Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 09:22, реферат

Описание

Еліміздің қазіргі даму кезеңінде жалпыға бірдей міндетті экономикалық ілім қажет. Экономикалық білім, өрлеудің өз алдына дара қуатты күшіне және қайнар бұлағына айналды. Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы, сүбелі мәселесінің бірі- кәсіпкерлікті дамыту. Осы мәселені ел басы үнемі назардан шығармай, қажетті жағдайларды жасап отырғаны баршаға аян. Сондай- орта және шағын кәсіпкерліктің басымдылық екендігін қайталап, қадап айтуда, өйткені азаматық қоғамдың діңгегі осылар. Кәсіпкерлік нар тәуекелділік ісі. Эконмикалық өнер десе де болады, өнерге оқып үйрену, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру, машықтану арқылы қол жетеді. Басқа жолы да, әдісі де жоқ.

Содержание

Кіріспе
I-ТАРАУ. Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс.
1.1. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы
1.2. Кәсіпкерліктің мәні
1.3. Кәсіпкерліктің түрлері
II-ТАРАУ. Кәсіпкерліктің дамытудың әлеуметтік-экономикалық шарттары мен заңдылықтары.
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
2.2. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты
2.4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

әль.doc

— 168.50 Кб (Скачать документ)

 

2.2. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты

Кез келген ел үшін шағын  және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша  жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.

Әлемнің көптеген елдеріндегі  сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне  айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.

Тәуелсіз кәсіпкерлер  өздерінің санының көптігі жағынан  әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көпқұрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде шағын бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылатындығын айқын аңғаруға болады. Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындауда бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 60-70 пайызы шағын бизнестің үлесіне тиесілі болып келеді.

Мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға ден қоюы ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпін береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін де айту керек.

Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.

Шағын бизнес нарықты  тауарлар мен қызметтермен молықтыруға  жағдай жасайды. Салалық және аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.

Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік  халықты жұмысқа орналастыру  саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Бір жағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.

Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс  тауып беру мәселесі шешімін тез  табады. Іс жүзіндегі шағын кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ішкі нарықты энергия тасығыш және басқа да өктем әлемдік коңюнктурадан тыс дамытуға мүмкіндік болады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге болады. Инновациялық және жоғары технологиялық салаларда шағын кәсіпкерліктің иығына артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жүргізу үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану арқылы жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер кооперация арқылы ел экономикасына инвестиция тартуды еселей түсудің де мүмкіндігі жетіп артылады. Ірі кәсіпорындар жұмысын шағын кәсіпорындармен субконтрактылық және басқа да кооперациялық байланыстар арқылы оңтайландыруға әбден мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасылық түрін нығайтуға да болғандай. Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы билікпен, кәсіпкерлермен және жалдамалы жұмысшылармен арадағы қоғамдық қатынасты үйлестіруге жол ашылады.

 

2.4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы және даму проблемалары, оны шешу жолдары.

Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау төңірегіндегі заңнамалық құжаттары еліміздегі кәсіпкерлік қызмет аясын кеңейтуге барынша қолайлы жағдай жасап отыр. Біздегі бірқатар заңдар мен Жарлықтардың күштілігі мен тиімділігі мықты нарық экономикасын құруға серпін бергендігі дау тудырмайды. Еліміздің белсенді экономикалық саясаты аз уақыт ішінде нарықтың бүкіл талаптарына жауап беретін жүйелі құрылымдарды құруға негіз қалады.     Қазіргі таңда тәуір нәтижелерге қол жеткізілгеніне күмән жоқ. Мысалы, 2004 жылдың 20-қыркүйегінен бастап  кәсіпкерлік субъектілерді – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу куәлікті және филиалдар мен өкілділіктерді есепке алып тіркеу, статистикалық карточка және салық төлеушінің куәлігі, яғни «бір терезе» қағидаты бойынша бір уақытта яғни жүзеге асырылады. 2005 жылдың қаңтарынан құрылыс, туристік қызметті лицензиялау, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру уәкілетті органдарға берілді. Әкімияттарда, минисірліктерде және ведомстволарда Сарапшылар кеңестері қалыптастырылуда; Кәсіпкерлердің форумы жанында мемлекеттік органдардың бақылау - қадағалау функцияларын қысқарту және жүйеге келтіру және олардың санын азайту мәселесі бойынша тұрақты жұмыс тобы істейді; 2005 жылдың наурызында «Атамекен» Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы құрылды, «Жекеше кәсіпкерлік туралы» жаңа заң жасалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” деп аталатын Жолдауында мынандай негізгі бағыттар айқындалды. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту. Өңірлік әлеуметтік даму мен кәсіпкерлік корпорацияларын құру есебінен экономикалық өркендеудің өңірлік “локомотивтерін” жасақтау.Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеті көбінесе жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың іс-қимылына тәуелді болып келетіні де жасырын емес. Сол себептен де шағын бизнестің өркенін кең жаю үшін мемлекеттік қолдау қажеттігі білініп отыр. Бұл үшін арнаулы шараларды қолға алу қажет.

Біздің елімізде кәсіпкерлік  қызметпен айналысу құқығы Негізгі  Заңда – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Әркім кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызметке пайдалана алады. Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғауды, қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы шағын  және орта бизнесті қолдау тұрғысындағы проблемалардың маңыздылығын ескерген мемлекетіміз бірқатар доктриналық сипаттағы құжаттарды әзірлеп, жүзеге асыруға ұйытқы болды.

 “Қазақстан-2030” Стратегиясының  логикалық жалғасы іспетті “Индустриялық даму” басымдығын әйгілеген “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясы” өмірге келді. Осы құжатта мемлекет қызметінің осы сала бойынша негізгі және концептуалдық бағыттары кеңінен қарастырылған. Дәл уақытты белгілей отырып, мемлекеттің ресурстарын нақты іске шоғырландыруға мүмкіндік беріп отырған Стратегия Қазақстанның дамуына жаңа серпіліс әкелді.

2005 жыл 28 қазанда Астанада  Қазақстан Кәсіпкерлерінің конгресінде  сөз сөйлеген Мемлекет басшысы  шағын және орта кәсіпкерлікті  дамытудың мүлде жаңа  идеологиясының нобайын анықтады. Сонымен, оның үш құрамдас бөлігі – экономикалық әріптестік, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстаным. Бұл конгресте Қазақстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру туралы алдымызға мақсат қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру ғана қол жеткізуге болады.  Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту алдымызда тұрған ең үлкен міндеттердің бірі, деп атап өтті Президент өз сөзінде.Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық даму олына түскенін ең бірінші сезінетін кәсіпкерлер, деп жалғады Пезидент өз ойын одан әрі. Сондықтан, кәсіпкерлер еліміздің экономикаық хал-ахуалының барометрі сияқтылар. Кез келген экономикалық бастама төменнен қолдау тапқанда ғана берекелі болады. Қазір біздің алдымызда республика экономикасын одан әрі диверцификациялау міндеті тұр. Бұл жаңа кәсіпорындар ашу ғана емес, соныменбірге оларды инновациялау технологиясы негізінде дүниежүзілік бәсекеге төтеп бере алатын өнімді жаңа ауқымда шығаруды талап етеді. Сондықтан ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін Үкімет пен кәсіпкерлер арасында бір мәмілеге келіп, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істейтін уақыт келді, - деп айтады Президентіміз.

Сонымен қатар Қазақстан  Республикасында кәсіпкерлікті  дамытуға кері әсер ететін бірқатар факторларды атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестицялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып таылады. Банктер кәіпкерлік субъектінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құнын кредитерге айналдыруға мәжбүр.

Сонымен қатар кәсіпорындардың  қорымен жарақтанудың төмен деңгейі  оның еңбек өнімділігін төменгі салдарынан кәсіпкерлік секторының экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойын кәсіпкерге кредит беруін тежейді.

Осы себептен де біраз  жыдар бойы сауда делдалды қызме  кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік әдіс блып қалуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.

Кәсіпкерліктің дамуына  кері әсер ететін басқа да факторлар кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы заңнамалардағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, ал бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудың  инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезінде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агентермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттілігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы- бұл мемлекетік органдармен, қаржы-кредит ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметтің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерді қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу.

Көптеген өңірлерде  кәсіпкерліктің биліктігі мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде  қалуда, кәсіпкелік бизнес үшін инженер-техник және жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың үлкен тапшылығы байқалады. Кәсіпкерлікке туындаған осындай проблемаларды шешу үшін мынадай шарттады жүргізу керек:

    1. Кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу әсетін жетілдіру.
    2. Кәсіпкерліктің кредит ресурстарына қол жетімдігін жеңілдету.
    3. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес интитуттарының тиіділігін арттыру.
    4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік ретеуді оңайландыру.
    5. Кәсіпкерлікті қолдаудың бірынғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпарат-әдістемелік қолдау жүйесін құру                                    

                                             Қорытынды

Кәсіпкерлік бұл адам баласының бойына біткен қабілет, талант болып табылады. Басқаша айтқанда бұл үлкен бастама, дәстүрден  тыс шешімдерді іздестіру, кең көлемді тәуекелге бел байлау, іскерлік. Респурликамыз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін елімізде жылдан – жылға кәсіпорындар саны көбеюде. Нарықтық қатаң талабына шыдай берген кәсіпорындар өміршең болып, банкротқа ұшырамай жұмыс істеуде. Нарықтың ең басты талабы – кәсіпорындардың көлемі неғұлым шағын болса, олардың шығыны азайып, табыстан түсетін пайда солғұрлым арта түсті. Кәсіпрындардың тауарына сұраныс неғұрлым көп болу үшін кәсіпорындар арасында бәсекелестік пайда болып, сол бәсекелестік арқасында өндірілетін өнімнің бағасы түсе бастап, сапасы артып, мұның нәтижесінде тұтынушылар көп мөлшерде ала бастайды. Мемлекетің басты байлығы болып саналатын әр бір адамның өмірі, құқығы және бостандығы, сондай-ақ бизнеспен және кәсіпкерлікпен айналысуы. Елімізде кәсіпорындардың санының көбеюі бұл қоғамда жұмыссыздықтыңсанын азайтады. Халықтың тұрмыс-жағдай жақсартуда кәсіпкерліктің мәні зор екенін байқаймыз. Ең бастысы – біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап, қол жеткізе алмаған теңдесі жоқ мүмкіндіктерге ие болдық. Аз жылдық ішінде ұлттық рухымыз көтеріліп, сапалық тұрғыдан жаңғардық. Қуатты мемлекетермен терезезі тең, керегесі кең, санасы азат мемлекет ретінде қалыптастық. Бұл жолда кәсіпкерліктің және кәсіпкерлердің үлесі зор болды деп айта аламыз.

 

 

                          

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Қолданылған әдебиеттер

    1. Е.Б. Жатқанбаев, С.А.Досқалиев, А.Б.Көшербаева «Кәсіпкерлік- ерекше экономикалық құбылыс».Оқулық.Алматы, 1994 ж.
    2. С.Н.Нысанбаев, Ж.Т.Қожамқұлов «Коммерциялық кәсіперлік негіздері».Алматы, 2004 ж.
    3. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбеков «Кәсіпорын экономикасы».Оқу құралы.Алматы2003 ж.
    4. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев «Экономикалық теория».Оқу құралы.Алматы 1999 ж.
    5. Б.Т.Абаканов, О.В.Волошин, Р.Н.Жұманбекова, Қ.А.Ізбасарова «Бастаушы кәсіпкерге көмек үшін». Алматы, 2003 ж.
    6. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму   ы» қаңтар-ақпан, №3 Алматы 2008ж.
    7. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы/Е.Б.Жатқанбаев жетекшілігімен авторлық ұжым-Алматы,2006ж.
    8. «Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері» қаңтар-наурыз,№3 Алматы, 2007ж.
    9. Кәсіпкерлік – кемел келешек кепілдігі/ Н.Ә.Назарбаев//Егемен Қазақстан-2005ж. 26 наурыз.
    10. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі//Егемен Қазақстан-2006ж. 19 қаңтар.
    11. Шағын кәсіп және ұлттық мүдде/Қ.Ашанұлы// Ана тілі.-2004.-           7 қазан
    12. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан-2030 Қазақстан халқына жолдауы.
    13. Кәсікерлік – азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі/Н.Назарбаев//Жетісу.-2003.-4қараша.

Информация о работе Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері