Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындылау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 08:57, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әрітестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау, сараптау - копия.docx

— 68.93 Кб (Скачать документ)

Мұнда: А – кәсіпорынның активтері;

             Ск – меншікті капитал;

                       Пк – қатыстырылған капитал(кәсіпорынның міндеттемесі).

Біздің мысалымызда бұл  теңдік келесідей мағынаға ие болады:

          жыл басында – 32551= 27908+4643;

          жыл соңында – 41957 = 32276+9681.

Берілген теңдік кәсіпорынның барлық активтері (А) негізінен екі  түрлі көзден тұратының көрсетеді: меншікті капитал (Ск) және қатыстырылған капитал (Пк).

Кейінірек қарастырылатын кейбір маңызды коэффициенттер есебі осы  теңдікке негізделеді. Берілген кәсіпорынға  деген несие берушілердің сенімділік деңгейі келтірілген теңдіктің  элементтерінің абсолюттік мәндері  мен олардың арасындағы салыстырмалы қатынастарына байланысты. Осы қатынастарды бақылау және оларды басқару дұрыс  және терең ойлы қаржылық саясат болып  табылады.

         Баланста жекелеген баптар арасында байланыс болады. Олардың кейбіреуін атап көрсетейік:

  1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны олардың бастапқы құнынан асып кетпейді, себебі ол бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастағанда шығады.
  2. Тауарлардың сатып алу бағасы, егер де жеңілдік болмаса, онда сату бағасынан төмен болады, себебі сату бағасына саудалық баға үстеме қосылады.
  3. Мемлекеттік кәсіпорындағы «жарғылық капитал» бабының сомасы қалдық құнымен көрсетілген «негізгі құралдар» және «материалдық емес активтер» баптарының  жалпы сомасынан көп болады.

     Баланс сомасының  өзгерісін зерттеумен қатар, оның  жеке бөлімдері мен баптарының  өзгеру өзгешелігін де талдау  қажет. Осыған байланысты мынаған  көңіл аудару керек, баланстың  актвінде бағалы қағаздардың  қалдығы, қысқа және ұзақ мерзімді  қаржылық салымдар, негізгі құралдар, күрделі қаржылар және материалдық  емес активтер қалдығының өсуі, ал пассивінде – бірінші бөлімінің,  әсіресе бөлінбеген табыс көлемінің  өсуі оң бағаланады.

      Айта кеткен  жөн, нарық жағдайында есеп  айырысу шотындағы қалдық қаражаттар  бөлігінің өзгеруі басқаша бағаланады. Егер бұрын есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының өсуі кәсіпорынның еңбегі болып саналса, қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындар өздерінің бос қаражаттарын әлдеқайда ұтымды пайдалануға ұмтылуы тиіс, яғни оларды басқа кәсіпорындарға салып, бағалы ұқағаздар, патенттер, лицензиялар және басқа да интеллектуалдық меншік алуға пайдалануы қажет. Кез келген жағдайда дебиторлық және кредиторлық борыштардың өсуі нашар бағаланады, яғни жағымсыз болып табылады.

      Кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің экономикалық  диагностикасының әдістерінің бірі  болып табылатын талдаушының  балансты оқу барысындағы маңызды  әрекеттерінің бірі – бұл осы  баланстың «осал» баптарын анықтау  болып табылады, яғни бұл ерекше  көңіл аударуды қажет ететін  баптар. Бұл баптар, сондай-ақ баланс  баптарының арасындағы кейбір  арақатынастар, не кәсіпорын жұмысының  нашарлығын, не болмаса жеке белгілі  бір кемшіліктерді көрсетеді.

       Жаңа  бухгалтерлік баланста бұндай  баптарға «Жабылмаған зиян» және  «Қайтарылуы қамтамасыз етілмеген  несие» баптары жатады. Табыстар мен түсімдер, шығындар мен зияндардан аз болған кезде, бірінші бап бойынша қолда бар сома жағымсыз қаржылық нәтижені белгілейді. Бұл кәсіпорын қызметіндегі өте күрделі кемшілік болып табылады.

      Талдаушыныңң  бұдан кейінгі жасайтын әрекеттері: қалыптасқан жағдайдың негізгі  себептерін анықтау, есепті кезеңдегі  келтірілген зиянның заңдылығын  анықтау үшін қорытынды көрсеткіштер  динамикасын зерттеу; зиян әкелетін  жұмыс себептерін болдырмайтын  жолдарын ангықтау.

      Екінші  бап бойынша қолда бар сома  кәсіпорынның төлеу қабілетсіздігін,  қаржылық жұмыстағы күрделі кемшіліктерді,  сондай-ақ аналитикалық есеп мәліметтері  бойынша анықтуға болатын шаруашылық  субъектісінің мерзімі өткен  қарызы бар екендігін көрсетеді.  Төлеу мерзімі өтіп кеткен  несие үшін банк көтеріңкі  пайыз алатындықтан, бұл шаруашылық  субъектісінің табыс мөлшерін  азайтады.

       Бұдан  кейін экспресс-талдаудың әдістемесі  бойынша қаржылық есепті талдау  жүргізіледі. Ол үшін ең алдымен  көрсеткіштерді есептеуге салыстырмалы  түрде қиын емес есептеулер  жүргізіледі, содан кейін олардың  ішінен ең маңызды  болып  табылатын көрсеткіштерінің аздаған  саны сұрыпталып алынады. Көрсеткіштерді  сұрыптау субъективті және оны  талдаушы жүзеге асырады. Бұл  көрсеткіштердің жиынтығы кәсіпорынның  салыстырмалы кеңістіктік-мерзімдік  қызметін сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалфық потенциалы екі жақты сипатталуы мүмкін: кәсіпорынның мүліктік жағдайы және оның қаржылық жағдайы тұрғысында. Бұл екеуі өзара байланысты, ол көрсеткіштердің өзгеру қарқынын есепке ала отырып, динамикада қарастырылуы тиіс. Экспресс-талдауды жүргізу барысындағы аналитикалық көрсеткіштерді сұрыптаудың варианттарының бірі 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте. Экспресс-талдау  үшін аналитикалық көрсеткіштер  жүйесі

Талдау бағыты

           Көрсеткіштер

        1

                               2


 

  1. Шаруашылық субъектісінің экономикалық потенциалын бағалау



1.1.Мүліктік жағдайды жалпы  бағалу

1) активтердің жалпы құны (жалпы капитал-валюта, баланс жиыны);

2) өндірістік мүліктің  құны;

3) негізгі құралдардың  құны және олардың активтердің  жалпы құнындағы үлесі;

4) незгі құралдардың тозу  коэффициенті.

1.2. Қаржылық жағдайды  бағалау

1) меншікті капитал және  оның жалпы капиталдағы (тәуелсіздік  коэффициенті) үлесі;

2) қатыстырылған және  меншікті капиталдың арақатынасының  коэф-і;

3) ағымдағы өтімділік  коэф-і;

4) ағымдағы активтердегі  меншікті айналым қаражаттарының  үлесі;

5) қорларды жабу (өтеу) коэф-і.

1.3. «Осал» баптардың болуы

1) жабылмаған зиян;

2) қамтамасыз етілмеген  несие.

  1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелілігін бағалау

2.1. Табыстылықты бағалау

1) жалпы, жиынтық және  таза табыс;

2) таратылмаған табыс;

3) негізгі қызметтің табыстылығы;

2.2. Өсіңкілікті бағалау 

1) өнімді сатудан және  жалпы капиталдан алынған табыстың  салыстырмалы өсу қарқыны;

2) жалпы, жиынтық және  таза табыстың өсу қарқыны;

3) меншікті капиталдың  өсу қарқыны.

2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық  қызметінің тиімділігі мен іскерлік  бесенділігін бағалау

1) ағымдағы активтердің  айнналымдылығы;

2) еңбек өнімділігі;

3) қор қайтарымдылығы;

4) өнімнің материалдық  сиымдылығы;

5) меншікті капиталдың  табыстылығы;

6) жалпы капиталдың табыстылығы.


Келтірілген жүйеде берілген көрсеткіштерге қосымша экспресс-талдау шеңберінде кһәсіпорын қызметінің түрлі  жақтарын, атап айтқанда оның нарықтық және инвестициялық белсенділігін  сипаттайтын бірқатар басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады.

     Жоғарыда берілген  көрсеткіштердің көбісі олардың  өзгеру тенденциясы сияқты жеткілікті  дәрежеде экономиклық жағынан  айқын түсіндірілген, сондықтан  кейбір түсініктемелермен ғана  шектелеміз.

     Кәсіпорынның  қаржы жағдайын ұзақ және қысқа  мерзімді даму барысы тұрғысынан  бағалауға болады. Бірінші жағдайдағы қаржы жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі.

     Кәсіпорынның  өтімділігі жөнінде айтқан кезде,  ондағы бір ағымдағы активтердің  мөлшерінің теориялық тұрғыдан  алғанда келісім-шартта белгіленген  өтеу мерзімі сақталмаған жағдайдың  өзінде, олардың қысқа мерзімді  міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті  болуы назарға алынады.

     Төлеу қабілеті  тез арада өтеуді талап ететін  кредиторлық борыш бойынша есеп  айырысу мақсатында осы кәсіпорында  ақша қаражаттары мен оның эквивалентерінің жеткілікті дәрежеде бар екендігін көрсетеді. Экспресс-талдау шеңберінде анықталған кассадағы және банктің есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаларды сипаттайтын баптарына көңіл бөледі. Бұл жағдай түсінікті де: олар жиыгнтық қолма-қол ақша қаражаттарын сипаттайды, яғни кез келген басқа салыстырмалы бағасы ған бар мүлікке қарағанда, абсолюттік бағаға ие болатын мүлікті сипаттайды.

      Кәсіпорынның  қаржы жағдайы ұзақ мерзімді  келешекке арналған бағытта қаражат  көздерінің құрылымымен, кәсіпорынның  сыртықы инвестициялар мен кредиторлардан  тәуелсіздік деңгейімен сипатталады.  Кәсіпорынның қаржы жағдайын экспресс-талдау түрліше дайындалуы мүмкін:жиынтық көрсеткіштер, аналитикалық кесте түрінде және ол осы кәсіпорынның қаржы жағдайын әлдеқайда терең әрі нақтылы талдау қажетті немесе талдаудың мақсатқа сай екендігі туралы және осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытындымен аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, кәсіпорын  қаржысы — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Абрютина М.С., Грачев  А.В. Анализ финансово-экономической  деятельности предприятия. -М: Финансы  и статистика, 1998.

2. Ажибаева З.Н., Сейдахметова  Ф.С. Учет и анализ дебиторской  задолженности./Библиотека бухгалтера  и предпринимателя/, 1998, №1.

3. Белых П.П. Финансовый  анализ в оценке инвестиционной  привлекательности предприятий. /Бухгалтерский  учет/1999, №10.

4. Бернстайн П.А. Анализ  финансовой отчетности: теория, практика  и интерпретация. /Гл.ред.серии Я.В.Соколов. -М: “Финансы и статистика”, 1996.

5. Бопиева Ж.Қ., Темирбекова  Л.А. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық  іс-әрекетін талдау. Оқу-әдістемелік  құрал. -Қарағанды, 2000.

6. Быков Е.В. Показатели  денежного потока в оценке  финансовой устойчевости предприятия. /Фиансы/ 2000, №2.

7. Дюсембаев К.Ш. Анализ  финансового положения предприятия,  Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

8. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева  С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и  Анализ финансовой отчетности, Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

9. Качалин В.В. Финансовый  учет и отчет в соответствии  со стандартами СААР. М.: Дело, 1998.

10. Кмизухова К.К., Кершенова  А.М. Разъяснения по заполнению  примерных схем финансовой отчетности  организаций. /Бюллетень бухгалтера, 1998, №8-9.

11. Нурсеитов Ә.О. Ликвидность  баланса и платежеспособность  предприятия. /Бюллетень бухгалтера, 1998, №46.

12. О банкротстве Закон  РК от 07.04.95 г., №2173.

13. Шеремет А.Д., Сайфулин  Р.С. Методика финансового анализа. -М.: ИНФРА-М, 1995.

 


Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындылау және бағалау