Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 09:22, реферат

Описание

Еліміздің қазіргі даму кезеңінде жалпыға бірдей міндетті экономикалық ілім қажет. Экономикалық білім, өрлеудің өз алдына дара қуатты күшіне және қайнар бұлағына айналды. Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы, сүбелі мәселесінің бірі- кәсіпкерлікті дамыту. Осы мәселені ел басы үнемі назардан шығармай, қажетті жағдайларды жасап отырғаны баршаға аян. Сондай- орта және шағын кәсіпкерліктің басымдылық екендігін қайталап, қадап айтуда, өйткені азаматық қоғамдың діңгегі осылар. Кәсіпкерлік нар тәуекелділік ісі. Эконмикалық өнер десе де болады, өнерге оқып үйрену, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру, машықтану арқылы қол жетеді. Басқа жолы да, әдісі де жоқ.

Содержание

Кіріспе
I-ТАРАУ. Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс.
1.1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы
1.2. Кәсіпкерліктің мәні
1.3. Кәсіпкерліктің түрлері
II-ТАРАУ. Кәсіпкерліктің дамытудың әлеуметтік-экономикалық шарттары мен заңдылықтары.
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
2.2. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты
2.4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

әль.doc

— 168.50 Кб (Скачать документ)

                әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университеті

                              Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық  теория кафедрасы

 

 

 

 

 

                    Реферат

 

Тақырыбы: Кәсіпкерлік  және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Шалкарова А.Н.

Қабылдаған: Табиев Т.П.

 

 

 

 

 

                                          

                                            

 

 

 

 

                                   Алматы 2010

 

                                               Жоспар:

 

Кіріспе

I-ТАРАУ. Кәсіпкерлік-ерекше  экономикалық құбылыс.

1.1. Кәсіпкерліктің пайда  болу тарихы

1.2. Кәсіпкерліктің мәні

1.3. Кәсіпкерліктің түрлері  

II-ТАРАУ. Кәсіпкерліктің  дамытудың әлеуметтік-экономикалық  шарттары мен заңдылықтары.

2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

2.2. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды   шарты

2.4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары

     Қорытынды

    Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Кіріспе

 

Тәуелсіздік алған алғашқы  күннен бастап дәйектілікпен құрып  жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға  әлемдік қоғамдастықта барған сайын  зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.

Бүгінде экономика мен  өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын  қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі  дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Еліміз азаматтық қоғам  және рыноктық экономика бағытын  ұстануда. Рыноктық қарым-қатынастың, экономикалық жаңа типін қалыптастыру жолында өркениетті қоғам құруда қыруар шаруа жүзеге асты. Бұл ақиқат. Тағы бір шындық бар. Ол- келешектегі жұмыстық жүгі ауыр, көлемі қомақты, дайын үлгісі жоқ, сан-алуан қайшылықтарға толы еліміздің өзіне тән даму үрдісі.

 Еліміздің қазіргі  даму кезеңінде жалпыға бірдей  міндетті экономикалық ілім қажет. Экономикалық білім, өрлеудің өз алдына дара қуатты күшіне және қайнар бұлағына айналды. Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы, сүбелі мәселесінің бірі- кәсіпкерлікті дамыту. Осы мәселені ел басы үнемі назардан шығармай, қажетті жағдайларды жасап отырғаны баршаға аян. Сондай- орта және шағын кәсіпкерліктің басымдылық екендігін қайталап, қадап айтуда, өйткені азаматық қоғамдың діңгегі осылар. Кәсіпкерлік нар тәуекелділік ісі. Эконмикалық өнер десе де болады, өнерге оқып үйрену, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру, машықтану арқылы қол жетеді. Басқа жолы да, әдісі де жоқ.

«Кәсіпкерлік» дегеніміз  нақты іс, яғни адамның пайдалы, оған белгілі бір пайда әкелетін ісі. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі оның экономикалық тәуелділігі, яғни үнемі зиян шегу қауіпінің болуы? Сондықтан кәсіпкер жауапкершілігі мол, өзі еркін дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға болуы керек. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі макро және микродеңгейдегі қалыптасатын белгілі бір факторларға байланысты. Микродеңгейдегі кәсіпкерліктің құрылуы мен дамуының шешуші факторы болып өндіріс көлемі, орындайтын жұмысы мен қызметінің көлемі табылады.

Рыноктық экономика- еркін кәсіпкерлік экономика. Білікті кәсіпкер болу үшін осы жұмыстың негізін, атап айтқанда оны пайда болу тарихын, қалыптасуын, мәні мен мазмұнын, таным түсініктерін және т.б. жете меңгерген дұрыс. Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы, кәсіпкерлік атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерциялық, кеңес беру, қаржылық және т.б. болып бөлініді.

            

 I-ТАРАУ.  Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық                        

                                          құбылыс.

 

1.1. Кәсіпкерліктің  пайда болу тарихы.

 

Рынок қатынастарының пайда  болуы мен дамуы көптеген жағдайларды  қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рыноктық экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс. «Кәсіпкерлік» ұғымын алғаш рет 18-ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі-сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болды. Осылайша, халқаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарда  қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына- Ост-индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. «Кәсіпкерлік», «кәсіпкер» ұғымдарына өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік теориясын өңдеуде экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А.Смит, Ж.Б.Сэй,В.Зомбарт, Й.Шумпетер тағы басқалар біршама үлес қосты. Сондай-ақ П.Друкер, Дж.М.Кейнс, Т.Питерс, П.Самуэлсон, Д.Эванс, Ф.Хайек тәрізді бірқатар шетелдік экономистердің ғылыми еңбектерінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, зерделенген. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірістік өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен өзгереді. Кез келген комерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

Несиенің дамуы мен  байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол кезегінде кәсіпкерлікке ірі  қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. 

Қазақстандағы кәсіпкерлік  пен коммерсия жағдайына келсек, мұнда бұл салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік  дәуірінде Жетісу қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер орталықтары болған. XIII ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан территориясы арылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс-Шығыс халықаралық сауда жолы өткен. XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран-патшалықтарымен –мал,жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтірген. Орынбор, Тобыл, Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.

XIX ғасырдың алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып, балқыту және тері илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауатлық маңызы барынша өсті.

XIX ғасырдың екінші жартысында натуралды шаруашылықтың бөлінуі Қазақстанның Ресей, Орта Азия, Қытаймен сауда қатынастарының жалғасуымен ұласты. Мал және мал өнімдеріне капиталистік фабрикалардың өнімдері өте көптеп айырбастала түсті: шыт, шұға, мауыт, жібек, иленген тері, металл бұйымдары. Қазақстандағы тауар өндірісі жер шаруашылығы, ұн өндірісінің пайда болуымен ұласы. Сауданың әр түрлі формалары даланың ең шетте қалған өңірлерінде қазақтың натуралды шаруашылығы, өсімді капитал, ал қалаларда несиенің капиталистік формалары-банктер кең жайыла түсті. Мал және мал өнімдерін алып- сатумен айналысушылар «алып-сатарлар» деген атаққа ие болды. Тау-кен, алтын, таскөмір өнеркәсіптері де дами бастады.

Қазақстанның экономикалық өміріне сауда және коммерциялық қызметі үшін-Транссібір магистралі мен Орынбор-Ташкент темір жолдары елеулі қызмет атқарды. Осы және бірнеше осындай жергілікті темір жол нүктелері тек Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар шетке шығатын саудада маңызды орын алды.

XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуына ресейлік және шетелдік капиталдың келуі де лкен пайдасын тигізді. өте кең дамығаны-банк капиталы болды.

Кәсіпкерлік қызмет ЖЭС (жаңа экономикалық саясат) кезіне біршама  дамыды. Алайда рыноктық қатынастардың  қысқартылуы кәсіпкерлік қызметтің  өтімділігіне де кері әсер етті. Қазақстанда  «кәсіпкерлік» заңды негізде тек 90-шы жылдары ғана енгізілген. Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы және 2002 жылдың басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 1,6 млн. адам немесе экономикалық белсенді халықтың 21% жұмыс істейді. Қазіргі қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың 40%-дан астамы 1992-1993 жылдары шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер көрсетінген кезде құрылған.

 

                         1.2. Кәсіпкерліктің мәні

 

Кәсіпкер дегеніміз  кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде? Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп, бұл процеске деген ынтаны әлем деңгейінде күшейтүде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бер отырып, кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлануы дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет. Әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері айтарлықтай.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі-олардың субъектісі мен объектісін анықтау. Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл салада жеке-дара өндірісті (жан-ұя, кәсіпорны) ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.

Кәсіпкерлік қызметті бір  топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы- міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі-  ұжымдық, коллектівтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі-әртүрлі ассосациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және т.б. Жеке-дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктер ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн, өйткені мемлекет кәсіпорындарының ұжымы өзінен-өзі кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды. Бірақ, егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа, айталық арендатрлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады.

Кейбір жағдайларда  кәсіпкерліктің субъетісіне мемлекеттік, оның тиісті органдарын жатқызады. Бірақ  нарық экономиканың жалпы ережесі  бойынша мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы шығады.

Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номинальды және реалды деп бөлдің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы жатады. Нарықты экономика елдрінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді. Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі-бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы-капитал иемдену құқысы барлар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.

Кәсіпкерліктің  объектісі-адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі неде? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі-өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы-әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себебтен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.

Сонымен, кәсіпкерлік- жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияның пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендеру туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан-жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта құру, байланытардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау және т.б.

Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық-өндіріс, айырбас және бөлудің түрлі факторларын комбинациялау.

Кәсіпкерлік әркезде  де белгілі бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде  бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі- шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсідігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай сату қүқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстсрды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өз істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы бар. Алайда қандайда болмасын еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің нәтіжесінде шығады. Дегенмен кәсіпкердің басты шарты- барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы, өзбеттілігі.

Информация о работе Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері