіпорын активтерінің өтімділігін төмендеуімен қатар жүреді.Активтердің өтімділігінің артуы өндіріс факторларына салымдарды кеңейту және қаражаттарды тиімдірек қолдану арқасында мүмкін болады.
Инвестицияларды ұлғайту болашақта тұтынудың өсуін көрсетеді. Инвестициялар шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырады және табыстардың өсуіне негіз жасайды. Олар сонымен бірге тиімсіз болуы да мүмкін, себебі қаржылық тәуекелге алып келеді.
Кез келген инвестициялар кәсіпорынның инвестициялық қызметімен байланысты. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – кәсіпорынның экономикалық потенциалын кеңейтуге бағытталған капитал салымдарының әлдеқайда тиімді формаларын негіздеу және жүзеге асыру процесі.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін іске асыру үшін инвестициялық саясат жасалады. Бұл саясат кәсіпорынды дамытудың стратегиясының және табысты басқарудың жалпы саясатының бөлігі болып табылады. Оның мәні – оперциялық қызметтің көлемін кеңейту және инвестициялық табысты қалыптастыру мақсатымен қаражатты салудың әлдеқайда тиімді формаларын таңдау мен жүзеге асыруда.
Өзінің инвестициялық саясатында кәсіпорын инвестициялық саясаттың әр алуан түрлерін таңдауы мүмкін:
- кертартпа инвестициялық саясат;
- ымыралы (біркелкі) инвестициялық саясат;
- агрессивті инвестициялық саясат.
Кертартпа инвестициялық саясат – кәсіпорынның инвестициялық саясатының нұсқасы, оның басым мақсаты инвестициялық тәуекелдің деңгейін минимизациялау болады. Осындай саясатты жүргізуде инвестор инвестициялардың ағымдағы пайдылылығының деңгейін максимизациялауға, капиталдың өсуінің қарқындылығын максимизациялауға да ұмтылмайды.
Ымыралы (біркелкі) инвестициялық саясат – табыс пен тәуекел деңгейі айтарлықтай дәрежеде орташа нарықтық бағалармен шамалас болатын инвестициялау объектілерін таңдауға бағытталған кәсіпорынның инвестициялық саясатын жүзеге асырудың нұсқасы.
Агрессивті инвестициялық саясат – табыс пен тәуекел деңгейі орташа нарықтық бағалардан әлдеқайда жоғары болатын инвестициялау объектілерін таңдауға бағытталған кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүзеге асыру саясатының нұсқасы.
Инвестициялық саясатты іске асыру үшін кәсіпорындар инвестициялық бағдарлама жасайды, бағдарлама салалық, аймақтық және инвестициялар үшін қызықты болатын белгілері (инвестициялық қызықтырғыштық) бойынша топталған нақты инвестициялық жобалардың жиыны болып табылады. Бағдарлама басқарудың бірыңғай объектісі болып саналады3.
Инвестициялық қызықтырғыштық – нақты инвестордың көзқарасы тұрғысынан, осы инвестормен құрастырылатын критерийлері бойынша инвестициялаудың жеке объектілерінің артықшылықтары мен кемшіліктерінің жалпылама сипаттамасы.
Инвестициялық
бағдарламаны құрғаннан және инвестициялау
объектілерін анықтап алғаннан кейін
кәсіпорын инвестициялық
Инвестициялық жоба бұл тұтас мүліктік кешенді сатып алу, қайта құру, модеринизациялау, капиталды ремонт түрінде іске асыруға алдын ала белгіленген нақты инвестициялау объектісі. Инвестиицялық жобаны жүзеге асыруға дайындық әдетте бизнес-жоспарды құруды қажет етеді.
Инвестицияларды жүзеге асырудың нақты периодтары бойынша үлестірілген инвестициялық қорлар шығындарының жалпы көлемі инвестициялар графигімен сипатталады. Ол ұзақ мерзімді жүзеге асыру периодын қажет ететін нақты инвестициялық жобалар бойынша бизнес-жоспар құрамында құрастырылады. Инвестициялар графигі кәсіпорынның жалпы қаражат ағынын есептеу және болжамдауды қамтиды.
Кәсіпорынның
шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында
ақша қаражаттарының түсімі (оң ақша ағыны)
мен шығыны (теріс ақша ағыны) ақша
ағыны деп аталады. Ақша ағындары
төмендегідей жіктеледі:
- операциялық (өндірістік-коммерциялық) қызмет бойынша ақша ағыны;
- инвестициялық қызмет бойынша ақша ағыны;
- қаржылық қызмет бойынша ақша ағыны.
Кәсіпорын қызметтінің нақты түрі немесе шаруашылық қызметі бойынша оң және теріс ақша ағындары арасындағы айырма жалпы түрде таза ақша ағынын береді.
Тәжірибеде
әдетте инвестициялық жобаларды
қаржыландырудың бес әдісі
- толық өзі-өзін қаржыландыру;
2) акция салу;
3) несиелік қаржыландыру;
4) қаржылық лизинг;
5) аралас қаржыландыру.
Осылайша,
инвестициялық жобаларды
Қаржылық
ресурстарды тарту мен
Эмиссиялық саясат түрлері:
- кертартпа дивидентті саясат;
- ымыралы (біркелкі) дивидентті саясат;
- агрессивті дивидентті саясат.
Кертартпа дивидентті саясат мақсаты кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін кезек күттірмейтін қанағаттандыру болатын дивидентті саясат нұсқасы. Ал дивиденттерді төлеу минималды тұрақты мөлшерде немесе қалдық принципі бойынша орындалады.
Ымыралы (біркелкі) дивидентті саясат бөлек периодтарда үстеме ақысы бар дивиденттерді төлеудің тұрақты деңгейі алдын ала қарастырылатын дивидентті саясаттың бір нұсқасы. Бұл саясат айтарлықтай түрде кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижелерімен және оның инвестициялық қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейімен байланысты болады4.
Агрессивті дивидентті саясат бөлек периодтарда кәсіпорынды нарықтық қордық «өрістету» мақсатымен агрессивті үстеме ақысы бар дивиденттерді төлеудің тұрақты деңгейі алдын ала қарастырылатын дивидентті саясаттың бір нұсқасы. Осы саясат кәсіпорынның қаржылық саясатының нәтижелерімен аз байланысты.
Кәсіпорынның
нақты инвестицияларының
Негізгі көрсеткіштер:
- өтімділік мерзімі;
- есептік табыстылық;
- келтірілген таза тиімділік;
- ішкі табыстылық;
- модификацияланған ішкі табыстылық;
- рентабельдік индексі.
Одан басқа жүзеге асырылады:
- ақша ағындарын бағалау;
- инвестициялық тәуекелді бағалау;
- үйлесімді инвестициялық бюджетті қалыптастыру.
Өндірістің кейінгі төмендеуіне және мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің шектелгендігіне тозу қажеттілігін ескере отырып инвестициялық саясатты келесі принциптер негізінде жүзеге асыру керек:
- меншіктің сан алуан формаларын дамыту жолымен инвестициялық процессті жүйелі түрде орталықсыздандыру, кәсіпорын қаржы жинақтауларының ішкі (жеке) көздерінің ролін кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін арттыру;
- орталықтандырылған инвестициялар есебінен кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау;
- шектеулі орталықтандырылған капитал салымдарын орналастыру және өндірістік мақсаттағы инвестициялық жобаларды қатаң түрде республикалық мақсаттық бағдарламаларға сәйкес және тек қана конкурстық негізде мемлекеттік қаржыландыру ;
- республикалық бюджет қаржысын мақсатты жұмсауға жасалатын мемлекеттік бақылауды күшейту;
- құқықтық базаны шетел инвестицияларын тарту мақсатында жетілдіру;
- инвестициялық жобаларды бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру тәжірибесін едәуір кеңейту.
Әдетте
Қазақстандағы инвестициялау
Салымшы мен инвесторлар көбінесе әр түрлі эконмикалық топтарға жатады. Отбасы өз табысының бір бөлігін сақтап қойғанда өз ақшасын банк шотына салады. Осы жағдайда салымшылар (жеке азаматтар) және инвесторлар (кәсіпорындар) қаржылық делдал (банк) арқылы байланысты болады. Кейде салымшылар мен инвесторлар бір жақты білдіреді. Компания өз табысын банктік салымдарды өсіру есебінен сақтайды. Содан кейін банк сол қаражатты капитал салымын жасауға ниет білдірген басқа компаниядан қарызға алады. Жабық экономикада сақтаулы қатажат(сбережении) көлемі инвестициялар көлеміне дәл сәйкес келеді. Ұлттық табыстың қандай көлемі сақталса, сол көлемін инвестициялауға мүмкін болады. Яғни, жабық мемлекетте ішкі инвестициялар ішкі сақтаулы қатажатқа(сбережении) тең деп айтуға орынды5.
Мемлекет әлемдік қаржылық жүйеге кіргенде оншама бір мағыналы емес жағдай қалыптасады. Егер қазастандық компания капитал салымын жасауды шешсе, ол керек қаражатты қазақстандық банктен де, шетел банкінен де қарызға ала алады.
Инвестицилардың ішкі көздерін қарастырайық.
- Инвестициялар көзі ретіндегі табыс. Кәсіпорынның қаржылық қорларының жеткіліксіздігін өзінің өніміне деген бағаларды көтеру есебінен толтыруға тырысады. Үкімет кәсіпорындарға қажетті қаржылық қорларды қалыптастыруды жеңелдететін шаралар қабылдайды. Оның үстіне қаржылық қорлар қазіргі күні экономикаға салынатын капиталдың негізгі көзі болып табылады.
- Амортизациялық аударымдаротчисления. Амортизациялық отчисления – бұл өзінің бастапқы материалдық носительден бөлініп кеткен (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, аппаратура және т.б.) капиталды құн. Материалдық носитель кәсіпорын айналымында басынан бастап кәсіпорын айналымында болған капитал Амортизационные отчисления - это капитальная стоимость, отделившаяся от своего материального носителя (зданий, сооружений, оборудования, аппаратуры и т.д.) изначально являющуюся капиталом уже находящимся в кругообороте и обороте предприятия. Амортизациялық отчисления өнімдер өндірісінде қолдану барысында тозып кететін өндірістің қаражаттарын қалпына келтіруге бағытталған. Алайда қазіргі уақытта Қазақстанда амортизациялық отчисления инфляция салдарынан жоғалып жатыр (инфляция капитал салымдарының бұл көзін толығымен құнсыздандырып жіберді деп айтуға болады), сондықтан кәсіпорындар өз-өзін қаржыландыру үшін еңбек ақы, салықтар бойынша қарыздарды төлеуге қажетті қаражаттарды қолданады. Осындай әрекеттер әлеуметтік салаға әсер етеді. Кәсіпорынның негізгі қорларының құнының және амортизациялық отчислениенің инфляция қарқындарына пропорционал түрде өсуі капитал салымдарын қаржыландыру үшін жеке қаражат көздерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сол себептен ішкі инвестициялық белсенділікті арттыру бойынша шаралардың бірі негізгі құралдардың баланстық құнына күнделікті индексация жасау жолымен амортизациялық қорды антиинфляциялық қорғау болуы мүмкін. Амортизациялық қордың инестициялық сипатын қалпына келтіру үшін амортизациялық саясаттың және амортизациялық қордың айналым жүйесінің реформасын өткізу қажет: амортизациялық отчислениелердің капиталдық сипаттамасын бір мәнді тану; амортизациялық қорға меншік жөніндегі заңнаманы өрістету және амортизациялық қор тағдырын анықтауға қатысты капитал иелерінің құқықтарына кепіл беру; кәсіпорындар өндірісінің (менеджерлер) амортизациялық қордың сақталуына және мақсатты пайдалануы үшін жауапкершілігін күшейту; амортизациялық қорды талан-таражға салу, қазақстандық ұлттық аумағы шекарасынан тыс жерге шығаруға (амортизациялық отчисление есебінен капиталдың шетке шығарылуының алдын алу) қарсы салықтық және административті санкцияларды енгізу. Осы шаралар кәсіпорынның амортизациялық қорының сақталуына көмектеседі, және салдарынан өндірістің бұрынғы деңгейде тұруды қамтамасыз етеді6.