Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2012 в 19:57, лекция
Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды. Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады.
Өндірістік айналым қорлары мынадай
Айналыс қорлары- запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары-бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.
Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Мысал: Кен өндіру өнекәсібінің айналым қаражаттарының құрылымы
Кесте-2
№ |
Айналым қаражаттарының элементтері |
Олардың үлестері,% |
1 2 3 4 5 6 7 |
Өндірістік запастар Аяқталмаған өндіріс және өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттар Болашақ кезеңдер шығындары. Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3). Қоймадағы дайын өнімдер. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар. Есептеулердегі ақша құралдары. Банк мекемелеріндегі шот Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7). Айналым қаражаттары |
57 17 8 82 5 7 4 2 18 100 |
Кәсіпорынның айналым қаражаттары құрылымын
білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе
басқа уақыттағы кәсіпорын
Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым қаражаттары құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:
Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;
Мамандану деңгейі;
Ғылыми- техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;
Айналым қаражаттары
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді.Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Кәсіпорын жұмысында айналым қаражаттары үш сатыдан өтеді:
Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
Тауарлық сатысы. Дайын өнім
сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс
Айналым қорларының бір
А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А*
Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
Өндірістік запастар (шикізат,
негізгі материалдар, сатып алынған
Аяқталмаған өндіріс және жеке
өндіріс жартылайфабрикаттары.
Болашақ кезеңдер шығындары.
Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).
Қоймадағы дайын өнімдер.
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
Есептеулердегі ақша құралдары.
Банк мекемелеріндегі шот
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).
Айналым қаражаттары (п.1+п.2+п.3+ п.4+п.5+п.6+п.7).
Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған
Кәсіпорынның айналым қаражаттарының негізгі бөлігін- тауарлы- материалды қор құрайды:
Тауарлы- материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы- шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:
1.Тауарлы- материалды қорды өткізудің
Бұл әдіс өте аз айдаланылады.
Т.м.қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен
құрылған сатубағасы;
2. Орташа өлшемді құнды есептеу
әдісі бойынша: тауарлы-
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым қаражаттары (тауарлы- материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым қаражаттары (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым қаражаттарын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.
Айналым қаражаттарының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы- бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым қаражаттарының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды- техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
Айналым қаражаттарын өндірістік айналым және айналыс қорлары запастарына авансталған ақшалай қаражат ретінде қарастыру бұл категорияның толық экономикалық мәнін ашпайды. Ол ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасын аванстаумен қатар бұл запастарға өндіріс үрдісінде өндірілетін қосымша өнім құны авансталу үрдісі болатынын ескермейді. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлар айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттары сомасы түскен пайданың белгілі бір сомасына өседі. Рентабельді емес мағынада ақшалай қаражаттар деп атауға болмайды. Өндірістегі және айналыстағы қаражаттарды ақшамен шатастыруға болмайды. Жиынтық құн ақша нысанында авансталады және өндіріс пен айналыс үрдісінен өтіп, қайтадан осы нысанды иемденеді. Ақшалай қаражаттар қаражаттар қозғалысында делдал болып табылады. Ақшамен көрсетілген жиынтық құн тек арасында ғана және бөліктермен нақты ақшаға айналады. Сөйтіп, айналым қаражаттары минималды қажетті мөлшердегі айналыс қорлары мен өндірістік айналым қорларының жоспарлы құрылуы мен қолданылуы үшін ақшалай нысандағы авансталатын құн болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік бағдарлама мен есептесуді уақтылы жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бірінші суретте (Сурет 4) кәсіпорынның айналым қаражаттарының схемасы көрсетілген.
Сурет 4. Айналым қаражаттарының схемасы
Кәсіпорынның айналым қаражаттары екі
Айналым капиталы компоненттерінің
сыныпталуы мынадай белгілері бойынша
- ликвидтілік дәрежесі бойынша;
- өндірістегі функционалдық
- капиталды орналастыру тәуекелі дәрежесі бойынша;
- қаржыландыру көздері бойынша бойынша.
Айналым капиталының мөлшері тек
Тұрақты айналым капиталы ақшалай қаражаттардың,
дебиторлық қарыздардың, өндірістік қорлардың
белгілі бір бөлігі болып табылады. Операциялық цикл
кезінде оларға деген қажеттілік салыстырмалы
түрде тұрақты. Бұл кәсіпорынның тұрақты
қарауындағы уақыттық параметрлермен
орташаландырылған ағымдық активтердің
мөлшері. Ауыспалы айналым капиталы категориясы
ең ауыр кезеңдерде немесе сақтандыру
қоры ретінде қажет етілетін қосымша ағымдық
активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша
өндірістік-материалдық қорларға деген
қажеттілік маусымдық өткізу кезіндегі
сатудың жоғары деңгейін қадағалап отырумен
байланысты болуы мүмкін.
1.3 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы
Айналым қаражаттардың
айналымдылығы жылдамдату
Кәсіпорында айналым капталы ретінде ағымдағы активтер қолданылады. Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі кезеңге өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналдырылатын алғашқы материалдарды сатып алуға жіберіледі; өнім несиеге сатылады, ал бұл жағдай дебиторлар шотын қалыптастырады; дебитор шоттары төленіледі, олар өтімді активтерге айналады.