Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 16:16, дипломная работа
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.........................................7
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері .....................7
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.....13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар......................19
2 «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.....................28
2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік–шаруашылық қызметін талдау..........................................................................................................................28
2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау...............................32
2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.......................................................35
2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігін талдау..........................................................................................................................37
2.5 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау............................................39
2.6 «Мавид» ЖШС-нің бәсекелік ұстанымын бағалау..........................................43
3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................48
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту..48
3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру..58
3.3Ұсынылған шаралар тиімділігінің жинақ есебі.................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................65
Осыған орай, ұсынылған шараларды іске асыру кәсіпорынның өнімді өткізу көлемін 2630,8 мың теңгеге өсіруге мүмкіндік береді. Осыдан кәсіпорынның барлық экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Ал кәсіпорынның жұмысын мінездейтін негізгі жалпы көрсеткіш – жалпы табыс 1211,56 мың теңгеге немесе 38,8 пайыздық пунктке өскен.
Кәсіпорын бойынша жұмысшылардың саны 2 адамға артты, олардың орташа айлық жалақыларында өзгеріс болған жоқ, ал еңбекақы қоры жұмысшылардың санының көбеюіне байланысты 703,2 мың теңгеге жоғарылады.
НӨҚ-дың орташа жылдық құндарында өзгерістер болған жоқ. Бірақ өндірілген өнім көлемінің өсуіне байланысты қор қайтарымдылығы көрсеткіші 0,3 теңгеге артып, 3,7 теңгені құрады.
Енгізілген іс-шаралардың нәтижесінде табиғи түрдегі өндірілген өнімнің көлемінің артуы өткізілген өнім көлемін 2630,8 мың теңгеге, өнімнің толық өзіндік құнын 6393,6 мың теңгеге және де жалпы табыстың 1211,6 мың теңгеге өсуіне алып келді. Осы іс-шараларды кәсіпорынға енгізгеннен кейін НӨҚ-лардың интенсивтілігі жоғарылап, кәсіпорын ырғақты жұмыс істей бастаған.
Осыдан барып, кәсіпорын өнімінің рентабельділігі 7,53 %-ға жоғарылап, 18,63 %-ды құраған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді. Нан өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру іс-әрекеттерінің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер диплом жұмысымда өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:
бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық нан өнімін өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірушілер саналатын АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын емес.
Сондықтан да ішкі
нарықтағы нан өнімдерінің
Қорытындылай келсек, «Мавид» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары