Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:12, реферат
Сұраныс пен ұсыныс бүкіл нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басқа тұтқа. Нарық, өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді.
КІРІСПЕ ..................................................................................................3
1 СҰРАНЫС .........................................................................................................5
1.1 Сұраныстың шамасы. Сұраныс заңы ....................................................5
1.2 Сұраныс факторлары .............................................................................7
1.3 Икемділік..................................................................................................8
2 ҰСЫНЫС..........................................................................................................12
2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы.................................................... 12
2.2 Ұсыныс факторлары ............................................................................14
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.................................................15
3 СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ.........................17
3.1 Нарық тепе-теңдігі................................................................................17
3.2 Тепе-теңсіз жағдайлар: тапшылық пен артылып қалу......................18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................22
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
1 СҰРАНЫС
..............................
1.1 Сұраныстың шамасы. Сұраныс заңы ..............................
1.2 Сұраныс факторлары ..............................
1.3 Икемділік.....................
2 ҰСЫНЫС........................
2.1 Ұсыныстың шамасы. Ұсыныс заңы...................
2.2 Ұсыныс факторлары ..............................
2.3 Ұсыныстың баға бойынша
3 СҰРАНЫС
ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА
3.1 Нарық тепе-теңдігі............
3.2 Тепе-теңсіз жағдайлар:
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............
КІРІСПЕ
Сұраныс пен ұсыныс бүкіл нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басқа тұтқа. Нарық, өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді. Әр экономикалық жүйе негізгі 3 сұраққа жауап береді:
1) Көптеген тауарлар мен қызмет қаншама мөлшерде, не өндіру керек.
2) Қоғамның өндіріс факторларын қ
3) Өндірілген ұлттық өнім әртүрлі адамдар арасында кім үшін бөліну керек.
Нарық дегеніміз тауар, қызмет көрсетулерді, сатып алатын-сататын, сауда мәмілесін жасайтын орын.
Нарықтың түрлері: өндіріс факторлары нарығы және қызмет көрсету нарығы.
Кесте 1- Нарық түрлерінің айырмашылығы
Өндіріс факторларының нарығы |
Тауар және қызмет көрсету нарығы |
• Жер және жылжымайтын мүлік нарығы: Жер участкілері, қызметтік және тұратын үй-жай (сатып алу-сату немесе жалға алу-жалға беру туралы хабарландырулар БАҚ-та жарияланады) |
• Тұтыну тауарларының нарығы: Күнделікті сұранымға ие тауарлар (азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек) |
• Еңбек нарығы: Адамдардың дене және ақыл-ой жағынан еңбек ете білу қабілеті (еңбек биржасы, бос тұрмыс орындары туралы БАҚ-та жарияланады) |
• Инвестициялық тауарлар нарығы: өндіріс құралдары (шикізат, машина, құрал-жабдық) |
• Қаржы капиталының нарығы: Кредиттер мен құнды қағаздар (акциялар, облигациялар) |
|
Нарықтағы басты қатысушылар кімдер? Сатушылар мен сатып алушылар. Сондықтан экономистер нарық деп сатып алушылардың сұранысы мен сатушылардың ұсынысының өзара әрекет ету тетігі деп біледі. Нарыққа қатысушы қандай да бір топтың мүддесі өзара кереғар: сатушы тауарын қымбатқа сатқысы келсе, сатып алушы арзанырақ алып қалуға тырысады. Бұл жерде сатып алушы мен сатушының арасындағы «бүлік алмасы» тауар мен көрсетілетін қызметтің бағасы болып отырғандығын көреміз.Баға дегеніміз тауар бірлігінің ақшаға шаққандағы құны. Сатып алушы мен
сатушының мүддесі қалай үйлеседі? Бұл сұраққа жауап беру үшін сатып алушы мен сатушының экономикалық іс-әрекетінің қисыны түсіну керек.
1 СҰРАНЫС
1.1 Сұраныстың шамасы. Сұраныс заңы
Адам өзінің жан-жақты сұранымын қалай өтейді? Себебі кісінің күн көріп, одан әрі дамуына көп нәрсе қажет: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар, кітаптар, киноға, театрға бару... Біз қашанда өзімізге қажет нәрсені барып сатып аламыз. Бірақ қалтамызда ақша болса ғана, тауар (қызмет) сатып алуға бір ғана ынта-тілек аздық етеді, оған қоса көрсетілетін игілікке ақы төлеу мүмкіндігі де, төлемге дайын болу (төлем қабілеттілігі) да қажет. Қандай да бір бағамен игілік иеленгісі келетін және иелене алатын, яғни соған қазір сатып алушылардың нарықтағы «іс-әрекетін» экономистер әдетте сұраныс ұғымының көмегімен сираттайды.
Бұл жерде сұраныс және сұраныс шамасы ұғымдарының ара-жігін ажыратып алу керек. Олардың қандай айырмашылығы бар екенін келесі кестеден көруге болады.
Кесте 2-Сүраныс пен сұраныс шамасының айырмашылығы
Сұраныс |
Сұраныс шамасы |
–бұл сатып алушылар белгілі бір уақытта және белгілі бір орында сатып алуға әзір (алғысы келетін немесе сатып ала алатын) тауар (қызмет саны мен сол тауардың бағасы арсындағы бүлік тәуелділік |
–бұл сатып алушылар белгілі бір уақытта және белгілі бір орында айтылмыш баға бойынша сатып алуға әзір тауардың нақты саны |
Сұранысты үш тәсілде көрсетуге болады, оны Сұранысты көрсету тәсілдері кестесінен көре аламыз.
Кесте 3- Сұранысты көрсету тәсілдері
Кесте түрінде |
Графика түрінде |
Талдау арқылы |
Сұраныс шкаласы — бұл
сұраныс шамасының тауар |
Сұраныс қисығы — бұл сұраныс шамасының баға деңгейіне тәуелді екендігін көрсететін график |
Сұраныс атқарымы — бұл сұраныс шамасынынң бағаға тәуелді екендігін көрсететін математикалық формула |
Сұранысты көрсету тәсілдері кестесінде көрсетілген тәсілдердің әрқайсысын қарастыру үшін шартты жағдайлар пайдаланамыз. Айталық сіз жеміс-жидек өсіріп, шырын жасаумен айналысатын кәсіпкерсіз. Өзіңіз көздеген нарық (поселок, қала) қандай сыйымдылыққа ие екендігі жөнінде, яғни апта ішінде шабдалы шырынының қанша литрі әр түрлі бағамен өтетіндігі жөнінде дәл мәлімет алғыңыз келеді. Осы оймен мүмкіндігі бар сатып алушылардың арасында сауалнама өткізіп, оның мәліметтерін «Сұраныс шкаласы» кестесіне енгіздіңіз, мұндағы Р(prise) — баға; Q(quantity) — саны; D(demand) — сұраныс.
Кесте 4- Сұраныс шкаласы
Р, (бағасы, 1 литр үшін теңгемен) |
Qd (апта ішіндегі, литрге шаққандағы сұраныс шамасы) |
100 |
80 |
110 |
120 |
120 |
160 |
130 |
200 |
140 |
240 |
150 |
280 |
160 |
320 |
170 |
360 |
180 |
400 |
190 |
440 |
200 |
480 |
Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі кестесінен сатып алушылар апта ішінде 100 теңге бағамен 400 л шырын сатып алуға дайын екендігі көрініп тұр. Бағаны 110 көтеру сатылу көлемін 360 литрге дейін қысқартады, яғни тауар бағасының өсуі оған сұраныстың шамасын азайтады. Осыдан тауарға деген сұраныстың шамасы оның бағасына байланысты екендігін және бұл байланыс кері (жағымсыз) екендігін көреміз, яғни сұраныстың шамасы мен баға өзара қарама-қарсы бағытта өзгеріп отырады: тауар бағасы қымбат болған сайын сұраныстың шамасы азая түседі және керісінше баға арзындаған сайын сұраныс шамасы көбейеді.
Мұндай бақылау сатып алушының нарықтағы іс-әрекетінің заңдылығын тұжырымдауға мүмкіндік береді: арзан бағамен тауар жоғары бағадағы тауарға қарағанда көбірек сатып алынатын болады(сұраныс заңы).
Сатып алушының «нарықтағы іс-әрекетін» түсіну үшін келесі кестемен танысуымыз керек.
Кесте 5- Себептер мен оның салдары
Себеп |
Салдар |
"Бағаның шектеу эффектісі": тауардың қымбат тұруы |
Сатып алушы бір нәрсені сатып алудан мүлдем бас тартады немесе өзі тұтынатын игіліктің санын азайтады, себебі бағаның қымбат болуы - әр адамның еңсеруіне қиын өзінше бір кедергі |
"Табыс табу эффектісі": тауардың арзан тұруы |
Сатып алушы баға арзандаған кезде сол тауар мөлшерін сатып алуға аз ақша жұмсайды, яғни бюджеттегі шығатын шығынның үлесі азаяды |
"Алмастыру эффектісі": тауардың қымбат тұруы |
Сатып алушы тауар қымбат тұрған кезде оны бағасы қол жетерлік, оның үстіне әлгі сұранымды дәл сондый өтейтін басқа тауарға ауыстыра алады ("сұранымның басқаға ауып кетуі") |
"Қанығу эффектісі": шекті пайдалылықтың төмендеуі |
Адам тауарды түтынуды баға арзандағанда ғана көбейеді, яғни одан кейінгі әр игілік бірлігі оның алдындағы тауарға қарағанда қанағаттандыра қоймайды (бөлешек және көтерме бағалар) |
Сұранысты Сұраныс шкаласының мәліметтерін пайдалана отырып сұраныс қисығы түрінде графикалық тұрғыдан бейнелейік. Кестелердегі мәндерді графикке көшіреміз, онда абсцисс осі бойымен сұраныс шамасын, ал ординаттар осі бойымен бағаны көрсетеміз.
200
140 120 0 80 160 240 320 400 Q(л) | |
График 1- Сұраныс қисығы
Сұраныс қисығы графигінде сұраныс қисығы D көрсетілген . Қисықтың D әр нүктесіне сатып алушылар әлгі бағамен сатып алуға дайын тауардың белгілі бір саны сәйкес келеді. Сұраныс қисығы кері көлбеуге түскен, бұл баға мен сұраныс шамасы арқасындағы кері тәуелділіктен орын алған (P Q ; P Q ). Сұраныс қисығының кері көлбеуі сондай-ақ шекті пайдалылықтың азаю эффектісімен түсіндіріледі. Пайдалылық дегеніміз тауардың қандай да бір қажеттілікті өтеу қасиетін білдіреді. Барынша көп пайдалылықты бірінші игілік бірлігі береді (біз ол үшін қымбат баға төлеуге дайынбыз). Бірақ одан кейінгі әр бірлік алдыңғы игілікке қарағанда бізді онша қанағаттандырмайды. Егер сұраныс шкаласы не сұраныс қисығының графигі берілсе және сұраныс атқарымы тіке сызық түріне ие екендігі мәлім болса, яғни у=kx+b теңдеуімен сипатталса, мұндағы у- сұраным шамасы (Qd); х- баға(P), онда сұраныс атқарымы мына түрге ие болады: Q=k*P+b.
1.2 Сұраныс факторлары
Экономистер сұраныстың өзгеру себептеріне мынадай сұраныстың бағалық емес факторларын(детерминанттарды) жатқызады: нарықтағы сатып алушылардың саны, сатып алушылардың табысы, сатып алушылардың талғамы мен не нәрсеге ілтипат білдіретіндігі, өзара байланысты тауарлардың бағасы, тұтынушылардың алда не күтетіндігі.
Нарықтағы сатып алушылардың саны. Елдің орталық қаласын Алматыдан Астанаға көшіру жаңа астанада және осы аймақта тұратын халықтың санын көбейтті. Жаңа жерге көшіп келгендер тұрғын үйге ғана емес, адамға күнделікті қажет азық-түлік тауарларына, киім-кешекке, тұрмыс заттарына және басқа да толып жатқан игілікке ділгер болды. Соның нәтижесінде барлық тауар мен көрсетілетін қызметке сұраныс едәуір артты. Сол сияқты жұрт «тозған» жерден жаппай көше бастағанда тауарға деген сұраным дәл солай күрт төмен түседі.
Сатып алушылардың табысы. Егер мемлекет кедейшілікке қарсы күрес шараларын жүргізіп, әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін өсіріп отыратын болса (төменгі жалақы, зейнетақы, шәкірақы, жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы өссе), онда бұл жағдай халықтың кірісін көбейтуге әкеледі. Халықтың табысының өсуі неғұрлым сапалы өнімге сұранысын күшейтіп, сапасыз тауарға сұранысын азайтады.
Тұтынушылардың талғамы мен ілтипат беруі. Тұтыну талғамы өзгермелі, тұрақсыз болып келеді. Олар сән, алынған ақпарат, жарнама ықпалымен әсерленгіш, яғни бәсеке, пайдалылқ жөніндегі ұйымдарға бой алдырып отырады.
Өзара байланысты тауарлар бағасы. Өзара байланысты тауарларға өзара қандай да бір белгі бойынша «байланысты» тауарлар жатады. Өзара байланысты тауарлар нарығы өзара тәуелді болып келеді, яғни әлгі нарықтың біреуінде жағдайдың өзгеруі екіншісінде ахуалдың өзгеруіне әкеп соғып отырады.
Алмастырғыш тауарлар (субституттар) дегеніміз қандай да бір нақты қажеттілікті өтеу кезінде бірін-бірі алмастыра алатын тауарларды білдіреді(шай мен кофе, алма мен алмұрт, йогурт пен айран, т.б).
Толықтырушы тауарлар (комплементтер) дегеніміз қандай да бір қажеттілікті өтеу кезінде бірін-бірі толықтыратын тауарлар (перде мен гардин, аспашам мен шамдар, т.б).
Тұтынушылардың алдағы уақыттан күтетін нәрсесі. Бағаның көтерілуі, алда түсетін табыс, ауа райы мен экология, саяси жағдайдың өзгеруі жөніндегі мәліметтерді негіз ететін сатып алушылардың алдағы күнді күтуі сұранысты өзгертіп жіберуі мүмкін. Егер сатып алушылардың алдағы күнге деген тілегі тауар бағасының қымбаттауымен байланысты болса, олар әлгі тауарды көп сатып алу арқылы оны дәл сол сәтте көбірек тұтына алады.
1.3 Икемділік
Өзара байланысты тауарлар нарығында әр турлі тауарға сұраным ондағы бағаның, табыстың және жағдайдың өзгеруіне байланысты. Экономистер сұраныстың осындай өзгеріске үн қатуын икемділік деп атайды.
Сұраныстың икемділігі дегеніміз бағаның, табыстың өзгеруіне сұраныстың үн қатуы, сезгіштік дәрежесі. Сұраныс икемділігімен келесі сызбадан толық түсінуімізге болады.
Кесте 6- Сұраныс икемділігі
Сұраныс икемділігі
Сұраныстың төте (бағалық емес) икемділігі |
Сұраныстың табысқа икемділігі |
Тоғыспалы икемділік |
тұтынушының бағаның өзгеруіне қалайша үн қосқанын көрсетеді |
тұтынушының өз табысындағы өзгерістерге қалайша үн қатқаны көрсетіледі |
басқа тауар бағасының өзгеруінен сұраныстың тауар бойынша сезгіштігіне үн қатуын көрсетеді |
Сұраныс алдымен тауар бағасының өзгеруіне үн қатады: біз затты бағасы арзандағанда көбірек алып, бағасы қымбаттағанда алуды азайтамыз. Сондықтан сұраныстың төте не баға бойынша икемділігі деп сол тауар бағасының өзгеруіне байланысты туындаған тауарға деген сұраныс шамасын өзгеру дәрежесін атайды.