Автор работы: f*************@yandex.ru, 26 Ноября 2011 в 17:36, реферат
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Сапа және оның теориясы 4
1.1 Сапа туралы түсінік 4
1.2 Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы 5
1.3 Сапаны бағалау 6
1.4 Сапа жүйесі 7
ІІ Сапа көрсеткіштерінің мәні мен маңызы 8
2.1 Сапа көрсеткіштері 8
2.2 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі 8
2.3 Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы 9
2.4 Стандарт және стандарттау ұғымы 11
ҚОРЫТЫНДЫ 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ | 3 | |
НЕГІЗГІ БӨЛІМ | ||
І | Сапа және оның теориясы | 4 |
1.1 | Сапа туралы түсінік | 4 |
1.2 | Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы | 5 |
1.3 | Сапаны бағалау | 6 |
1.4 | Сапа жүйесі | 7 |
ІІ | Сапа көрсеткіштерінің мәні мен маңызы | 8 |
2.1 | Сапа көрсеткіштері | 8 |
2.2 | Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі | 8 |
2.3 | Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы | 9 |
2.4 | Стандарт және стандарттау ұғымы | 11 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 12 | |
Пайдаланылған әдебиеттер | 13 |
Кіріспе
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалауынша кез – келген фирма үшін кез – келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
1.
үлкен икемділігі, өнім ассортиментін
тез өзгертуге және өнімді
жиі жаңарту қабілеттер болуы
керек. Стандартталған өнімнің
2. фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
3. фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек.
Тұтынушылардың өнім сапасына
деген талаптары бүгін тек,
өсіп қана қойған жоқ, және
де өзінің сипатын түбірмен
өзгертті. Қазір жақсы өнімді
шығару аз, сонымен бірге сатудан
кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың
жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына
қосымша фирмалық қызметтерді көрсету
туралы ойлау керек.
І.
Сапа және оның теориясы
1.1 Сапа туралы түсінік
Сапа-белгілі бір материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін пайдалы қасиеттердің жиынтығы. Беріктік, төзімділік, үнемділік, көркемдік-эстет., т.б. көрсеткіштерімен сипатталады. Сапа өміршеңдік циклінің сатысына қарай бағаланады: жобалау кезінде құрылғының (құралымның) Сапасы бағаланады; дайындау кезінде технологияның мүмкіндіктеріне сай келуі, пайдалану кезінде атқарымдық Сапасы бағаланады. Сапаны айқындайтын қасиеттер абс., салыстырмалы немесе үлестік болуы мүмкін және субъективтік, объективтік немесе сараптамалық жолдармен (мыс., квалиметриялық құралдармен) өлшенеді. Тех. тәсілдері: шикізатты, материалдарды, операц. бақылау; дайын өнімді, жабдықты, жарақты, құрал-сайманды, жұмыскерлердің біліктілігін бақылау. Сапа көрсеткіштері, оларды тексеру және келісілген талаптарға сай келуі тәртібі сатушы (дайындаушы) мен сатып алушы (пайдаланушы) арасында жасалған сату-сатып алу шартында көрсетіледі. Сапа өндіруші немесе экспортшы беретін Сапа сертификатымен де куәландырылуы мүмкін. Импортталатын өнімге мемл. инспекциялар немесе басқа бір уәкілетті органдар оның құлақтандырылған қасиеттерге сай келетінін, қауіпсіз екендігін куәландыратын Сапа сертификатын береді.
Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.
Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.
Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.
Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.
Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.
Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік . Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек. Доктор Э.Демингтің (сапаны жан-жақты басқарудың теориясы мен әдістемелері саласындағы ірі ғалым, «Жапон ғажайыбының» авторы) сөзімен айтқанда, «тұтынушы өзіне керегін алуы керек, қай уақытта керек болса сол уақытта және қандай түрде қаласа, сондай түрде алуы керек».
Сапаның
үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер
сапалық және сандық болып екіге бөлінеді.
Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі,
бұйымның түрі, т.б. Сандық көрсеткіштер
(параметрлер) тауарды қолдану шеңбері
мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау
үшін қолданылады. Сапа көрсеткіші - тауар
сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің
сандық сипаттамасы. Сапа көрсеткіші тауардың
қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін
сандық көрсеткіштермен сипаттайды. Көрсеткіштер
әр түрлі өлшемдермен келтіріледі немесе
өлшемсіз болады. Көрсеткіштерді қарастырғанда
олардың атауы мен мәні анықталады.
1.2 Сапаға қойылатын талаптардың сипаттамасы
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы. Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы. Эргономикалық талаптар - қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің ерекшеліктерімен келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы - шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Қауіпсіздік талаптары - зиян келтіруі мүмкін қауіп- қатерді болдырмау. Сенімділік талаптары - белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану жағдайында, техника- лық қызмет көрсетуде, сақтауда және тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау. Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және көдеге жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау. Технологиялылыққа қатысты талаптар - енімге сапа көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды, қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі. Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар. Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды ескеру қажет:
Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі кеңейіп отыруы мүмкін. Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
Кейбір
тауарлар түрлерінде сенімділік талабы
қауіпсіздік талабымен үйлеседі
(тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің
толассыз жұмыс істеуі).Орындалуға тиісті
талаптарды қамтитын стандарттардың ережелері
нормалар деп аталады. Егер норманың сандық
сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.
1.3 Сапаны бағалау
Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:
-объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);
-алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.
Өлшеу
дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның
объектісі болып табылады. Өнімді
талдау - материалдар мен шикізаттардың
құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық
әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық
талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау
объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын
эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау
кезінде негізгі қажетті заттар - сынау
құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар -
қажетті реактивтер, материалдар, т.б.
Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын
анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады:
өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу
санын, зақымдалған өнімдердің санын және
т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды
адамның сезім мүшелерінің көмегімен
анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар
зертханалық, полигондық, табиғи болып
бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі
түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің
сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің
қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология
ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін
зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды
тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде
белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға
мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік
органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99).
Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын
тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде
сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша
нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу
құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау
зертханаларына беріледі.
1.4 Сапа жүйесі
Сапаны
жақсарту мәселесін кесіпорында
тұрақты түрде қолданылатын шаралар
жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге
болады. Осындай сапа жүйелері көптеген
жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп
келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық
стандарттарда белгіленген сапа жүйесі
қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі
- сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің
барлық сатылары мен кезеңдерін қамту.
Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау,
өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау,
өткізу, жою және кәдеге жарату процестері,
яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда
болып отыратын өзгерістерге сай өзара
байланыстағы процестер жиынтығы болып
табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады.
Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма
берушілер және олардың талаптары анықталады.
Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық
талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады.
Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа
деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде
қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау,
сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы
керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға
тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының
өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса,
онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан
шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің
табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау
керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді
қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге
қарай немесе одан да ертерек қажеттілік
анықталады және маркетинг жүргізілгеннен
кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға
кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы
жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің
қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы,
әдістемесі, ресурстар мен процестер.
Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын
жұмысын басқару шеңберінде құрылады
да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің
арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын
бөліп беру болып табылады. Әдістеме -
іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген
тәсілдері (ИСО 8402). Ресурстар - қызмет
көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар,
технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын
элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар,
материалдар) дайын өнімге айналдыратын
өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар.
Сапа жүйесінің бар екендігін және оның
қойылған талаптарға сөйкестігін осының
барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана
дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін
жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру
органдарына көрсетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды
жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру
құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар
жиынтығы.
Информация о работе Кәсіпорынның сапа көрсеткіштері және оның мәні