Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 08:57, курсовая работа
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әрітестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылық жағдайына көптеген
факторлар әсер етеді, оларды
В.М. Радионова және М.А.
2) нәтижесінің маңыздылығына
байланысты-негізгі және
3) құрылысы бойынша - қарапайым
және күрделі;
4) әрекет ету уақыты
бойынша-тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның
өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын
еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін
өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының
маңызды факторларының бірі – активтердің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ
кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс
таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы
активтерді басқару өнері - кәсіпорын
шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін
қажет болатын қаржы-ның ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың
ішкі, маңызды факторларының бірі
- бұл қаржы ресурстарының құрамы
(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы
мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы.
Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса,
соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза
табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар
оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті
дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын
қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады,
алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік
те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген
қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның
төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль
берілген.
Жоғарыда айтылғандарды
қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды
атап көрсетуге болады:
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты
қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның
өз кон-трагенттерімен (салық органдары,
банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар,
акционерлер және тағы басқалар) өзара
қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан
да серіктестермен реттелген іскерлік
қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың
бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты
тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты
төлейтін қаржылық тұрақты "кәсіпорындарға
салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы
үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта
да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне
қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ,
бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша
белгілі бір пайызбен алғысы келетін,
ал заем мерзімі біткен уақытта-облигация
құнын толық өтеуді талап ететін облигация
иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен
тәуекел ете отырып несие алушының өз
қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды,
сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай
отырып, кез келген банк өз клиентінің
қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз
етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер
осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда
- қандай пайызбен және қанша мерзімге
деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі
болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар
сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен
ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары,
әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі
тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен
басқа да міндетті төлемдерді уакытылы
және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайды талдау
кәсіпорынның, шаруашылық қызметін
талдаудың қор ытындылаушы кезеңі
болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың
жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның
қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет
нәтижесінде меншікті және тартылған
капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс
әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы
ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен
тиімді пайдаланылуына, есеп және несие
тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз
қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның
тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы
тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық,
өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік
бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі,
көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен
анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді
және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді
сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды
ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті
деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты
өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз
өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін
тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының
төмендеуі және оны сатудың қиындықтары
кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының
келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде
кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді.
Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп
түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің
көлемі кәсіпорының өзіндік
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің
қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу
үшін қажетті жағдайларды туғызады,
оның төлеу қабілеттілігінің кепілі
болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық
жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық
жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындылау және бағалау