Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындылау және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 08:57, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әрітестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау, сараптау - копия.docx

— 68.93 Кб (Скачать документ)

 Қаржылық талдауды  салыстырмалы көрсеткіштер негізінде  жүргізудің шетелдік тәжірибесін  механикалық түрде көшіріп алу,  көп жағдайда тиімсіз, себебі  бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың  өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің  мүмкін болатын маңызы туралы  берілген кеңстер кейбір кездері  расталмайды. Дегенмен, қаржылық  жағдайды талдау барысында салыстырмалы  көрсеткіштерді зерттеу қажет  болады, себебі ол болып жатқан  жағдайларды түсінуге және де  оларды тек ағымдағы мезетте  ғана емес, сонымен қатар болашақта  да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес  фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың  жекелеген көрсеткіштері бойынша  есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері  бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғанлдағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл  жекелеген факторлардың қорытынды  көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік(анықтау) немесе реттелмеген  тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен  қатар факторлық талдау қортынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне  жіктегенде – тура, ал оаның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

 Жоғарыда көрсетілген  әдістермен қатар, қаржылық жағдайды  талдауда экономикалық, сондай-ақ  экономикалық және математикалық  статистиканың (топтау, орташа және  салыстырмалы шама, графиктік және  индекстік әдістер, корреляция, регрессия  және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері  қолданылады. Белгілі бір экономикалық  ғылым шегінде жасалған түрлі  әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен  пайдалану кәсіпорынның қаржылық  жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланыстарды ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

                        

                   

                 2.2.  Қаржылық жағдайды экспресс-талдау

       Қаржылық  есепті тексеру барысында аналитикалық  шаралардың жүргізілуі қойыоған  мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі  ақпараттық , мерзімдік, әдістемелік,  кадрлық және техникалық қамтамасыз  ету факторларына байланысты  болады.

       Аудитордың  аналитикалық қызметінің логикасы  оны, яғни талдауды екі модульдік  құрылым түрінде ұйымдастыруды  көздейді:

  • қаржылық есепті экспресс-талдау;
  • қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.

Экспресс-талдаудың мақсаты  шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.

Экспресс-талдаудың үш кезеңде  жүргізілуі орынды:

  1. дайындық;
  2. қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
  3. экономикалық оқу және есеп беруді талдау;

Бірінші кезеңнің мақсаты  – қаржылық есеп беруді талдаудың  мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім  қабылдау және оның оқуға дайындығына  көз жеткізу.

Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі  және олардың қолданылып жүрген нормативтік  құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі.

Есептің оқуға дайындығын тексеру аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. мұнда есеп берудің  формальды нышаны және мәні бойынша  көзбен шолу және қарапайым есептік  тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшалардың, деректемелер(реквизиттер) мен қойылған қолдардың барлығы  анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы  слыстырылып тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара  үйлесімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары  тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.

Екінші кезеңнің мақсаты  – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.

Бұл есепті кезеңдегі жұмыс  жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.

Ережеге сай, түсіндірме хатта  кәсіпорын қандай есеп саясатын  жүргізетіндігі айтылады, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін белгісіз жағдайлар мен қандай да бір, тәуекелдер туралы, қаржылық есепте көрсетілмеген кез келген ресурстар  мен міндеттемелер туралы мәліметтерден  тұратын  басқа да маңызды ақпараттар ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда есепті жылдағы кәсіпорын қызметінің шаруашылық және қаржылық нәтижесіне әсер еткен негізгі факторлары, сондай-ақ кәсіпорындағы жылдық бухгалтерлік есепті қарастыру қорытындысы және таза табысты тарату бойынша шешімдер айтылады.

Түсіндірме хатта кәсіпорынның бірқатар жылдардағы жұмысының маңызды  экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы, болашақтағы капитал  салымдары, жүргізілетін экономикалық шаралары мен басқа да жылдық бухгалтерлік есептің мүмкін болатын пайдаланушыларын қызықтыратын ақпараттар болуы тиіс. Мысалы, бұл хатта пайыздық мөлшерлемелер, несиені өтеу мерзімі, төлем кезектілігі  және несиелік келісімдер мен заем шарттарына байланысты басқа да ерекшеліктер ашылып көрсетілуі тиіс.

Талдау жүргізушінің басқа  да қосымша ақрпараттармен, мысалы, нарықтық географиялық сегменттер туралы, салалық ерекшеліктер және басқа  да мәлметтер мен танысу қажет.

Түсіндірме хатпен танысқаннан  кейін, экспресс-талдаудың негізгі, үшінші кезеңіне – яғни экономикалық оқу және есепті талдауға көшу керек. Оның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау  болып табылады. Мұндай талдау түрлі  көрсеткіштер мүддесінде белгілі бір  нақтыланған деңгейде жүргізіледі.

Экспресс-талдаудың негізгі  элементтерінің бірі, жылдық есеппен  жұмыс істей алу болып табылады, соның ішінде, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу.

Бухгалтерлік баланстың  маңыздылығы сонша, көбіне аржы жағдайын талдауды, балансты талдау деп атайды.

Балансты оқи білу дегеніміз  – бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін – мынандай мүмкіндіктер береді:

    • кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;
    • кәсіпорыннның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз               етілу деңгейін анықтау;
    • баланстың қандай баптарының есебінен айналым қаражаттарының көлемі өзгергендігін анықтау;
    • аналитикалық көрсеткіштерді есептемегенннің өзінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайына баға беру.
    • Балансты оқуға мыналар жатады:
    • зерттеу кезеңіндегі баланс валютасының өзгерісін бағалау;
    • баланс валютасының өсу қарқынын өндіру көлемінің өсу қарқынымен, өнімді өткізу, жиынтық және таза табыстың өсу қарқынымен салыстыру;
    • баланс бөлімдерінің, топтарының және жекелеген баптарының негізгі өзара байланысын зерттеу;
    • баланстың жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру сипатын талдау.

Талдаудың берілген сатысында  кәсіпорынның қызметі туралы алғашқы  түсінік қалыптасады, кәсіпорын  мүлкі мен оның қалыптасу көздерінің құрамындағы өзгерістер, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы, кәсіпорын  қаражаттарын орналастырудың дұрыстығы, оның ағымдағы төлеу қабілеті және басқалар анықталады. Осы мақсатта баланстың актив және пассив бөімдерінің  жеке баптарының арақатынасын, олардың  баланс валютасындағы үлес салмағын анықтайды, өткен кезеңмен салыстырғанда  баланстың негізгі баптарының құрамындағы  ауытқу сомасын есептейді.

Есепті оқу және талдай білу табиғи және белгілі бір дәрежеде тек мамандандырылған бухгалтерлер үшін ғана емес, сонымен қатар менеджерлер, аналитиктер, консультанттар үшін де өмірлік  қажеттілік болып отыр.

Балансты оқуды ең алдымен  талдау кезеңіндегі баланс көлемінің  өгеруін анықтаудан бастайды, тұрақсыз болжалға келмейтін бағаның өзгерісіне және тағы басқаларға қарамастан, баланс валютасы кәсіпорынның сенімділік деңгейі  мен қызмет көлемінің маңызды  сипаттамасы болып қалады және ол кәсіпорынның қаржы жағдайының индикаторларын есептеуде негізгі қызмет атқарады. Кәсіпорын мүлкінің құнын зерттеу  үшін, баланстың кезең басындағы  жиыны мен кезең соңындағы  жиынын салыстырады.

Біздің мысалымызда жыл  басындағы баланс валютасы – 32551 мың  теңгені құрайды, ал жыл соңында  – 41957 мың теңге болды, яғни 1,3 есеге өскен. Баланс валютасының өсуі әдетте кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерінің өскендігін көрсетеді және оған оң Баға беріледі, ал оның кемуі жағымсыз болып табылады.

Баланс валютасының абсолюттік өзгерісін анықтаумен қатар, оның өсу  қарқынын өнімді сату және жиынтық (таза) табыстың өсу қарқынымен салыстыру  керек. Баланс валютасының өсу қарқынының сату және жиынтық табыс көлемінің  өсу қарқынынан асып түсуі, берілген кәсіпорында қаражатты пайдаланудың жақсарғандығын көрсетеді және керісінше, баланс валютасының өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс  көлемінің өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынының артта қалуы кәсіпорынның қаржыны пайдалануының нашарлағандығын көрсетеді.

Бухгалтерлік балансты оқу  процесінде әрбір бапты екі аспектіде  қарастыру қажет:

  1. экономикалық мазмұны , көлемі және динамикасы бойынша;
  2. баланстың қарама-қарсы жағының қандай бабымен корреспонденцияланады.

Басқаша айтқанда, баланс активінің  әрбір бабы үшін сәйкесінше оны жабатын  көздер қажет және керісінше, пассивтің  әрбір бабы үшін қаржылық ресурстарды  пайдалану баыттарын көре білу қажет. Айта кеткен жөн, мәніне байланысты қаржы  көздерін пайдаланудың дұрыстығын анықтау  шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайының басты идеясы болып табылады.

Алпы алғанда баланс элементтері  – өзара тығыз байланысты жүйе. Бөлімдер, топтар және баптар деңгейінде логикалық және сандық қатынастар болады. ең алдымен кәсіпорын бөлімдері  арасындағы өзара байланыс өзгешелігін  көрсетейік.

  1. Баланс активінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасы, оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасына тең.

                             А(І+ІІ) = П(І+ІІ+ІІІ).

Біздің баланс бойынша  теңдік мынаны құрайды:

Жыл басында -

18770+13781= 27908+0+4643=  32551 = 32551;

Жыл соңында – 

          20001+21956 = 32276+0+9681=  41957 = 41957.

Теңдік бухгалтерлік баланстың  негізгі идеясын көрсетеді, яғни кәсіпорын қаражаттарының сол бір  ғана сомасы екі аспектіде көрсетілген:

  1. Құрамы мен таратылуы бойынша;
  2. Қалыптасу көздері (қаржыландыру) бойынша;
  3. Ережеге сай активтің бірінші бөлімнің жиыны, пассивтің бірінші бөлімінің жиынынан аз:

                                   А(І) < ІІ(І).

Талданып отырған кәсіпорында  бұл теңсіздік келесідей түрде  жазылады:

      жыл басында  – 18770 < 27908;

      жыл соңында  – 20001 < 32276.

Бұл теңсіздіктің экономикалық мәні мынада, яғни меншікті қаражаттардың  бір бөлігі негізгі құралдарға және ұзақ мерзімді қаржы салымдарына  жұмсалады. Ал қалған бөлігі – активтің екінші бөлімінде көрсетілген айналым  қаражаттарын жабуға кетеді.

  1. Ағымдағы активтердің жалпы сомасы ағымдағы міндеттемелердің көлемінен асады:

                                  А(ІІ) > ІІ(ІІІ).

Біздің мысалымызда бұл  теңсіздік мына түрде болады:

        жыл  басында – 13781 > 4643;

        жыл  соңында – 21756 > 9681.

Берілген теңсіздік алдындағы  теңсіздікпен байланысты. Ол қалыпты  жұмыси істеу кезінде айналым  қаражаттарының едәуір бөлігі кәсіпорынның, өзінің қаржы ресурстары есебінен алынуына бағытталған.

  1. Меншік қатынастарын сипаттайтын баланс баптарының топтары арасындағы байланыстың нарықтық экономика жағдайында әлде қайда терең экономикалық мәні бар, ол келесі теңсіздікте көрсетілген:

                               А = Ск к.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындылау және бағалау